Инфоурок Дошкольное образование Статьи"Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру және дамытудағы жаңа технологиялардың тиімділігі"

"Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру және дамытудағы жаңа технологиялардың тиімділігі"

Скачать материал

 

 

 

 

                                Баяндама

Тақырыбы:

 «Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру және дамытудағы жаңа технологиялар-

дың тиімділігі »

                   Аймақтық педоқу

                                            

 

 

                                             Шығыс Қазақстан облысы

                                                                 Көкпекті ауданы

                                                                «Абай атындағы орта мектебі» КММ

                                                                2 санатты тәрбиеші

                                                                Ракишова Салтанат Камзиновна

                                                                   

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         Сен ешбір нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе       

                                    ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз

                                    сана.

                                                                                          Ян Каменский

          Бала өмірінің алғашқы мектепке дейінгі кезеңі- оның өсіп жетілуіндегі ең жауапты кезең, бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл кезде баланың ақыл- ойы, қабілеті, қасиеттері және әстетикалық сезімдері қызықты, мазмұнды ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті, еңбек, ойын үдерісінде жан- жақты қалыптасады.

          Қазақстан Республикасының 12 жылдық тұжырымдамасында «Тәрбиеші шығармашылық, қоғамда талдауы керек нәрселерді талдай алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыратындай маман болуы керектігі» айтылған. Осы талапқа сай болу үшін тәрбиешіге әдістемелік көмек ғылым мен тәрбиенің жетістігін қолдана отырып әр түрлі формада берілгені абзал. Мұндағы мақсат- білім стандарты бойынша бала білімінің деңгейіне қойылатын талаптарды талқылай келе бала нені білу керектігіне тәрбиешілерді үйрету.

          Мектепке дейінгі мекемеде ойынның маңызы ерекше. Ойын барысында білім мен біліктілігін арттырамыз. Ойлауға үйрету дегеніміз- дидактикалық қарама- қайшылықтарды көре білуге, сол арқылы шындықты тануға үйрету деген сөз. Қарама- қайшылық- ой дамуының қозғаушы күші.

  Тәрбиенің алдағы міндеттерінің бірі балалардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру болса, ойын- осы мәселенің шешімі. Балада ойлау қабілеті мен сөйлеу қабілеті бірге дамиды. Баланы ойната отырып сөйлетуде суретті әңгіме, дидактикалық ойынды сурет арқылы өткізу, шығарманы оқып таныту оң нәтиже береді. Мектеп жасына дейінгі балаларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу, сөздік қорын дамыту, сурет қарау, заттарды сипаттау, жұмбақ шешу, құрастыру, тақпақтар, мақал- мәтелдер, жаңылтпаштармен қатар ертегі тыңдау, әңгімелесу баланың тілдік құзыреттілігін, қызығушылығын арттырады. Тілдің грамматикалық дұрыс құрамын қолданады.

  Педагогикалық үдерісті қарама- қарсы, ойын, эксперимент, тәрбиеші мен құрдастары арасындағы ынтымақтастықта өткізуге болады.

          Бала біткен бәрі де ес білгеннен бастап «білсем, көрсем, естісем, ұстасам, алсам» деп әрекет етуге ұмтылады. Бұл- баланың өзін қоршаған өмірді терең де толық білуге құштарлығы. Бала құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеуші. Үйымдастырылған іс- әрекеттерді ойын түрінде өткізуде сөздік қорын дамытып, ауызша сөйлеу машығы игеріледі, таным белсенділіктері қалыптаса түседі.

          Осыған орай тәрбиешілерде ақын жазушылардың тақпақ, өлең, жаңылтпаштарды үйретуде, олардың мәнерлеп айтуында қиындықтар кездеседі.

          «Қатынас» білім саласындағы мақсат жан- жақты қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін ойын технологиясымен қатар ТРИЗ әдісін қолданудың тиімді жолдарын тауып, әрбір іс әрекетті тиімді ұйымдастыруда балалардың қиялын, логикалық ойлау, сөзге сурет ойлап табу, ойлау қабілеті ұшталады.

          Міржақып Дулатов «Мұғалімдерге» деген еңбегінде «Оқи білу мен оқыта білу екеуі екі түрлі» деген. Жас балаларды оқыған шығарманың мағынасын, қасиетін сезінуге қалай үйрету керек. Әрбір жазылған сөз сезумен,естумен, көрумен шыққан. Жазушының ойында ретке келіп, мағынаға айналғаннан кейін сөз болып сөйленіп, жазу болып қағаз бетіне түседі.

          Балаларды жаңа әдіспен ойын арқылы ТРИЗ технологиясын қолдану барысында біз кері жол жүреміз, тақпақ, жаңылтпаштарды біз суретке айналдыру арқылы жаттаймыз. Бұл әдісті бес сала бойынша қамтуға болады: шығарманы мәнерлеп оқу, автормен таныстыру, әр сөзге, сөйлемге теңеп сурет ойлап табу, қиын сөздерге тоқталу, қайталау.

          Сурет толық салынып болған соң «Қай сурет жоқ?», «Қай сөз,сөйлем жоқ?» ойындары ойналады. Тақпақтар тез6 буындап, суретке қарап жатталады. Сергіту сәті осы тақпаққа  қимыл ойлап табу арқылы тағы қайталанады. Жеке, топтасып қайталанады. Сызбамен салынған сурет ең бірінші тақпақ жаттап алған балаға сыйланады. Көркем салынған сурет тақпақ топта бір апта бойы ілініп, жаттап қойған балардың көмегімен басқа балалар да қайталау арқылы тез жаттап алуға бейімделеді.

          Сызба, тақпақ, жаңылтпаш, ертегілер балалардың іс- әрекетке қызығушылығын арттырады. Жаңадан шыққан әдіс- тәсіл қолдану арқылы балалардың жаттауға есте сақтауға деген ынталарының дамуына, тілдерін машықтандырғанына көз жеткізеді.

          Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды.Ал біз әр тақпақ пен жаңылтпаштарға сызба сурет салып көрнекілік түрінде пайдаланамыз.

          Ойын түрінде өткен бұл әдіс бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным, қатынас, шығармашылық, әлеумет, денсаулық салаларындағы белсенділіктерінің дамуына, қолдануына жол ашады.

          Ойын баланың ойлау, есте сақтау, салыстыру, қиялдау, еркін сезінуге, еркін сөйлеуге, жеке тұлға болып табылуына көмектеседі.

    Әдістемелік үлгісі

1. Шығарманы жазған автормен таныстыру.

2.  Шығарманы мәнерлеп оқу.

3.  Шығарма туралы әңгімелеу.

4.  Қиын сөздермен жұмыс.

5.  Ақынның тақпағына сурет салуды ұсыну.

6.  Әр қатар оқи отырып балаларға қиялдап ойлануға жетелеу.

7.  Суреттер салу (қатар қайталау)

8. Сызба бойынша үлгі ретінде айту

9.  Балалармен сурет көрсетіп айту ( тез бояу, буындау,аң, жануарлар, көзін жұмып іштей қайталау)

10.   Ойын: «Қай сурет жоқ?», «Қай сөз жоқ?»

11.  Жеке балалардың айтуы: бірінен соң бірі жалғастыру.

12.  Ең тез жаттап алған балаға сызба тақпақты  сыйлау.

13.  Көркем салынған суретті ілу.

14.  Сурет қандай болса, сендер де мәнерлеп айтып беріңдер.

15.   Алған білімдерін қорытындылау.

  Балабақшада оқу үдерісінің барысында баланың оқу мақсатын шешу кезіндегі іс- әрекетіне қолдау көрсетіп мақтау, сыйлықтар беру сияқты әдістер қолданылады. Бұл әдіс бұрын балабақшада қолданылмаған ең жаңа оқу формасы болып есептеледі.

          Баланы тәрбиелеу мен оқыту үрдісі дегеніміз -қазіргі заман  талабына сай бекітілген стандарт талаптарына сүйене отырып баланың сан қилы  іс- әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы, әлеуметтік ортаның әсері, адамдардың қарым- қатынасы, тілді меңгеруі, қабылдауы мен түсінуі берілетін білім сапасы. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты баланың жалпыадамзаттық рухани құндылықтарға сәйкес келетін жеке басының мәдениетіне , оның базисіне тәрбиелеу арқылы оны жан- жақты дамытуы болып табылады.

  Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және  басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін өзі дамытып оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

  Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуға үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып,оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы  жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы мектепке дейінгі ұйымдарда  баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға  тән қасиеттерді бойына сіңірген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор.

  Олай болса педагог тәрбиешінің алдындағы басты міндет 21  ғасыр білім ғасырының есігін еркін ашып кіретін, дүниежүзілік мәдениетті танып, ұлттық төл мәдениетін қастерлей білетін, рухани жан дүниесі бай, ой- өрісі дамыған,тәрбиелі, білімді, заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу.

   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Балалардың сөйлеу тілін қалыптастыру және дамытудағы жаңа технологиялардың тиімділігі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 347 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2017 731
    • DOCX 22.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ракишова Салтанат Камзиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ракишова Салтанат Камзиновна
    Ракишова Салтанат Камзиновна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8099
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Методическая деятельность в дошкольном образовании

Методист дошкольной образовательной организации

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 170 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 534 человека

Курс повышения квалификации

Современные подходы к деятельности социального педагога в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Разработка коррекционно-развивающей программы по формированию психологической готовности ребенка к школе

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 226 человек

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек