Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Ашу - дұшпан, ақыл-дос" сабақ жоспары

"Ашу - дұшпан, ақыл-дос" сабақ жоспары

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп  №133      Мерзiм  26.11.2015ж         11

Тақырып Ашу-дұшпан, ақыл-дос.

Құндылық: ішкі тыныштық 

Қасиеттер:  сабырлылық, ұстамдылық, байсалдылық, кішіпейілділік.

Мұғалiм  Калкузова Гульзат       Класс 4-сынып    Оқушылар саны 9

Сабақ мақсаты: «Сабырлылық» және «ұстамдылық» ұғымдары арқылы  ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

·       Сабырлылық, ұстамдылық және ақылдылық туралы түсініктерін кеңейту;

·       Адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілеттерін және сабырлылық, ұстамдылық, байсалдылық, кішіпейілділік, шынайылық  қасиеттерін дамыту;

·       Өз сезімдері мен көңіл-күйлерін басқара білуге тәрбиелеу.

Ресурстар (материалдар, дереккөздер)

Оқулық, дәптер, интер тақта, плакат, бояу қарындаштар,

angimeler.kz

Сабақ  барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.

ә) 5-тыны еске түсіру.

Татулық

Тыныштық

Тәртіп

Тазалық

Талап

Тыныштық сәтi «Нұрға бөлену»

·       Балалар қандай әсерде болдыңдар?

2.     Үй тапсырмасын тексеру

 Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісі.

-         Бұл ертегіден қандай ой түйдіңдер?

-         Тобылғының жасаған әрекеті жайында не ойлайсыңдар?

-         Ашу-ызадан қалай арылуға болады?

-         Сендердің ашуды ақылмен жеңген кездерің болды ма?

 Ескертулер

3.     Дәйексөз

Ақыл-адам көрігі,
Ақылдың сабыр серігі.

                                      М. Әуезов     

Нақыл сөзді дауыстап оқып, жұмыс дәптерлеріне жазып алу ұсынылады.

-Мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауаптарымен дәйексөз қорытындыланады.

 

4.            Әңгiмелеу (сұхбат) 
                                 «Дана самурай»

       Жапон елінің бір қалашығында қарт самурай тұратын. Ол өз шәкірттерін білімді, ақылды етіп тәрбиелейді. Бір күні сабақ барысында өзінің тәртіпсіздігі мен қатігездігімен елге аты жайылған жауынгер келеді. Оның өзіндік әскери тактикасы болатын. Ол қарсыласына ауыр сөздер айтып, ашуландырады. Ызаланған қарсыласы жекпе-жекке шығып, ашудың салдарынан қателіктер жіберіп, жеңілетін. Бұл жолы да жауынгер қарт самурайды ашуландыру үшін ауыр, балағат сөздерін жаудырады. Алайда самурай оған қалт етпейді. Әлгі жігіт үш рет қайталап көреді. Самурай сабағын жалғастыра береді. Ызаланған жауынгер есікті теуіп, кетіп қалады. Мұны бақылаған шакірттері самурайдан: «Ұстаз, неге оның мұндай тәртіпсіздігіне жауап бермедіңіз? Оны жекпе-жекке шақыру керек еді!» деп ызаланады.
Дана самурай:- Сізге біреу сыйлық алып келіп, сіз қабылдамасаңыз, ол кімнің қолында қалады?-деп сұрайды.
-Өзінің иесінде,-деп жауап береді шәкірттері.
-Бұл қызғаныш, ашу, кемсіту мен мысқылға да қатысты. Оларды қабылдамағанша, барлығы өз иесінде қалады,-деп айтады самурай.
Расында да, біреудің ашулы сөзін көңіліңізге алмасаңыз, жүйкеңіз төзбайды. Демек денсаулығыңыз да қалыпты болады.

Сұрақтар:

-Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?
-Дана самурай шәкірттеріне сабыр сақтауды қалай үйретті?
-Сендердің ашуға бой алдырған сәттерің болды ма? Оны қалай жеңуге болады?

 

5.     Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

«Ашу-дұшпан, ақыл-дос» атты тақырыпта  3-топ тапсырмалар орындайды.
1-топ: Постер қорғау.
2-топ: Сахналау көрсету.
3-топ: Өлең шығару.

 

6.     Топпен ән айту

Оқушылар орындарынан тұрып, әр түрлі қимылдармен «Сабырлы жүре білсең» әнін орындайды.

(Серік Ибрагимовтың «Жаяу» әнінің әуенімен)

    1.Сабырлы жүре білсең,

  Әрдайым күле білсең

  Сенімен достасуға болар бәрі асық.

  Өкпелеу білмедім,

  Мұңайып жүрмедім

  Достармен ұрыссам да ойын арасы.

  Қаяу салса егер жаныңа,

  Сен де, түсінсеңші оны да.

                Қайырмасы

  Тыңда, да, да, ән саламын тағыда,

  Жүрек дүрс, дүрс, дүрсілдеп соғуда

  Бағына, на, на, жүректің сұлу бағына

  Тамаша хош иіс гүл шешек атады.

 

          2.Болса да мүмкіндік,

  Айтайық тек шындық.

  Ар-ұжданымызбен

  Әрекет етейік.

  Жақсылық ойлайық,

  Тек ойлап қоймайық,

  Әлемнің барлығына шуақ шашайық.

  Қаяу салса егер жаныңа,

  Сен де, түсінсеңші оны да.

               Қайырмасы

  Тыңда, да, да, ән саламын тағыда,

  Жүрек дүрс, дүрс, дүрсілдеп соғуда.

  Бағына, на, на, жүректің сұлу бағына,

  Тамаша хош иіс гүл шешек атады.

 

7.     Үй тапсырмасы

Оқулықтағы В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы»  әңгімесін оқу.

Дәптермен жұмыс.

 

 

8.     Соңғы тыныштық сәтi

      -Бүгінгі сабақта айтылған ойларымызды жүрек түкпіріне бекітіп, түйейік. Өмірде байсалды іс-әрекетіміз бен байыпты әрекеттеріміз шын жүректен шығып, ізгілікке ниеттелсін. Сонда ғана өмірімізде тыныштық орнайды. Осыны ұмытпайық. Қай кезде болмасын ашуға бой алдырмайық, сабырлы, ұстамды болуға тырысайық балалар.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ашу - дұшпан, ақыл-дос" сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 087 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2016 1500
    • DOCX 57 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калкузова Гульзат Сейдалыкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калкузова Гульзат Сейдалыкызы
    Калкузова Гульзат Сейдалыкызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4922
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой