Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыБақытың да, байлығың да-денсаулық

Бақытың да, байлығың да-денсаулық

Скачать материал

Тақырыбы: Бақытың да, байлығың да – Денсаулық.

Мақсаты:
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі:  Мультимедиа, көріністер , жұмбақтар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым !

Арайлап атқан к Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауында бізді Отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырады. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болуы керектігін айтады. 2008 жылдың 8 - ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алу керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз салауатты өмір салтын сақтау мақсатында «Бақытың да, байлығың да - Денсаулық» деп аталады.

1. Топ оқушыларын  үш топқа бөлу.

1- топ «Денсаулық»

2- топ «Салауат»
3- топ «Дәрумен»

 

Ақгүл

 Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық-терең бақыт» деген сөзді,
Құры айтпаған ұлы Абай данамызда.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың бұл әлемде.
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға.

Мирас

 Денсаулық-ол шыныққан,
Барлық дене мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.
Көңіл күйің жадырай
Денсаулық - ол жүруің,
Ешбіржерің ауырмай.

Диас 

Болсаң да әлі қаршадай,
Ойнау үшін шаршамай.
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбетті.
Құру үшін сен саулық,
Керек мықты денсаулық.

Данияр

Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білесің.
Жастық шақтың қадірін,
Қартайғанда білесің.
Отыз тістің қадірін,
Қақсатқанда білесің.

Олжас

Басты байлық – денсаулық. 
Бабам айтқан даналық. 
Сақта жолын сен тауып, 
Осы шақтан балалық. 
Арай  
Дені саудың- жаны сау. 
Денсаулық сенің байлығың. 
Мықты болсаң досым ау 
Жуымас саған қайғы мұң. 
Саян
Жақсы бала құлақ сап 
Айтқаныңды ұғады 
Төсегінен тұра сап 
Таза ауаға шығады. 

2. Жақсы бала ол анық 
Істемейді шалалық 
Тап - таза боп жуынып 
Алады ол таранып. 
Ердаулет
4. Аяқ – қолың болмай кір 
Тырнағыңды алып жүр 
Әдет қыл бұл ісіңді 
Тазалап жүр тісіңді 
Салдыр – салақ болмағын 
Саусағынды сормағын. 
Жазира
5. Сабындаған кезіңде 
Ашытады көзіңді 
Бола білсең төзімді 
Тап – таза етер өзіңді. 
Тазалықтың досы 
Сабын - деген осы. 
Толғанай
6. Сылдырлайды мөлдір су, 
мөлдір суға қолың жу. 
Тазалықтың досы, 
су – деген осы. 
Бекежан
7. Ақматадай түгі бар, 
Қызыл – жасыл түрі бар. 
Жұмсақтығы мамықтай, 
сүртінесің жалықпай. 
Тазалықтың досы 
сүлгі – деген осы. 

Қарақат

Денсаулық ол - күлуің,         

Көңіл – күйің жадырай,

Денсаулық ол – жүруің,.        

 Ешбір жерің ауырмай.

 

Нурай

          Денсаулық – зор байлығың,
Сақта оны жасыңнан.         

Зиянды әдет еліктірсе,

Айналып өт қасынан.



-  Витаминдер тірегің

                  А В С Д деп аласың

                   Жетіспесе бір  оның

                   Ауырып сен қаласың

                   А-сы қажет көзіңе

                   В-сы жүйкені тоғайтар

                    С-дан микроб безінер

                     Д- сүйекті нығайтар

 А дәрумені бауырда, сүтте, жұмыртканың сарысында көп болады. Өсімдіктердің қызыл, сары жемістерінде, сәбізде,қызанақта, өрікте, асқабақта кездеседі.

  “ A”   Мен болмасам егерде 

           Көзің жақсы көрер ме?

           Жетіспесе ағзаңда

           Бойың биік өсер ме?

  В витамині  капустада  жүгеріде және.өімдік майының, құрамында көбірек болады. 

“ B”   Менсіз жүйке шаршайды

         Ашуланып кеп саларсың айқайды

         Қан азайып әлсірейді жүрегің

         Асқазаның са қорта алмайды

          С витамині көкөністерде, жеміс-жидектерде, қырыққабатта, көк пиязда, қызанақта, сарымсақта көп болады.

“ C”   Мен болмасам бойыңда

         Тісің дұрыс өспейді

          Ішкен асың бойыңда

          Жөнімен тарап сінбейді

 D дәрумені балық майында, бауырында, уылдырығында, жұмыртқаның сарысында,  сүт өнімдерінде мол болады

 “ D”   Мен жетіспей қалғанда

          Мешел болып өсерсің

           Қаңқаң қисық болғанда

           Өкінумен өтерсің

 



 Денсаулық – бар байлығың басыңдағы,

Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.

Қастерлеп мәпелесең ,аяласаң,

Бойыңдағы кетпес қуат жасыңдағы.

Сау болыңыздар!

 

·        Слайд

ІІ.« Тіс ауруы, кәмпит жайында  көрініс»
1 оқушы шығып   ой, тісім қақсап барады.  Жанымды қоярға жер жоқ.
( дауыстап жылайды) оның дауысын естіп ,қыз бала келеді.
Не болды, жасыма , айтшы өзің?
Неліктен ісіген бас, көзің
Әлде сен біреумен күресіп, жеңіліп
Тұрмысың намыстан қорланып,  егіліп?
Бала:  неді не істеймін?   Тісімнің ауырғаны қоймай тұр.
Қыз :   Неге сенің тісің ауырады?

Бала :  Ой, кәмпит жегеннен, енді кәмпит жемеймін.   Ой, тісім , тісім!
Қыз:
  Олай болса , дәрігер шақырайын.
Дәрігер:
      конфет жесең көбірек
Тісің
  жүрер мазалап
Не жесең де
  күніне
Екі рет жүр
  тазалап.
Жүрген жақсы қаралып
Бір жылда екі тексеріп
Тіс дәрігерге баралық

1. «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.
1-топ

1. Д…… і (дәрі)
2. д…ру…н (дәрумен)
3.
ш….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)

2-топ:

1.  Г…и…на (гигиена)
2.
спо….т (спорт)
3. тұ……у (тұмау)
4. д… ау…. қ (денсаулық)

3-топ

1.Т..з..л..қ (тазалық)

2.ж.тт..ғу (жаттығу)

3.д..р..  (дәрі)

4. с..рг..к (сергек)

2. Үш топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып жарысады. 

3. Ойын: «Иісіне қарай ажырат».Бұл ойында 3 оқушы алға шығады. Олардың көздерін байлап алма, апельсин, пияздың иісін искетемін.Олар соны тауып атын атау қажет.
    -Біздің денсаулығымызға тағы бір қажетті нәрсе бұл – дәрумендер. Жеміс-жидектер мен көкөністерді өз қажетінше, көп жеу керек, өйткені олар – дәрумендер мен пайдалы заттарға бай. Олардың құрамындағы дәрумендер сіздердің бойларыңыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.
4. Жұмбақ  жасыру

Дымқылдап күнде сен
Қолыңды сүйкесең
Кетіп кір, ласың
Тап - таза боласың.
Бұл не? (сабын)

***
 Жылт-жылт еткен, 
Жылғадан өткен. (су)

***
Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолын да
Сүртеді жонын да Бұл не? (сүлгі)

***
 Не зиян? Не пайдалы?
тіс емдейтін дәрігер (
тіс дәрігері)

***
Аузы жоқ, көзі жоқ
Тілі жоқ, сөзі жоқ
Бірақ та тісі жоқ
Басыңмен ісі бар Бұл не?
(тарақ)

***

Асқар тауда қара орман (шаш)

5. Шығармашылық тапсырма. Берілген сөздерді қолдана отырып өлең жолдарын құру

1- топ:

..........................– шыныққан         Денсаулық ол – шыныққан
.. ......................... мүшесі.              Барлық денең мүшесі.
....................... .... - тыныққан        Денсаулық ол - тыныққан
............................... жүйесі.            Жүйке тамыр жүйесі.

2- топ:
................................ - күлуің          Денсаулық ол - күлуің
.............................. жадырай,          Көңіл – күйің жадырай,
............................. – жүруің,           Денсаулық ол – жүруің,
.............................. ауырмай.          Ешбір жерің ауырмай.

3-топ

............................. байлығың,          Денсаулық – зор байлығың,
............................. жасыңнан.          Сақта оны жасыңнан.
............................... еліктірсе,          Зиянды әдет еліктірсе,
................................ қасынан.           Айналып өт қасынан.

6.1-топ .Айранның  денсаулыққа пайдасын айту.
Мынау - Семейде шығарылған айран. Бұл сүттен жасалады.  Оның   денсаулыққа пайдасы  зор. Оның құрамындағы дәрумендері  өте көп. Спрайт, фанта, кола ішкенше осы рйранды сатып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.
2- топ 

Құрттың  пайдасын айту
Мынау сиырдың сүтінен жасалған құрт.  Оның тіске пайдасы бар. 
Ол тісті қатайтады. « Орбиті» алғанша осы құртты пайдаланған дұрыс.

3-топ

Сүттің пайдасы

Сүттің табиғи ерекшеліктерін және азықтық құндылығын жоғалтпастан тұтынушыға ұсыну үшін пастеризация өңдеуінен өтуі және дұрыс түрде ыдысқа құйылуы керек. Құрамындағы кальций еттен 10 есе, наннан 5 есе, алмадан 15 есе, сәбізден 3 есе көп. Күнделікті ішіп тұрса іштің құрамын тазалайды. Сырқаттанған кезде де өте пайдалы. Тасты да тазалап түсіреді

7.Кім көп біледі.
Өз денсаулығымызды қалай сақтаймыз.
1. Ерте тұру.
2. Жаттығу жасау.
3. Дұрыс тамақтану.
4. Тазалықты сақтау.
5. Дұрыс ұйықтау.
6. Өзіңді сергек ұстау.
7. Зиянды нәрселерден аулақ болу.
8. Спортпен шұғылдану.
9. Күніне екі рет, ұйықтарда таңертең тісті тазалап жүру.
10. Ұйықтар алдында, аяқ – қолды жуу қажет.
11. Артық тамақ ішпеу.
12. Күн тәртібін дұрыс ұстау.
8. Әңгіме оқу, талдау.
- Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті.
Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады.
- Бұл не деп ойлайсыңдар?

ІV Бекіту: Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?
Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.

Соңында шеңберде тұрып бір-бірлеріне денсаулыққа байланысты тілектерін білдіреді.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бақытың да, байлығың да-денсаулық"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 176 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.02.2016 2130
    • DOCX 26.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем НУРУМОВА ГУЛМИРА МУСИЕВНА. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    НУРУМОВА ГУЛМИРА МУСИЕВНА
    НУРУМОВА ГУЛМИРА МУСИЕВНА
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23522
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация системы внутришкольного контроля качества образования на уровне начального общего образования

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Использование элементов театрализации на уроках литературного чтения в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 492 человека

Мини-курс

Основы русского языка: морфология, синтаксис, лексика

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов

Мини-курс

Развитие коммуникативных и здоровьесберегающих навыков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе