Инфоурок Другое СтатьиҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ж. ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ж. ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ж. ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ

 

 

 

                             Математика және информатика кафедрасы

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы:

«Кафедра жұмысы» ақпараттық жүйесін құру»

 

 

 

 

 

Орындаған: 1305000 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы 3пТП тобының студенті
Ахметова Альмира

 

Жетекші: техника ғылымдарының магистрі, жоғары санатты информатика пәні оқытушысы Искалиева Айгүл Бисенбайқызы

 

                                                                                     

 

 

                                               Орал 2016 


МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе.....................................................................................................................3

1Ақпараттық жүйе жасақтаудың  теориялық негіздері...............................4

1.1 Ақпараттық жүйе жасақтаудың теориялық негіздері……………………...4

1.2 Колледждегі кафедраның жұмысы................................................................13

2  Кафедра  жұмысының ақпараттық  жүйесін жасақтау...........................21

2.1 Ақпараттық жүйе жасақтауда қолданылатын инструменталдық және бағдарламалық құралдар......................................................................................21

2.2 Кафедра жұмысының ақпараттық жүйесін жасақтау..................................26

Қорытынды............................................................................................................27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Кіріспе

Таңдалған тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі күні қоғамды қарқынды ақпараттандыру үдерісі әрбір адамның, оның ішінде жалпы білім беретін мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетін интеллектендіруді қарастырады. Қоғамды ақпараттандырудың негізгі салдарының бірі – автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу болып саналады. Автоматтандырылған басқару жүйесі Интернет дәуіріндегі өзара әрекеттестік дамуының кезекті кезеңі болып саналып, ең алдымен адамзат қарым-қатынасының тікелей емес формасын пайдалану және ақпаратты алу мен оны өнімге айналдыру тәсілімен және ақпарат көздерін кеңейтумен, қоғамдағы білім берудің рөлін өзгертумен ерекшеленеді.

Кез-келген заманға сай мекемелер құрамына бизнес - процесті және өндірістік технологияны  қамтамасыз ететін  автоматтандырылған басқару жүйесі кіреді. Кез келген деңгейдегі басқару ұйымының негізгі  мақсаты – мәтін немесе басқа да құжат түрінде бағынышты нысандардан алынған ақпаратты талдау, оның негізінде құжаттар даярлау, басқару құрылымындағы бағыныштыларды басқару үрдісін қолдау болып табылады. Құжаттар көлемінің көптігінен оларды бір-бірлеп жасау мүмкін емес, сондықтан оларды құрылымдау мен есепке алу қажет. Күніне бір үрдісті он қайтара жасау қажеттілігі туындауы мүмкін. Осыған орай қызметкердің лауазымдық нұсқаулығына қарай жасалатын үрдістерді және ақпараттар ағынын құрайтын бір бөлік – есептерді автоматтандыру қажет.  Бұл басқару үрдісіндегі жұмыстарды барлығынша азайтуға алып келеді.

Зерттеу мақсаты: Delphi бағдарламасын терең зерттей отырып, кафедра жұмысының ақпараттық жүйесін жасақтау.

Зерттеу міндеттері:

1.   Delphi бағдарламасымен танысу, компоненттерінің қасиеттері мен жұмысын зерттеу.

2.   Delphi бағдарламасында кафедраның ақпараттық жүйесін жасақтау.

Зерттеудің пәні: кафедра жұмысының ақпараттық жүйесі.

Зерттеу нысаны: Delphi бағдарламасы.

Зерттеудің әдістері:  зерттеу проблемасы бойынша әдебиеттерге талдау жасау; бағдарлама таңдау, зерттеу, жобалау, қорытындылау.

 Зерттеудің теориялық және практикалық мәні:

- Delphi бағдарламасы теориялық тұрғыдан зерттелді;

- Delphi бағдарламасында ақпараттық жүйе жасақталды.

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыстың құрылымы:

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

   Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Информатика” курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды. 

Жоғары оқу орындарында информатика мамандығының   “Информатика” курсы біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде объекттіленген  бағдарланған программалау орталарын көптеп дайындалуы және олардың түрлі нұсқаларының пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту әдiстемесiнiң де өзгерiп отыруына әкелуде. Осының әсерiнен Delphi курсын оқытудың түрлi әдiстерi мен құралдары пайда болуда. Осындай әдiстердiң бiрi ретiнде, үйренушiнiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне негiзделген компьютер көмегiмен оқыту әдiсiн алуға болады. Ал компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен оқытудың негiзгi құралы. 

Уақыт өте келе бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудiң ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетiп келедi. Бұл мәселенi: компьютер, оның программалық қаматамасыз етiлуiнiң бiртiндеп жүзеге асырылуы, мамандардың дайындалу қарқыны, информатика пәнiнiң оқыту әдiстемесiнiң, оның iшiнде нақты курстарды оқытудың әдiстемесiнiң қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады.

    Қазіргі кезде информатика курсының түрлi компьютерлiк оқыту программалары бар. Мұндай программаларда бiлiм берудiң курс мазмұнын игеруде дағды мен ебдейлiктi қалыптастыруға қажеттi тапсырмалар, бақылау сұрақтары мен олардың жауаптары, студенттiң бiлiмi деңгейi.


1 Ақпараттық жүйе жасақтаудың ғылыми-теориялық негіздері

 

1.1 Ақпараттық жүйе жасақтаудың теориялық негіздері

 

Заман шарттарына сай кәсіпорынды нәтижелі басқару компьютерлік технологияны қолданусыз мүмкін емес. Бағдарламалық өнімді дұрыс таңдау – бұл есептің кез келген түрін автоматтандырудың бірінші және сипаттаушы этапы. Қазіргі уақытта ерекше мәселелерден ақпараттық жүйелерді (АЖ)   таңдау проблемасы стандартты процедураға айналуда. Бұл мәнде қазақстандық кәсіпорындар шетелдік бәсекелестерден арта қалуда. Шетелдік кәсіпорындарда, ереже сай, АЖ ұрпағының барлық жаңарту тәжірибесі жеткілікті. Дамыған батыс елдерде әлдеқашан ақпараттық жүйелердің  төртінші ұрпағы ауысуда.  

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялар мәндер қатары бойынша, жеке алғанда: ақпараттық жүйеде жүзеге асыру тәсілі бойынша, мәселені басқаруды қамту дәрежесі, жүзеге асырылатын технологиялық операциялар кластары бойынша, қолданушы интерфейсінің типі бойынша, ЭЕМ желілерін қолдану нұсқалары бойынша, пәндік саламен қамтуы бойынша жіктелуі мүмкін. Бұл мәндердің әр қайсысы сол не басқа ақпараттық жүйені таңдау туралы шешімді қабылдауға әсер етеді [15].

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы халқын жұмыспен қамту орталықтарында мәліметтер қоры, ақпараттық жүйелер және автоматтандырылған жұмыс орындары интеграциялануда. Қазақстандық АТ – рыногында қазіргі кезде халықты жұмыспен қамту орталықтарына арналған ақпараттық жүйелер және автоматтандырылған жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындар жоқ. 

Бағдарламалық қамтамасыздандыруды өндіретіндер ұсынатын бағдарламалық өнімдер мәліметтер қорын басқаратын ақпараттық жүйелерді ұсынады. Берілген бағдарламалық өнім өнімділігінің негізгі көрсеткіштері бағдарламалық қамтама жазылған бағдарламалық тілді таңдауға және мәліметтер қорын басқару жүйелерін (МҚБЖ) таңдауға тәуелді болады.  

Дамыған еңбек кәсіпорындары тиімді басқарусыз елестету мүмкін емес. Кез келген кәсіпорындар мен мекемелер, ал әсіресе халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс тиімділігі көбінесе тәуелді болатын ақпаратты өңдеу жүйелері негізгі категория болып табылады.

Мұндай жүйе жұмыстар жиыны бойынша жалпы және/немесе нақтыланған есептерді алуды қамтамасыз етуге; керекті көрсеткіштерді өзгерту тенденцияларын оңай анықтауға мүмкіндік жасауға; тоқтауларсыз уақыт бойынша сыни ақпараттарды алуды қамтамасыз етуге; нақты және толық мәліметтер талдауын орындауға тиісті.

Мекеменің бизнесіне және мақсатына қатысты  маңызды бақылау объектілеріне өндірістік ресурстар (қаржылық, халықтық, есептеуіш, телекоммуникациялық және т.б.); ақпараттық ресурстар (өндірістік, қаржы- аналитикалық, қызметтік және т.б.); өндірістік процестер (ақпараттық - технологиялық процестер, автоматтандырылған жүйелердің өмірлік циклі процесі және т.б.) жатады.

Ақпараттық жүйелер өз даму кезеңінде өзгерістерге ұшырап отырды. 50-60 жылдары қағаз түріндегі есеп құжаттары айналымы электрлік механикалық бухгалтерлік машиналармен жүзеге асырылса, 60-70 жылдары басқару АЖ өндірістік ақпаратты, есептерді даярлауға қолданылды. 1970-80  жылдары АЖ шешім қабылдау өндірісте бақылау мен жүзеге асыру бағытында қолданыс тапты. 1980 жылдан бастап басқарудың жоғары сатысы, кәсіпорынды дамыту стратегиясын басқарды (сурет 1).

 

Жүйе деп кез елген объектінің, бір мезгілде біртұтас қарастырылатын, басты мақсатқа жету үшін әртекті элементтердің жиынтығының бірігуі деп түсінуге болады. Мақсаттары бойынша және құрамы бойынша жүйелер өзара айшықтанады. Информатика саласында «жүйе» түсінігі көп қолданылады және әр-түрлі мағыналы болып келеді. Бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығына сәйкестендіріліп жиірек қолданылады. Жүйе деп компьютердің аппаратық бөлігі де атала береді. Қолданбалы есептерді шешуге, көптеген құжаттарды енгізуге және есептерді басқаруға арналған, процедуралармен толықтырылған бағдарламаларды жүйе ретінде көрсетуге болады

 «Жүйе» түсінігіне қосымша «Ақпараттық» сөзі оның құрылу және жұмыс жасау мақсатын білдіреді. Ақпараттық жүйелер кез-келген аймақтағы есептерді шешу процесінде қажетті жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, ақпаратты жіберумен қамсыздандырады. Олар жаңа өнімдер құруға және мәселелерді (маңызды проблемаларды) шешуге көмектеседі. Ақпараттық жүйелер – қойылған мақсатқа жету және ақпаратты тасымалдау, өңдеу үшін сақтауға арналғандарды қолданудың, әдістер мен қызметшілердің, құралдар жиынтығының өзара байланысы. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер түсінігін дербес компьютерде ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралдары ретінде есептейді. Үлкен ұйымдарда дербес компьютермен бірге ақпараттық жүйелер техникалық базасының құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ-ді кіргізуге болады. Егер шығарылған ақпаратты және оларды алу мүмкіндігіне арналған адам ролін есепке алмаса онда өздігінен ақпараттық жүйелерді техникалық іске асырудың мәні болмайды. Копьютер мен ақпараттық жүйелердің түсінік айырмашылығы әр түрлі. Арнайы бағдарламалық құралдармен жабдықталған компьютерлер, ақпараттық жүйеге арналған құралдар және техникалық базасы бола алады. Ақпараттық жүйелердің даму сатысы. 60-жылдар. ақапараттық жүйелерге көзқарастың өзгерумен ерекшеленеді. Көптеген параметрлері бойынша периодтты есеп берулер одан алынған ақпарат қолданыла бастады. Ол үшін ұйымдарға көп функцияларды қамсыздандыру мүмкіндігі бар копьютерлік құралдар керек болды. 70 жылдар шешімдерді тез қабылдау процесстерін жылдамдату үшін ақпараттық жүйелер басқару құралдарында кеңінен қолданыла бастады. 80 жылдардың аяғында ақпараттық жүйелердің концепциялық қолданылуы тағы да өзгеріске ұшырайды. Олар ақпаоаттың стратегиялық қайнар көзі және барлық профилдағы ұйымдар үшін қолданыла бастады. Осы периодттағы ақпараттар жүйесі өз уақытында ақпаратты жеткізіп, ұйымдардың өз кәсібі бойынша алға жылжуына көмектесті.

Ақпараттық жүйедегі процесстер Ақпараттық жүйенің жұмысын қамсыздандыратын процесстерді блоктардан құралған схема түрінде көруге болады: Ақпаратты ішкі немесе сыртқы көздерден енгізу; Енгізілген ақпаратты қолайлы түрде көрсету және өңдеу; Басқа жүйеге тасымаладау немесе тұтынушыларға арналған ақпаратты шығару. Кері байланыс – ол кіру ақпараттарын сұрыптау үшін сол ұйымның қызметшілері өңдеген ақпарат Ақпараттық жүйелердің қасиеті. Кез келген ақпараттық жүйелер өзінің құрылымы, басқарылатын жүйенің жалпы принциптері негізі бойынша аналидеуге кезігуі мүмкін. Ақпараттық жүйелер динамикалық және дамушы бола алады. Ақпараттық жүйелерді құру барысында жүйелік ықпал жсау керек Ақпараттың жүйенің шығу өнімдері шешім қабылдау негізіндегі ақпараттар бола алады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелерді компьютердің көмегімен таралған жүйелер деген көзқараста. Бірақ ақпараттық жүйені компьютерсіз вариантта алып қарауға болады. Бірнеше фирмалардан тауарды сатып алу кезінде ақпараттық жүйе сатып алушыны тіркеуге алады. Ол: сатып алушылар тобын анықтап, олардың құрамы және суранымдарын, содан кейін өзінің стратегиялық коптік топтарға бағытталуына. Потенциальды сатып алушыларға әр-түрлі ұсыныстар жіберуге Тұрақты сатып алушыларға тауарларға және қызметтерге рұқсат береді.

 

 

 

Автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) термині 1980-90 жылдары автоматтандырылған жүйеге ауысты.  2000 жылдары техникалық  әдебиеттерде ол термин ақпараттық жүйе (АЖ) терминіне өзгерді.

Автоматтандырылған жүйелерде тәуекелділікті басқару мәселесі жағдайының туындауы және оны түсіну тәуекелділікті басқарудың маңыздылығын  және қажеттілігін көрсетті.

Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.

Информатикада «жүйе» түсінігі кең таралған.  Көптеген жағдайда ол техникалық жабдықтар мен программалар жиынтығына қолданылады. Жүйе болып компьютердің аппаратты бөлігі аталуы мүмкін. Жүйе, сонымен қатар көптеген есептерді басқару мен енгізу процедураларымен толықтырылған қолданбалы есептерді шешуге арналған программа болуы мүмкін.

«Жүйе» түсінігіне «ақпараттық» сөзінің қосылуы оның құрылу және жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер  есептерді шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті  ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.

ҚР «Ақпараттандыру туралы» заңында «ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе» деп берілген [8].

АЖ өздігінен күрделі жүйе боп табылады және құрама бөліктерге бөлінеді«Ақпараттық жүйе – бұл бекітілген функцияларды орындаудың ақпараттық технологияларын жүзеге асырушы персонал мен оның қызметін автоматтандыру құралдарының кешені» [5] деп көрсетсе, «АЖ техникалқ құралдардың маңызды ролін сақтай отырып адамның белсенділігін пайдаланатын жүйе» [36] деп көрсетеді. 

-         1.2 Колледждің кафедра жұмысы

 

Оқытушылардың тоериялық  және кафедра дайындығының дәрежесін табысты  түрде көрсетіп, кәсіби шеберлігін артыруда кафедраның маңызы зор.

Кафедра бірлестік білім мекемесіндегі (БМ) кафедра қызметтің негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Кафедра бірлестік бір немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша оқу-тәрбие, кафедра, эксперименттік және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізеді.
Кафедра бірлестік бір пән немесе бірнеше бағыттас пәндер бойынша құрамында кемінде 5 мұғалім болған жағдайда құрылады. Кафедраның бірлестіктерді құру, олардың санына, құрамына өзгерістер енгізу мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Кафедра бірлестіктер тікелей директордың Кафедра жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады.

1.1.1      ІІ.  Кафедра жұмысының міндеттері мен қызмет бағыттары

Кафедра бірлестік төмендегідей міндеттерді шешу үшін құрылады:

- пән бойынша оқу-тәрбие, кафедраның, эксперименттік жұмыстарды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру және жүргізу;
- сабақ беру әдістемесін жетілдіру;
- мұғалімдердің педагогикалық біліктілігін көтеру;
- педагогикалық эксперименттерді жүргізу.

 Кафедра бірлестіктің негізгі жұмыс түрлері:

- оқушыларды оқыту және тәрбиелеу Кафедраның проблемалары бойынша педагогикалық эксперименттерді өткізу және олардың нәтижесін білім процесіне енгізу;
- Кафедра мәселелер бойынша мұғалімдердің шығармашылық есептері, дөңгелек үстел, кеңестер, семинарлар т.б;
- оқушыларды оқыту және тәрбиелеу кафедра мәселелері бойынша Кафедра бірлестіктердің отырыстары;
- пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар;
- оқыту және тәрбиелеу Кафедра , жалпы педагогика және психология мәселелері бойынша лекциялар, баяндамалар және дискуссиялар;
- озат педагогикалық тәжірибені және басқару құжаттарының талаптарын зерттеп, оқу-тәрбие процесіне енгізу;
- пән және Кафедра апталықтарды өткізу;
- өзара сабаққа ену;

 - оқу сабақтарының өткізу сапасын бақылау.

Кафедра  бірлестік қызметінің негізгі бағыттары:

- пәндер бойынша білім деңгейінің қорытындыларын талдау;
- оқу жоспарының вариативтік бөлімдерін жасауға қатысу;
- оқу бағдарламаларындағы минимал көлем мен мазмұнға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізу;
- оқу әдістемелік және дидактикалық материалдарды талдау;
- пәндер бойынша ашық сабақтар және ашық сыныптан тыс іс-шаралар өткізу;
- пәндерді оқыту әдістемесі бойынша баяндамалар дайындау және талқылау:
- оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, жетекшілік жасау және бақылау мәселелерін қарастыру;
- оқытудың жаңа технологияларын іздеу және енгізу бойынша педагогикалық эксперименттерді ұйымдастыру және жүргізу;
- оқу пәндерін өту кафедра  жетілдіру және тәжірибе алмасу мақсатында кафедра бірлестік ішінде және кафедра бірлестіктер арасында өзара сабаққа енуді ұйымдастыру;
- пәндер бойынша сайыстар, олимпиадалар, жарыстар өткізу туралы ережелер жасау.

                        1.1.2ІІІ. Кафедра бір жұмысы

Кафедра бірлестікті бірлестік мүшелерінің келісімімен тәжірибелі ұстаздар тарапынан таңдалған төраға басқарады. Төрағаны БМ директоры тағайындайды.
Кафедра бірлестіктің жұмысы жылдық жоспар негізінде іске асырылады. Жоспар кафедра бірлестіктің төрағасы тарапынан құрылады, кафедра бірлестіктің отырысында қарастырылады, директордың кафедра жұмысы жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі.
Кафедра бірлестіктің отырысы тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Отырыстың мерзімі, өтілу орны туралы төраға дер кезінде директордың Кафедра жұмысы жөніндегі орынбасарына хабарлау керек. Қаралып отырған әр мәселе бойынша ұсыныс қабылданып, ол хаттама журналына жазылады. Ұсыныстар кафедра бірлестік төрағасының қолымен бекітіледі.

1.1.2      ІV.  Кафедра бірлестіктің құжаттары

1. ӘБ төрағасын тағайындау туралы бұйрық.
2.
Кафедра бірлестік туралы ереже .
3. Өткен оқу жылының жұмысын талдау.
4.
Кафедра жұмыстың тақырыбы, оның мақсаты, негізгі бағыттары және жаңа оқу жылының міндеттері.
5. ӘБ жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспары.
6. ӘБ мұғалімдері туралы мәліметтер.
7. ӘБ мұғалімдерінің өз білімін жетілдіру тақырыптары туралы мәліметтер.
8. ӘБ мұғалімдерінің біліктілін көтеру кестесі.
9. ӘБ мұғалімдерін аттестациялаудың перспективті жоспары
10. Пән бойынша ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізу кестесі
11. Оқу бағдараламалары .
12. Пән апталықтарының жоспары.
13. Жас маманмен жұмыс жоспары.
14. Пән бойынша алынған бақылау жұмыстарының қорытындылары.
15. Мектепішілік бақылау (анықтамалар, диагностика).
16. ӘБ отырыстарының хаттамалары.

1.1.3      V.  Кафедра бірлестіктің құқықтары

Кафедра бірлестіктің құқығы бар:

- мұғалімдердің біліктілік разрядтарын көтеру туралы ұсыныс дайындауға;
- мектепте оқу процесін жақсарту бойынша ұсыныс беруге;
- ӘБ-те жиналған озат педагогикалық тәжірибе материалдарын жариялау туралы мәселені қоюға;
- оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша директор орынбасарларынан кеңес алуға;

- мұғалімдердің аттестациясын ұйымдастыру және мазмұны бойынша ұсыныстар беруге;
- ӘБ тарапынан «Жыл мұғалімі» сайысына мұғалімдерді ұсынуға.

1.1.4      VІ. Кафедра бірлестік қызметін бақылау

Кафедра бірлестіктің қызметі мектеп директоры және оның орынбасарлары тарапынан бақыланады. Бақылау мектептің кафедра жұмысы және мектепішілік бақылау жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

 

 

Кафедра бірлестік (ӘБ) — бір немесе бірнеше оқу пәндері бойынша кафедра, тәжірибелік және сыныптан тыс жұмысқа жетекшілікті жүзеге асыратын жалпы білім беретін мекеменің кафедра қызметінің негізгі құрылымдық бөлімі болып табылады.

ӘБ мектепте бір пән бойынша 3 мұғалім немесе бірнеше оқу пәндері бойынша 3 мұғалім болса құрылады. Сынып жетекшілері үшін де кафедра бірлестік құрылуы мүмкін.

ӘБ тәжірибелі және білікті маман басқарады.

ӘБ отырыстары әр бірлестік бойынша тоқсанына 1 рет өткізіледі.

ӘБ жұмыс жоспары мектептің кафедра жұмысының құрамды бір бөлігі деп есептеледі. ӘБ жоспары өткен жылдың нәтижелерін талдау негізінде жасалады және сол жылға қойылған міндеттерден тұрады. Жоспарды ӘБ жетекшісі жасайды. ӘБ жоспары педагогикалық кеңесте қарастырылады, мектеп директоры бекітеді.

Кафедра бірлестік жұмысының мазмұны

·                                 Мемлекеттік  стандарт талабын орындау;

·                                 Оқу сапасын  жақсарту;

·                                 Оқу үрдісінде инновациялық, ақпараттық технологияларды саралап қолданудың тиімді жолдарын көрсету;

·                                 Озат тәжірибені зерттеу, жинақтау, талдау, қолдану;

·                                 Оқу бағдарламалары негізінде күнтізбелік жоспардың дұрыс және толық жазылуын бақылау;

·                                 Қолданбалы курстардың бағдарламаларын жасау, қарастыру, бекіту;

·                                 Теориялық, практикалық семинарлар ұйымдастыру;

·                                 Жазба  жұмыстары нормасын орындау, сапасын арттыру жолдарын ұсыну;

·                                 Кафедра нұсқаулар дайындау, бекіту;

·                                 Білім сапасын бақылауға тестік тапсырмалар жасау;

·                                 Ашық сабақтар, сынып сағаттарын дайындау;

·                                 Дидактикалық материалдар, дәрістер тезисі, баяндамалар дайындауды ұйымдастыру;

·                                 Ашық сабақтарға, сынып сағаттарына қатысу және талдау жасау;

·                                 Сыныптан тыс жұмыс түрлерін өткізуді ұйымдастыру.

Әдістемелік бірлестік жетекшісінің міндеттері:

·                                 Кафедра бірлестіктің жұмысын жоспарлайды;

·                                 Мұғалімдерге нормативті құжаттарды орындауда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, педагогикалық әдебиеттегі жаңалықтармен таныстыруда нұсқау-кеңес береді;

·                                 Кафедра бірлестік отырыстарын өткізеді;

·                                 Бастауыш сынып мұғалімдеріне, жас мамандарға кафедра көмек көрсетеді (толық, барлық жағынан);

·                                 Мұғалімдерді ізденіс, эксперименттік-тәжірибе жұмыстарына тартады;

·                                 Педагогикалық тәжірибе жинақтауға, шығармашылық дамуға ынталандырады;

·                                 Педагогикалық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді;

·                                 Мұғалімнің өз бетінше білімін жетілдіруіне ықпал жасайды;

·                                 Озат тәжірибені зерттейді, қорытады, таратады;

·                                 Жас мұғалімдердің бейімделу мерзімін қысқартуға жағдай жасайды;

·                                 Мұғалімдердің білімін жетілдіруді ұйымдастырады;

·                                 Мектепішілік аттестаттау комиссиясының жұмысына қатысады, біліктілік санатына ұсына алады.

Кафедра бірлестік мүшелерінің міндеттері:

·                                 Оқу пәні мен оқу үрдісін ұйымдастыруда нормативтік-құқықтық құжаттарды білуге;

·                                 Кәсіби біліктілік деңгейі мен өз бетінше білімін  көтеруге;

·                                 Оқыту әдістемелерін меңгеруге;

·                                 Ақпараттық-коммуникациялық, инновациялық технологияларды меңгеруге;

·                                 Педагогикалық қызметте өзінің және әріптестерінің жұмысына талдау жасай алуға;

·                                 Ашық іс-шараларды әзірлеуге, өткізуге;

·                                 Қажетінше педагогикалық оқулар мен байқауларға, конференциялар мен семинарларға, практикумдарға қатысуға;

·                                 Кафедра бірлестік отырыстарына қатысуға;

·                                 Оқу кабинеттерін талапқа сәйкес жабдықтауға.

Кафедра бірлестік мүшелерінің құқықтары:

·                                 Оқу жүктемесін бөлуде білім мекемесі басшыларына өз өтініштерін білдіру;

·                                 Мектеп басшыларынан мұғалімдерді қажетті нормативтік құжаттармен, нұсқаулықтармен, кафедра кешендермен дер кезінде қамтамасыз етуін талап ету;

·                                 Кәсіби байқауларға қатысу;

·                                 Әкімшілікке ӘБ мұғалімдерін ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстардағы жетістіктері үшін марапатқа ұсыну.

Әдістемелік бірлестік құжаттары:

·                                 Оқу- кафедра құжаттары: мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, типтік оқу бағдарламалары, жұмыс оқу жоспарлары;

·                                 Білім мекемесіндегі кафедра бірлестігінің ережелері;

·                                 кафедра бірлестікті құру және оның құрамын бекіту туралы мектеп директорының бұйрығы;

·                                 Кафедра бірлестік мүшелерінің міндеттері;

·                                 Сапалық құрамы (мұғалімнің портфолиосы);

·                                 Кафедра бірлестік жұмысының жоспары (тақырыбы, мақсаты, міндеттері мектептің проблемасынан туындайды);

·                                 Жас мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары;

·                                 Оқу- кафедра семинарларға жасалатын баяндамалар жоспары (баяндама материалдары);

·                                 Пәндік олимпиадалар, жобалар өткізу және оның нәтижелері мониторингісі;

·                                 ӘБ мүшелері жүргізетін пән үйірмелері, таңдаулы курстар туралы мәліметтер;

·                                 МАБ, ҰБТ-ға дайындық жүргізу,  өткізу,  мониторинг материалдары;

·                                 Дидақтикалық материалдар, ашық сабақтар, сынып сағаттарының кафедра сандықшасы, өткізілу кестесі;

·                                 Озық тәжірибелер жинағы;

·                                 Мұғалімдердің курстан өту кестесі;

·                                 Оқу кабинеттерінің материалдық-техникалық жағдайы туралы мәлімет;

·                                 Мектепте эксперименттік және ғылыми зерттеу қызметі туралы мәлімет (болған жағдайда);

·                                 ӘБ жұмысына аналитикалық талдау (жылдың соңында);

·                                 ӘБ отырыстарының хаттамалары.

Кафедра жоспарының құрылымы:

·                                 Мамандарға сипаттама;

·                                 ӘБ мүшелерінің міндеттері;

·                                 Өткен жұмыстарды талдау;

·                                 Біліктілікті арттыру;

·                                 Оқу сапасын арттыру жолдары;

·                                 Тәрбие жұмысы;

·                                 Өзара сабаққа қатысу;

·                                 Отырыстар тақырыбы;

·                                 Жас мамандармен жұмыс.

Қорыта келе, әдістемелік бірлестік жұмысы мектептің жалпы кафедра жұмысының мазмұны анықталынған бағыттармен, нақты белгіленген мақсаттар мен міндеттермен анықталады. Ол ең алдымен заңды және нормативті құжаттармен танысудан; оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу құралдарын, кафедра нұсқауларды, оқытудың және сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбиелік жұмыстың қазіргі технологиялары мен әдістерін оқып үйренуден; жаңашыл және озық тәжірибемен, ондағы озық ойларды шығармашылықпен қолдана білумен, менеджменттің міндеттері және ойларымен, инновациямен танысудан тұрады.

2          Кафедраның жұмыс жоспары

3              

4              

5             Кафедраның өткен оқу жылындағы жұмысына талдау

I.              Кафедраның негізгі  міндеттері.

II.           Кафедра құрамы.

Аты-жөні

Туған жылы

Штаттық кесте бойынша лауазымы

Бітірген оқу орны, мамандығы, бітірген жылы

Еңбек өтілі

Санаты

Санатқа өтетін/

растайтын/ жылы

Жалпы

Мамандығы бойынша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.        Кафедра отырысының жоспары

6                         Айы

7                        

8                         Талқыланатын сұрақтар

9                         Жауапты

10                     

11                     

12                     

13                     

14         

IV.       Кафедраның ғылыми – әдістемелік  жұмыстары.

-       Әдістемелік  баяндамалар.

-       Мемлекеттік  стандартқа  сай типтік оқу, жұмыс бағдарламаларды  жетілдіру.

-       Ашық сабақтар.

-       «Шеберлік кластары».

-       Аудиториядан тыс жұмыстар.

-       Озат педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу, жинақтау, енгізу, тарату.

-       Жас  мамандармен жұмыс.  

-       Кафедра оқытушыларының өз білімін жетілдіру жұмыстары.

-       Әдістемелік нұсқаулар, электрондық оқулықтар, электрондық-әдістемелік жүйе, әдістемелік құралдар дайындау жұмыстары.

-       Дидактикалық  оқу  құралдарын  және  кабинеттерді  оқу  процесіне  сай  жабдықтау  жұмыстары.

-       Кафедра оқытушыларының портфолиосы.

-       Студенттермен жүргізілетін ғылыми-ізденіс жұмыстары.

V.          Кафедра айлығының жоспары.

VI.       Білім  беру  мекемелеріне, басқа  да  оқу  орындарымен байланыс. Әдістемелік көмек беру.

 

 

15                     

 

 

Математика кафедрасында оқу жылында   12 оқытушы жұмыс істеді. Оның 1-уі – академик, педагогика ғылымдарының докторы колледждің директоры Ш.Х.Құрманалина, бір магистр А.А.Таскаирова 3-уі жоғарғы санатты олар: М.С. Жұматова, Г.М. Сапахова, Н.Е. Ибатова, 3 - бірінші санатты Д.Ф.Сарсенова, С.Х.Шаимов,  С.С.Мусагалиева 1 - екінші санатты А.М. Сагидуллина А.М және разрядта Д.Ұ. Сайденова Сарин Т.Б. Д.Н.Зубайрова.

Қыркүйек айының 16-нан Д.У. Сайденова бала күтуі демалысына  кетуіне байланысты,  орнына екінші санатты  Г.К.Суйнгалиева физика пәні оқытушысы ретінде жұмысқа алынды.

Аты- жөні

Туған жы-лы

Қызметі

Бітірген оқу орны

Білімі

Еңбек өтілі

Санаты

1

Ш.Х.Курманалина

1946

Колледж директо-ры

ОПИ -1970

Жоғары

47

П.ғ.д.

2

М.С.Жуматова

1958

Кафедра меңгер.

ҚазМУ-1978-1983

Жоғары

32

14

3

Г.М.Сапахова

1962

Оқыту-шы

ОПИ – 1981 1986

Жоғары

23

14

4

Д.Ф.Сарсенова

1966

Оқытушы

ОПИ-1983- 1988

Жоғары

21

13

5

Н.Е.Ибатова

1962

Оқытушы

КазМУ – 1980-1985

Жоғары

26

14

6

С.Х.Шаимов

1958

Оқытушы

ОПИ-1974-1979

Жоғары

30

13

7

А.М.Сағидуллина

1984

Оқытушы

БҚМУ-2007- 2011 cырттай

Жоғары

6

12

8

Т.Б.Сарин

1990

Оқытушы

БҚМУ-2008-2012

Жоғары

1

8 раз

9

Д.Ұ. Сайденова

1989

Оқытушы

БҚМУ-2006-2010

Жоғары

3

8 раз

10

А.А.Таскаирова

1986

Оқытушы

БҚМУ20042008

Жоғары

5

магистр

11

Д.Н.Зубайрова

1991

Оқытушы

БҚМУ2009- 2013

Жоғары

0

 

12

Г.К.Суйнгалиева

1987

Оқытушы

БҚМУ2005-2009

Жоғары

4

12

13

С.С.Мусагалиева

1961

Оқытушы

ОПИ -1981  1986

Жоғары

28

13

 

Қазіргі кезеңде егемен елімізде білім беру жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын құзіретті тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет. Осы мақсатта келесі  мәселелерді жүзеге асыруды өз міндетіне алды:

2013-2014 оқу жылындағы  міндеттер:

Ø Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында жұмыстану.

Ø Құзыретті мамандар даярлауда  мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейде білім, шеберлік және дағды алуын қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Ø 2010-2020жж. арналған «ҚР білім беруді дамыту бағдарламасы» талаптарын орындау мақсатында электрондық оқыту (e-learning) жағдайында оқытушылардың жұмысын жетілдіру.

Ø 12-  жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты «Бастауыш білім беру»,   «Математика», «Физика»  мамандықтары бойынша міндетті білім стандартына сай жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеу және педагогикалық озық іс-тәжірибелерді оқып үйрену, зерттеу, талдау, насихаттау, тарату мен пайдалану жолдарын жетілдіру. 

Ø Мектепте математика, информатика пәндерін оқытуды ақпараттандыру жұмыстарын насихаттау.

Ø Жас мамандарға АКТ–ның функциональдық мүмкіндіктерін жүзеге асырудың тәсілдерін, педагогикалық процесте оқу ақпаратын талдау және өңдеу жолдарын меңгерту.

Ø «Білім» бағытындағы мамандықтар бойынша кәсіптік стандарттар жасақтауға үлес қосу.

Ø Ақпараттық-оқыту ортасын құруға қатысу, арнайы пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйені аяқтау.

Ø Колледждің 100-жылдық мерейтойына байланысты ұйымдастырылатын шараларға белсене қатысу.

Ø Жаңа  әдістемелік  нұсқаулар әзірлеу. Математика және физика пәндерінен  бағдарлама жазу, дәріс жинағын әзірлеу.

Ø Оқытушылардың  шығармашылық  белсенділігі мен еңбек тәртібін нығайту. “Салауатты өмір салты” бағдарламасы бойынша жұмысты одан әрі  жалғастыру.

Ø “Оқу-тәрбие үдерісіне қашықтан оқыту технологиясын енгізу” тақырыбындағы эксперимент жұмысын жалғастыру.

Кафедраның негізгі  мәселесі: «Оқытушылардың кәсіптік шеберлігін көтеру мақсатында инновациялық қызметін ұйымдастыру, білім берудің жаңа үрдісін оқып үйрене отырып, жүзеге асыру және іс- тәжірибені насихаттау барысында жаңа технологияларды пайдалану».

 

Бағыт берер басты құжат.

1) Стандарт; Бағдарлама;

2) Оқу-әдістемелік топтама;

3) Білім туралы заңы;

4) ҚР 2015 жылға дейінгі білім  беру тұжырымдамасы;

5) ҚР Президентінің Қазақстан халқына  жолдауы.

2011-2012 оқу жылында қолданылатын бағдарламалар тізімі:

·0105000 «Бастауыш білім беру»

·0111063 «Математика мұғалімі »

·0111073 «Физика мүғалімі»

·0313002 «Кәсіптік  білім беру

 

Бағдарлама авторлары төрайымы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы Шалқыма Хайруллақызы Құрманалина Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Бастауыш және орта кәсіптік білім» жөніндегі оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен 2002 жылдың «9» 08 бекітілді. Бағдарлама 0111000 «Негізгі білім беру» мамандығы бойынша Оқу - әдістемелік бірлестікте қаралды және құпталды.

Хаттама  №1 «3» қыркүйек 2011 жыл.

Кафедра  оқытушылары  белгіленген жоспар бойынша  алға қойған мақсат-міндеттерге сай бәсекеге қабілетті, ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген, кәсіби құзыретті мамандарды даярлауды жүзеге асыруда.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі — оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы "Білім туралы" Заңының 8-бабында "Білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу" деп атап көрсетілген. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау — оларды кәсіби білімін көтеруге дайындау аспектісінің бірі және педагогтің жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады.

2013-2014 оқу жылындағы кафедраның алғашқы отырысында оқытушылардың осы оқу жылына тақырыптық күнтізбелік жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламалары, жеке жұмыс жоспары, оқу кабинеттерінің, үйірме жетекшілерінің, оқытушылардың өзара сабаққа қатысу және қосымша сабақ өткізу графигінің жоспары, 2013-2014 оқу жылының курстық жұмыс тақырыптары талқыланып бекітілді. Соның негізінде жалпы кафедраның жылдық жұмыс жоспары жасалды.

Оқытушылардың білім сапасын арттыру мақсатында өзара сабаққа қатысу және қосымша сабақ өткізу  кестесі жасақталды.

Оқытушылардың өзара сабаққа қатысу графигінің жоспары бойынша  пән мұғалімдері өзара сабаққа қатысып әдістемелік тәжірибелер алмасты.

Оқытушылардың жеке жұмыс жоспарын бекітіліп, өткен жылдағы оқытушылар жұмыс жоспары талқыланды және 21, 29, 31 кабинеттерде дидактикалық материалдарды, әрбір студенттердің жеке партфолио жасақтау  кабинет меңгерушілері  Г.М Сапахова, М.С. Жұматова,   Д.Ф Сарсеноваға жүктелді.

Оқытушылардың өзара сабаққа қатысу графигінің жоспары бойынша  пән мұғалімдері өзлара сабаққа қатысып әдістемелік тәжірибелер алмасуда.

Сабақтың ғылыми меңгерілуіне, түсінуге  оңайлығына  , өткен тақырыппен байланысын  қадағалау , сабақта проблемалық мәселені қоя білетінін, таным белсенділігін дамуына назар аударуын талап етуін, оқушының өз бетімен жұмыс істеу  қабілетін дамытуда көрнекілікті пайдалана білуін қадағалау барысында , бірнеше сабақтарға қатысып, кафедра отырысында талқыланды.

Ғылыми әдістемелік жұмыстар

Осы оқу жылында жоспар бойынша келесі әдістемелік баяндамалар

Жұматова М.С.- «Математика мамандығы бойынша арнайы пәндерді оқытуда жобалау технологиясы элементтерін қолдану».баяндамасында-«Қазіргі уақытта біздің колледжде  жұмыс істеп жүрген оқытушылар ақпараттық құзыреттілікті, коммуникативтік құзыреттілікті, проблеманы шешу және өзіндік менеджмент құзыреттілікті қалыптастыру жағдайында жұмыстануда.

Жобалау оқыту технологиясы оқу- тәрбие үрдісінде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялардың кең таралған түрлерінің бірі. Жобалық технология студентердің  іс-әркетін түрлендіріп кеңіте түседі. Жобалауға арналған жұмыс бір тақырыпта студенттер ұжымының және зерттеудің әртүрлі бағытын жалпылайтын жұмыс. Студенттердің ғылыми жобалардың пайдалылығы аздаған болса да зерттеу жұмысын жүргізіп, оның әдіс-тәсілдерінде болады.

Бұл технологиялық оқудағы оқытушы мен студенттің іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді. П.ғ.д., профессор Ш.Х.Құрманалинаның авторлық моделі бойынша жаңа қоғам мұғалімінің ролін талдап»- көрсетті.

Сонымен бірге қазіргі жаңа формацияда жұмыс істеп жүрген оқытушының алдында тұрған негізгі проблемалары:

Студентті іздене білуге үйрету; студентті ойлауға үйрету; студентті өзін өзі тұлға ретінде дамуына жағдай жасау; суденттер өзбетімен білім алуға, оны практикада қолдану іскерлігін дамытуға бағытталғандығын атап көрсетті.

Кафедра отырыстарында «Проблеманы шешу құзыреттілігін қалыптастыру жолдары»-  Г.М. Сапахова, «Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру жолдары»- С.Х Шаимов  Баяндамада сабақ жоспарын талқылап, ақпараттық ізденгіштік қабілетін дамыту, студенттердің  танымдық белсенділігін арттыру , ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасау. мақсатында қарастырылды.

Колледж ішілік әдіскерлер отырысында М.С. Жұматова  «Математика  пәндерді оқытуда жобалау технологиясы элементтерін қолдану».баяндамасын оқыды.

 

 

Республикалық  ғылыми практикалық конференциялар

 

«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу» колледж 100 жылдығына орай  үйымдастырылған конференцияға

А.М. Сағидуллина «Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы  болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің  кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру», Г.М. Сапахова «Педагог мамандарды даярлауда студенттердің ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері», Д.Ф.Сарсенова «Физика сабағында модульдік оқыту технологиясын қолдану», Т.Б. Сарин «Қашықтан оқытуда «Latex» бағдарламасы» баяндамсымен қатысты.

М.С. Жұматованың «Техникалық және кәсіптік білім» журналының №4 басылымында «Басшы – математиктер салған сара жол»  атты мақаласы жарияланды.

А.А.Таскаирова  «Астана-Алсем» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығына «Параметрге қатысты есептер» атты мақаласы жарияланды.

«Пифагор теоремасын түсіндіру әдістемесі»  тақырыбында Ерболатова Назерке – 4аМК-9, Акимгалиева Айгүл – 4аМК-9, Кушанова Гүлдана – 4аМК-9 интерактивті тақтаның мүмкіншіліктерін пайдаланып сабақ үлгісін көрсетті.

23.09.13-05.10.13 аралығында екі апталық «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсынан өтіп, «Жаратылыстану пәндері педагогтарының кәсіби құзырлығын арттыру білім беру алушылардың құзыреттілігін қалыптастыру шарты» бағдарламасы бойынша сертификат және «Электрондық үкімет және электрондық қызметтер» семинары бойынша e.gov куәлігі берілді.

  

А.А.Таскаирова 29 қарашада Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Теректі колледжінде Батыс Қазақстан облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңа оқу технологияларын қолдану арқылы оқушылардың кәсіби даярлығын жетілдіру» атты облыстық семинарға «Болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби даярлығын арттыруда жаңа оқыту технологияларын қолдану» тақырыбындағы баяндама оқылды. Баяндама мақсаты: жаңа оқыту технологияларын қолданудың маңызы, математика сабақтарында интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін қолдану, қоғамдағы ақпараттану жағдайында оқушының ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда мүғалімдердің кәсіптік шеберлігінің маңызы бағытында оқылды.

 

ұйымдарының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңа оқу технологияларын қолдану арқылы оқушылардың кәсіби даярлығын жетілдіру» атты облыстық семинарға «Болашақ математика

мұғалімдерінің кәсіби даярлығын арттыруда жаңа оқыту технологияларын қолдану» тақырыбындағы баяндама оқыды. Н.Е.Ибатова, С.С.Мусағалиева осы семинарға  тыңдаушы ретінде барды.

 «Болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби даярлығын арттыруда жаңа оқыту технологияларын қолдану» тақырыбындағы баяндама материалын дайындау

 

 

 

 

 

 

 

      Облыстық білім басқармасының  ұйымдастыруымен өткен    Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының тамыз конференциясында  Н.Е. Ибатова, А.М.Сагидуллина  «Бастауыш сынып математикасын оқытуда жаңа технологияларды қолдану» тақырыбындағы баяндамасында  бастауыш сынып математикасын оқытуда қолданылатын  жаңа технологиялар туралы  қысқаша мәлімет беріліп, құзыреттілікке бағытталған сабақтан үзінділер көрсетілді. 

 М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да  өткен «12 жылдық білім беру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру» атты облыстық ғылыми конференцияда  «12 жылдық білім берудегі бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін  қалыптастыру жолдары» тақырыбында  атты баяндамасында 12 жылдық оқыту моделіне көшу жағдайындағы білім беру талаптарына сәйкес бастауыш сынып математика мұғалімдерінің негізгі үш құзыреттерді игеру міндеті туралы айтылды, олар: арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби дамуын жобалай білу қабілеті;  Әлеуметтік құзыреттілік – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті; Білім беру құзыреттілігі – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Сондай-ақ құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар көрсетіліп, «Озық педагогикалық тәжірибе» номинациясымен  марапатталды.

 

  

Н.Е. Ибатова «Ақниет» гимназиясында өткен «Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептегі білім сапасын арттырудағы маңызы» тақырыбындағы облыстық семинарда  «Математика  пәнінен мазмұнды есептерді шығару жолдары» тақырыбында  баяндама оқылды. Онда оқушылардың қабілеттерін дамытуда, оларды тәрбиелеуде  біліктері мен дағдыларының қалыптасуында, математиканың өмірмен байланысын көрсетуде, мазмұнды есептің алатын орны өте зор екені жөнінде айтылып, әр сынып бойынша оқылатын мазмұнды есептердің ерекшеліктеріне тоқталып өтілді.

Ибатова Н.Е. 0105000  «Бастауыш білім беру» мамандығының  0105023 «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша  «Математикалық логика» және «Математиканың теориялық негіздері және математиканы оқыту әдістемесі» пәндері бойынша  орысша-қазақша үлгілік оқу бағдарламасын кеткен кемшіліктерін  түзет.іп, қайтадан жасақтады.

Жұматова М.С. 0105000  «Бастауыш білім беру» мамандығының  0105023 «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша  «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері» пәні бойынша  орысша-қазақша  үлгілік оқу бағдарламасын кеткен кемшіліктерін  түзетіп, қайтадан жасақтады.

 

2  Кафедраның жұмысының ақпараттық  жүйесін жасақтау

2.1 Ақпараттық жүйе жасақтауда қолданылатын инструменталдық және бағдарламалық құралдар

 

Borland Delphi 7 ортасы. Delphi тіліндегі қолданбалы бағдарламалар немесе қосымшалар IDE (integrated Development Environment) дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. Delphi мәліметтер базасымен тығыз байланысты қосымшалар құру құралы ретінде танымал. Ол қазіргі кезге дейін түсініктемелік тілдер басым болған “клиент-сервер” нарығына бағытталған. Бұл жағдай оның авторларын қазіргі заманғы процессорлар архитектурасының барлық мүмкіндіктерін қолдана алатын компилятор құру жолына итермеледі. Мәліметтер базасының қосымшаларын өңдеушілер ең алдымен осы қосымшаны құруға болатын құралдарға көңіл аударады. Ол құралдарға қойылатын талаптарды “жылдамдық, қарапайымдылық, нәтижелік, сенімділік” деп жалпы көрсетуге болады. Қосымшаларды өңдейтін әр түрлі өнімдердің ішінде Delphi алдыңғы қатарлы орындардан табылады. Әр түрлі жұмыс тәжірибесі, мамандық бойынша көзқарасы бар өңдеушілер Delphi-ді таңдайды. Delphi-дің көмегімен өте көп қосымшалар жазылды және ондаған фирмалар, мыңдаған программистер Delphi үшін қосымша компоненттер жасау үстінде.

Клиент-сервер технологиясын пайдалану біршама қорларды сақтайды, сонымен қатар керекті ақпаратты алудың уақытын қысқартып, басқаруды оңайлатады. Осы функцияларды орындау үшін арнайы құралдар – мәліметтер базасын басқару жүйелері құрылған.

IDE ортасы бағдарламаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, бағдарламалының кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және бағдарламаны түзету, оны орындау әрекеттері IDE ортасында орындалады.

Программа негізінен екі бөлімен тұрады.

1.       Borland Delphi программалау тілі.

2.       Paradox берілгендер қоры.

Мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарында dBase, Paradox, Access, FoxPro т.б. да бар. Database Desktop утилитасының құрамындағы Paradox ең қолайлы, көп тараған программа.

DeIphi-дің негізгі ерекшелігі — онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылды (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп айтады).

Компоненттік тәсілдің мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негізгі кітапхананы визуальды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелінде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.

Delphi -дің IDE ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның көрінісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін. Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:

-         Негізгі терезе (Project 1);

-         Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector);

-         Формалар құрастырушысының терезесі (Form1);

-         Бағдарлама кодының терезесі (Unit1.pas).

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. DELPHI бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Бағдарлама жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі.

  Проектiнi дайындап болған соң оны сақтау үшiн File-Save Project As  не File-Save All командасын беру керек. Егер проект алғаш рет сақталынып жатса, онда модульдi сақтауды сұралатын Save Unit1 As  атаулы терезе көрiнедi (1.6-сурет).

Проект сақталу үшiн арнайы бума дайындалмаған болса, ол Projects (C:\Program Files\Borland\Delphi5\Projects) бумасында сақталады. Бiрақ пайдаланушы Сақтау терезесiнде жаңа бума құрып, проектiнi сонда сақтағаны жөн. Ол оны iздеп табуды жеңiлдетедi. Жаңа бума құру тәсiлi:

-  сақтау сұралатын терезенiң Жаңа бума құру түймесiн шерту. Бума белгiшесi терезеде орналастырылып қойылады;

-   клавиатурадан бума атын енгiзу;

-   буманы екi рет шертiп, ашу;

-   терезенiң Файл аты өрiсiне модуль атауын енгiзiп, Сақтау түймесiн шерту. Модуль .pas кеңейтiлуi бойынша сақталып қойылады да, экранда проект аты сұралатын терезе көрiнедi;

-   Файл аты өрiсiне проект атын енгiзiп, Сақтау түймесiн шерту. Проект файлы .dpr кеңейтiлуi бойынша сақталады да, Негiзгi модуль атауы осы атауға өзгертiледi. Ол программа атауы ретiнде қабылданады.

 

 

 

 

 

 


  

 

 

 

Сурет 1.6. Модульдi сақтау терезесi

 

Мұндағы ескеретiн жайт: модуль мен проектiнi бiрдей атау бойынша сақтауға да болады, мысалы, Func1.pas, Func1.dpr. Бiрақ модульдi басқа проектiлерде де пайдалану мүмкiн. Сондықтан оларды түрлi атаулар бойынша сақтау керек.

Сақтаулы проектiнi ашу үшiн File-Open Project командасының берiлуi тиiс. Көрiнген терезеден қажеттi буманы ашып, онда көрiнген проект атауын екi рет шертсе болғаны.

  Жаңа құрылған программаны (проектiнi) сақтаған соң, оны iске қосу үшiн компиляциялау қажет. Ол үшiн берiлетiн команда: Project-Compile Project (Проект-Проектiнi компиляциялау). Жүйенiң сәйкес күйге келтiрiлуiне байланысты, iске қосу командасы берiлген кезде компиляциялау барысы Compiling сұхбаттық терезесiнде көрiнiп тұрады (1.7-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 


Сурет 1.7.Компиляциялау барысын көрсету терезесi

 

Компиляциялау командасы берiлген кезде Compiling терезесi экранда көрiнбеуi ықтимал. Оны экранға шығару тәсiлi:

-  Tools-Environment Options (Сервис-Күйге Келтiру) командасын беру. Environment Options терезесi ашылады;

-  терезенiң Preferences (Орнату) қосымша бетiн ашып, Compiling and running (Компиляциялау және орындау) блогында орналасқан Show Compiler progress (компляциялау барысын көрсету) жалаушасын орнату (1.8-су­рет).

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1.8. Компиляциялау параметрлерiн таңдау терезесi

 

Компилятор ерекшелеген жолда синтаксистiк қате болмай, қате оның алдындағы жолда жiберiлуi де мүмкiн, мысалы, оған енгiзiлген команда соңына нүктелi үтiр (;) таңбасы қойылмаған, т.б.

Қате түзетiлiп болған соң Iске қосу командасын қайта беру керек не Run-Step Over (Iске қосу-Қадамнан бастап) командасын беруге болады.

Егер программада синтаксистiк қате бар болса, компиляциялау кезiнде Delphi  қате табылған жолды код терезесiнде ерекшелеп көрсетiп, қа­те жiберiлген орынға курсорды орналастырады және қате типiн терезенiң төменгi бөлiгiнде орналасқан терезеде көрсетiп, машина жұмысын тоқтатады.

Мұндағы ескеретiн жайт: компилятор бiр қатенi төменгi терезеде екеу етiп көрсетедi: бiрiншiсi - синтаксистiк қате жөнiнде мәлiмет, екiншiсi - файлдың компиляцияланбағанын және орындалмайтынын хабарлау.

Проектiнi сақтау кезiнде Delhi PAS, DFM, DCU кеңейтулерi қосылатын үш файл дайындап шығады. PAS -  файлы – код терезесiндегi мәтiн көшiрмесi; DFM файлында форма терезесiнiң iшiндегiсi сипатталады; DCU - файлы – екi файлдың да машиналық нұсқауға түрлендiру нәтижесi. Егер программада синтаксистiк қате болмаса, компилятор оларды ехе файлға түрлендiрiп шығады (файлдың аты проект атауымен бiрдей етiп жазылады да, оған .ехе кеңейтiлуi қосылып қойылады). Ол Windows-қа кiрiстiрiлiп, проект файлы сақталған бумада орналастырылады. Оны Windows жетекшiсi (сiлтеушiсi) терезесiнен әдеттегiдей iске қоса беру мүмкiн.

Delphi-де программа дайындау үшiн компоненттiк тәсiл пайдаланылған: пайдаланушы программаларының кiтапханасы программалау ортасымен бiрге ұсынылатын, бiр iс-әрекеттi орындайтын (дайын програмалар үзiндiлерiнен тұратын) компоненттерден жинақталады, ал оларформа терезесiне енгiзiледi. Компоненттiк тәсiл программалау технологиясына нағыз төңкерiс жасады деуге болады, себебi, компоненттердi пайдалану программа жұмысын күрделi түрде жеңiлдеттi.

Компоненттер кiтапханасын визуальды компоненттер кiтапханасы (Visual Component Library, VCL) деп атайды. Онда түрлi кластық көптеген стандартты компоненттер жинаєқталып, олар түрлi атаулы 19 бетке орнатылып қойылған. Мысалы,

Standard бетiне енгiзiлген кейбiр компоненттер 1.2-кестеде және 1.14-суретте көрсетiлген.

Additional (Қосымша) бетiне енгiзiлген компоненттер сұхбаттық терезелердiң көрiнiсiн түрлендiру үшiн пайдаланылады.

System (Жүйе) бетiне OLE (Байланыстыру және орнату) технологиясы бойынша берiлгендердi түрлi программалар арасында  алмастыратын және т.б. iс-әрекеттердi орындайтын компоненттер енгiзiлген. Мысалы,

Timer (Таймер) – нақты уақыт аралықтарын есептеу;

PaintBox (Сурет қорабы) – графикалық кескiндер енгiзiлетiн төртбұрышты облыс құру;

OLEСontainer (OLE Контейнер) – байланыстырылатын және орнатылатын объектiлердi қабылдау контейнерi;

MediaPlayer – Мультимедиалық құрылғылармен жұмысты басқару.

Win32 бетiне енгiзiлген компоненттердiң бiрi – Animate  (жандандыру, қозғалыс әсерiн ұйымдастыру) – қозғалыс әсерiн ұйымдастырады.

Компонент формаға орнатылған кезде соңына индекс қосылып, класс атауын алады.                       

 

1.1 - Кесте

Аталуы

Iс-әрекетi

MainMenu

PopupMenu

 

Edit

 

Label

Button

 

 

ScroolBar

Программа мәзiрiн құру

Оң түйменi шерткен кезде бетке шығатын (контекстiк) мәзiр шығару.

Жолдық мәндi енгiзу, редакциялау (мәтiндiк редактор).

Бiр жолдық мәтiндi (жазбаны) енгiзу.

Командалық түйме. Оның OnClick оқиғасын өңдеуiш процедурасы бiр iс-әрекеттi орындайды.

Басқару белдеушесi (Windows терезесiндегi сияқты).

 

Samples (Модель) бетiне енгiзiлген компоненттер:

ColorGrid (Тѕстер торы) – түстер кестесi. Ол 16 түстiк палитрадан негiзгi және фон түсiн таңдау;

 

 

 

 


Сурет 1.9. Компоненттер палитрасы.

 

Standard бетiне енгiзiлген компоненттер

Calendar (Календарь) – ағымдық күн белгiленген ай календарын көрсету (жылдық календарды Win32 панелiнiң MonthCalendar компонентiн формада орнату арқылы шығаруға болады), т.б.

  Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны компоненттер панелiне қосып қоюы да мүмкiн.

 

 


2.2 Кафедра жұмысының ақпараттық жүйесін жасақтау

 

1-сурет.Delphi компьютерлік оқулығының негізгі беті

 

2-сурет.Есептер бөлімінің беті

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

ХХ ғасырдың соңы адамзаттың индустриялық дәуірден ақпараттық дәуірге өтуімен ерекшеленеді. Осыған байланысты ақпаратты ала білу, оны өңдеу және күнделікті іске пайдалану өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады Соңғы жылдары жаңа программалауды тасқыны көптеген адамдарға кәсіптік, ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттілігін көрсетті.

Электронды есептеуіш машина пайда болуында жағдай түбегейлі өзгерді. Ақпаратты қайта өндіруде адамның белгілі бір іс-әрекетін кешенді автоматтандыруға арнап дара міндеттерді шешу үшін ЭЕМ қолдануға көшу жасалған жаңа қадам еді.

Delphi 7.0 программалау тілі кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Дәстүрлі Паскальді оқып-үйренуге және MS-DOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады. Windows ортасында пайдаланылатындықтан Delphi-ді көбінесе қосымша деп атайды. Delphi Windows жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы.

Есептеу техникасының қарқынды дамуы және программалық жабдықтауды тиiмдi дайындау мақсатында соңғы кездері Windows ортасында жарыққа шыққан және объектiлi-бағдарлы программалау (ОБП) негiзiнде құрылған программалау тiлдерi Borland C++  for Windows Object Pascal және визуальды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.

Процедуралық программалау тiлдерiнде программаның жұ­мысы операторларды ретiмен орындау бойынша, ал логикалық программалау тiлдерiнде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгiзу ретiнде қарастырылған болатын. Объектiлі-бағдарлы программалау тiлiнде программаның жұмысы негiзiнен оқиғалар тiзбегiнен және түрлi объектiлердiң осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлерi - Visual Basic тiлi QBasic программалау тiлi негiзiнде, Delphi (Дельфи) Объектiлi Паскаль (Object Pascal) тiлi негiзiнде Windows операциялық жүйесiн басшылыққа алып құрылған (visual көзбен көру, экрандық). Олар, әсiресе, Delphi программалау тiлi кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тiл.

Delphi-дiң бiрiншi нұсқасы 1994 жылы жарыққа шықтығып, кейiнгi жылдары оның бiрте-бiрте кеңейтiлген 2, 3, 4, 5, 6, 7-нұсқалары жарық көрдi. 5,6,7-нұсқалардың бiр-бiрiнен айырмашылығы жоқ деуге болады, олар Windows32 операциялық жүйесiнiң негiзiнде дайындалған. Тек, Delphi 6, 7 Linex операциялық жүйесiнiң негiзiнде де жұмыс iстей алады (Linex жүйесi UNIX операциялық жүйесiне  шамалас, мүмкiндiгi Windows32 жүйесiнiң мүмкiндiгiнен кем емес). Delphi 6 мен 7-де интернет үшiн қосымшаларды дайындау мүмкiндiгi кеңейтiлген.

Delphi-де Паскаль тiлiнде орындау мүмкiн және мүмкiн емес күрделi процестердi программалауға болады. Delphi-дiң негiзгi ерекшелiгi  онда қосымша құруда компоненттiк және объектiлiк тәсiлдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбiнесе қосымша деп атайды). Компоненттiк тәсiлдiң мәнiсi жеңiл: әр қосымша кiтапха­на­сы программалау ортасында дайындалып, арнайы iс-әрекеттердi орындайтын компоненттер элементтерiнен жинақталады. Олар жеткiлiксiз болса, объектiнi өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де қолданылатын негiзгi кiтапхананы визуальды компоненттер кiтапханасы (VCL, Visual Component Library) деп атайды. Компоненттер панелiнде топ-тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиiстi, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1. Камардинов О., Жантелі Х. Delphi 5-6.Шымкент,2002. – 214 б.

2. Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных /Пер.с англ. — М.: Мир, 1989. - 360 с.

3. Зелковиц М., Шоу А., Гэннон Дж. Принципы разработки программного обеспечения / Пер. с англ. — М.: Мир, 1982. — 386 с.

4. Практическое руководство по программированию / Пер. с англ. Б. Мик, П. Хит, Н. Рашби и др.; под ред. Б. Мика, П. Хит, Н. Рашби. — М.: Радио и связь, 1986. — 168 с.

5. Фокс Дж. Программное обеспечение и его разработка / Пер. с англ. —   М.: Мир, 1985. - 368 с.

6. Язык компьютера. Пер. с англ, под ред. и с предисл. В. М. Курочкина. — М.: Мир, 1989. - 240 с.

7. Мартин Дж. “Организация баз данных в вычислительных системах”, М. Мир, 1980 г.

8. Бойко В. В., Савинков В. М. “Проектирование баз данных информационных систем”, М. Финансы и статистика, 1989 г.

9. Шураков В. В. “Надежность программного обеспечения систем обработки данных”, М. Финансы и статистика, 1987 г.

10. Paradox Engine. Документация: описание, список функций для создания и работы с БД.

11. Хьюз Дж., Мичтом Дж. “Структурный подход к программированию”. Изд. Мир, М., 1980 г.

12. “Выполнение организационно-экономической части дипломных проектов”. Учебное пособие, изд. МИРЭА, 1994 г.

13. “Выполнение организационно-экономической части дипломных проектов”. Учебное пособие, изд. МИРЭА, 1987 г.

14. Глушков В. М. “Основы безбумажной информатики”, М. Наука, 1987г.

15.О.Камардинов.Есептеуіш техника және программалау.Алматы

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ж. ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 185 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.06.2016 2102
    • DOCX 35 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Альмира Сагинтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Альмира Сагинтаевна
    Ахметова Альмира Сагинтаевна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6447
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе