Инфоурок Музыка СтатьиҚазақ күй өнерінің ұлы тұлғасы - Қаршыға Ахмедияров

Қазақ күй өнерінің ұлы тұлғасы - Қаршыға Ахмедияров

Скачать материал

Қазақ күй өнерінің ұлы тұлғасы - Қаршыға Ахмедияров.

Құсмағанбетова Асылғаным Еселқызы

Құрманғазы атындағы саз колледжінің халық

аспаптары бөлімінің меңгерушісі ,

«Қазақстан Республикасының Білім

беру ісінің құрметті қызметкері».

Батыс Қазақстан облысы

Ұлттық өнеріміздің арғы - бергі заманында домбыраның сыршыл пернесінен сезім кілтін ағытқан, шалқар шабыт, киелі күйдің иегерлері, дүлдүл домбырашы бабаларымыз қай ғасырда да жетерлік. Ықылым заманнан әр күйші өз заманының жаршысы болған. Ата - мекен, табиғат, адам, жан - жануар, көңіл - сезімдері, ұлт тағдыры, тарихи кезеңдер, бір сөзбен айтқанда, күллі дүние бүге - шігесімен түгел дерлік күйге арқау болса, бүгінгі таңда да осының бәрі қоңыр домбыра қос ішегінде ерекше бір мәнерге ие. Ешқашан қалып айтып көрмеген халқымыз бірін бабасы, бірін атасы, бірін анасы деп атап әділ бағалаған. Халықтың көзайымына айналған осындай таланттарымыз қанша қиямет қайымды қоғамды, тауқыметті тағдырды басынан өткерсе де қазақ халқының домбырасын күмбірінен айырған жоқ. Күй өнернамасының киелі керуеніндегі Қорқыт, Кербұқа, Асан - қайғы, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Есір, Дина, Сүгір, т. б. ұлы күйшілердің дәстүрін жалғастырған дәулескерлердің біздің заманымызға да бұйырғандығы күй және күйші құдіретінде.

Талантты ұрпағы арқылы күй өнері сан ғасырлар бойы ұлыланып жалғасын табуда. Ерекше аймақтық, оның ішінде де өзіндік күйшілік мектеп қалыптастырған, рухани мол қазынаға болашақ сыйлағанда – осы дарабоздар.

Абыз күйдің әуен - сазбен өріліп, неше ғасыр өтсе де ақиқатынан ажырамауы, әлемді таң қалдырған осынша мол



2

мұрамыздың бүгінгі күнге жетуі күй құдіреті, талант құдіреті екендігі даусыз. Ендеше тума таланттарымыздың бірі, дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияровтың шығармашылығы осының бір айғағы дер едік.

Дарабоз өнер иесіне «Күй Қаршығасы», «Саңлақ күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасыр күйшісі» тәрізді бағаны өзі сүйген, өзін сүйген халқының бергені тағы ақиқат.

Өзі күйші, саятшы, қисса - термелерді төгіп айтатын Ахмедияр ақсақал жанұясында өнер - ғұмырлық жолмен тәрбиеледі. 4 - жасынан ермегі де, еңбегі де домбыра болған Қаршыға «өнерің үстем болсын, өркенің өссін» деген ата тілеуін, ауыл батасын алып, бала күннен әншілік - күйшілік өнерімен көзге түсті. Күй мұхиты өлкесінде дүниеге келіп, сегіз қырлы бір сырлы әке тәрбиесінің, үлкен ағасы Қырғидың, мектеп мұғалімі Хатимолла Ризуанов, Казекеш Мұхтаров, Шәмшіден Шәріпов, Нариман Үлкенбаевтардың домбыраға баулу мектебінен өткен Қаршыға Ахмедиярұлы халық әртісі Қ. Жантілеуов, «Жоғары мектеп үздігі», профессор Қ. Мұхитов, У. Бекенов, оркестрде дирижерлау мамандығынан профессор Ш. Қажығалиевтардан дәріс алып, өнер мұхитында еркін жүзді.

Жалпы Қаршыға Ахмедиярұлының шығармашылығын төрт түрлі бағытта қарауға болады. Олар:

1. Қазақтың музыка мәдениетінің орындаушылық саласында өзіндік ерекше мектеп қалыптастырған күйшілік өнері;

2. Құрманғазы, Дина, Қазанғап, Дәулеткерей, Абыл, Өскенбай, Тәттімбеттер дәстүрінде тамаша күйлер шығарған композиторлығы;

3. «Шашақты найза, Шалқар күй», «Әсем қоңыр», «Сарыарқа»,



3

«Жігер» тәрізді күй жинақтарының авторы және сондағы күйлердің жинаушысы, зерттеушісі;

4. Халықаралық, Республикалық сайыстарының жүлдегерлерін, бүгінде қалың жұртшылыққа танымал шәкірттер дайындаған ұлағатты ұстаздығы. Осы төрт салада да ол үлкен шеберлікпен жетістіктерге жетті.

Орындаушылық өнері

Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық пен «Парасат» орденінің иегері Қаршыға Ахмедияров халық музыкасы орындаушылары арасында кең тараған дәстүрімізді жалғастырушы болумен қатар, асқан шебер орындаушылығымен ерекшеленетін жеке тұлға. Аса күрделі деген шығармаларды орындаудың өзі оған көп қиындық келтіре қоймайды.

Қ. Ахмедияров ширек ғасырдан астам уақыт сахна төрінде шеберлік шыңын еншілеп келді. Кәсіби шеберлігі жөнінен оған иық теңестіре қоятын, не асып түсетін талантты таба қою қиын. Ол ғасырлардан жеткен күй өнерінің мәйегін домбыра шанағында туған перзентіндей әлдилеп өтті. Ол қай мектептің күйін орындаса да, сол өлкеде туғандай, сол елдің ұлының қолынан алғандай нанымды жеткізді. Арғы - бергідегі күйшілерді көктей шолғанда Қаршыға репертуары ең ауқымды, теңдесі жоқ – өр өнер. Оның репертуарында Қазақстанның барлық аймағының күйлері бар.

Күй атасы Құрманғазы, бабасы Дәулеткерей, анасы Дина, А. Жұбанов «Қазақ күй өнерінің оазисі» атаған мың құпия, Маңғыстау (Абыл, Есір, Өскенбай, Құлшар, Мұрат), Маңғыстау мен Атырау күйшілік мектептерін тел арқау еткен Есбай, Құрманғазының төл шәкірттері Мәмен, Ерғали, төре мектебінің сыршыл сазы өкілі Әлікей, күй дүлдүлі Нұрғиса, қоңыр сазды



4

Қаратау (Сүгір, Төлеген), Ақжелеңнің атасы Қазанғап, тоқсан толғап толқыған жыр өңірі Сыр бойын түгел саз - сарынын, иірім - қайырымын жеткізе орындады. Тек батыс өңірімен шектелмей арқа лирикалық күй мектебін де шебер орындады. Тегінен қаны мен алпыс екі тамыры күйге бұланған күйші шабыт шарықтауын, тоқсан толғауының түйінін, аңызы мен ақиқатын осы киелі дүниеден ұқты, күймен домбыраның қос шегіндей егіз тағдыр кешті. Орындаушылық үрдістегі көркем өнерге керекті қасиеттердің бәрін, терең философияны, сыршыл лириканы, дауылдатқан екпінді, виртуоздық мәнерді Қаршыға өнерінен табасыз. Оның орындаушылық өнері жайында зерттеушілеріміз, күйтанушылар, ақындарымыз аянбай еңбектерін жазды.

Қаршыға Ахмедияровтың талантын дөп басқан Мемлекеттік сыйлық иегері, халық ақыны Фариза Оңғарсынова «Домбыра» өлеңінде:

Жан - жақтан құрсағанда белес - бөгет,

Еңсеңді көтересің елес жебеп.

Ойлайсың осы жігіт күй құдайы

Кәдімгі Құрманғазы емес пе! - деп жырласа, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері – Шамғон Қажғалиев: «Қаршыға консерваторияға түспей тұрғанда- ақ дүлдүл домбырашы болатын. Кәсіби білім алу, жан-жақты музыка маманы болу биік мақсат деген ақыл кеңесімді қабыл алып, кәсіби өнерге бет бұрған Қаршығаны дәл танығанымды мақтанып емес, халқымның перзенті ретінде абыройлы іс тындырдым деп есептеймін» десе, Қаршыға ағаның ұстазы еңбек ардагері, профессор, жоғарғы мектепке еңбегі сіңген қызметкер Құбыш Мұхитов: «Қаршығаны мен заманымыздың Құрманғазысы дер едім, Қаршығаны мақтап емес, Қаршығамен



5

мақтану керек» - деп әркез қайталаумен өтті.

Күйші қолынан өткен мол мұра бірнеше «күй табақ», үн —бейне таспа, теледидар, радио қорында сақтаулы. 14СД тұратын «Күй Қаршыға» топтамасы консерватория радио кешенінде жинақталып, хроникалық жүйемен мазмұндалып, қызы Раушан Ахмедиярованың қолдауымен Америкада шығарылды.

Қ.Ахмедияровтың композиторлық шығармашылығы

Қ.Ахмедияров талантының тағы бір қыры оның композиторлығы болып табылады. Оның тырнақалды туындылары сонау алпысыншы жылдардың бас кезінде дүниеге келді. Қазір оның төл туындыларының көпшілігі беделді деген сахналарда орындалып жүр. Қаршыға Ахмедияров шығармашылығында дәстүрлі күй жанры жалғастығы нақты айқындалған. Мұның дәлелі: «Ақжелеңдер», «Байжұма», «Желдірмелер», «Қосбасарлар», «Қоңырлар», «Толғаулар», т. б.

Қ. Ахмедияров шығармашылығында күйші бабаларына, қоғам және өнер қайраткерлеріне, қоғамдағы саяси, тарихи оқиғаларға, жанына жақын жақсыларына арнаған күй арнау үрдісі автор шығармашылығында ауқымды орын алады. Олар: «Құрманғазы Ақжелең», «Имаш Байжұма», «Садуақас сазы», «Күй анасы», т. б. Атаулы күйлері – «Нұрғиса», «Ғазиза», «Иманқұл», «Жалғызым», «Табыну».

Қазақстанның егемендік алған кездегі жоғымыздың табылып, бабалар аңсаған арманның орындалғанын көрген қуанышты сәттері «Атырау (Гурьев аты өзгертіліп, егемен атының қайтарылуы, «Шабыт» (алғашқы президентіміз сайланып, ант қабылдау кезінде), «Елбасы» (Қазақстанның БҰҰ құрамына енуі), «Нарын» (Ресей полигонының жабылуы) күйлерінде шертіледі. Енді тікелей күй жанры үрдісіндегі туындыларына



6

тоқталсақ, шоқтығы биік «Байжұма» жанры стилінде жазылған «Имаш Байжұма».

Толғау. Қ. Ахмедияров «Толғаулары» күй мектебінің әр дәстүрінде шығарылған. Қ. Ахмедияров күй шығармашлығында «Толғау» аттас күйлер көптеп саналады. «Толғау», «Махамбет толғау», «Түбек толғау», «Абай толғау», «Хамаң толғау», «Әсем толғау», «Бақтығали толғау», «Мұрат толғау» т. б. 20 - ның үстінде толғауларын атауға болады.

Қосбасар. Қ. Ахмедияровтың «Қосбасарларынан» басқа да шертпе күйлері бар, демек ол бұл жанрда да өзінің өрнегі бар композитор.

«Қосбасар» күйлерінде әуені өзара астасып, үндесіп отыру принципі жақсы қолданылған. Күйдің нысаны да бұрынғы Қосбасарлардан өзгешелеу. Ән шумақтық нысан байқалады. Тақырыптың дамып, жоғары регистрде жүруі және шарықтау шегіне дейін баруы автордың соңғы жаңалығы. Мұндай жаңашылдық барлық Қосбасарларында әсіресе Сүгір стиліндегі туындыларында жиі ұшырайды. Қ. Ахмедияровтың шоқтығы биік, шеберлік шыңынан көрінген күйлері, қазіргі белгілі орындаушылардың репертуарынан орын алып, музыка мамандары мен жалпы өнер сүйер қауымға кеңінен танымал.

Ғылыми - зерттеу еңбектері

Халық мұрасын зерттеп, ғылыми тұрғыда дәлелдеп, халық қазынасын толықтырып,кейінгі ұрпаққа жеткізу бағытында да өлшеусіз еңбектер қалдырды. Олар:

1. «Сарыарқа» - күй атасы Құрманғазы күйлері жинағы.

2. А. Жұбанов жазып қалдырған 50 - ден аса күй, 20 - дан аса жаңа күйлермен толықтырылып қайта басылып шықты.



7

Алдыңғы қатарлы орындаушылар үлгілерінің бірнеше түрлері енді.

3. «Жігер» - күй бабасы Дәулеткерей күйлері орындаушылардан А. Жұбанов, А. В. Затаевич, П. В. Аравин жазып алған үлгілері өңделіп, соңғы жаңа деректер, кейін табылған күйлермен толықтырылды.

4. «Әсем қоңыр» - күй анасы Дина шешей күйлері, өз орындауындағы нұсқаларын хаттап, соңғы жаңалықтарымен шығарды.

5. «Шашақты найза, шалқар күй» - қылыштай өткір, жалынды да жігерлі Махамбет күйлері.

6. «Атырау» - 20 - дан аса автордың төл туындылары.

7. «Күй-ұран»- автордың төл туындылары

8. «Толғау» - автордың төл туындылары

9. «Шынар»- автордың төл туындылары.

10. «Табыну» - автордың төл туындылары.

11. «Атырау» - автордың төл туындылары.

Міне осы жазылған еңбектер Қ. Ахмедияровтың сан қырлылығының куәсі деуге болады. Ол домбыра сазын хаттаудың хас шебері. Қаршыға Ахмедиярұлы – жан - жақты ірі музыкант, қайталанбас дара тарлан талант иесі. Оның өзі күй деген музыка өнері саласындағы жеткен жетістігі – кім - кімгеде үлгі - өнеге, келер жас ұрпаққа арналған асыл мұра. Қазақтың Қаршығасы – ұлтын ұлылап, ұлар шыңда аты қалған ұлы тұлға.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ күй өнерінің ұлы тұлғасы - Қаршыға Ахмедияров"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 104 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.02.2016 2989
    • DOCX 23.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусмаганбетова Асылғаным Еселқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12493
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на фортепиано

Преподаватель игры на фортепиано

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 297 человек

Курс повышения квалификации

Мировая музыкальная культура от Баха до Шнитке

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 82 человека

Курс профессиональной переподготовки

Музыкальный менеджмент: от создания до продвижения

PR-менеджер (музыкальный бизнес)

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона

Мини-курс

Мозг и психотерапия: влияние, методы и направления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек