Инфоурок / Социальному педагогу / Другие методич. материалы / "Қазіргі кезеңде білім берудің тәрбиелік әлеуетін арттыру"

"Қазіргі кезеңде білім берудің тәрбиелік әлеуетін арттыру"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Түсініктеме

1. Түсінік хат

           Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
      Курсты оқыту барысында Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;
   Ұлы ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;
      Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;
      Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінді.
      Тақырыптық-күнтізбелік жоспарда Абай Құнанбайұлының:
      қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын;
      ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігі мен шеберлігін;
      шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуын және оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғандығын;
      Абайдың әдеби мұрасының аударма арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін;
      Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған  идеялық-көркемдік ықпалын;
      Абайтану ілімін қалыптастырған М.Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап, оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін оқушының ғылыми негізде ұғынуына және тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуіне бағытталған.
      Курсты оқытудың мақсаты:
     Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.
      Курсты оқытудың міндеттері:
      1) қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;
      2) ақынның мұрат-мақсаттарын, көркем-әдеби туындыларын, ғылым, білім, өнер, тәрбие мәселелері туралы өсиеттерінің маңыздылығын түсіндіру арқылы оқушылардың ұлттық танымын қалыптастыру, шығармашылық қиялын дамыту, автордың ұстанымын түсінуге баулу, көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету, жастардың өмірден өз орнын табуға бағыттау;
      3) Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани-мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету;
      4) абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету;
      5) ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;
      6) ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
      7) Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;



11 сынып


Базалық

Бағдарлама

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

Құзіреттілік

дағды

1

Кіріспе.Адамзаттың Абайы.

1


Пән туралы түсінік, мақсат –міндеттері. Абайтанудың өзектілігі. қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындыру;

2

Абайдың туған жері, өскен ортасы.

1


Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі.

3

Абай ұрпақтары.

1



4

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы.

1


Абайдың әлеуметтік ісіне араласуы, рухани дүниетанымының өсуі және қалыптасу кезеңдері


«Абай - қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысы».

1


Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары

5

Ақынның алғашқы өлеңдері




6

Абай Құнанбаев жастар тәрбиесі туралы.

1



7

«Ғылым таппай мақтанба».

1


«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі, өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы;

8

Абайдың қара сөздері (жинақ)

1


Абайдың қарасөздері мазмұндық, тақырыптық ерекшелігіне қарай: қоғам құрылысы, ел билеу жайы, оқу, өнер-білім, тәлім-тәрбие, еңбек, шаруашылық, адамгершілік, мораль, мінез-құлық, дүние, өмір туралы арнайы бөлімдерге топтастырылып, ғылыми тұрғыдан қарастыруы

9

Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық және педогогикалық көзқарастары «Он тоғызыншы» қарасөзі.

2


Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы, ақынның ес туралы ой тоқтамы, естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі;

10

Абайдың философиялық көзқарасы «Он жетінші» қарасөзі.



«Он жетінші» қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні.


11

Қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ой «Оныншы» қарасөзі.

1


«Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі;

12

Абай шығармаларындағы ғылым,білім тақырыбы



Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы мен идеясы, ақын шығармашылығының зор қоғамдық, танымдық маңызы;

13

«Білімдіден шыққан сөз».

1


Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы мен идеясы, ақын шығармашылығының зор қоғамдық, танымдық маңызы;

14

Абайдың ақын шәкірттері



«Абайдың өзі тірісінде, оның айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жинаушылар, әнші ақындар емес, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын.

15

Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі

1


Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қарасөздеріндегі пікірлерінің өлеңдерінде айтылатын ойларымен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі;


Абай және орыс әдебиеті.

1

5 апта

Орыс ақындарының еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері, Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы, өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері.

16

Абайдың нақыл сөздері (жинақ)



Ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру;

17

Абайдың поэзия жанрлары



Абай поэзияның өмір шындығын жан-жақты, мол қамтитын идеялық, мазмұндық байлығы, тереңдігі, лирика туындылардың жанрлық өзгешелігі, құрылыс бітіміне қарай әр алуан болуын талап

18

Абай шығармаларындағы эстетикалық тағылым


1


Абай шығармаларының эстетикалық, негізін, ақынның эстетикалық, көзқарасын анықтау

19

Абай шығармаларының тілі

1


Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет — өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу.

21

Абай лирикасы

1


Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра екенін дәлелдеу

22

Абайдың табиғат суреті

1


Абайдың табиғаттың көркем көріністерін жырлайтын лирикалық туындылары, табиғат құбылыстарын күнделікті өмірмен, адамдардың күнкөріс, іс-әрекетімен, көңіл-күйімен астастыра суреттеу шеберлігі;

23

«Желсіз түнде жарық ай», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай».



«Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі;
«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңіндегі Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігі;


Абай әндерінің таралуы



Абайдың ең кең таралған музыкалық шығармалар жанры, музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы.

24

Абай зерттеу еңбегі

1


Аса көрнекті ақын-жазушылар шығармаларының тілі екі тұрғыдан зерттеледі. Бірі - қаламгердің қолданған тілінің даму барысында оның алған орны мен сіңірген еңбегін анықтау, екіншісі-оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де тілдік ерекшеліктерін талдау.

25

Абай тағылымы

1


Абайдың ақындық жолын қалыптастырудағы халық ауыз әдебиетінің, шығыс және орыс әдебиеттерінің ықпалын атай келіп, оның шығармаларының шеберлік, дәстүр мен жаңашылдық ерекшеліктерін талдауы

27

Абай Құнанбаев (Мұхтар Әуезов) «Абай жолы» роман-эпопея.

2


Қазақ халқының ұлылығын - оның өткен өмірін - тарихын, тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, тереңдігі

28

Мұхтар Әуезовтың Абайға баға беруі

1



29

Абай аулына саяхат

1


Абай мен Мұхтар есімдеріне байланысты жерлер тарихы туралы баяндау, екі алыптың туындыларында суреттелетін кейіпкерлер жайында нақты деректер беру.

30

Абайдың мемориалдық мұражайы

1


Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты материалдар жинақталған мәдени мекемемем таныс болу

31

Даналар айтқан асыл сөз

1



32

Абай еңбектеріне қатысты зерттеулер, ой-пікірлер.

1


Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау. Қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету;

33

Ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік өсиеттері.

1



34

Қорытындылау

1










«Қаралды» «Келісілді» «Бекітемін»

ӘБ отырысы директордың ОТЖ мектеп

Хаттама №___орынбасары _________ директоры _________

_______ А.Ә.Т. А.Ә.Т. А.Ә.Т.

«_____» 20__ж. «_____» 20__ж. «_____» 20__ж.





Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау


Пәні: «Абайтану» курсы

Сыныбы: 11 (қоғамдық-гуманитарлық бағыты)

Мұғалімі: Ульжебаева Лэззат Кенжебаевна

І жартыжылдықтағы сағат саны - 16

ІІ жартыжылдықтағы сағат саны - 18

Барлығы 34 сағат

Апталық сағат саны - 1






Түсініктеме

1. Түсінік хат

           Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.
      Курсты оқыту барысында Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы қарастырылды;
   Ұлы ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілді;
      Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылды;

Курстың мақсаты мен міндеттері:

Курсты оқытудың мақсаты мен міндеті: Ұлы Абай Құнанбаевтың шығармашылығын толық игерту, Абай поэзиясының құдіретін таныту, ақын шығармашлығын әлем әдебиетімен салыстыра білу. Абайтану» курсы оқушылардың осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқылы оларға ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту. Абай өлеңдерінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну.

Курсты оқыту мақсаты:

«Абайтану» курсы оқушылардың осы курсты игеру барысында алған білімдерін одан әрі тереңдете түсуге, Абай өлеңдерінің, қара сөздерінің, поэмаларының және көркем аудармаларының ішкі табиғатына талдай үңілу арқыры оларға ақын талантының көркемдік-эстетикалық мәнін игерту

Курстың міндеттері:

Абай өлеңдерінің барлық жанрын саралау, поэмаларының көркемдік-идеялық табиғатын ашу, қара сөздерінің тақырыптық, тәрбиелік мәнін түсіну

Оқушылар білуі тиіс:

- ақын өлеңдерін;

- поэмаларын;

- аудармаларын;

- қара сөздерін

Оқушылар игеруі тиіс:

- ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшелігін талдау;

- поэмаларының образдар жүйесін талдау;

- ақынның аудармашылық өнерін талдау;

- қара сөздерінің идеясын аша білу

     

10 сынып

І тоқсан (9 сағат)


Базалық

Бағдарлама

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

Құзіреттілік

дағды

1

Кіріспе. «Абайтану» курсы туралы түсінік.

1

1 апта

Абайтанудың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абай туралы сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы

2

Қысқаша шолу. Ақынның балалық шағы.

1


Ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы;

3

Қазіргі абайтану мәселелерін оқыту

1


Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой-пікірлері.

4

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы.

1


Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып-өскен ортасы,алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері;

5

Абайдың Жидебайдағы музей-үйі.

1


Музей -үйіндегі бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қорлармен таныстыру

6

Шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы.

1


жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы

7

«Ғылымға көңіл бөлсеңіз», «Интернатта оқып жүр».

1


өлеңінің негізгі тақырыбы, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары, жас шәкірттерге «Пайда ойлама, ар ойла» деп, артық білуге талап қылуды аманаттауы,

8

Қара сөздері.

1


Қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы;

9

Қара сөзде айтылған ой.

1


Ақын қарасөздеріндегі философиялық ойдың ұлттық дүниетаныммен үндес келетіндігі, Абайдың өнер, еңбек, талап, ықылас-ынта, қайрат-қажыр, терең ой, т.б. адами қасиеттер турасындағы ой тұжырымдары

10

Абайдың философиялық көзқарасы «Отыз жетінші» қарасөзі.

1


Отыз жетінші қарасөзіндегі Абайдың дүниетанымдық көзқарастары, адам болмысы жайындағы танымы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды түсіндіруі, ақынның көңілде жүрген көрікті ойларын мақал-мәтел етіп өрнектеуі

11

Қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі.

1


Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қарасөздеріндегі пікірлерінің өлеңдерінде айтылатын ойларымен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі;

12

Абай мұрасының орыс және өзге тілдерге танылуы.

1


Орыс классиктерімен үндестігі, аудармашылық шеберлігі, көркемдік қиял, еркін аударма, аудармаларындағы ұлттық бояу нақыштар, қоғам мен заман сырының мән-мағынасы, ақын аудармаларының негізгі тақырыбы.

13

Абай аудармаларының ерекшеліктері. «Қараңғы түнде тау қалғып».

1


Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиетінің, шығыс, орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы болғандығы, Абайдың өлең құрылымында да, ойшылдық, сыншылдық алымында да орыс әдебиетінің ықпалы бар екендігі,

14

Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы

1


Орыс классикалық әдебиет дәстүрі мен Абайдың шығармашылық байланысы, жаңа қазақ әдебиеті көшбасшысының қалыптасуы, орыс әдебиетінің әлеуметтік ағартушылық, патриоттық, эстетик, идеяларын бойына сіңіруі

15

Абай және Пушкин

1


Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық

танымға сай тәржімалануы, «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер;

16

Музыкалық мұра

1


Абайдың композиторлыққа басқалардан өзгеше жолмен келуі, оның шығармашылық заманының алдын ораған жаңалықтарының болуы, Абай әндерінің ырғақтық, үндік, мелодиялық жақтарының өзіне дейінгі қазақтың халық әндерінде болмаған қасиеттерге ие болуы:

17

Абай әндерінің таралуы «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас».

1


Абай музыкасыныңда адам өміріндегі орнын, оның поэзиямен қосылғанда күші арта түсетінін

18

Абай Құнанбайұлының дінге көзқарасы

1


Ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным және Алланы тану туралы философиялық ойлары, Абайдың діни танымы;

19

Абай — ұлы ақын әрі ойшыл

1


Абайдың қазақ халқын дүниежүзі мәдениетінің озық үлгілерімен, философиялық, ойымен таныстырудағы еңбегіне, білім алу, ғылым негіздерін меңгеру жайындағы педагогикалық, пікірлеріне қысқаша шолу жасау, өткір тілді, әжуа-сықақ өлеңдерінің адам мінезін, психологиясын түзетудегі тәрбиелік әсеріне тоқталу.

20

Абай және халық ағарту ісі

1



21

Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар.

1


Ақынның әдебиеттегі дәстүрін ілгері дамытқан ақындар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов, т.б.

22

Аудармашылық қызметі

1


Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы, орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы, ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы, Абай аудармаларының ерекшеліктері;

23

Абайдың поэзия жанрлары

1


Абай туындыларының көркем тілі, қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы, ақынның шеберлік тәсілдері, даралық ерекшеліктері, Абай шығармаларының текстологиясы;

24

Табиғат туралы лирикалық туындылар мен құбылыстар.

1


Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігі;

25

«Жыл мезгілдер»



Табиғат көріністерін өте көркем, тартымды кейіптеу бейнелер жасап суреттей отырып, ақын қазақ өмірінің, тіршілігінің шындық сипаттары

26

Абайдың махаббат лирикасы

1


Абай өлеңдеріндегі махаббат, ғашықтық сезімі, сүйіспеншілік тақырыбы, махаббат лирикасына жататын өлеңдеріндегі философиялық ой толғамдары

27

«Қор болды жаным», «Ғашықтық, құмарлықпен ол екі жол».

1


Лирикаларындағы махаббат сезімі, тұрақтылық, сүйіспеншілік жайындағы ой-топшылаулары, ғашықтық, құмарлық ұғымдарына қатысты толғаныстары, сүйіспеншілік мәселелеріне байланысты философиялық тұжырымдары

28

«Абай жолы» романы.

2


Роман тарихының түбірлі кезеңдерін, қазақ мінезі қалыптасқан трагикалық Һәм шығармашылық дәуірлерді ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып, ашып, жан-жақты айқындап, терең түсіндіру

29

Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі. «Ескендір» поэмасы.

2


Поэманың тақырыбы мен идеясы және көркемдік маңызы, ақын поэмасының романтикалық және реалистік сипаты, поэманың сюжеті мен композициясы, эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары, Абайдың шағын поэма жазудағы шеберлігі.

30

Ақынның келешек ұрпаққа арнаған адамгершілік өсиеттері.

1



31

Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

1



32

Қорытынды. Абай- мәңгі тірі.

1







Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

  1. Абай .энциклопедия. –А., 1995

  2. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А.1995

  3. Әуезов М. Абай Құнанбаев. А. 1995

  4. Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны. А., 1989

  5. Дулатов М. Абай. А., 1991

  6. А. Құнанбаев шығармаларының 2 томдық жинағы. А., 2002

  7. Қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері. А., 2004

Қосымша:

8 Мұқанов С. Таңдамалы шығармалары. 16-том. А., 1980

9 Мұхамедханов Х. Абай мұрагерлері. А., 1995

10 Мырзахметов М. Абайтану. А., 1988

11 Мырзахметов М. Восхождение Мухтара Ауезова к Абаю. А. 1994

12 Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. А., 1995

13 Сильченко М. Творческая биография Абая. А.

14 Ысмағұлов Ж. Абай: ақындық тағылымы. А., 1994
















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-099655
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>