Инфоурок Директору, завучу Конспекты"Айтыс шебері Жамбыл". Сабақ жоспар,

"Айтыс шебері Жамбыл". Сабақ жоспар,

Скачать материал

Күні:                                   Пәні: қазақ әдебиеті                           Сыныбы: 11

Сабақ тақырыбы:        Айтыс шебері – Жамбыл

 

Сабақтың мақсаты: білімділік – а) айтыскер ақын Жамбылдың өмір жолы,айтыс ақыны ретінде танылуы,айтыстарындағы сол кездегі әлеуметтік мәселенің көтерілуі, ә) Жамбылдың айтыстағы ақындық шеберлігі туралы мағлұмат беру; дамытушылық – а) оқушылардың әдеби дүниетанымын кеңейту,ақын туралы қосымша деректер келтіру арқылы пәнге қызығушылығын арттыру, ә) өзіндік пікір айту дағдыларын дамыту; тәрбиелік – ақын бойындағы ізгі қасиеттерден  үлгі алуға,адамның жан дүниесін тани білуге,көркем әдебиетті сүйіп оқуға,өлеңді талдату арқылы елін,жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: жаңа сабақ,танымдық сабақ.

Сабақ әдісі: баяндау,мәнерлеп оқу,сұрақ-жауап,салыстыру,әңгімелеу,талдау,іздену,зерттеу.

Сабақтың көрнекілігі: ілестірме қағаздар,тест тапсырмасы,ақын өмірі туралы буклет,тірек сызбалар,нақыл сөздер,фотослайдтар,көркем әдебиеттер.

Пәнаралық байланыс:тіл,халықтық педагогика,тарих.

 

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық жүргізіледі.

  Сынып үш топқа бөлінген.Әр топ жетекшісі өз топтарының сабаққа әзірлігін тексеріп шығады.

Сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

 Ақын,жазушы,Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде жазып келген «Ілияс Жансүгіров – қазақ өнерінің жыршысы» атты тақырыпта шығармалары оқылады.Оқушыларға екі нұсқада тест жұмысы таратылып орындалады.

ІІІ. Ой ашар.

 Жаңа сабақа әзірлік.

1.Жамбылдың «Зілді бұйрық» өлеңі мәнерлеп жатқа оқылады.Өлеңнің мазмұны 1916 жылғы Ұлт-азаттық күреске байланысты жазылғандығы айтылады.

2.Айтыс өнері,оның даму кезеңі,айтыс ақындары,Жамбылдың айтыстары туралы ойлары ортаға салынады.

IV.Мағынаны тану.

Жаңа сабақ.

 Тақтада ілінген көрнекіліктер арқылы сабақ түсіндіріледі.

1.Өмірі туралы мәлімет. Халықтың мұң-мүддесін қорғаған,қазақ халқының бақытты болашағын армандаған бұқарашыл бағыттағы Абай,Махамбет,Сүйінбай,Шернияз секілді ақындар мектебінің ірі өкілдерінің бірі – жыр алыбы Жамбыл.

  Жамбыл өмірімен де,шығармашылығымен екі ғасырды молынан тұтастыра қаусырып жатқан ұлы тұлға!

  Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы 1846 жылы ақпан айында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген...

2.Шығармашылығы. Жамбыл шығармашылығын төрт топқа бөліп қарауға болады.Өзі кедейлікті көп көрген ақын алдымен байларды,халықтың қолы жете алмаған байлықты сынайды.Ондай көріністер «Сәт сайланарда», «Мәңке», «Шалтабайға» т.б. өлеңдерінде жиі кездеседі.

    Малы көп бай жылайды қар жауғанда,

    Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.

    Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,

    Әйелі шелек толы сүт сауғанда.

   Тағы бір өлең-жырлары соғыста жүрген майдангерлерге қуат беріп,ерлікке үндейді.

3.Айтыстың асқан шебері. Жамбылдың даңқы алдымен айтыс өнері арқылы шыққан.Өз тұсында небір бұлбұл,небір дүлдүл ақындармен айтысып тізе бүктірген.Алғашқы айтыстары ойын-тойларда өтеді.Жамбыл жастықтың салтын сақтап,Айкүміс,Бұрым,Сара сияқты қыздармен айтысады:

   Сыртың бір сұлу жан екен,

                                                Сыпайы көзге көрінген.

                                                Сыр мінезің бар екен,

                                                Сөйлесуге ерінген.

                                                Қамқа камзол киінген,

                                                Қас қабағың керілген.

  Жамбыл Құланаян Құлманбетпен 1881жылы,Сарбас ақынмен 1895 жылы,Досмағанбетпен 1902 жылы, Шашубаймен 1909 жылы айтысады.

  Жамбылдың атақ-абройын аспандата көтерген айтысы – Құланаян Құлмамбетпен айтысы.Құлмамбет өз сөзі арқылы қарапайым халықты көнбістікке,кіріптарлыққа, бағыныштылыққа шақырып,ақындық өнерді байлықтан,барлықтан төмен қояды.

Жамбыл:

               Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,

               Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

               Қарынбайдай сараңдар толып жатыр, 

              Оны мақтап әуре болмай үйіңе қайт- , дейді.Сөйтіп,Жамбыл айтыстарда аттың басын соны сонарға бұрып,елінің мәртебесін көтере,ел қорғаған азаматының атын атойлай,езілгендер мен жәбір шеккендерге ара түсе шырқайды,ел мүддесін қорғайды.

4.Іздену жұмыстары.

  Оқулықтағы мәтін іштей оқылып әр топқа тапсырмалар беріледі.

І топ

   Жамбылға ұстазы Сүйінбайдың айтқан сөзін тауып оқыңыз. «Балам,өз өлеңіңді  шығар,бірақ оны жұрт жаттап алатын,ешкім ұмытпайтын өлең болсын.Шындықты айт,әділдікті жырла».

ІІ топ

  1913 жылы Романовтар әулетінің үш жүз жылдық мерейтойына арнап айтқан «Өстепкеде» өлеңінен үзінді оқып,мағынасын таныстырыңыз.

Үйсін,Найман саңлағы,                       Желді күнгі қамыстай

Өстепкеде жиылдың.                        Жапырылып иілдің.

Елде жүрген егейлер,                         Келтіріңдер намысты,

Ұлық көрсең ұйлығып.                        Бек қорланып күйіндім.

  Бай болыстардың,жағымпаздың мінезін сынау мақсатында айтылған.

ІІІ топ

  Жамбыл мен Құлмамбеттің ақындар айтысына кіріскен қызулы шағын суреттеген жерді тауып оқыңыз.

Ақыры,міне,екі әйгілі ақын алқалы топтың алдында,үлкен тойдың қызба шағында батырлардай айқасып,палуандай шайқасып ұстаса кетеді,дүйім жұрттың бүйірін қыздырады.

 

Дәптермен жұмыс. Ақынның Құлмамбетке айтқан жауабын (1 шумақ) жазып,өлең ұйқасына талдау.

V. «Ой толғаныс»

Жаңа сабақты бектіту.  «Зерттеу» жұмыстары.

 

1-тапсырма. Ақын мұрасының өрнек кестесін құрастырыңыз.Ақын мұрасының өміршеңдігі неде деп ойлайсыз?

2-тапсырма.Сүйінбай мен Жамбылдың қарым –қатынасын қалай бағалауға болады?(«бала Жамбылға бата» өлеңі мәнерленіп оқылады.)

   Ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық.Жамбыл ұстазы Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап,ұстазының есімін ардақ тұтумен өтеді.

3-тапсырма. Жамбыл айтыстарын қазіргі кездегі айтыстармен салыстыра сипаттаңыз.(Венн диаграммасы)

 

VI. Үйге тапсырма.

1.Ақын туралы көркем әдебиеттермен танысу.Әр айтысынан үзінді жаттау.

 

VII. Поэзия минуты.Әр оқушы өз шығармашылығынан өлең оқиды.

 

VIII. Топ бойынша бағаланып, көп ұпай жинаған топ «Жамбылдың шәкірттері» атанады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Айтыс шебері Жамбыл". Сабақ жоспар,"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 525 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2016 1178
    • DOCX 15.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бисенов Аскар Кушербаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бисенов Аскар Кушербаевич
    Бисенов Аскар Кушербаевич
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11021
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Формирование модели дополнительного образования детей в современных условиях

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Курс повышения квалификации

Основы туроператорской деятельности: ключевые понятия, современные технологии и организация

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Землеустройство и кадастры

Землеустроитель

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек