Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы«Ата Заң – Азат елдің Ар намысы!

«Ата Заң – Азат елдің Ар намысы!

Скачать материал

 «Ата Заң – Азат елдің Ар намысы!

 

«Конституция» - латыншадан аударғанда «құрылыс» деген ұғымды береді. Яғни, өміріміздің, тыныс-тіршілігіміздің ел-жұрт болып бірігіп мемлекет құруымыздың айғағы.

       Міне, осындай конституция алғаш рет Англияда 1679 және 1688 жылдары құқықтар жөніндегі билль деген атпен қабылданған. Жазбаша конституция ең алғаш 1787 жылы АҚШ-та, одан кейін, 1791 жылы Франция мен Польшада өмірге келген.

        Ал, Қазақстанда тұңғыш рет 1924 жылы одан кейін, 1937,1978,1993,1995 жылдары жазбаша түрде қабылданды. Ал қазіргі қолданылып жүрген конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған. Оған дейін, яғни, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Ата Заңын қабылдаған болатын. Бірақ   1993 жылғы Конституция ескі әкімшілік, әміршілдік ережелеріне көбінесе кеңестік демократия қағидаларына негізделгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына жауап бере алмады. Онда адам құқықтары мен бостандықтары, оларды жүзеге асыру қағидалары, мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократиялық институттардың қызметі жете көрсетілмеген еді. Осыған орай 1995 жылы Конституция қабылданды. Жаңа   Конституцияның ерекшеліктері заң шығарушы, атқарушы сот билігін белгілеп, олардың құзіретін, өзара іс-қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап береді. Мемлекеттік лауазымды адамдардың, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді.

       Конституция күні – мемлекеттік мереке. Осы мерекеге биыл өзгерістер енгізілген жаңа Конституциямен келіп отырмыз. Таяуда Парламент қабылдаған өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін Ата Заңымыз жаңа сипатқа ие болып, еліміздегі демократиялық реформалар тереңдей түсті. Мемлекетіміз президенттік-парламенттік басқару тұрпатына көшті. Енді елімізде партиялық сайлау жүйесі енгізіліп, Парламент Мәжілісінің сайлауы жаңа сайлау ережелері бойынша жүзеге асырылды.

Еліміздің Атазаңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңірді. Конституциямызда адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтары, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамыту, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеялар бекітілді. Ол елімізде сан алуан идеологиялық, сенімдік, ұлттық, азаматтық ұжымдар мен топтардың бірлесіп бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Конституциямызда бекітілген нормалар Қазақстан Республикасын гүлдендіру мақсатында еліміздің барлық азаматтарының бірлесіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулері үшін жағдайлар жасайды.     

    Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарына арналған нормалары басқа салалық заңнамалардың мазмұнына әсерін тигізуде. Кеңес заманында қалыптасқан адамды заңбұзушы – бұзақы ретінде көру стереотипі тарихтың қойнауына кетіп, керісінше, кінәсіздік презумпциясын басшылыққа алу кең өріс алды. Конституциямызда бекітілгендей, тұлғаға құрметпен қарау, оның жеке құқықтарын таптамау, сот пен заң алдындағы теңдік, жалпы теңдік қағидалары заманымызға сай идеологияға айналды. Адамның табиғи құқықтарын үстем қою мемлекет қызметінің негізгі бағыты десек еш қателеспейміз. Айталық, мемлекеттің қылмыспен күресудегі саясаты негізгі бағыттарының өзгеруі адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарын қорғауды алдыңғы орынға қоюға байланысты. Қылмыстық заңнаманы ізгілендіру үшін онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшін жазаны жеңілдету, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың кең қолданылуына жағдайлар жасау, өлім жазасын орындауды тоқтатуға бағытталған шаралар Конституция нормаларына сәйкес жүргізілуде. Ата Заңның 13-бабы 3-тармағында танылған әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығын ауылдық жерлерде қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

Конституция Қазақстан Республикасын демократиялық мемлекет деп жариялайды. Оның демократиялылығы, ең алдымен, мемлекет ішінде халық басқаруын қамтамасыз етуінен көрінеді. Атазаң 3-бабының 1-тармағында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық делінген. Бұл конституциялық норма Қазақстанның халықтық мемлекет екендігін білдіреді. Халықты жоғары биліктің иесі ретінде тану халық суверенитетінің көрінісі болып табылады. Халық өз билігін тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.    Халықтың еркін көрініс тапқан бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті өркениетті елдердің қатарына жетелейді. Сондықтан, қазіргі кезде басты міндет – жеке тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың Республика Конституциясына деген дәстүрлі құрметін дамыту. Егер біз осы міндетті орындасақ, алдыңғы қатарлы Қазақстан мемлекетінің қалыптасқаны.

      Конституция күні жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелейтін осындай жетістіктерімізді еске алу және жоспарларды жұртшылыққа жеткізу әр азаматтың парызы. Өйткені, елдің жеткен биігі – біздің жетістігіміз!

 

      Конституция күні – мемлекеттік мереке. 

 Барлық Қазақстандықтарды   30 тамыз - Конституция күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілеймін! Береке – бірлігіміз мәңгілік болғай!  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ата Заң – Азат елдің Ар намысы!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 745 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.10.2018 1554
    • DOCX 18.8 кбайт
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Керімбекова Іңкәр Сартайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Керімбекова Іңкәр Сартайқызы
    Керімбекова Іңкәр Сартайқызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 121998
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Организационно-педагогическое обеспечение деятельности педагога-организатора образовательного учреждения

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 243 человека

Курс повышения квалификации

Управление дошкольной общеобразовательной организацией

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов

Мини-курс

Психологические концепции и практики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 636 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 218 человек