Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Баяндама: "Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану"

Баяндама: "Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:





Жоспары:


І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

1. Жаңа инновациялық технологиялар түрлері

2. Ойын технологиясы

3. Информатика сабағында ойын технологиясын қолдану

4. Интеллектуальды ойын элементтерін қолдану

5.Сыныптан тыс шаралар кезінде ойын технологиясын пайдалану

ІІІ.Қорытынды

«Еліміздің ертеңі бүгінгі

жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры

ұстаздардың қолында».

Н. Ә.Назарбаев

Кіріспе

Жоғарыдағы елбасымыздың айтқан сөзіне қарасақ, жаңа ХХІ ғасыр заман ағымына қарай ізденудің бірден бір жолы. Мектеп қабырғасындағы оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мән берілуі тиіс. «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала, ертеңгі азамат.

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негізгі өлшемдерінің бірі- оқушының өзіндік танымдық ойын ұйымдастыру, ал екіншісі оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу, ғылыми ізденіске жетелейді. Сондықтан мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру жөнінде сөз қозғағым келеді. [№3, 9 б]

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді деп жазылған.

Еліміздің - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әр ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше алған білімдерін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген. Сол үшін де оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан-жақты болуы керек. Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылықтары жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әр сабағы оқушының сезіміне, ынтасына әсер етуі керек. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушыларға білім негізін меңгертудің әдіс- тәсілдері сан-алуан.Оны таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Оқушының пәнге деген қызығушылығын артттыру- мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды зерттеушілікке баулу, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шешу,танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады.

Осыған байланысты іс-тәжірибемде мынадай қағидаларға сүйенемін:

  • оқушыларға сапалы білім бере отырып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;

  • оқушылармен жекелей, жұптық, топтық жұмыстар жүргізу;

  • оқушының компютерлік сауаттылығын жетілдіру;

  • оқушылардың шығармашылық ой-өрісін дамыту.

Олай болса, информатика пәнін оқытуда қазіргі заманғы жаңа технологияларды қолдана отырып, соның ішінде ойын технологияларын қолдану заман талабы және оқушы мен мұғалім арасындағы жақсы байланыс. Міне, оқушыларды білімдендіру және пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында - информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану жайында төмендегіше баяндаймын. [№6, 3 б]

Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік қасиетін қалыптастырып, оларды белсенді, әрі толыққанды өмірге және ақпаратттық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады.

1. Жаңа инновациялық технология түрлері.

Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой – өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жаңа технологияларды кеңінен қолданған дұрыс.

Жаңа ақпараттық технология құралдарын информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуальдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

Бүгінгі таңда жаңа инновациялық технологиялардың көптеген түрлері қолданысқа ие болуда:

  • Жобалау, саралап оқыту технологиясы

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы

  • Модуьдік, деңгейлеп оқыту технологиясы

  • Сатылай комплексті талдау технологиясы

  • Компьютерлік оқыту технологиясы

  • Ойын технологиясы

  • Білім берудегі интерактивтілік технологиясы және т.б.

Инновациялық технологияларды тиімді қолдану нәтижесінде төмендегі жетістектерге жетуге болады:

1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі

2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыру мүмкіндігі артады.

3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтап, оларды бақылауға мүмкіндік аласың.

4. Оқушылардың ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.

5. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық еркіндігі артады.

6. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

Жоғарыда аталған жаңа технологиялардың ішінде ойын технологиясының алар орны ерекше. Сабақтың бір кезеңінде осы технологияның элементтерін қолдану – өте тиімді әдіс. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері зерттелген. [ №3, 9 бет]

Ойын элементтерін білім беру үрдісінде қолданғанда төмендегідей әдістемелік талаптарға сүйенген жөн:

  • Ойынға кіріспес бұрын оның жүргізілу тәртібі мен шартын оқушыларға әбден түсіндіру;

  • Ойынға сыныптағы , топтағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету;

  • Ойын түрлерін тақырыптық бағдарламаға сай іріктеп алу;

  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, сын тұрғысынан ойлана білуіне жетелеу;

  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

  • Қарапайым ойыннан күрделі ойынға көшу;

  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет;

  • Белсенді қатысқан оқушыларды мақтап, мадақтау;

  • Үлгерімі төмен оқушыларға ақыл-кеңес беру.

2. Ойын технологиясы.

Ойын технологиясы дегеніміз – педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын- оқу үрдісіндегі оқытудың әр формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Ойын элементтерінің сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым, жеңіл құбылыс сияқты көрінгенімен, ол ұжымдық әрекет. Ойындардың қажеттілегін іріктеп ала білу- ұстаз шеберлігіне байланысты.

Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану қазіргі информатика пәнінде рөлі зор. Себебі біз оқушыларды сан қырынан дамыта білу үшін, ойын түрлерін қолдануымыз қажет.

Қазіргі кезде мемлекетіміздің алдында білімді де іскер, ғылымға қабілетті заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу мәселесі тұр. Яғни мемлекет, соның ішінде адамзат заманға сай білім мен білікті меңгеруі қажет. Осы орайда заман талабына сай ұрпақ тәрбиесін жүзеге асыру үшін жаңа дамыта оқыту технологиялары, соның ішінде ойын технологияларының маңызы зор. Еліміздің білім беру жүйесінің жаңарып, толыға түсуі заман талабынан туындап отыр. Жас ұрпақ – еліміздің тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті. Олар жан – жақты жетілген білімді әртүрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс жасай алатын шеберлік иесі болуға тиіс. Ұстаз кәсіби білімін үнемі жетілдіріп отыруы керек. Қазіргі таңда еліміз дарынды балалар тәрбиелеуде зор көңіл бөлініп отыр. Сондықтан оқыту мен дамытудың жаңа мазмұнын құруға, оның әдістемелік жүйесін іздестіру мәселелеріне мән берілуде. Балалардың интеллектуалды қабілеттерін анықтау және дамыту үрдісі орталықтың құрылымдық бөлімшелерінде әрбіреуінде бірегей білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асады. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда дамыта отырып оқыту технологиясының маңызы зор.
3. Информатика сабағында ойын технологиясын қолдану.

Оқушылардың тану қызметін жоғарылату мәселесі оқытудың тәжірбиесі теориясында әрдайым көкейкесті мәселе болды. Іздену жолдары арқылы оқытушылар (ұстаздар) әр түрлі оқыту әдістерін меңгеріп, іскерлік және дидактикалық ойындар мен жаңа технологияларды қолданып келеді. Педагогикалық ойын айқын қойылған мақсатпен, оған сәйкес педагогикалық нәтижесімен, оқу-танымдық бағытпен ерекшеленеді. Ойын арқылы оқыту – кәсіби қызметін, адамгершілік қарым-қатынастармен және жеке қиындықтармен сабақтас мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді. Оқу үрдісінде ойын технологияларын енгізу барысында құндылық бағыттар мен кәсіби қызметтің негіздері қалыптасып, әлеуметтік өзара әрекеттесу сәті іске қосылады. Ойын функциялары: үйлесімділік, болжамдылық, әлеуметтік түзету(коррекция).

Негізінен, ойын көпшілігіне 4 қасиет тән:

  • Оқушының таңдауы бойынша ғана қабылданатын, қызмет үрдісінің өзінен жақсы әсер алуға мүмкіндік беретін (нәтижеге байланысты емес) еркін дамытушы қызмет;

  • Қызықты фактілерді, қосымша ақпараттарды өз бетінше іздеуге бағытталған қызметтің белсенді, шығармашылық түрі;

  • Жарысу, бәсекелестік, жеңіске жету талабы мен нәтижені жақсартуға деген талпыныс, эмоционалды қызмет;

  • Ойын мазмұны мен оның барысының логикалық бірізділігін көрсететін ережелердің болуы.

Ойын негізіндегі оқу үрдісі құрылымын кезеңдер түрінде көрсетуге болады:

1. Проблемалық ахуал жасау;

2. Ойын барысы;

3. Ойын нәтижелерін қорытындылау.

Осылай, сабақтарда ойын технологияларын сауатты қолдану – арнайы білім мақсаттарынан басқа оқушылардың жеке тұлғалық, эмоционалдық, коммуникативтік мәселелерінің шешімін табуға, педагог пен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға ықпал етеді. Педагогикалық қызметте ойын технологияларын қолдану – құзыреттіліктер негіздерін қалыптастырудың жолдары. Ойын технологияларының сан алуандығынан бірінші кезекте кестеде көрсетілгендері қолдану қажет деп санаймын:

1 кесте

hello_html_m296ccbe7.gif

Информатика сабағында ойын ахуалын жасау үшін оқу материалын келесі түрде көрсетуге болады:

  • Мультимедиа презентациялары, интерактивті прораммалар;

  • Графикалық түрдегі демонстрациялық және үлестірме материалдар;

  • Бейне, аудио немесе мультипликациялық фрагменттер.

Оқушының алдында, экранда пайда болатын ертегідей қаһармандар, қиял-ғажайып қалалар, виртуальды кейіпкерлер оған ақпараттық құзыреттіліктің қалыптасу үрдістеріне белсене кіруге көмектеседі:

-берілген ақпараттың ішінен қойылған міндетті шешуге қажетті ақпаратты бөліп алу қабілеттілігі;

-графикалық түрде ұсынылған қарапайым ақпаратты мәтін ақпаратына айналдыру;

-берілген презентацияда ұсынылған мәліметтің жеткіліксіздігін көрсете отырып, сұрақтар қою.

Бүгінгі таңда көптеген компьютерлік мультимедиалық программалар, компьютерлік дидактикалық ойындар мен оларды құрудың тәсілдері бар. Мұндай ойындар оқу материалдардың есте сақталуы мен ұғынылуына жақсы ықпал етеді. Осындай түрлі ойындар оқушы қиялын ғана дамытпай, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Оқушы өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады. [№2, 17 б]

Ашық сабақ (бұл ашық сабақ 8 сыныпта ұйымдастырылған болатын).

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторы.Paint графикалық редакторында жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды Paint графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету.

Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Графикалық ақпаратпен жұмыс жасау туралы түсінік беру.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, слайд т.б


Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Сабақты бекіту

Ү. Сабақты қорытындылау

ҮІ. Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1. Дискеттерді пішімдеу дегеніміз не?2. Дискеттерді пішімдеу әрекеті қалай

орындалады?

3. Дискеттерді пішімдеудің неше жолы бар?4.Дискетке объектілерді көшіру әрекеттері

қалай орындалады?

5. Корзинаны қалай тазартамыз? 6. Қапшықтарды, файлдарды, таңбашаларды

қалай жоямыз? 7. Корзинадағы файлда алып тастау үшін қандай

пернені басу қажет?

ІІІ. Жаңа сабақ

Жалпы компьютер дегеніміз - график құруда және графикалық кескіндерді өңдеуде ең қолайлы және қуатты құрал болып табылады. Бұл баспа басылымдарын, жарнаманы, құжаттарды, хаттарды, т.б. безендіру үшін қажет.

Ал, енді Paint графикалық редактор әр түрлі графикалық кескіндерді салуға, оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл программаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады. Сонымен қатар басқа да көшірілген суреттерді мәтінге қоюға, сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

Paint графикалық редакторын іске қосу үшін мынадай командаларды орындаймыз:

hello_html_5164dce0.gifhello_html_m3190686f.gifhello_html_319b6f2e.gifПуск Все прграммы Стандартные Paint

Paint графикалық терезесінде мына элементтер орналасқан:

тақырып жолы;

меню жолы;

құрал – саймандар тақтасы;

түстер палитрасы;

сырғытпа;

сурет салу алаңы.

Сурет салу процесі мынадай негізгі кезеңдерден тұрады:

1. Құрал таңдап алу керек

2. Сызықтың қалыңдығын, кисть түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау

3. Кескіннің түсін таңдау

4. Фонның түсін таңдау

5. Сурет салуды бастаймыз

Paint графикалық редакторы құралдарын пайдаланамыз. 16 құрал бар.

Орындатпау командалары

Егер бір жұмыстарың ойдағыдай болмаса, соңғы үш әрекетті қашанда орындамауларыңа болады, ол үшін Орындатпау (Отменить) командасын пайдаланыңдар:

Правка – Отменить

Түзету/Өңдеу – Орындатпау/Болдырмау


Егер сендер бір әрекетті қате орындатпай алып тастасаңдар немесе алдыңғы әрекетті қайталау қажет болса, онда оны мына әрекетті орындау арқылы қайтарасыңдар:

hello_html_5b66b2b9.png









1-сурет. Орындатпау командасы

Правка – Повторить

Түзету/Өңдеу – Қайтару/Қайталау

ІҮ.Сабақты бекіту

«Бақытты сәт» ойыны 1-гейм

1. ДК жұмыс жасау үшін минимум құрылғыларын ата?

2. Графикалық редактордың терезесі неше элементтен тұрады?

3. Сохранить командасы қандай қызмет атқарады?

4. Открыть командасы қандай қызмет атқарады?

5. Надпись құралы қандай қызмет атқарады?

«Бақытты сәт» ойыны

hello_html_5d47132f.gif

«Бақытты сәт» ойыны 3-гейм

1. Үшбұрыш салу үшін қандай құрал қолданылады?

2. Қисық сызық салу үшін қандай құрал қолданылады?

3. Жасыру, үлкейту- кішірейту жабу батырмалары терезенің қандай жолында орналасқан?

4. Палитра не үшін қолданылады?

5. Ерекшелеу (выделение) құралының қызметі?

6. Прямоугольник (Тіктөртбұрыш) құралының қызметі?

4-гейм «Шығармашылық тапсырма» Paint редакторында сурет салу

Тақырыптар: «Біздің ауыл»

«Әрқашан бұлт төнбесін»

«Біздің мектеп»

5-гейм. Техникалық диктант

1 – топ: «Капитандар білімі». Техникалық диктант.

1. Компьютер алдында отырғанда ________ бен ____________________60-70 см болуы керек.

2. Көз шаршағанда _________________________ жасауға болады.

3. _________________ - бұл қоршаған орта туралы мәлімет.


2 – топ: «Капитандар білімі». Техникалық диктант

1. Нысан – бұл _____________________________________ құбылысы.

2. Ортақ белгілері _________________________________ деп аталады.

3. Ақпараттың әр түрлі болуына байланысты __________________________ де түрлі- түрлі болады.


3 – топ: «Капитандар білімі». Техникалық диктант

1. Ақпарат ______________________ сақталады.

2. Компьютердің жады __________________________ деп бөлінеді.

3. Иілгіш және қатты магниттік дискілер немесе лазерлік ______________ ақпаратты ____________________ үшін қолданылады.


Сергіту сәті

Ү.Қорытынды

Редакторды іске қосу жолдарын ата

Редактордың терезесінде нелер орналасқан?

Онда қандай жұмыстар атқарамыз?

Редактордың құралдарын ата

ҮІ.Үйге тапсырма

Paint графикалық редакторы

ҮІІ.Бағалау

4. Интеллектуальды ойын элементтерін қолдану.

Информатика пәнінде интеллектуалды ойын элементтерін қолдану барысында қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Қоғамды ақпараттандыру жағдайында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің алатын орыны зор екені белгілі. Қазіргі сабақ – бұл өзіндік көрсеткіштермен ерекшеленетін мұғалім мен оқушының біріккен қызметі. Осыған сүйене келе информатика пәнінде өзіндік ерекшелігіне қарай оқушылардың теориялық білімі және практикалық жұмыс істеу дағдыларын бөліп алуға болады. Теориялық білімді тексеру үшін ауызша сұрау, жазбаша бақылау, тестілеу сияқты дәстүрлі бақылау түрлерін, ал практикалық дағдыны бағалау үшін практикалық жұмысты қолдануға болады. Жалпы сабақта оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын ойын элементтерін пайдалану өте тиімді. Интеллектуалды ойын элементтерін информатика пәнінде қолдану арқылы қазіргі заман талабына сай ақпараттық мәдениеттілік пен компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша оқушылар өз білім деңгейін көтере алмайды.Әлемдік жаһандану мен ақпаратандыру дәуірінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім қабылдауына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оны қолдану . Мұғалімнің мақсаты сабақ беру кезінде ең озық оқыту тәсілдері мен дағыдыларын қалыптастыру жолдарын және оның тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу. Мұғалім сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды (компьютер, интерактивті тақтаны) қолдана отырып білім берсе, оқушылардың пәнге деген арта түсері анық. [Информатика негіздері №1, 37 б]

Жаңа технологияның ішіне ойын технологиясы кіріктірілген. Ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушыларды сапалы білім алуға бағыттаймыз. Информатиканы оқыту барысында оқушылардың білімін бақылау үшін осы дәстүрлі әдістермен қатар бақылаудың дәстүрден тыс түрлері, рефераттар, конкурстық жобалар, әртүрлі танымдық, интеллектуалдық ойындар, әр түрлі компьютерлік сайыстарда қолдануға болады.

Информатика пәні бойынша оқушылардың білімін бақылауға, жаңа білім беруге болатын пайдаланған ойындардан мысал келтірсем;

1. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай ойындардың бірі – «Құрылғының атын айт». Ойынның мақсаты- қажетті сөздерді дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұнда оқушылар компьютер құрылғыларының суреттерін көрсете отырып, құрылғы атын айтқызу немесе интерактивті тақтаға оқушыға жаздырту. Бұл ойын оқушыларды интерактивті тақтаны сауатты қолдануға, құрылғының атауын дұрыс тауып көрсетуге үйрету.

Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Кім жылдам?» ойынын өткізуге болады. 5-8 сыныптардағы «Ақпаратты кодтау», «Санау жүйелері» тақырыптарын қорытындылауда әртүрлі жағдаяттарды ойластырып, шифрлеу, дешифрлеу әдістерін қайталатуға болады. Ойын технологиясының элементтерін сабақта пайдалану оқушы бойындағы мыны қасиеттерді арттырады:

ойлау қабілетін, тіл байлығын дамытады,

өз бетімен жұмыс істеуге, өзара сыйластыққа үйретеді, зейіні қалыптасады,

байқампаздығы, сабаққа қызығушылығы артады,

тәртіптілікке, достық қарым-қатынасқа баулиды.

Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әр түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершіліккоммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуальдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. [ №3, 9 бет]

5.Сыныптан тыс шаралар кезінде ойын технологияларын пайдалану. Мұнда өзімнің оқушылармен бірлесе өткізген сыныптан тыс шаралардың бірнешеуін ұсынғым келеді. Интеллектуальды ойындарды ұйымдастыру кезінде ойын технолгиясының маңызы зор. Себебі, ойындардың өздері ойын технологиясымен біте қайнаса байланысқан.

1.ХХІ ғасыр көшбасшысы инттелектуальды ойыны (8 сынып оқушыларымен өткізілген)

Құрметті ұстаздар, оқушылар, зияткерлік ойыншылар! Бүгінгі физика-математика және информатика апталығына байланысты өткізілгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан,- дей келе ойынға қатысушыларды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.

Ойыншыларымызға өздерінің әділ бағаларын беретін әділқазыларымызды сайлап алайық. Әділқазылар: Есқұлова Ж, Махметова Г

Ал енді көптен күткен ойынымызға кезек бере отырып,ойыншыларымызға сәттілік тілейік.

Ойынның кезеңдерін таныстырып өтейін:

  • 1 кезең БӘЙГЕ

  • 2 кезең ПОЛИГЛОТ

  • 3 кезең ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК

  • 4 кезең ЖОРҒА Ойын шарты мынадай:

1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.

2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 балл беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 1 кезеңде балы аз бір оқушы келесі 2 кезеңге өте алмайды.

3 кезең «Ғажайып төрттікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. 2 кезеңде қалған 3 оқушыдан балы аз біреуі ойыннан шығады.

4 кезең «Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Ойынның шарты түсінікті, олай ойынға кезекті береміз.

1-кезең Бәйге.

1 кезең бойынша ұпай санын есептеу үшін, сөз кезегі әділқазыларымызға беріледі. Ұпайы аз 1 ойыншымызды ойынымыздан шығарып саламыз.

2-кезең «Полиглот».

Әділқазылар бағасын береді. Ойынымыздың шарты бойынша ұпай саны 1 оқушымыз ойыннан шығады.

Ең қиынын жарыстың,

Озып шыққын жарысып. Келесі кезең «Ғажайып төрттік».

(Слайд бойынша тапсырмаларға (сұрақтарға) жауап беріледі.) Оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі..

Бұл кезең аяқталды. Сөз кезегін әділқазыларға береміз, ұпайды есептеу бойынша

3 ойыншыдан ұпайлары аз 1 ойыншы ойыннан шығады.

Келесі кезең «Жорға».

«Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.

Құрметті ойыншылар бұл кезең мәресіне жетті. Ендігі кезекті ойынымызды қорытындылауы үшін әділқазыларға береміз. Қоытынды арқылы жеңімпазды марапаттау.

Жеңімпаздар І және ІІ орындарға ие болады. Ойынымыз аяқталды. Келесі апталықта жүздескеше достар!

2. 5 – 6 сыныптар үшін: «Не? Қайда? Қашан?» ойыны. Ойын үш кезеңнен тұрады.

1 – кезеңде ойынға қатысатын 6 баланы таңдап алу. Мұнда сұрақтарға нақты әрі тез жауап беретін балаларды таңдау керек. 2 – кезеңде сұрақтар логикалық есептер. 3 – кезең компьютерлік техника информатикаға байланысты сұрақтар қою.
3. «Даналық ағашы» ойыны. Оқушылар мәтінді жылдам әрі мұқият оқып шығуы керек. Оқыған мәтінге байланысты оқушылар сұрақтар құрастырып мұғалім алдындағы қорапшаға салуы керек. Мәтінді қайтадан мұқият оқып шығып қорапшадағы сұрақтарға кезектенсе жауап береді. Қалған оқушылар құрастырылған сұрақты және жауапты бағалайды. Мұғалім ең жақсы жауап пен ұтымды құрастырылған сұрақты анықтайды.
Осындай ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір - біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет
Сыныптан тыс шаралар оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызметін және пәнге деген қызығушылығын, ынталарын арттырады. Сонымен қоса білім сапасының артуына да көмегін тигізеді.




















Қорытынды

Қорытынды ретінде мінеки, жоғарыда баяндалып айтылған жағдайлардан түйіндегенім:

Ойын барысында оқушылар өзара пікір алмасады, оқу материалдарын жылдам және жақсырақ игереді, қиындықтарды бірге шешеді. Мұндай жағдайда, барлық балалар алға жылжиды, білімдері терең балалардың тежелмеуін, білімі төмен балалардың алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Әсіресе оқушылар әрбір жаңа тақырыптан кейін «Сен – маған, мен – саған» ойынын ойнағанды ұнатады. Бұл ойында оқушы өзі дайындап келген сұрағын жолдасына қояды, егер жолдасы дұрыс жауап бере алмаса жауабын өзі айтып, қосымша ұпай алады. 2. Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын, ақыл - ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы, тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда сабаққа ынталы қатысатын болды. Дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда ойынға қатыса отырып неғұрлым аз шаршайды, өз қызметінен жағымды эмоциялар алады.

«Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы»,- деп көрегендікпен әйгілі ағартушы А.Сухомлинский тұжырымдаған болатын. Сондықтан сабақ беру дегеніміз –әр тұрлі педагогикалық тәсілдер жиыны, тұрақты шығармашылық ізденіс деп ойлаймын.

Әрбір мұғалім өз жұмыс тәсілдері мен формасын, өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында еңбек етуі керек. Ағартушы Д.Пойаның мынадай қанатты сөздері бар: «Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын әдемілеп көрсете білуі керек».

Информатика пәнін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор. Сондықтан, ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шәкірттің шығары анық.




















Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Информатика негіздері журналы, №1, 2014

2. Информатика негіздері журналы, №3, 2014

3. Информатика негіздері журналы, №2, 2012

4. Информатика негіздері журналы, №3, 9 бет, 2014

5. Интернет материалдары

6. Информатика негіздері №6 – 2010 журнал

7. Информатика негіздері №2, 2014 жыл

8. Информатика негіздері №5 -2010 жыл

9.Информатика негіздері №1, 2014 жыл

10. Информатика 30 сабақ

11. Информатика оқулығы, 7 сынып
































Мұғалім туралы мәлімет.


Аты-жөні: Нұрниязова Айдана Отарбайқызы

Жұмыс орны: Ғ.Сланов атындағы орта мектеп

Қызметі: Информатика пәнінің мұғалімі

Мамандығы: Информатика және математика пәні мұғалімі

Ғылыми дәрежесі: жоқ

Санаты: жоқ

Құрметті атақтары: жоқ

































Информатика пәнінің мұғалімі

А.Нұрниязованың

«Информатика пәнін оқытуда

ойын технологияларын қолдану»

тақырыбындағы баяндамасына


Пікір


Нұрниязова Айдана 3 жылдан бері осы мектепте информатика пәнінен сабақ беріп келеді. Баяндамамен таныса келе, төмендегідей пікірге келдім.

Мұғалім ойын технологиясының маңызын, сабақ кезінде үнемі қолданыста болатынын, жаңа технологияның бір түрі екенін атап көрсеткен. Мұғалім сабағын тартымды, ұтымды, қызықты өткізу үшін ойын технологиясын пайдаланған.

Баяндама тақырыбы дұрыс таңдалып, толық жазылып, баяндамаға қойылатын талаптар сақталған. Баяндамадағы ашық сабақ тақырыбы сайыс түрінде ұйымдастырылуы, шапшаң ойлауға, тез қимыл әрекеттер жасауға байланысты ойын түрлері, сондай-ақ ойын технологиясының әдістерін пайдаланған. Сонымен қатар, өз тәжірбиесімен ұштастыра, көрсете білген.

Мұғалімнің жетістігі 2012 жылы мектепішілік «Жас мұғалім-2012» байқауында ІІІ орынға ие болып, жақсы жетістіктерге жетіп келеді және алдағы уақытта жетеді деген ойдамын.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие берудегі еңбек жолына шығармашылық табыс тілеймін.










Математика-информатика және

физика пәндері бірлестігінің мүшесі: Ж.Есқұлова







hello_html_65f81113.png

18



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 27.09.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров1343
Номер материала ДВ-013917
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх