Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Қазақ тілі. "Шетелдегі қазақ балалары тағдыры" Дөңгелек үстел.

Қазақ тілі. "Шетелдегі қазақ балалары тағдыры" Дөңгелек үстел.

  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: «Шетелдегі қазақ балалары тағдыры»

Дөңгелек үстел

Мақсаты



Білімділік: оқушылардың пікірталас түрлері туралы дүниетанымын кеңейту, дөңгелек үстел мақсаты мен өту сипатын меңгерту.
Тәрбиелік: оқушыларды пікірталас мәдениетіне баулу, жаңа білім алуға мотивация туғызу.
Дамытушылық: оқушылардың өз ойларын ортада еркін айту дағдыларын дамыту, олардың өз көзқарастарын дәйектеп, тұжырымдап айта алу біліктіліктерін жетілдіру.

Күтілетін нәтиже


Қосымша деректер арқылы Акт құзереттілігі артады, топта, жұпта, жеке жұмыс жасауға үйренеді;

-Жуан және жіңішке сұрақтар қойып үйренеді, қарсы сұрақ қоя біледі;

-Оқушының сыни ойлауы қалыптасады, өз ойын еркін жеткізе алады;

-Тақырыпты басқа тақырыппен салыстыра алады, бір-бірін бағалай алады.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ. Проблемалық оқыту, өзара оқыту.

Керекті құрал-жабдықтар

Оқулық, флипчарттар, маркерлер, бағалау парағы. Интербелсенді тақта.Презентациялық слайд материалдары, таратпа материалдар, бейнефильм.

Сабақ әдісі

топтастыру, салыстыру, талдау, ойқорыту, проблемалық сұрақтар,т.б.

Сабақбарысы:

Сабақкезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе




Мұғалім сөзі:

Бүгінгі күні қоғамымызда өзекті мәселелердің саны өте көп.Солардың бірі –жетімдер тағдыры. Тастанды…Бұл атаудың көпшілік көңілі үшін ауыр соғатыны белгілі. Ал әке-шеше жылуын аңсаған бейкүнә сәбилерге бұл сөздің әлеуметтік кемсітудей көрінетіні күмәнсіз. Әрине,туған әкенің тәрбиесін алып,туған ананың мейіріне қанғанға не жетсін? Онда қоғам мұндай мәселеге алаңдамас еді. Әйткенмен, «баламның табанына кірген тікен, менің маңдайыма қадалсын» дейтін қазақтың елінде тастанды қаракөздер азаяр емес… Алайда, соңғы кездері шекара асып кетіп жатқан жетімдердің тағдыры жүректі сыздатады... Әлемдегі ең қонақжай, ең мейірбан халық бізбіз дейміз. Сөйте тұра қаны бір бауырларымызды қалай жаттың асырауына бердік? Тіпті қанды қырғын жаугершілік заманда да жесірімізді жылатпаған, жетімін жат елге шығартпаған ел едік қой.





Оқушылар дөңгелек үстел басына бір бірлеріне қарап, дөңгеленіп отырады

















Тұсау кесер






Ендеше, бүгінгі «Дөңгелек үстеліміздің» басты тақырыбы да осы болмақ.Экранға назар аударайық (бейнефильм көрсетіледі)

«Бала – бауыр етің». Жүрегіңнің бір бөлшегі. Бауыр етіңді жұлып алып, жатқа бере аласың ба? Жатқа телміртпейміз деп ойлаушы едік, өкінішке қарай, бауыр етімізді жұлып бере алады екенбіз. Қаншама қазақтың қарадомалақтары шет ел асып кетті. Қаншама бала жаттың қолында тәрбие алып жүр. Қаншама қаракөз өзінің тілі мен ділінен алыстап кетті. Қаншама қарадомалақ жатбауыр тартып барады. Мұның бәріне кінәлі кім? Қоғам ба, қоғамды қолымен жасап отырған адамдар ма? Шырылдаған сәбиін балалар үйінде қалдырған көкек аналар мен жетесіз әкелердің жауапкершілігі жоқтығы осыған әкеліп тіреп отыр. Заман азды ма, адам азды ма, әйтеуір, соңғы кездері жанарлары жәутеңдеген көптеген сәбилеріміз бөгденің бауырында тәрбиеленуде. Мұхит асты, Еуропаның түкпір-түкпірінде жүр. Күні ертең олардың ұлтын да, тілін де білмей, жат болып өсетініне шек келтіре аламыз ба? Мұхит асқан балалардың шырылына бір сәт құлақ түріп көрдік пе? Еуропада өсіп жатқан қазақтың қаракөздері қалай күн көруде?






Оқушылар You Tube сайтынан алынған «Шетелдегі қазақ балалары» бейнефильмінен үзінді көреді.


















Алдын- ала ізденіп келген мәліметтерін келтіреді.

Сынып жалпы сұраққа жауап береді

Негізгі бөлім





Проблемалық сұрақтарға жауап іздеу арқылы «Тірек-сызба құру»

  • Қазақ жерінде жетімдер санының көбею себептері неде деп ойлайсыздар?

  • Шынымен де қоғамда болып жатырған осындай жайттарға кімдер кінәлі деп айтар едіңіздер?

  • Адам баласы біріне-бірі неге жатбауыр?

  • Жүрегінің бір бөлігін баласына үзіп беруге дайын ана неге безбүйрек?

  • Өз кіндігінен тараған ұрпағын әке қалайша өлімге қияды? Бүгінде осы сауалдардың алдымыздан күн сайын көсе-көлденеңдейтіні жасырын емес.

  • Шын мәнінде, қоғамның дәл осылай қатыгезденуіне не себеп? 

(оқушылармен бірлесе отырып құру)

«Еркін жауап»










Сұраққа жауап береді, ізденеді.

Оқушылар бір-бірін тыңдайды, ортақ әңгімелейді,пікірталасады.

Өз пікірлерін ұсынады.



Адам бойындағы осындай кейбір қасиеттердің жоқтығынан,кейбір жағымсыз әсерлердің салдарынан орны толмас қателіктердің қоғамда орын алып жатқандарын айтады.




Сұрақтарға жауап береді.


Кейбір ғаламтор арқылы алынған мәліметтерді атып өтеді:

1.«Сарапшылар 18 ай бойы Америкалық ата-аналардың қолына түскен шетелдік балғындардың өмірін зерттепті. Сорақысы сол, олар асырап алған балалары қылық шығарса ғаламтор арқылы арызданып басқа шаңыраққа сыйға тарта салады екен. Қолдан қолға кеткендер негізінен 6 мен 14 жас аралығындағы балғындар. Арасында 4 қазақстандық бар. Әзірге олардың аты-жөндері аталмай отыр.»

2.« Бұл ұсталған көліктерді сатқанмен бірдей ғой. Заңдылық. Егер балаңды бұзық, тәрбиесіз десең, ешкім алмайды ,сондықтан басқа отбасы алып кету үшін жақсы қырын ғаламторға жазуға мәжбүр боламыз.»

3.Нора Гейтли:

Өгей анам ашуланып: үйден кет, күректі ал да өзіңе мола қазып ал деді. Сенің өлі-тірің мені алаңдатпайды, бәрібір сені ешкім іздемейді деп ұрысты.

4.Анна Барнс:

Егер менің бір қылығым ұнамай қалса мені қолдан қолға жіберетін.  Ата-аналарым жиі ауысатын, ешбірі адам құрлы көрген емес мені. .

-Жалпы, мен кездескен отбасылар қазақ балаларына тағылымды тәрбие беретіндерін, болашақтары үшін ешнәрседен аянбайтындарын айтты. Олардың барлығы ерекше қабілетті, дарынды балалар. Шетелдегі қазақ балаларынан мықты тұлғалар шығады. Тек, өз елінің тілінен мақұрым, түсінігінен жұрдай болатынын, туған еліне қызмет етпейтінін ойлағанда, ақырын ғана деміңді ішіңе тартып қаласың.... (журналист пікірі)


Қорытын

ды


































Кері байланыс.

Рефлексия



Иә, «біз ата-анаға бала тауып бермейміз, жетімдерге ата-ана тауып береміз» деп,тағдыр тауқыметін тартып жатқан, ата-ананың аялы алақанын аңсап жүрген балалардың жағдайын ойлағансып жүріп, аяғымызды шалыс баспасақ болғаны.

«Дөңгелек үстел» соңындағы тақырып бойынша ұсыныстар:

(оқушылардың пікірімен)

  1. Қазақ балаларының шетелге асуын тоқтататын заң жобасын қабылдау

  2. Қазақстан азаматтарының бала асырап алу жүйесін жеңілдету

  3. Жағдайы жеткілікті отбасыларға бала асырап алу сауаптылығын жете түсіндіру

  4. Жетімдер үйіне бөлінетін қаржыны көбейту

  5. Балаға зәру отбасылардың бала асырап алуын жеңілдету

  6. Азаматтарға салық тағайындап, оны қайырымдылық қорына жұмсау

  7. Шетелдегі қазақ балаларының өмірін толық бақылауға арналған орталықтар құру

Біз үшін бәрі-өзекті,

Шындық пен жалған дос емес.

Қоғамның сынап кемісін

Ақиқатты айту мен үшін,

Ақиқатты айту сен үшін,

Ешқашан, досым, кеш емес!- деп бүгінгі дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз отырып, қоғамымыздың ащы шындығын әрдайым айта жүрейік дейміз!


Бағалау. Оқушылар бір-бірін бағалайды.

Үйге тапсырма.

Шетелдегі қазақ балаларына арнап хат,өлең жазу.

«Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім»












Оқушылар өз ұсыныстарын айтады.


























Оқушылар стикерлерге өз әсерлері мен пікірлерін жазып қалдырады немесе сыныпта оқиды.

















Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.05.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров120
Номер материала ДБ-093536
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх