Инфоурок Классному руководителю КонспектыАшық тәрбие сағаты 5-6 сынып

Ашық тәрбие сағаты 5-6 сынып

Скачать материал

Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың  жақсылық  құндылығы  туралы  түсініктерін  кеңейту  және  жақсылық  пен  жамандықтың  қатар  жүріп  адам  өмірінде  сан  қилы  белең  көрсететінін  ұғындыру.

 

Міндеттері:

- жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

 - жақсылықтың  адам  өміріндегі  мәні  және  жақсылық  жасаудың  қуаныш  әкелетіндігін  сезіндіру;                                                                                                                             

- қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекі құралдар: суреттері, слайдтар, ақ қағаз А4, түрлі-түсті қағаздар, ұлағатты сөздер:
«Жасаған жақсылығың сатулы болмасын»
,  «Адамға қылған жақсылық өмірінде тозбайды», «Адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды»,

«Бір - бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы да алыстай береді», «Жақсының - жолы ашық»  Абай Құнанбаев , «Шынайы жақсылық адамдарға деген шексіз мейірімділіктен көрінеді»  Жан Жак Руссо, «Жақсы болу –өзіңнен, Жаман болу – өзіңнен... Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат алып келеді»
Әл - Фараби

Тәрбие сағатының эпиграфы:

« Біреуге жақсылық етсең өз жақсылығыңды міндет етпе»

                                                                                                         Ы.Алтынсарин

 

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз.

Мұғалім:

-Ата - бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.

Балалар адамдардың жақсылығы туралы атақты  адамдардың сөздеріне тоқталып өтейік.

-Француз халқының көрнекті философы, жазушы, ағартушы, сазгер, ботанигі Жан Жак Руссо «Шынайы жақсылық адамдарға деген шексіз мейірімділіктен көрінеді», Абай Құнанбаев «Жақсының - жолы ашық»,  Әл - Фараби «Жақсы болу –өзіңнен, Жаман болу – өзіңнен... Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат алып келеді»-деген екен.

- Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы  «Жақсылық-жан шуағы».

-Тәрбие сағатымыз бастамас бұрын, көңіл-күйімізді көтерейік  (оқушылдардың барлығы хормен)

Армысың, шапағатты күніміз!

Армысың, мейірімді жеріміз!

Армысың, Табиғат анамыз!

Әдеппен бас иер баламыз!

Қайырлы таң, қайырлы күн баршаға,

Қош келдіңіздер, біздің сабаққа!

Топқа бөлу.

 -Енді балалар қоржыннан кәмпит аламыз. (қызыл, көк кәмпит таңдап алады)

-Кәмпиттің түсі бойынша екі топқа бөлінейік.

 І-топ Алғырлар

ІІ-топ Тәртіптілер

-Балалар, топ ережесін еске түсірейік.

Бес ережені сақта:

Тәртәп;

Талап;

Тыныштық;

Тазалық;

Татулық;

-Бүгінгі тәрбие сағатымыздың сабақ барысымен таныстырып өтейін.

І тапсырма. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс (10 мин)

Мәтінмен жұмыс      

Жақсылықтың мәнін ашып түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізу.

І топ «Кластер» әдісі (мәтіннің ішінен түйін сөз, түйін сөз тіркестерді жазады).

1-мәтін

    Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп, еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы, есерсоқ, қатігез атанады.
   Жұрт безердей болғандықтан оның қасына ешкім жүрмеуге тырысады. Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең , мына тақтайға сонша шеге қақ дейді.Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.
    «Балам, өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің сөзін тыңдап,азайта отырып, ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
     «Енді балам ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір шегеден суырып отыр» Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып,тақтайдағы шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс адам болмайтын шығар деп қорқып едім » Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы адам болып жолға түстің.Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің түбінде қалады ғой. Әрине , бұл күндерің әркіммен бір ұрысып жүргеннен жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол» дейді.
ІІ- топ Рөлдік көрініс (мәтін бойынша көрініс көрсету)

2-мәтін

Жақсылық пен Жамандық

     Ертеде адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты,

сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық

 істе десе, жамандық істеме деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның  бойында

 қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз

жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көрді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:       Адам ана балыққа көмектесіп жібер,- десе, Жамандық: Қой, жөніне жібер, уақытыңды алам, -дейді.

    Адам әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып секіріп, құйрығын бұлғақтатып, суға сүңгіп кетеді.

Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық: Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой дейді. Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық: Ей адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, -дейді. Адам тағыда шыдай алмай балапанды алып теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ –шиқ етіп, қанатын қағып, риза болды. Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмысрсқаны көзі шалады. Құмысрсқа дәннің ожақ бұжағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба ламай, ісі өнбек келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен сөзіне құлақ түреді. Ол: Әй адам-ау қалй ғана адамдығынан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмысрсқа өзінен үлкен дәнді  сүйреп, машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп долына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғын келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп-кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налынған екен. Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Адам ата ұрпағын шақырып алып:

        Міне, балам жамандыққа ерсең жаман боласың. Жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім. Үшеуінен де өттің. Разымын. Енді осылай адамдығынан айнымай, айлаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын берді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратын жетіп келеді екен.

ІІ тапсырма. Бейнеролик көрсету  (оқушылар бейнені көріп, өз ой-пікірлерін айтады және тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді айтып шығады).

ІІІ тапсырма «Апликация» (түрлі-түсті қағаздармен жұмыс жасайды)

-Балалар, жақсылық жасайтын кісілердің бойында қандай қасиеттер болады?

1 топ «Жақсылық үйін құрастырыңыздар» Үйдің бөлшегіне жақсылық жасайтын адамның бойындағы қасиеттерді саралап жазып құрастырыңыздар.

2 топ «Жақсылық гүлін құрастырыңдар» гүлдің бөлшегіне жақсылық жасайтын адамның қасиеттерін жазып, құрастыру.

ІҮ тапсырма «Жақсы адамдар»  А.Ораловтың әнін айту

 (барлығы караоке арқылы ән айтады)

Кері байланыс. «Жақсы сый»

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Қолдан жасалған

 сыйлықтарын ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң жағында

 тұрған балаға ұсынады. Ол оқушы сыйлығын  ұстап тұрып тілек айтып, өзінің оң

 жағында тұрған көршісіне береді. Осылайша барлық балалар бір-біріне жақсы

 тілектер айтып шығады.

Қорытынды.

Оқушылар шеңбер құрып, хормен  жақсы сөздер айтады

Барлыгы:                 

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Ата – анаға қамқор боп,

Асыл мұрагер болайық.

Досымызға берік боп,

Тату-тәтті болайық.         

Әдепті де, тәртіпті

Жақсылығын қолдайық.

 Мұғалім сөзі:

-Балалар  мен сендерге айтарым, әрқашанда

Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла!

 

 

 

 

                                                                   кун.gif Қараторғай орта мектебі

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие
 сағаты
 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                    

Жақсылық - жан шуағы
 

 

 

 

 

 

 


(5-6 сынып)

 

"Жүрегі толы мейірім"атты

мектепшілік

 қайырымдылық акциясы

 

 

 

Өткізген:            Букешова Г.Ғ

                             Ақшалова Г.А

 

 

 

 

2018 - 2019 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты 5-6 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардыңжақсылыққұндылығытуралытүсініктерінкеңейтужәнежақсылықпенжамандықтыңқатаржүріпадамөміріндесанқилыбелеңкөрсететінінұғындыру.

Міндеттері:

- жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру;

- жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;

- жақсылықтыңадамөміріндегімәніжәнежақсылықжасаудыңқуанышәкелетіндігінсезіндіру;

- қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: суреттері, слайдтар, ақ қағаз А4, түрлі-түсті қағаздар, ұлағатты сөздер:
«Жасаған жақсылығың сатулы болмасын», «Адамға қылған жақсылық өмірінде тозбайды», «Адамдар бір – біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды»,

«Бір - бірімізге қайырымдылық, мейірімділік жоқ жерде бірлік пен ынтымақтастықтың ауылы да алыстай береді», «Жақсының - жолы ашық»Абай Құнанбаев , «Шынайы жақсылық адамдарға деген шексіз мейірімділіктен көрінеді»Жан Жак Руссо, «Жақсы болу –өзіңнен, Жаман болу – өзіңнен... Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат алып келеді»
Әл - Фараби

Тәрбие сағатының эпиграфы:

« Біреуге жақсылық етсең өз жақсылығыңды міндет етпе»

Ы.Алтынсарин

Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз.

Мұғалім:

-Ата - бабаларымыз ұрпағына мұра етіп қалдырған тілі, салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы бар. Олар бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүрген. Ұрпағының білімді болғанын армандаған. Адамға жақсылық жасау, қайырымдылық көрсету – халқымыздың мақтан етерлік дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүр қазақ тіршілігінде түрліше іске асып отырған.

Балалар адамдардың жақсылығы туралы атақтыадамдардың сөздеріне тоқталып өтейік.

-Француз халқының көрнекті философы, жазушы, ағартушы, сазгер, ботанигі Жан Жак Руссо «Шынайы жақсылық адамдарға деген шексіз мейірімділіктен көрінеді», Абай Құнанбаев «Жақсының - жолы ашық»,Әл - Фараби «Жақсы болу –өзіңнен, Жаман болу – өзіңнен... Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат алып келеді»-деген екен.

- Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы«Жақсылық-жан шуағы».

-Тәрбие сағатымыз бастамас бұрын, көңіл-күйімізді көтерейік(оқушылдардың барлығы хормен)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 643 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.02.2019 3565
    • DOCX 820 кбайт
    • 88 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Букешова Гульмира Газизовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Букешова Гульмира Газизовна
    Букешова Гульмира Газизовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18586
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 005 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 124 человека

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе