Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Статьи / Баяндама "Ақыл-ойды дамытатын математика"

Баяндама "Ақыл-ойды дамытатын математика"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Ақыл-ойды дамытатын математика»


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050:бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты халыққа жолдауында айтылғандай, «Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде терң мән жатыр.Мұның барлығы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын қолдап,ата-бабадан қалған адами құндылықтарды,мәдениетті сақтап,жасөспірім жеткіншектердің бойына сіңіріп,дамытуға бағытталған әрекет.

Баланың ақыл – ойын жұйелеу,ойлау қабілетін жетілдіру,дәлдікке үйрету,шындыққа тәбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу-бүгінгі күн талабы.

Мектеп жасына дейінгі балалардың алғашқы математикалық түсініктерін қалыптастыру «Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы» бойынша жүргізіледі.

Белгілі педагог А.С.Макаренко баланың өміріндеші ойнның атқаратын қызметі туралы; «Үлкендер үшін жұмыстың,қызметтің маңызы қандай боса,балалар үшін ойынның маңызы сондай болады» -деген.Ересек адамдардың ісі,жұмысы сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. «Бала ойында қандай болса,ол өскенде де жұмыста сондай адам болады» А.С.Макаренко.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың рөлі ерекше.Ойын-мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталып,адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.

Қазақстан Республикасының білім беру стандартында білі берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту болып табылатындығы аталып өтілген.

Логикалық ойын – балалардың оқуға,еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады;бала зейінінің,жадының қалыптасуына,ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді.

Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.Логикалық ойлау – адамның интеллектуалды қабілеттерінің негізін құрайды.Ақыл-ойды тәрбиелеуде және ой-өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады.Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі,баланың дамуы,жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады.Балаларға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру,бекіту.Сондай-ақ бала заттың санын,затты салыстыру (көлемін),теңестіру орналасуын,саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді.Мектеп жасына дейінгі балалардыңкішігірім математикалық терминдері:геометриалық пішіндердің атауларын (дөңгелек,үшбұрыш,шаршы т.б.) және олардың элементтері (қыры,бұрышы) болатынын, (қосу,азайту,тең) ұғымдарын үйренеді.Балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді.Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады,берілген есепті шешуге өз күш-жігерін жұмсайды.Балада лағашқы түсініктер индуктивті және дидуктивті ойлау қалыптасады.Бала бір заттың құрылысына,қасиетіне (пішіні,түсі т.б.) қарай талдау,сараптау,салыстыру,кеңістікті бағдарлап,салыстырмалы түрде ойлай алады.

Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі формасы – оқу іс-әрекеті.оқу іс-әрекеті барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады.Балаларда бірізді жүйе қалыптасады.

Күнделікті өмірде және оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады.Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру,баланың математикалық түсінігін кеңейтеді,тереңдетеді,ойын бекітеді.Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан-жақты бағыт бағдар беріп отырады.Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау,қайталау,кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану,баланың белсенділігін арттырады.Оқу іс-әрекетінің құрылымының көлемі,мазмұны бағдарламаға сай,балалардың жас ерекешліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі.Математика оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлемін.Қызықты жаттығулар,шығармашылық тапсырмалар қолданамын.Оқу іс-әрекетін өткізу барысында жұмбақтар жасырып,өлеңдер,тақпақтар,логикалық ойлауға арналған тапсырмалар,сөзжұмбақтар ды әрдайым қолданып отырамын.Әртүрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін артырады,сондай-ақ,олар баланың ақыл ойының дамуына үлкен ықпал ете отырып,балалардың ойлауына,есте сақтауына себеп болады.Балаларды ойын үрдісі арқылы оқыта отырып,ойыннан алған қуаныш оқу қуанышына ұласуы үшін ары қарай жұмыстанудамын.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру үшін геометриалық пішіндер,денелермен таныстыру,санауды үйрету,20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту,шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу,көзбен қабылдау,шамалау қабілетін жеткізу,кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын,затты бөліктерге ,ширекке бөлу ұғымдарын қалыптастыруға назар аударамын.

Ойлау аса күрделі психологиялық проццесс.Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.Әр тәрбиеші ойлау қабілетінің ерекшеліктерін,оны дамыту жолдарын толық түсінуі қажет деп біліп,мен өз жұмысымда баланың логикалық ойлауын дамытуда мақсат еттім.Сол себептен шығармашылық бағыт бойынша жүргізетін жұмысымдағы мектепалды даярлық балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады.Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды.Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой өрісі қалыптасып,заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып,өздерініойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.

Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгеруден басталады деуге болады.Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.Сондықтан да педагог балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс,бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру,сабақта бала логикасын дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.Логикалық тапсырмаларды үнемі қолданып отырсақ,біз балалардың тек пәнге қызығушылығын ғана емес,логикалық ойлауында мынадай тәсілдер арқылы дамыта аламыз;

Ұғым қалыптастырудың логикалық тәсілдері:

Талдау-бұл нәрселерді бөліктерге жіктеу және олардың белгілерін айқындап көрсету.Мысалы: «Апельсин» біздің ойымызша ол дөңгелек,бұдырлау,түсі-қызғылт сары,ішкі құрылымы кішкене бөліктерге бөлінген.

Салыстыру-талдау нәтижесінде алынған белгілерін,бөліктерін ойша біртұтас бүтінге біріктіру.Мысалы:Ол –көкөніс.

Салыстыру-нәрсенің мәнді,мәнсіз белгілеріне қарай ұқсастықтарымен ерекшеліктерін анықтау.Мысалы:Апельсин және мандаринді алсақ,пішіні бірдей,көлемі әр түрлі.

Абстракциялау-нәрсенің белгілі бір белгілерін ойша баса көрсету және оны басқалардан дерексіздендіру.Мысалы:олардың екеуінің формасы бір,дөңгелек.

Жалпылау-біріңғай нәрселерді ойша кейбір клсатарға біріктіру.Мысалы:геометриялық пішінге жатқызу.

Логикалық ойлаудың ерекшелігі-қорытындылардың қисындылығында,олардың шындыққа сай келуінде.Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады.Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайымматематиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әр түрлі геометриалық пішіндерден құрастырудың,ауызша есеп шығарудың,көру арқылы салыстырудың,қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы зор.Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды,логикалық ойлау сезімін қалыптастырады.

Өз тәжірибемде балалардың қиялына қанат бітіріп,ойлау,таным қабілеттерін жетілдіруге,тапқырлыққа баулу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді сабағымда қолданамын.

Қорыта келе,мектеп жасына дейінгі балалар оқу үрдісінде «логикалық ойын»түрлерін пайдалану,біріншіден,балалардың білімін берік меңгерту құралы болса,екіншіден,олардың оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын ,белсенділігін арттырып,білім сапасын көтеру болып табылады.Логикалық тапсырмалар баланы жан-жақты дамытып,білімді толықғырық меңгеруге көмектеседі.

Еліміздің ертеңі,тәуелсіздігіміздің тұғыры-бүгінгі ұрпақ.Сондықтан,бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған,жігерлі,білімді,өресі биік,денсаулығы мықты,парасатты азамат тәрбиелеу педагогтардың ең алғашқы міндеті.

«Тәрбиешінің еңбегі – нәтижелі жұмысымен көрінер».



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 13.11.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Статьи
Просмотров9
Номер материала ДБ-348558
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх