Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Ашық сабақ "Төрт түлік"

Ашық сабақ "Төрт түлік"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

hello_html_3a91edc5.gifhello_html_m78c0704d.gif























Тәрбиеші:Даришева Г.С.



2015-2016

Айналамен «таныстыру сабағы.

Тақырыбы: «Төрт түлік»

Мақсаты:Төрт түлік мал туралы ұғым беру.Олардың өнімдерімен таныстыру. Төрт түліктің пірлері туралы ұғым беру.

Амандасу

Жарық болса күніміз

Жарқын шығар үніміз

Біз болашақ гүліміз

Қайырлы таң,қайырлы күн

Күліп шықты күніміз.

Сәлематсыздар ма апайлар.

Сәламатсыздар ма балалар,орнымызға отырайық.

Балалар бүгін аптаның қай күні?

Балалар:5-ші күні

Тәрбиеші:5-ші күнді қалай атаймыз?

Балалар:Жұма

Тәрбиеші:Ал жылдың қай мезгілі?

Балалар:Қыс мезгілі,3 айдан тұрады.Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

Тәрбиеші:Бүгінгі сабағымыз «Айналамен таныстыру» сабағы тақырыбымыз «Төрт түлік»

Балалар төрт түлік малғакім жатады?

Балалар:Түйе,сиыр,жылқы,қой,ешкі.

Тәрбиеші:Балалар қазақ халқыныңтөрт түлік малмен өмірлері тығыз байланысты.Төрт түлік малдың адамдар үшінмаңызы зор.Олардың әрқайсысынан әртүрлі өнімдер алынады, тағамдар алынады.

Мысалға:Түйеден-сүт,ет,сүтінен шұбат т.б.

Сиырдан-ет,сүт,сүтінен айран,құрт,сүзбе т.б.

Жылқыдан-ет,емдік қасиетті бар сусын қымыз.

Қойдан-ет,сүт,жүн алынады.

Малдарға адамдар сияқты үлкен күтім керек.Қыста олардың қоралары жылы,таза болуы керек.Адамдар малдың әрқайсысына ілтипатпен қараған.Оларға жем,шөп,су беріп асырайды.

Тәрбиеші:Төрт түлік мал қайда болады?

Балалар:Ауылда,қырда болады.

Тәрбиеші:Төрт түлік малмен,олардың өнімдерімен толық танысқымыз келеді ме? Олай болса ауылға барайық.

Балалар жол қысқарсын өлең айтайық.

Ән: Сарыжайлау.

Ауылға келеміз.Мына сыртта жүрген төрт түлік малдарымыз.Кәне кім айтады?Мынау кім?Түсі қандай?Құйрығы қандай?Арқасында не бар?Немен қоректенеді?Төлдері қалай аталады?Аяқтары қанша?

Тәрбиеші:Балалар осы төрт түлік малдар туралы кім қандай мақал-мәтел біледі?

  1. «Мал өсірсең қой өсер

Өнімі оның көл көсір»

  1. «Жылқы малдың патшасы

Түйе малдың қасқасы»

3.«Бота ойнақтаса молшылыққа»

Балалар мен сендерге төрт түлік мал туралы жұмбақ жасырғым келіп тұр.

Жұмбақ:

1.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.(қой)

2.Киелі бір жануар

Үстінде екі тауы бар.(түйе)

3.Екі айнасы бар

Екі найзасы бар

Төрт жылтырмағы бар

Бір шыбыртқысы бар.(сиыр)

Әже шығады.

Әже:Саламатсыңдар ма балаларым.Менің малды ауылыма қош келдіңдер,төрлетіңдер.

Тәрбиеші:Әже дастарханыңыз жайнап тұр ғой.

Әже:Бұл айналамда жайылып жүрген төрт түлік малымның арқасы.(тамақтармен таныстырып қасиеттерін айтады).

Тәрбиеші:Әже балалардың төрт түлік малға арнаған әдемі тақпақтары бар,тыңдаңыз.

Ерсұлтан:Қой баласы қоңырым

Ұл бұзбас момыным

Шопан ата түлегі

Қошақаным,қайдасың?

Пұшайт,пұшайт.

Мұстафа:Жолға шықсам көлігім

Жапанда жүрсем серігім,

Қамбар ата өсірген

Құла атым менің,қайдасың?

Құрау,құрау.

Ә.Альбина:Кіп-кішкене момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам «қозым» деп

«қошақаным» өзің деп

Ерлан:Тілімен мұрнын жалаған,

Тілімен бойын тараған

Көкке мұрнын шүйіріп

Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің қайдасың?

Мейіржан:Лағымау,лағым

Еркетотай мұнағым

Ағаштарды кемірсең

Құлағыңды жұламын.

Дария:Құлын,құлын,құлыншақ,

Желкілдейді тұлымшақ

Маңдайында жұлдызы

Құйрығында құндызы.

Арман:Түйе,түйе,түйелер

Ойпаң жерде үйілер

Күлтөбеге көп аунап

Үсті-басын күйелер.

Гүлназым:Екі көзі танадай

Екі өркеші баладай

Елпеңдеген ойнақтап

Енесіне қарамай

Ойсыл қара баласы

Ботақаным қайдасың?

Көс,көс.

Гүлназ:Тойып алса маужырап

Алдына кеп тұрады.

Ал қозының аузынан

Гүл иісі шығады.

Дулат:Ауылдардың қойы бар

Қойы бардың тоны бар

Сауса тәтті сүті бар

Сойса тәтті еті бар.

Назерке:Лағым-ау,лағым,

Селтеңдейді құлағың

Тыным таппай кезесін

Көлдің жасыл құрағын.

Балалар:Әже мына қолыңыздағы не?

Әже:Бұл ұршық,ұршықпен жіп иіріп отырмын.Мынау жүн,малдың жүні сендер сияқты немерелеріме шұлық,кеудеше тоқимын,бұл жүнде төрт түлік малдан алынады.Сонымен қатар малдың жүнінен көптеген бұйымдар жасалынады.

Мынау арқан,қоржын,тыла қамшы да малдың тұяғынан жасалынған.

Тәрбиеші:Балалар қандай тиым сөдер білесіңдер

1.Малды теппе

2.Ақты төкпе

3.Малды қатты ұрма.

Тәрбиеші:Балалар сергіту минутын жасайық.

Қолға қамшы аламын.

Атқа мініп шабамын.

Құрық сілтеп асауға.

Мен атамдай боламын.

Балалар ата-әжелеріңіз,әке-шешелеріңіз сендерді еркелетеді ме?

Мәулен:Атам мені «Құлыным»-дейді.

Альбина:Әжем мені «ботақаным»-дейді.

Мақсат:Әкем мені «шырағым»-дейді

Ерлан:Шешем мені «қозым»-дейді.

Ал шынында мен кіммін?

Мен кәдімгі баламын.

Міне балалар көрдіңдерме бізді еркелеткенде де төрт-түлік малдың сүйкімді төлдерінің атауларымен еркелетеді екен.Сонымен қатар төрт-түлік малдың өзіндік сиынатын пірлері,аталары болады.

Кім айтады? Ойсыл қара-түйе атасы?

Сиыр атасы-зеңгі баба

Жылқы атасы-Қамбар ата

Қой атасы-шопан ата

Ешкі атасы-сексек ата.

Балалар сендермен ойын ойнағалы тұрмын,ойынымыздың аты «Төлін тап»

Келесі кезекте: «Үндемес ит» ертегісіне берейік.

Тәрбиеші:Ерте заманда үй жануарлары-түйе,сиыр,жылқы,қой,ит бәрі бас қосыпты.

Түйе тұрып былай деді:

-Түйе:Менің адам баласына пайдам шаш етектен:көшсе-көлікпін.Сүтімнен шұбат ішеді.Жүнімнен неше түрлі киім киеді.

-Сиыр:Менің де пайдам аз емес.Сауса сүтім бұлақтай.Қаймақ,құрт,ірімшік менен алынбайма.

-Жылқы:Мен де мінсе көлікпін,сүтімнен қымыз ішеді,қазы-қартам,жал-жаям тағы бар.

-Қой:Ал менде сендерден қалыспаймын.Сойса семіз етім бар,жүнімнен киім,көрпе жасайды.

Тәрбиеші:Өйстіп малдар өз қасиеттерін айтып таласып,мақтанып жатыр.Ал ит болса үн-түнсіз мүлгіп жата берді.

Сонда түйе: -Әй,салпаң құлақ! Неғып аузыңа құм құйылып қалды?Ауыз топтырып айтатын ештеңен жоқ-ау сірә

Тәрбиеші:Сол кезде бұл әңгімені қожайындары тыңдап тұр екен.

Қожайын: -Ит болмағанда сендерді кім күзетеді,қасқыр бәріңнің түптеріңе жетіп жеп қояр еді ғой.

Тәрбиеші:Бұл жөн сөзге жануарлар сөз қайтара алмай қожайындарынан ұялып жерге қарапты.

Тәрбиеші:Қортынды















Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-500029

Похожие материалы