Инфоурок Школьному психологу Рабочие программыБастауыш сынып мұғалімдеріне арналған психологиялық практикалық сабақтар

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған психологиялық практикалық сабақтар

Скачать материал

Практикалық сабақ бағдарламасы

Мақсат: Өзінің өмірін талдау, өзінің өмірлік құндылықтарымен

армандарын санасыздандыру, болашаққа бағдарын табу.

Міндет: өзінің ақиқат өмірінің құндылықтарын білу, өзінің өмірлік

жолын сезіну өзінің мықты және әлсіз жақтарын көру, өз болашағының

өзгерісін қалыптастыру.

Өткізу формасы: топтық (10 -15 қатысушы)

Жас ерекшелік: бастауыш сынып мұғалімдері

Уақыты: 1 ай, аптасына 2/30

Кездесу жиілігі: аптасына екі рет(9 сабақ)

Сабақтың реті.

Мақсаты

Сабақ мазмұны

Уақыт көлемі

1 сабақ.

Мақсаты: қатысушылардың өзара байланысын тудыру; өмірлік ұстанымдарын талдау

 

 

 

2 сабақ.

Мақсаты:  Өзін-өзі   одан әрі  ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.  

 

 

3сабақ.

Мақсаты:  көңіл-күйді көтеру, әртістік шығармашылықты көрсету.

 

 

 

 

 

 

4 сабақ.

Мақсаты: Топ ішінде байланыс орнату мәселерімен жұмыс барысында пайдаланатын ақпарат жинауға және талқылауға мүмкіндік береді.

 

 

5 сабақ.

Мақсаты: мұғалімдердің мектепке, оқушыларға деген жағымды сеімдерін көрсету

 

 

6 сабақ.

Мақсаты: топ қатысушыларын ресурстық қалпына әкелу және өзін-өзі

бағалауын жоғарылату.

 

 

                                                                                                                         

 

 

 

 

 

1.«Менің өмірім» тренингі

ü Танысу

ü Сәлемдесу

ü «Крокадил»

ü «шебер»

ü «Мен бала кезімде болғым келді»

 

 

2.Өзін –өзі тану.

ü Сәлемдесу

ü «Жағымды сөздер»

ü «Кім нені жақсы көреді?»

ü «Сөзден сөз ізде»

ü «Сантики, Фантики,Лимпопо»

 

 

 

3. Педагогикалық шеберлік

ü «Фотосуреттер»

ü «Ертегілер елі»

ü «Әткеншек» ойыны

ü «дельфин» релаксациялық жаттығу

ü «Балалық шақтан қызықты оқиға»

 

 

4.Әріптестік қарым –қатынас

ü Сәлемдесу

ü «Ерекшелік»

ü «Амандасу тәсілі»

ü «Педагогикалық сезімдер»

 

 

 

 

5.Ұстаз бен мектеп байланысы

ü «Шеңбер бойынша белгі беру»

ü «Сәйкестік бойынша сапқа тұру»

ü «Менің жүрегім ә айтады....»

ü «Оркестр»

 

6. Менің күйім.

 

 

 

 

 

1 cабақ. «Менің өмірім» тренинг.

1. Амандасу.

Мақсат: Топ мүшелерімен танысу (егер топ мүшелері таныс емес болса),

бір-біреуін жақсы тану (егер топ әрқайсысын жақсы білсе). Амандасу

презентация арқылы өткізіледі, бір- бірімен жұп араласады. Топ жұпқа бөлінеді,10 минут бір-біріне сұрақтар қояды. Олардың алдында сұрақ арқылы көптеген ақпарат алу міндеті тұр.

 

 2.«Крокодил».

Басында белсенді ойынды өткіземіз. Топ екі командаға бөлінеді, өзіне

есім қояды. Әрбір командаға жаттығулар беріледі.

1. Әр командадан бір адам шығады, ол әрине жест, мимика арқылы, бір

бейне көрсету керек;

2. Команданың бірнеше мүшесі бір сөйлемді бейнелейді немесе

команданың барлық мүшелері бір фразаны бейнелейді. Бұл ойындағы негізгі

міндет – сол фразаны шешу.

Рефлексия:

1. Сөзді бейнелегенде жеңіл болды ма? Қалай?

2. Сөзді шешкенде жеңіл болды ма? Неге?

 

3. «Шебер».

Әрбір топтағы мүше өзінің талаптары мен икемділігін айтады, бұл осы

фразадан бастайды «Мен керемет шебер...» 2-3рет айналады.

Рефлексия:

1. Топтың мүшелерін таныдыңдар ма? Кім талантты еді? Таңғалдыңыз ба?

2. Қандай сезіммен сіз өзіңіздің талаптарынызды айттыңыз және неге?

 

4. «Мен бала кезімде болғым келді?».

Топ мүшелерінің әрқайсысы сөзді осы фразамен бастаулары керек «Мен

балалық шақ кезінде осындай болғым келді...».

Рефлексия:

1. Балалық шақтарыңызды естеріңізге түсіріп, кім болғыларыңыз

келгендігін айтқандай қандай сезімдерде болдыңыздар?

2. Қазіргі кезде сол арманыңызды ойлайсыз ба?

Қоштасу

 

2 сабақ. Өзін –өзі тану

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

2. Жағымды   сөздер. Мақсаты: Өзін-өзі   одан әрі  ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.                                                                                                                             Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтады, ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа бір сөзден тұрса болады.

3. «Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы. Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді?  т.б. сұрақтар қоюға болады.

4. «Сөзден сөзді ізде» ойыны. Сөз беріледі, сол сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Кім көп құрастырса, сол жеңімпаз. Мысалы:

«Трансформатор»                   «Талдықорған»

  форма                                         қорған

  матор                                          тал                        т.б.

  5. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шенбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 

Қоштасу

 

3 сабақ. «Педагогикалық шеберлік»

Сәлемдесу

Жүргізуші қатысушыларға қолмен амандасуды ұсынады, бірақ ерекше әдіспен. Екі қолмен екі қатысушымен амандасу керек. Қатысушылардың бәрімен сәлемдесіп шығу керек. Қол бір секундқа да босамауын қадағалайды.

1 жаттығу

Жұмысымызды бір қызықты жаттығудан бастауды ұсынамын.

- «сендердің алдарыңыда  фотосуреттер жатыр, сендердің міндеттерін фотосуреттегі адамның тұлғалық қасиеттерін атау(қайырымды, қатыгез, ақылыды, қолы ашық, өтірікші, сраң және т.б)»

Барлық қатысушыларда бір адамның фотосы,  олар бұл туралы білмейді. Бірақ фотосуреттер артында біреуінде жағымды, біреуінде жағымсыз сипаттамалар жазылған. (мысалы, №1 фота –оқудағы жетістіктері жақсы емес, достары жоқ, отбасындағы жалғыз бала; №2 фота –толымсыз отбасында тұрады, ауру анасына қарайласады, көп достары бар, және т.б.) 

Ø Неліктен дәл осы қасиеттерді таңдадаңыз?

Ø Сенің пікіріне не әсер етті?

Бұл жазулар сендерге установка болған. Негізінде бұл жеткіншек оқушылар арасындағы халықаралық олимпиаданың күміс иегері.

Бүгін ұстаным туралы сөйлесеміз.Ұстанымдар  бізді барлық жерде қоршап тұр.

Қалай ойлайсындар ұстанымдар тек мектепте беріледі ме?

2 жаттығу.

Сендерге мынадай ертегілерді ұсынамын. Солардан жаныңа жақынын таңда.

“Аленький цветочек”. Бір жағынан жақсы оқиға, қайырымдылық пен  жанашырлақ. Екінші жағынан біздің санамызда –бақыт жолы қиналыстар, қиындақтар арқылы жатқаны туралы ұстаным  қалады.

“қызыл телпек”. Керемет ертегі. Бірақ кейбір психологтар кері әсерді анықтаған –баланы шектен тыс еркелікке  үйретеді.  Егер бала кезіңізде бұл ертегіні ертелі –кеш оқи берген болсаңыз, қазір 30 жасыңызда бірінші кездескен адамға сеніп қалып, жағымсыз жағдайда қалып қоятыңдығыңызға таң қалмаңыз.

“Бауырсақ”. Ертегі түрлі жағдайдан тез жол туып кетуге үйретеді. Тез әрекет –сәттілік кепілі. Қулықпен көп нәрсеге қол жеткізуге болады.

“Күлбике”. Бұл кейіпкерге ғашық болған қыздар өздері үшін: бақытты болу үшін көп еңбек ету керектігін ұғынып алған. Практика көрсеткендей, жас күлбикелер оқуды үздік аяқтап біраз уақыт өткен соң бизнес –вумен болатындығын көрсетеді.

3 жаттығу «Әткеншек» ойыны.

Мақсаты: көңіл-күйді көтеру, әртістік шығармашылықты көрсету.

 Топ екіге бөліп ішкі және сыртқы шеңбер ретінде тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде тұрған адамдар бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрады. Оларға тапсырмалар беріледі: «Қазір мен сендерге мини рөлдерді беремін, сіздер бұл тапсырмаларды тезірек көрсету керексіздер». Мен қол соққанда сағаттын жүруіне қарай ішкі дөңгелек жылжиды, содан кейін басқа тапсырма беремін.

Тапсырма:

1. Милиционер және жүргізушісінің ережелерді бұзуы;

2. Гүл және ара;

3. Сосиска мен кетчуп;

4. Жеңіл тәртіпті қыз және клиент;

5. Тауық және балапан;

6. Үлкен тілім ет және жолбарыс;

Рефлексия:

Осы рөлдерді орындау сіздерге қаншалықты жеңіл болды? Бір рөлден екінші

рөлге ауысу қандай қиындық туғызды?

 

4 жаттығу.Релаксациялық жаттығу  “Дельфин”.

Видеомен бірге дельфиннің дыбысы шығарылады.

5 жаттығу. «Балалақ шақтан қызықы оқиға»

Мақсаты:эмпатияны дамыту

Нұсқаулық: «Сіздердің алдарыңызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиға» жазылған. Кімге «Балалық шақтан қызықты оқиға» билеті түссе, сол мұғалім өзінің балалық шағынан қызықты оқиғасын баяндайды.

Талдау: өздеріңізді қалай сезінудесіз?

Қоштасу

 

4 сабақ. Әріптестік қарым -қатынас

1 – жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрып отырады, жаттықтырушы шебердің ортасында тұрады.

Нұсқаулық : « Қазір біздің таныстығымызды ары қарай жалғастыру мүмкіндігі тумақ. Оны былай жүзеге асырамыз: шебердің ортасында тұрған ортақ белгілері бар адамадарға орындарын ауыстыру ұсынысын жасайды. Ортақ белгіні атайды. Мысалы мен: « Араларыңыздан әпкелері барлар орындарыңызды ауыстырып отырыңыздар»- деп атаймын,- сол кезде әпкесі бар солар орындарын ауыстыруы қажет. Ол сәтте шебердің ортасында тұрған адам, орындардың біреуін иеленіп үлгеруі тиіс, ал шеңбердің ортасында орынсыз қалып қалған адам, ойынды жалғастырады. Бұл жағдай бір- біріміз жөнінде толығырақ біле түсуге мүмкіндік береді.»

Жаттығу аяқталғаннан кейін, жаттықтырушы топқа: « Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» немесе « Қазіргі сәтте сіздің көңіл- күйіңіз қандай?» деген сұрақтар қоюына болады. Әрине, мұндай жаттығу көңілді өтеді.

Мақсаты: Ол қалыптасқан қолайсыздықты төмендетіп, көңіл- күйді көтереді, назар мен ойлауды белсендіреді.

2- жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрып отырады.

Нұсқаулық: « Әрқайсысыңыз адам бойында қандай қасиетті ерекше бағалайтындықтарынызды ойыңызға түсіріңіз. Өз таңдауыңызды жасағаннан кейін, сіз таңдаған қасиет туралы ақпарат беретін қысқа әңгіме, оқиға, мысал ойлап табыңыз . Сіздің әңгімеңізді тыңдаған топтың басқа мүшелері қандай қасиет туралы айтылғанын түсінуі керек». Әр әңгіме аяқталған сайын жаттықтырушы топқа « Сіздің ойыңызша, Серік бізге қандай қасиет туралы әңгімеледі?» деген сұрақтар қояды. Топ мүшелері өздерінің пікірлерін ортаға салғаннан кейін, жаттықтырушы әңгімелеушіден қандай қасиетті таңдағанын айтып беруін өтінеді. 

3–жаттығу. Қатысушылар жартылай шеңбер құрады.

 Нұсқаулық : « Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бірін- бірі қайталамай топпен кез келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз»

Жаттығу аяқталғаннан кейін топқа : « Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?», « Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңде қалды, және неліктен?» деген сұрақтар қоюға болады.

Мақсаты: Топ ішінде байланыс орнату мәселерімен жұмыс барысында пайдаланатын ақпарат жинауға және талқылауға мүмкіндік береді.

4 жаттығу «Педагогикадағы сезімдер» жаттығуы

Мұғалімдер тобы дөңгеленіп отырады. Кейбіреулеріне адамның эмоциялары жазылған карточкалар таратады. Олар: «қуаныш», « ашу», «немқұрайлық», «қолдау», «қызығушылық», « көңіл толмау», « наразылық», «ызалану». Карточка алған мұғалімдер кішігірім қойылым қоюлары керек. Ол қойылымда «жеткіншек» немесе «жоғары сынып оқушысының» оқу мен тәрбиелеу жағдаяттарын көрсету керек. Басқалары әріптестеріне көмектеседі.

Қоштасу

 

5 сабақ. Ұстаз бен мектеп байланысы

1 жаттығу: «Шеңбер бойынша белгі беру»

Жүргізуші: - Өте сақ болыңыздар. Уақыт- бұл қозғалыс! Барлығымыз дайын болсақ, белгі беруді тосамыз. Барлық ойынға қатысушылар өздерінің оң қолдарын оң жақтағы көршісінің сол тізесіне қояды, сол қолын – сол жақтағы көршісінің оң тізесіне қояды. Кеме капитаны (мектеп директоры) жүру белгісін береді- әріптесінің аяғын шапалақтап. Белгі шеңбер бойынша айналып, капитанға қайтып келеді.

Міне біз Болашаққа түстік, енді бізге өзіміздің КЕРЕМЕТ МЕКТЕБІМІЗДІ құрастыруымыз керек. Ол үшін, ең алдымен Болашақ машина капитаны сенімді болу керек, яғни сіздер бір-бірлеріңізге сенімді командасыздар.

2 жаттығу: «Сәйкестік бойынша сапқа тұру»                                    

Жүргізуші: - Менің белгім бойынша сапқа тұрасыздар:

-         Мектептегі еңбек өтілімі бойынша жоғарыдан төменге дейін,

-         Жалпы педагогикалық өтілімі бойынша төменнен жоғарыға дейін,

-         Туған жылдарыңыз бойынша жоғарыдан төменге дейін,

-         Қаңтардан желтоқсанға дейінгі айлар бойынша,

-         Шаштарыңыздың түсіне байланысты (қарадан сарыға дейін),

Жүргізуші: Біз- командамыз! Біздің ұжымның жүрегі үпкен, ол жүрек қуана да қайғыра да алады. Ендеше, не үшін қуанып, қайғыратынымызды ажыратайық.

3 жаттығу: «Менің жүрегім ән айтады, егерде мектепте...», «Менің жүрегім қайғырады, егерде мектепте...»

Шеңбер бойынша әрбір ойынға қатысушы өзінің жүрегі не үшін қуанып, не үшін қайғыратынын аайтады. Біріншісі қуанышы туралы, екіншісі қайғыруы туралы, үшіншісі қуануы туралы... ары қарай жалғаса береді.

4 жаттығу «Оркестр». Сіздер музыкалық аспаптың аты жазылған карточканы аласыздар, сол аспаптың әуенінде ойнап, 5 этаптан өтесіздер.

1 этап. Әрқайсыңыз денеңіздің мүшесін немесе дауысыңызды пайдалана отырып, «Ұстазым» әнінің әуеніне саласыз.

2 этап. Ойыншылар екі адамнан бөлініп, осы әуенді дуэтте ойнайсыздар.

3 этап. Ойыншылар екі топқа бөлініп, осы әуенді қайталайсыздар.

4 этап. Барлық ұжым-бұл оркестр. Мектеп директоры – дирижер. Оркестрды басқарып, осы әуенді ойнату керек.

5 этап.  Рефлекция (талдау, пікірлесу, тілек білдіру).

 

 

6 сабақ. «Менің көңіл күйім»

1 жаттығу “Шамшырақ”.

Мақсаты: топ қатысушыларын ресурстық қалпына әкелу және өзін-өзі

бағалауын жоғарылату.

Нұсқау: релаксациялық әуен қосылады.

Шамшырақ дегеніміз не? Бұл кемелерге дұрыс жол көрсететін шамдар

жарығы бар мұнара.Қазір қолайлы отырыңдар да, өзіңізден бүкіл қажуды және теріс ойларды алып тастаңыз. Көздеріңізді жауып, үш рет терең тыныс алыңыз... Денедегі күш ақырын, бірте-бірте кетеді, сіз босаңсу қалпына жетесіз. Сіздің денеңіз демалуда. Көзіңізді жабыңыз... Тек қана мені тыңдаңыз. Бүкіл зейінді менің дауысыма аударыңыз. Терең 3 рет тыныс алыңыз және тыныс шығарыңыз. Мұрнымен тыныс алып, ауызымен тыныс шығарыңдар. Сіз тек қана менің дауысымды естіп отырсыз. Барлық ойлар кетіп отыр... Материктерден алыс кішкентай аралды елестетіңіздер. Сол аралдың шынында – биік және күшті тұрғызылған маякты елестетіңіздер. Сіз өзіңізді аралдың шыңында тұрған маяк ретінде сезініңіздер. Аралдан соғып тұрған желдер сізді қозғалта алмайды, сіз орныңызда нақ тұрсыз. Ауа-райының өзгермелігіне қарамастан сіз сіздің жоғарғы қабатыңыздың терезесінен кемелерге бағыт беретін күшті жарықты бағыттайсыз. Сіздің күшті жарығыңызды қолдайтын энергияның күшін естен шығармаңыздар. Бұл жарық жағада тұрған адамдар үшін қауіпсіздік белгісін көрсетеді.

Енді сіздер ішкі жарықты сезініңіздер, яғни бұл ішкі жарық ешқашан өшпейті, әрқашан жарықпен жылулықты беретіндігін сезініңіздер. Оған барлық сезімдеріңіз бен ойларыңызды аударыңыздар. Осы жарықтың барлығы сіздің барлық дене-мүшелеріңізе жайылып сізге қажетті қуат бергендігін сезініңіз. Сіз өзіңізді еркін, бос, тәуелсіз, сенімді сезінесіз. Сіз терең тыныс алып сізге қажетті энергияны, өзіне-өзі сенуді, бостандықты, тәуелсіздікті бойына сіңіріңіз. Ал тыныс шығарған кезде осы сезімдерді өз денеңізде қалдырыңыздар. Енді қайта терең тыныс алып, сыртқа шығарамыз.

Ал енді қолдарыңызды жоғары көтеріп, мысық сияқты мяу деп көздеріңізді ашып денеге не қажет сол әрекеттерді, қимылдарды жасаймыз.

Рефлексия:

Өздеріңіз туралы не білдіңіз?

Бүгін алған білім сізге келешекте қажет деп ойлайсыздар ма?

Әр адамда өзін-өзі бағалау деген қасиет бар. Сондықтан да өзін-өзі

әрқашан жақсы көру керек және өзіне-өзі деген сенімі жоғары болуы керек.

 

2 жаттығу«Қысым көрсетуші және өзін-өзі қорғаушы».

Мақсаты: қоғамда қысым көрсететін адамдардың билігін және өзін-өзі

қорғауды сезінуге үйрену.

Нұсқау: балалар екі-екіден бөлініп, диалог бастайды. Қысым көрсететін адам өзінің мадақтауын сезініп, өзіңді жоғары ұстайды. Ол айғайлайды, бағалайды, талап етеді, қатты сөйлейді, міңсінбейді. Өз-өзіңді қорғаушы болса, кешірім сұрайды, ақырын сөйлейді, бәрін істейді, басын түсіріп жүреді. Бес минуттан кейін балалар рөлдерімен ауысады.

Рефлексия:

— Әр рөлде өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?

— Қандай рөлды ойнау жеңіл болды?

— Өмірде шынайы кездесетін рөлдер мен әрекеттерді салыстырыңыз.

 

3 жаттығу «Поезд».

Мақсаты: көңіл-күйді көтеру, жұмысқа деген белсенділікті арттыру.

Нұсқау: бұл ойында ең алдымен шеңбер құрылады. Барлық қатысушылар

бірінші-екінші деп бөлінеді. Біріншілер – бір шапалақ соққанда аяқтарымен екі рет жерді басу керек. Екіншілері – екі шапалақ соққанда аяқтарымен жерді бір рет басулары керек. Қозғалыстар рет-ретімен қайталанады: бірінші – екінші – бірінші – екінші және т.с.с. Яғни шеңбер бойынша поезд доңғалақтарының дыбыстары жасалынады. Бұл ойын көңіл-күйді көтеруге және жұмысты белсендіруге бағытталған.

4 жаттығу. «Көңіл –күйімізді жаттықтыру»

Жүргізуші:  мен сендерді актер болуға үйретемін. Адамдармен қарым –қатынаста бет –әлпет, қас –қабақ, дауыс маңызды қызмет атқарады. «Қонаққа тамақ бермес бұрын,  қабағынды бер» деген даналық сөз осыған негізделген.

Ортаға  7 мұғалім  шығып, берілген көңіл –күй түрін мимикамен көрсетеді. Ал қалғандары оны табулары керек.

   1.Ойланып тұрған адамның бет –әлпет кескіні.

   2.Ренжіп тұрған адамның бет –әлпеті

   3.Жай күліп тұрған және қатты күліп тұрған адамнды көрсету.

   4.Ашулы адамның бет –жүзі.

   5.Таңданған кейіп көрсету.

   6.Өкініп тұрған адамның бет –әлпеті.

   7.Қуанып тұрған адамның бет –әлпеті.      

Мақсаты:  ым –ишарамен өз сезімдерін көрсетуге үйрету, адамның көңіл –күйін  мимика арқылы анықтай білуге баулу.

 

5 жаттығу «Келесі кездескенше!»

Мақсаты: бір-бірілернің арасындағы түсінушілікті, сенімділікті

дамытуға және кері байланысты алуға үйрені.

Нұсқау: Менің қолымда әдемі, жылы күн сәулесі бар. Ол бүгінгі күннің

қуанышын, жылылығын, бақытын бәріне сыйлайды. Қазір сіздер бұл күн

сәулесін бір біріне беріп, бүгінгі өткен тренингтік күні туралы өздерінің

сезімдерімен бөлісесіздер.

Талдау:

Бүгінгі күн сіздерге не берді?

Қандай жаңалық болды?

Келешекте нені пайдаланасыздар?

 

7 сабақ. Қарым –қатынас дағдылары 

1 жаттығу «Жетістік қаланың тұрғындары»    

 Мақсаты: эмоциялық күйзелістерін түсіру, топта еркін ахуалды туғызу, топтағы қарым-қатынасты жақсарту.

     Нұсқау:    Біздің «Жетістік» қаламызда  сағат орналасқан. Сол сағаттың қоңырауы соғылғанына байланысты «Жетістік» қаланың қызық дәстүрі бар. Сол дәстүрді орындауға тырысайық.

Қоңырау бір рет соққанда – барлық тұрғындар келесідей амандасады:

-         бір-бірінің алақанын сипайды, ал егер қоңырау –

-         екі рет соқса – арқалармен бір-бірінің арақаларын сипа бастайды,

-         үш рет соғылса тізелерді қосып «тізелермен амандасады».

    Жаттығуларды орындаған кезде балалар шашылып, еркін жүреді. Содан кейін – белгі беріледі, жаттығулар аяқталады.

    Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Жаттығудан кейін қандай сезімдесіңдер?

 

аттығу «Басқа планетадан келген адамдар (Инопланетяны)».

Мақсаты: Вербалсыз сөйлеуді үйрену және адамдармен тіл табысуды меңгеру.

Жүргізуші тапсырма береді: «Бірінші сұраққа жауап беріндер, басқа

планетадан кедген адамдар дегеніміз кімдер, олар қалай сөйлейді?» Қазір біз

сіздермен ойын барысында басқа планетадан келген адамдар қалай бір-бірімен қарым-қатынас жасайтындығын көреміз. Ең алдымен сіздер топқа бөлінулеріңіз керек. Бір қатысушы басқа планетадан келген адам, бір қатысушы аудармашы рөлін атқарады. Басқа планетадан келген адамдар әр түрлі планетадан ұшып келді сондықтан да сіздер бір-бірлеріңізбен аудармашылар арқылы сөйлесу керексіздер. Мысалы, сіздер бір кешке баруға жиналдыңыздар. Осы кешке жиналуға сіздерге 4 минут уақыт бар.

Рефлексия:

Басқа планетадан келген адам болу оңай ма? Ал аудармашы болу ше?

Басқа адамды түсінудің қиындығы неде?

 

3 жаттығу «Бағдаршам».

Мақсаты: жұмысқа жинақылықты пен зейінділік дағдысын жаттықтыруға

үйрену.

Нұсқау: жүргізілетін жаттығудан біз төмендегідей қиындықтарды

көреміз:

– Міне үш қағаз: жасыл, сары және қызыл. Сіздер өткелден өтуді жалғастырасыздар, бірақ маған зейін аудару қажетсіздер, мен кей-кезде бір қағазды көтеремін. Ал сіздердің міндеттеріңіз: жасыл түсті көтергенде -

қорсылдау керексіздер, бірақ жүру жалғаса береді, ал сары түсте - сіздер

тоқтап, сол орында қатып қаласыздар, ал қызыл түсті көтерген кезде -

орындарыңызда жерді тебіну керексіздер. Өтініш, орындарыңызға отырып,

бағдаршамның түсіне көңілдеріңізді толық аударыңыздар!

 

4 жаттығу «Тек қана біреуін ғана есту».

Мақсаты: тыңдауды және басқаны естуді үйрену.

Нұсқау: "Бір мезгілде екі адам әр түрлі әңгімелерді оқиды, тыңдаушылар

екі оқып жатқанның біреуін ғана тыңдау керек".

Ең жақсысы оқылып жатқан мәтін таныс болмағаны дұрыс, оны не

газеттен немесе журналдан алған жөн болады.

- Мынаны есте сақтаңыз, яғни тек қана тыңдап қана қоймай, сонымен

қатар есту қажет. Ал есту - ол түсіну, көз алдына елестету және өз ой елегінен өткізу. Өз есту қабілетіңізді тек қана бір адамға бағыттаңыз. Екінші адамды да тыңдайсыз, бірақ тек қана біріншісін естисіз.

- Қатысушылар, мәтінді оқуды тоқтаңыздар! Қандай тыңдаушы не

тыңдағандығы жөнінде бізге толық бірізді айтып береді?

- Ол нені жіберіп алды?

Бұл жерде ең қызықтысы кімнің бір мезгілде бірінші және екінші адамды

жақсы тыңдағандығын тексеруге болады. Бірақ әрқашанда еш жаттығусыз екі

адамды тыңдау қиындау екендігі мәлім.

 

 

8 сабақ. Ұжымдық бірлік

 1 жаттығу «Орын ауыстыру» жаттығуы

Топ дөңгеленіп отырады. Өз қалауы бойынша бір қатысушы таңдалады. Ол сағат тілі бойынша қозғалып топтағы әрбір қатысушымен қысқа әңгімелеседі. Басқа қатысушылар қандай коммуникативті тәсілдер қолданылғанын, жаңа серіктеске қарай оның стилі өзгерді ме соны бақылап отырады.

Ұжымдық талқылау екі фазада жүргізіледі: біріншісіде –жүргізуші әңгімелескен адамдардың әсері тыңдалады, екіншісінде –топ жүргізушінің өзінің әсері, пікірі тыңдалады.

 2 жаттығу«Көпір»  

Қатысушылар дөңгеленіп отырады, олардың ортасын психолог диоганаль бойынша  сызықпен бөледі. Ойын шарты былай түсіндіріледі: « мына сызық көпір деп елестетініздер. Желге қозғалып тұрған бұл көпірдің  астында терең өзен бар деп елестетініз. Мақсатыныз сізге қарама қарсы келе жатқан серігінізді өткізіп, өзіңіз де сол өзенге құламай мына көпірден  өту» Топтан қалаулары бойынша екі қатысушы шығады. тапсырманың шешілуін олар алдын ала ойластырмайды. Тек бір –бірімен кездескен кезде аз сөз қолданып ақылдасуға бір минут қана бөлулері керек.

Жаттығу соңында коммуникативті тапсырманы шешуде кім инициатор болды? Қатысушылар бір біріне көмектесуге ұмтылды ме немесе керсінше?  Деген сұрақтар талқыланады.    

3 жаттығу «Кезек»

Топтан 8 адам таңдалады. Олардың бірі үргізуші болып бекітіледі. Жеті адам бірінің артынан бірі тұрып, «кезек» құрайды. Сегізінші адамның мақсаты дүкен сөресіне кезексіз өтіп кету. Ол әрбір тұрғандармен әңгіме бастап, өз мақсатына жетуге ұмтылады. «Кезек» «тәртіп бұзушыны» кезексіз өткізбеуі керек.

Жаттығу соңында ойынның әрбір сәті анализделеді: кезекте тұрғандардың қайсысы кезек бұзушыны» өткізіп жіберді, кім жібермеді, қандай әдіс –тәсілдер пайдаланды(өтініш, қорқыту.т.б) талқыланады. 

 4 жаттығу «Екеуіміз»

Психолог топ мүшелерін екіден топтарға бөледі. Жаттығу 3 ойындық тапсырмадан тұрады: серіктестер арқаларымен отырады және 5 минут ішінде әңгімелеседі, келесі 5 минут бірі отырып, екіншісі тұрған кезде әңгімелеседі, кейін орындарын ауыстырады; содан кейін бір –біріне қарама қарсы отырып 10 минут сөзсіз көзбен сөйлеседі. Әрбір тапсрма орындап болған соң жұптар әсерлерімен бөліседі.

5 жаттығу «Ритмді бұзу»

Бұл ойын жаттығуда психолог бір қатысушыны «мұғалім», ал қалғандарын –«жеткіншек» немесе «жоғары сынып оқушылары» болуға ұсынады. Ойынның мақсаты  1 -2 минут ішінде қатты сөйлеп, айналып және тәртіпті бұзған  оқушыларды тез тыныштандыруы керек. «Мұғалім» әкімшілік әсер ету тәсілдерін, ескерту жасауына немесе дауыс көтеріп сөйлеуіне болады. Балалар назарын бөліп, ең белсенді лидерлерді тыныштандыратын, яғни психотехникалық тәртіп кұралдары арқылы сыныпқа әсер ету керек.  

Сонынан қатысушылар «мұғалім» таңдаған әдістердің әсерлілігін талқылайды. Топ арасында тәжірибе алмасу да жүргізіледі.

 

9 сабақ. Қортындылау жаттығулары  

1 жаттығу «Қолдағы хат».

Әрқайсысы өзіне серігін таңдап, қарама-қарсы тұра қалады. Бойы ұзындау бала, көзін жұмып тұру керек. Егер бойлары бірдей болса, кімнің жасы үлкен (туған күні 1-2 айға ертерек) бала көзін жұмады. Көзін жұмып тұрған бала қолын алға созып тұрады. Көзі ашық бала соның алақанына хат жаза бастайды, жеке тұрған баспа әріптерді. «Соқыр» ойыншы сол әріптерді табуға тырысып, не оқығанын айтып беру керек. Бір әріпті жазғаннан кейін клесіні жазар алдында бұрын жазылған әріпті өшіріп тастап отыру керек.

2 жаттығу «Көңіл-күй неге ұқсас».

Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жанбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

3 жаттығу  «Тасбақалардың жүгірісі».

Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама-қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл-қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.

4 жаттығу . «Көкөністер арқылы ұрысамыз»

Бұл ойында балалар ұрысқан кезде бір-біріне жаман сөздердің орнына көкөністердің атаулары арқылы ұрысады.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған психологиялық практикалық сабақтар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 143 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.02.2017 2598
    • DOCX 41.9 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айдарқызы Самал Айдарқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айдарқызы Самал Айдарқызы
    Айдарқызы Самал Айдарқызы
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13079
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Терапия камнями как один из эффективных арт-терапевтических методов работы с детьми

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 197 человек

Курс профессиональной переподготовки

Кризисная психология: актуальные вопросы и новые методы работы

Кризисный психолог

300/600 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 293 человека из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 403 человека

Курс повышения квалификации

Буллинг: вызовы и решения в воспитании и образовании детей

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 302 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 422 человека

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддикции: понимание и распознование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 19 регионов

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека