Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Другие методич. материалы / Баяндама на тему "СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Баяндама на тему "СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ"

библиотека
материалов

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Алдашбай ахун ауылы

111 орта мектеп

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Күзекова Жайна Қуанышқызы

СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ – ОҚУШЫЛАРДЫ СЫНИ ОЙЛАУҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛ

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі ол да маңызды жағынан біріншіден еш кем емес. « Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді., алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесін басқару органдарының мұғалімдері тиісті ресурстармен қамтамасыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді.(Barber and Moursahad, 2007). Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім.( Strong Ward & Grant 2011)
Сындарлы оқыту теориясындағы жетістікке жетелейтін жеті модульдердің бірі «Cыни тұрғыдан ойлауға үйрету» басқа модульдермен де тығыз байланысты деп есептеймін. Оқушылар сабақта қалай оқу керектігін меңгереді, яғни метатаным пайда болады, өздері үдеріс барысында ой қорытады, нәтижеге жетуге ұмтылады. Мұғалім оқушыға қалай оқу керектігін үйретеді, ал бұрынғы дәстүрлі оқыту процесінде мұғалім білімді беруші болған болса, жаңа оқыту үдерісінде мұғалім бағыттаушы болып табылады. Сабақтағы басты тұлға, басты кейіпкер – оқушы болды. Оқушыны өз бетімен білім алуға, ол үшін ізденуге, терең ойлауға, зерттеуге дағдыларын қалыптастыру қажет екенін аңғара отырып, жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Менің әр сабағым диалогтан құрылады, себебі ағылшын тілі болғандықтан көбінесе оқушылардың ауызекі сөйлеуіне мән беремін. Топтық жұмыс арқылы «оқушы мен оқушы» арасында, «оқушы мен мұғалім» арасындағы диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын жарыса айтып, қызу пікірталас тудыра алды. Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар да сөйлеп кетті, олай дейтін себебім, мотивациясы төмен оқушылардың өзі тым болмағанда постермен жұмыс жасау барысында сөйлемесе де, сызбамен көмектескеніне көзім жетті.
Сабақтардың барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, соның ішінде ұтқырлық, сыңаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана сезім секілді ерекшеліктерге мән бере отырып сабақ барысында әрдайым оқушылардың белсенді болуға, дәлелдерді талдай алуға , мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегияларды қолдана алуына мүмкіндіктер мен жағдай жасауды қамтамасыз етуді мақсат тұттым. Осында қарастырылған стратегиялар оқушылардың бірін-бірі тыңдап, дәлелдерді талап етіп, тиянақты және нақты да жан-жақты болуға, ынымақтастықпен бір-бірін құрметтеуге үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалардың да сабаққа қызу араласуда. Жай уақытта олар өздерін бұлай көрсете қоймас еді. Сабақтарды ерекше, жаңа әдіс бағдарламасымен сабақ өтуім оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқараспен ойлауға мүмкіншілік туғызғандай. Бұл әрине қазіргі қоғам мен мектептің басты талабы. Осы талаптарды әрі қарай дамыту әрине әр мұғалімнің парызы. Оқушылар күнделікті сабақтан, бүгінгі сабақтардың айырмашылығы; топтық, жұптық және жеке жұмыстардың нәтижесінде өздігінен бағалау, өз ізденістерінің арқасында бұрын мұғалімнің түсіндіргенінен өз бетінше ізденуінің нәтижесінде көптеген өз білімдерінде өзгеріс болғандығын байқады.
Ағылшын тілінде өз ойын еркін жеткізу немесе диалог құру оңай емес соған қарамастан алғашқыда сабаққа толық араласа алмай отырса да, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауға берілген тапсырмаға қол жеткізу үшін топ ішінде талқылауға арналған ортақ сұрақтар бойынша жұмыс жасап, оқушылармен бірге ойланып, сол тапсырманы шешуге арналған ой-пікірлер айтып талқылады, бұл диалогтық оқыту оқушылардың өз ойын еркін жеткізуіне ықпал жасап, сабаққа қызығушылығымен қатар өз ойларын толық жеткізуге көп көмегін тигізді.
Оқушылар топта тапсырманы орындау кезінде бірінің сұрақтарына бірі жауап беріп, бірін-бірі оқытып жатқанын көрдім. Сонда байқағаным оқушылардың менің түсіндіргеннен гөрі өздерінің бірін-бірі оқытқан кезде ақпаратты тез қабылдайтыны. Бірте-бірте оқушылар арасындағы сенімсіздік, үрей сейіліп, сабаққа деген ынта-жігері ояна бастады. Әрине топтық жұмыс болған кезде оқушылардың барлығы қамтылып, біреуі сурет салса, біреуі тақырыпқа қатысты сөздерді тізбектесе, енді біреуі қорғауға дайындалып жатады. Бұл жерде бір-бірінің арасында ынтымақтастық орнап, лидерлер қасындағыларды да сөйлеуге тартып, бір-біріне жанашырлық пен көмектесе бастады. Мен мұндай нәтиже күтпеген едім, осыдан кейін мен оқушыларға көп еркіндік беріп оларға тек бақылаушы ретінде қарауым керек екеніне ой түйдім. Осыдан шығатын қорытынды сабақта нәтижеге жету үшін оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып, жауап алып, балалардың бір-біріне сұрақ қоя білуін және оған ұтымды жауап беруін қалыптастыру керек екендігіне көз жеткіздім.
Менің бір түйгенім оқушыларға қосымша тапсырманы берген сайын оқушылар әр қырынан көрініп, бір жағынан оларды ғылыми зерттеуге бағыттаудың бір сатысына көтерудің қадамы сияқты боп көрінді. Осындай тапсырмаларды беру кезеңінде-ақ еріксіз оқушылардың деңгейлері де анықталып жатты.
Алдағы уақытта бағдарлама идеясы жеті модуль кеңінен енгізілсе деп ойлаймын. Өзімде осы бағдарлама модульдерін жүйелі пайдалану, мені және оқушыларды үлкен жетістіктерге әкелері анық. Негізі модульдер өзара тығыз байланысты баяндама барысында да жаздым. Тығыз байланысты дейтін себебім, мысалы сыни тұрғыдан ойлауға үйретпесек, олар өз-өзін қалай бағалайды? Шульман айтқандай мұғалімнің үш көмекшісі бас, қол, жүрек демекші, егерде шын ниетімен мұғалім оқушыны марапаттап, қолдап жатса бала бәрін де сезеді. Ол да сізге солай қарым-қатынас жасайды екен. Мен өз тәжірибем де соны байқадым. Мен енді алдағы уақытта сабақта ата-анаға бағалау парақтарын шығарып, бағалау үдерісіне қатыстырсам деймін. Қандай ұстаз болса да оның бастапқы мақсаты алдындағы оқушыны алға жетелеу, ал бағдарлама бізге дайын жол салып беріп отыр. Біз енді сол жолмен жүрсек үлкен тәжірибелі, кәсіби ұстаз боларымыз және сыни тұрғыдан ойлап, алған білімін өмірінде де пайдалана алатын оқушы тәрбиелейтініміз анық.
Рефлексивті практик бола алдым ба?
Жоқ бола алмадым, әлі де жете меңгермеген тұстарымды дамыту керек екенін ескере отырып, алдағы уақытта, қолдана алмаған жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамын деп мақсат қойып отырмын. Оқытудың әр сатысында мұғалім мен оқушының іс – әрекеті бір-бірімен үйлесімін табу керек. Мұғалім оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе, ағылшын тілін оқыту барысында алдына қойған мақсатына жетіп, нәтижесі де жоғары болмақ.

Егер келешекте оқушыларды сыни тұрғыдан ойлайтын, өз ойларын дәлелдей отырып, басқалардың пікіріне тұжырым жасай алатын адам етіп оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдерді сабағымызға үнемі енгізуге дағдыланып, оларды жүйелі түрде жаттықтырып отыру керек.Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. Бұнымен айтқым келгені, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету үшін біз, жаңашыл мұғалімдер, оқытуда жаңа тәсілдерді сабақтарымызға енгізуіміз керек. Оқушы өз үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Басқаша айтсам, жеке бағдарланған оқыту шеңберінде, оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдауын жасауға қабілетті екенін мұғалім түсінеді. Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалдарын қосатын «көпірді салуға» негізделсе, онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс. Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады.

Егер келешекте оқушыларды сыни тұрғыдан ойлайтан, өз ойларын дәлелдей отырып, басқалардың пікіріне тұжырым жасай алатын адам етіп оқыту мен тәрбиелеу маңызды болса, онда оқыту ммен оқудағы жаңа тәсілдерді сабағымызға үнемі енгізуге дағдыланып, оларды  жүйелі түрде жаттықтырып отыру керек.

Қорыта айтқанда:

  • Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты болу керек.

  • Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәні болады.

  • Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін үлкен мәселелерді шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.

  • Оқушыларға болжам жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беру керек.

  • Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдардың көлемі шектеулі болуы керек.

  • Мұғалімдер оқушыларға рефлексияны ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап, талдауға көмектесуге тиіс.

  • Қолайлы оқу үшін адамдарға кері байланысты пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек.

Жұмысымды талдай отырып, өзіме жасаған тұжырымым: модульді игергенге дейінгі әрекеттерім:

  • оқушыларды үнемі қатаң бақылауда ұстадым;

  • тәжірибе мен білімді түсіндіріп жүрдім;

  • тұрақты білім негізінде оқыттым;

  • білім беру мен өмір сүрудің мақсатын дайын түрде қабылдаттым.

Модульді игергеннен кейінгі әрекеттерім:

  • бақылауға құтылуға икемдедім;

  • оқушының жекелей дамуын, жеке тұлғаның қалыптасуын, өзін өзі жетілдіруін көздедім;

  • сыни тұрғыдан, талдауға бейімдеу, логикалық ойлау негізінде оқытуға тырыстым;

  • өзінің жеке мақсаттарының қисының келтіруді және оларға жету жолдарын нақтылауды үйретуге тырыстым.

Келешекте үйрете жүріп, үйрену керектігін түсіндім.

Оқыту – бұл жекеленген құбылыс емес, дағды емес, ол оқушылардың оқу қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық шеберліктің негізін түсініп, өмір бойы өз-өзімді оқытудың қажеттігін мойындап, оның әдістерін таңдай алсам, табысты мұғалім бола алатынымды түсіндім.

Қазақ тілінің жаңа оқыту әдістері арқылы біз білім деңгейі, ой-өрісі дамыған, тіл арқылы өз ойын еркін жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелейміз.

Оқушылар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын қалыптастыра отырып, еркін қарым-қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыланады. Қазақ тілінде берілген кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады.

Әрбір оқыту әдісі белгілі бір мақсатқа жетудің құралы болып табылады. Тілді кіріктірілген бағдарлама арқылы оқытудың негізгі мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерте білу.

Заман ағымына сай біліммен қаруланған, ой өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман уақыт талабы. «Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе «Ең сынампаз» бөлігі болып табылады» - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Мұғалім білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет.

Қорыта келе, сындарлы оқыту -оқыту әдістемесінің жаңа талаптарға сай оқыту түрі.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негігі деңгей ) 2014 ж

2."Ағылшын тілі мектепте" журналы 2013\2014жж

3. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар








Автор
Дата добавления 11.05.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров564
Номер материала ДБ-076534
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх