Инфоурок Биология Конспекты1. Қазақстандық ғалымдардың табыстары

1. Қазақстандық ғалымдардың табыстары

Скачать материал

Пән: Биология                                                                                                                                 №1

Сынып: 9

Күні:

 

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. §1. Қазақстандық ғалымдардың табыстары

Сабақтың мақсаты: Жаңа білім меңгерту

Сабақтың міндеттері:

А) Білімділік: Оқушыларға биология ғылымы туралы, жалпы Қазақстандық ғалымдардың биология ғылымы саласында жеткен табыстары туралы мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар бере отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;

Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Кіріспе

Сабақтың әдісі: Интербелсенді, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электронды оқулықтар, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ:

Тақырыбы:  Кіріспе. §1. Қазақстандық ғалымдардың табыстары

      Биология – тіршілік туралы ғылым. Оның атауы гректің екі сөзі “bios” – “тіршілік”, “logos” – “сөз, ілім” деген тіркесінен шыққан. Ол тірі организмдердің құрылысын, қызметін, өсіп дамуын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді. “Биология” деген терминді алғаш рет 1797 жылы неміс ғалымы Т.Руз енгізген.

     Биологияның міндеті – тірі ағзалардың қасиеттерін зерттеу және олардың сан алуандығын, құрылыстарының өзара байланыстары мен қоршаған орта жағдайларын түсіндіре білу. Биология анықтап тексеретін маңызды проблемалардың бірі – Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның даму заңдылықтары.

 

     Биологияда тірі ағзаларды зерттеу үшін әр түрлі әдістер қолданылады.

     Бақылау  нәтижесінде тірі ағзалар тіршілік әрекеті туралы, олардың қоршаған ортамен өзара байланысынан мағлұмат алады.

    Салыстыру  әр түрлі зерттелетін зерзаттардың құрылысындағы ұқсастық пен айырмашылық және әр алуан зерттелетін зерзаттардың тіршілік әрекеттерін анықтайтын әдіс.

    Тарихи әдіс  тірі табиғаттың даму үдерісін оқып үйретуге мүмкіндік береді. Бұған ғылымның қазіргі деректері мен ағзалық әлем дамуының бұрынғы мағлұматтары пайдаланылады.

   Модельдеу кезінде тікелей бақылауға немесе сынақтәжірибе арқылы қайталап көрсету қиындық келтіретін көптеген үдерістерді ұқсас етіп көрсетуге болады.

 

     Қазіргі заман биологиясы – медицина, ауыл шаруашылық, биотехнология, биосфера біртұтастығын сақтау және өзге де салалардағы зерттеу негізі. Биология ғылымының іс жүзіндегі ең маңызды міндеті ғаламшардағы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету проблемасын шешу болып табылады. Бұл үшін сұрыптаушылар ауыл шаруашылық өсімдіктерінің жоғарғы түсімді іріктемелерін және үй хайуанаттарының қолтұқымдарын шығаруда.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының тіршіліктану ғылымының бөлімі 1946 жылы ұйымдастырылды. Қазақстанда тіршіліктану ғылымының дамуына ірі жетістіктеренгізгені үшін көптеген ғалымдар әр түрлі сыйлықтардың иегерлері атанды.

Қазақстан ғалымдары мал шаруашылығын дамытуда, малдың жаңа тұқымын, атап айтқанда: қойдың – 4, сиырдың – 3, жылқының – 2, шошқаның – 1 қолтұқымдары шығарылды.

      М.С.Бутарин, Е.А.Большакова, Ә.Е.Есенжолов және А.Ы.Жандеркиндердің басшылығымен отандық етті-биязы жүнді қой тұқымы-қазақтың арқар-меринос қолтұқымы өмірге келді. Қазақтың оңтүстік мериносын шығарған бір топ ғалымдар: А.И.Петров, О.Есалиев, Б.А.Маллицкий, Л.И.Цой, А.М.Якушкинаны атауға болады. Республикамызға кең таралған сиырдың етті қолтұқымы – қазақтың ақбас сиырының авторлары: Б.М.Мусин, Н.З.Ғалиакберов, М.Ф.Гордиенко, К.А.Акопян, С.Я.Дубин. Қостанай қолтұқымды жылқысын шығарудағы ауыл шаруашылық ғылымының докторы, профессор Г.Г.Хитинковтың еңбегін ескермеуге болмайды.

      Мал санын көбейтуде зоотехник, профессор, ВАСХНИЛ академигі , В.А.Бальмонт алғашқы отандық етті-жүнді қой тұқымы – қазақтың биязы жүнді қойын шығарды.

     Қатал климатқа төзімді өсімдіктерді зерттеген, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, ҚазақССР ҒА және ВАСХНИЛ академигі, ауыл шаруашылық дақылдарының 17 іріктемесін шығарған В.П.Кузьмин егістік дақылдардың жаңа іріктемелерін шығарды.

     Қазақстанда өсімдік физиологиясын зерттеу ісі ерекше жолға қойылып, өсімдіктің тұзбен улануының биохимиялық тетігін Л.Қ.Қылышев  шәкірттерімен бірге жан-жақты тексеріп зерттеді

     М.Ә.Айтқожин молекулалық биология, биохимия және биотехнология саласындағы маман, биология ғылымының докторы, профессор, ҚазССР Ға академигі, Қазақстанда молекулалық биологияны негіздеуші ғалым. Ол 1983ж. ҚазССР ҒА-ның Молекулалық биология және биохимия институтын ұйымдастырды.

     Х.Ж.Жұматов  вирусолог, медицина ғылымының докторы, профессор, КСРО Мед.ҒА-ның корреспондент мүшесі, ҚазССР ҒА академигі, “Тұмау микровирустарының молекулалық биологиясы” еңбегін жазды. Қазақстанда вирусологиялық зерттеулерді алғаш ұйымдастырып, одан әрі дамытты.  

   Т.Б.Дарқанбаев биология саласында мәдени дақылдар іріктемелерін шығарып, өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігіне теориялық жаңа көзқарас қалыптастырды.

 

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Лездемелік сұрақтар:

1.  Биология ғылымы нені зерттейді?

2.                   Биология салаларын атаңдар. Олардың қызметі қандай?

3.                   Тірі ағзаны зерттейтін әдістер туралы айтыңдар.

4.                   Биология ғылымының маңызы қандай?

5.                   Қазақстандық ғалымдар биологияның қай бағыттарын жетілдіруде?

6.                   Өздерің ғылымдағы қандай табыстар маңызды деп есептейсіңдер, неге?

7.                   Биологиядан бұрын оқыған қай ғалымдардың аты-жөнін білесіңдер?

8.                   В.А.Бальмонттың ғылыми зерттеулері туралы не айтасың?

9.                   Л.Қ.Қылышевтің еңбектерін ата...

10.               М.Ә.Айтқожиннің биология ғылымының дамуына қосқан үлесі қандай?

 

 

ІҮ. Қорытынды: Биология – тіршілік туралы ғылым. “Биология” деген терминді алғаш рет 1797 жылы неміс ғалымы Т.Руз енгізген. Биология ғылымының көптеген салалары бар. Олар: физиология, ботаника, зоология, биохимия, микология, анатомия, молекулалық биология, биометрия, микробиология, цитология, генетика, экология т.б.

 

Ү. Бағалау:

 

ҮІ. Үйге тапсырма: Кіріспе. §1. Қазақстандық ғалымдардың табыстары

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1. Қазақстандық ғалымдардың табыстары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 934 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.12.2015 3896
    • DOCX 16.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жадрасынова Меруерт Кузеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жадрасынова Меруерт Кузеновна
    Жадрасынова Меруерт Кузеновна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21911
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 396 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 809 человек

Мини-курс

Медиа и коммуникации в современном обществе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе