Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты "Ардақтайық ананы" (3 сынып)

Ашық тәрбие сағаты "Ардақтайық ананы" (3 сынып)

Скачать материал

Бижанова Нурсауле Базарбаевна

№54 негізгі мектеп

Тақырыбы: «Сыйынар ем ана деген тәңірге!»

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, аналар және қыздар келе жатқан 8 – наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілеймін.
Бүгін аналар мерекесіне орай біздің сыныптың «Ардақтайық ананы» атты мерекелік шарасына қош келдіңіздер. Бүгінгі мерекелік шарамыз  ер балалар арасында  сайыс түрінде өткізілгелі отыр.
Мақсаты: Оқушыларға 8 наурыз – аналар мерекесі туралы түсінік  беру.

Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім бере отырып, балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.

Сайыс түрінде өткізу арқылы балалардың бәсекеге лайықты екенін сезіндіру, өз өнерін ортаға салу арқылы шығармашылық  қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: гүлдер, шарлар, музыкалық аппараттар және интербелсенді тақта.
Мұғалім:

Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар, аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті күймен дей отырып «Ана» өлеңін қабыл алыңыздар.
1 - жүргізуші:

Мерейлі сәт мерекеге ұласып,
Сегізінші наурыз келді қыр асып.
Қыз- келіншек, нәзік жандар мейрамы-
Көктемімнің шапағатын тұр шашып дей отырып ендігі кезекті біздің сыныптың ер балалар арасында өткізілгелі отырған сайысқа кезек берейік.Бұл сайыста біздің сыныптың ер балалары өз өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.
Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.

1-топ.«Күншуақ» тобы
2-топ: «Бәйтерек» тобы
Жүргізуші:

Өнер білім өнеге тұнған дарын

Өнерліге өз басым таңғаламын

Өнерді әділдікпен бағалайтын

Таныстырайын әділқазы алқаларын

1.Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары : Капанова Эльвира апай

2.Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Самарбаева Сақыпжамал апай
Жүргізуші:

Балалар  бар өнерін салары анық,

Өнегелі тәлімді алған қанып.

Ал ендеше таныстырып өтейін мен,

Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
1. «Сәлем – сөздің атасы» яғни, әр топ өздерін таныстырады.
2. Өнер сайысы.(өз өнерлерін көрсетеді)
3. «Кім шапшаң» (тапсырмалар орындау)

4. Мәнерлеп оқу

Жүргізуші: Сайыскерлер менің сіздерге қоятын жұмбағым бар.

- Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған

Бұл кім?

Оқушылар: Ана.

Жүргізуші: Әрине Ана. Ендеше сол аналарымыздың құрметіне бүгінгі сайыста өз өнерлеріңізді көрсетіп, аналарымызды бір қуантайық. Сіздерге сәттілік тілеймін.
Жүргізуші:Қазақта мынадай сөз бар баласы атқа шапса анасы тақымын қысып отырады дегендей, бүгінгі сайыста балаларыңызды қолпаштап, қошеметтеп отырыңыздар.

Ендеше:1-кезең«Сәлем – сөздің атасы» -деп басталатын бірінші кезеңімізді бастаймыз. Әр топ өздерін таныстырып өтеді.(таныстыру)

1-топ: «Күншуақ» тобы

Топ аты: «Күншуақ»

Топ ұраны: Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы жылы

Таныстыру:

2-топ: «Бәйтерек» тобы

Топ аты: «Бәйтерек»

Топ ұраны: «Бәйтеректей саялы, Ардақтайық ананы»

Таныстыру:

Ералы

Армысыздар құрметті,

Ұстаздар мен аналар.

Алдыңызға келіп тұр,

«Бәйтерек» тобын, қошеметтеп қабыл ал.

Құттықтаймыз сіздерді,

Мейірімді апалар мен аналар.

Таныстырсам тобымды,

Ералы, Мирас, Әділет,

Кілең жайсаң балалар!

Мирас:

Бүгін міне кез келді,

Қарсы топпен сайысар.

Көрсетейік өнерді,

Бізде де үлкен намыс бар.

 

Әділет:

Аналар мен апалардың көңілін,

Көтерейік, ұзартайық өмірін.

Алда талай асу жатыр біз алар,

Аман жүрші, ауырмашы аналар.

Балаларың белестерден көрінсе,

Анашым мен ұстаздарым қуанар.

Ералы:

Ал сайысып көрелік,

Әділқазы төрелігін берелік.

Ал, көрермен жігіттердің өнерін,

Қошеметтеп, тамашалап көрелік. 

Бәрі:

Топтың аты «Бәйтерек»,

Намыс керек, ар керек.

Әрқашанда тілейміз,

Қарсыласқа сәттілік.

Жүргізуші: Қане, назар аударайық, әділқазыларымыз екі топтың таныстыруын бағалап жіберсе.

Жүргізуші:

Өнерің болса қолыңда.

Ортаға кел, қысылма,
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында дегендей
сайысымыздың

2 – кезеңі «Өз өнері» сайысына кезек берейік..(сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді)

Жүргізуші: Тамаша! Біздің жігітер өнерлі екен. Әділқазыларымыздың бағасына назар аударайық.
Жүргізуші:Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды,бағады.
Сол үшін де құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік қасиетті – ананы! дей отырып осындай асыл аналарымызға қошемет көрсетіп қоялық..

Бүгін біздің сыныптың қыз баларының аналарына арнаған өлең жырларын қабыл алыңыздар.

(әдеби мантаж)

Шаһизада

Ана деген – жарық жұлдыз шырағың

Ана деген –қайнар ыстық бұлағың

Ана деген – өмірдегі қамқорың

Ана деген – сүйенерің жан құрбың.

Аппақ мамам ақ мамам

Ақ мамам деп мақтанам

Түн ұйқыңды төрт бөліп

Бөпешім деп жатпаған

Нұрсила:

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай.

Құлпыра өсіп демалам,

Құшағыңда қысылмай.

Жүре берсем  қасыңда,

Әйбәт анам әй анам.

Ботам деген даусыңнан,

Мен мәз болып оянам.

Айымгүл

Анамды мен жақсы көрем

Айтқан тілін алып жүрем

Қасымда анам жүргенде

Шаттанып ойнап күліп жүрем

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Инабат:

Еркелесем күлімдейтін

Ұрысқаны білінбейтін

Маңдайымнан иіскеп менің

Құлыншағым күнім дейтін

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жолдап бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.

Жүргізуші:

Құттықтаймыз аналарды, қыздарды,
Мерекеден шуақты біріз қалды.
Болсын әркез көтеріңкі көңілдер,
Нұрын шашсын мерекеге өңірлер! Ендеше  сайысымызды ары қарай жалғасады.

3-кезең: «Кім шапшаң» (сайыскерлеріміз тапсырмалар орындап, өз шапшаңдығын көрсетеді)

1тапсырма: Әр қадам жасаған сайын аналарына бір тілек айтады.

2 тапсырма: Плакатпен жұмыс.

Жүргізуші: Әділқазыларымыздың бағасына назар аударайық.
Жүргізуші:Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп жастың-дей келе келесі

4-кезең: «Мәнерлеп оқу» сайысы.

Жүргізуші:Енді әділқазыларымыздың бағасына назар аударайық.
Жүргізуші:Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Ана сені құттықтап

Би билейміз бәріміз деп келесі кезекте сыныбымыздың қыздарының өнерін тамашалайық.

Нұрекенова Шаһизада мен Болат Нұрсиланың орындауында «Қазақ биі»

Жүргізуші: Тамаша, рахмет қыздар, осындай әдемі би билеп берген қыздарымызға қошемет көрсетіп қояйық.

Жүргізуші: Құшағыңа кіргенде,
Жылынамын бір дем де.
Не жетеді көзіңе,
Мейірімді күннен де.
Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен!!! Келесі кезекті оқушыларымыздың құттықтау тілектерін тыңдайық!

(видео: оқушыларымыздың құттықтау тілегі)

Құттықтау сөз: (Аналарын құттықтап, сыйлықтарын беру)

Жүргізуші: Жарыс заңы ежелден –
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
- Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - дегендей сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

Оқушыларды марапаттау:

Жүргізуші:

Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат - шадыман болыңыздар.
Қоштасайық, келесікездескенше,
Әрдайым сау - саламат болыңыздар!
Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды. Келесі кездескенше! Тағы да 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Ардақтайық ананы" (3 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушыларға 8 наурыз – аналар мерекесі туралы түсінік беру.

Ана алдындағы парызы мен қарызы туралы білім бере отырып, балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу.Сайыс түрінде өткізу арқылы балалардың бәсекеге лайықты екенін сезіндіру, өз өнерін ортаға салу арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 622 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.12.2017 1267
    • DOCX 48.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Булекбаева Аяжан Аубакировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Булекбаева Аяжан Аубакировна
    Булекбаева Аяжан Аубакировна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1377
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 815 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 854 человека

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 163 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 104 человека

Мини-курс

Теоретические аспекты трекинга и менторства

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека