Инфоурок Школьному психологу СтатьиБаяндама "Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінездің алдын алудағы мұғалімнің рөлі".

Баяндама "Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінездің алдын алудағы мұғалімнің рөлі".

Скачать материал

 

Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінездің алдын алудағы мұғалімнің рөлі.

 

    Бүгінгі таңда  бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде.

 «Суицид» дегеніміз не, және оған кімдер барады?»  деген сұрақты үнемі ата-аналардан, мұғалімдерден, кейде оқушылардан естуге болады. Бірақ егерде баланың, адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына мән бермей, назар аудармасақ оған бір қалыпты жауап беруге болар еді. Мысалы, тұрмыстық жағдайы қанағатсыз болса, немесе отбасының ішкі ахуалы жайсыз болса деп айтуға болар еді. Бірақ, қазіргі қоғамдағы өмірде әлеуметтік жағдай ең басты мәселе емес. Себебі «көңілі көк, тамағы тоқ» жасөспірімдерде өз өмірлерімен қош айтысып жатады.

Сол себептен бұл тақырыпта адамның, әсіресе жасөспірімнің көңіл-күйіне, ой-пікіріне, іс-әрекетіне назар аудару қажет.

Психотерапевтер суицидті (латынша «sui caedere») – ерікті және жоспарлы түрде жүретін, өліммен аяқталатын өзін — өзі зақымдау болып табылады, адам үшін өз өмірінің мәні жоғалады. Суицидальді әрекет дегеніміз–суицидальді активтіліктің, яғни суицидальді ой, ойын білдіру, суицид жасауға талпыну және қол жұмсау деп айтуға болады.

Өзіне қол жұмсаудың кез келген ішкі немесе сыртқы белсенділікті суицидті әрекет деп айтуға болады. Суицидальді әрекеттін ішкі белсенділігін уақытылы зерттеулер арқылы анықтаса, оны тоқтатуға мүмкіндік табылып, ішкі белсенділік сыртқы белсенділікке шықпайды.

Суицидальді синдром – бұл суицидальді әрекетке бел буған адамның қимыл – әрекеті мен мінез – құлқын көрсететін психологиялық симптомокомплекс. Суицидальды синдромның 2 түрі болады: 1. псевдосуицид (аффект жағдайында жасалады, ол кезде адам өзінің мәселелеріне  көңілін аударту мақсатында жасалады); 2. шынайы суицид дегеніміз — өмірден кетуді жіті жоспарлаған мақсат, (жақын–туыстары мен дос–жарандарының және өзгелердің ой–пікірлерін ескермей, олардың қайғы–мұңымен жұмысы болмайды).

                           

                                 Суицидальді қауіп факторлары

 

Тумысынан - тұқым қуалау, психикалық және жүйке психикалық

                     аурулар;               

                    ауыр эндогенді ауралар;

                    Жақын туыстарының  арасындағы суицид.      

Жеке психологиялық- жоғары деңгейдегі қобалжу, агрессия,

                                   эмоционалды тұрақсыздық, депрессия, өзін—өзі

                                 бағалауы адекватті емес,  

                                 өз қабілетімен және келбетімен қанағаттанбау,

                                 жасерекшеліктерінің дағдарысын ауыр қабылдау,

                                  бейімделу қиындықтары, акцентуациялық мінез-

                                құлық, өмірінде мақсаттың жоқтығы

Жүре пайда болған – отбасында: деструктивті тәрбиелеу,

                              нашақорлық, ішімдік, құқықбұзушылық, толық

                              емес отбасы, жақын  адамның өлімі, отбасындағы

                              жайсыз ахуал.

                              Мектепте: оқудағы сәтсіздіктер, мұғалімдермен,

                              сынып етекшімен, сыныптастарымен, мектеп

                              әкімшілігімен конфликті жағдайлар,

                              айналасындағылардың күткен нәтижесінен

                              үрейлену, оқу-тәрбие процесіндегі қателіктер.

                              Қарым-қатынас саласында: жауапсыз махаббат,

                              әлеуметтік бейімделудін қиындықтары, қарым-

                              қатынас дағдыларының   қалыптаспауы,

                              басқалардың ықпалына көну, еліктеу, мазақ ету,

                              дөрекі сөйлеу.

                              Бос уақыттың ұйымдастырылуы: әдеби,  

                               музыкалық,  философиялық қызығушылықтар,  

                              діни идеологиялық секталар,   БАҚ, кумирлеріне

                              еліктеу,бірқалыпты қызықсыз өмір,

                              қызығушылықтар мен хоббидің жоқтығы, өлімге  

                              қызығушылық.

Суицидтің жалпы себебі - психикалық зақым келтіретін, стрестік жағдайлардың әсерінен пайда болатын психоәлеуметтік дезадаптация және тұлғаның айналасындағылармен қарым-қатынасының бұзылуының салдары болып табылады. Бірақта, жасөспірімдерде бұл жалпы бұзылу емес, тек ғана туған-туыстарымен, отбасымен қарым-қатынастың әлсіреуі.

 Егер де әлеуметтену процессінде жасөспірімнің қажеттіліктері қанағаттандырылса, ол әлеуметтік ортада тез бейімделеді. Бұл жасөспірімнің «құндылықтар» категориясына бағынышты. Жасөспірімнің қабылдаған құндылықтарында оның әрекеті мен позициясының мазмұнды сипатты көрсетілген, сонымен қатар оның жеке тұлғалық сипатында өзі туралы және өзінің әлеуметтік ортада белсенді әрекетінің мүмкіндіктеріне байланысты.

Австриялық атақты психиатр Виктор Франкл: «Құндылықтар білім сияқты берілмейді. Құндылықтарды үйренуге болмайды, оларды өз бойынан өткізу қажет»- деп айтқан еді. Өз таңдауын бағыттау, қабылданған шешімнің маңыздылығы, басқа адамдармен қарым-қатынасқа сай  әрекет жасау, тұлғаның әлуеметтік позициясының таңдауымен анықталатын нақты құндылықты өз бойын өткізу қажет.  Қазіргі таңдағы жасөспірім арасындағы суицидтің алдын алу формаларының  ішінен оқушыларда төменде көрсетілген ұғымдарды қалыптастыру маңыздылығы ерекше көрсетілген: «адам өмірінің құндылығы», «өмірдің мақсаты мен мәні» және сонымен қатар, өмірде болып жатқан қиын сәттерде жеке тұлғалық психологиялық қорғау әдістері.

Құндылықтарға бағыттау өте маңызды, себебі құндылықтар сыртқы түрткі  және стимул болып табылады. Сонымен қатар, құндылықтар тұлға өзінің тәртібі мен іс-әрекетін салыстыратын критерий болып есептеледі.

Оқушылардың өмірлік мақсаты қалыптасқаны және тұлғаның әлеуметтік бейімделу қасиеттері оқушының қорғаушылық механизмдерінің жоғарлауына ықпал етеді, суицидтік әрекетті қоздыратын механизмдерді әлсіретеді. Оқушының өмірлік мақсатының, құндылықтарының қалыптаспауы, тұлғалық рухани дағдарыстары девиантты мінез-қлықтын себебі болып есептеледі. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, өмірлік көзқарасының қалыптасуы 24-30 жасында аяқталады, сол себептен жасөспірім және бойжеткен-бозбалалық шақтағы психологиялық жаңашылдықтың қалыптасуына тренинг элементтерімен ұйымдастырылған мақсаттылыққа бағытталған жұмыс түрі өз септігін тигізеді.                   

    Әр адамның өмірінің қиылуы өзінен-өзі трагедия. Адам өзін жер бетіндегі ең керемет жаратылыспын деп есептейді. Бұл таңғажайып емес, себебі махаббат, реніш пен налу, кек алу, жүрекке жылы қабылдау сезімдері -  адамға тән қасиеттер. Жер бетіндегі адамнан басқа бірде-бір тірі жан өз еркімен өз өмірін құрбан етпейді. Ендеше, өзін-өзі құрбан ету - адамзат жаратылысынан болып келе жатқан жағдай.   

   Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.

Балалық шақ – 12 жасқа дейін;

Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;

Жастар арасы - 17-29 жас;

Ересектер арасы – 30-35 жас;

Қарттық кезең – 55-70 жас.

   Ғалымдардың  зерттеуіне  сүйенсек  5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%,  ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен, мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында, әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.

   Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.

     5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін- өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған.Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды.Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгойсттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен балалармен жас өспірімдердің социолизация деңгейімен қоғамда алатын орнына байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді.Өзін-өзі өлтіру оның ішкі қақтығыстарын өткізу жағдайларындағы әлеуметтік психология дезадаптация салдары деп Бачериков қарастырады. Суицидогенді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне, интелектісі және мінез- құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол субъектіні ауыр уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың шешілмеуіне байланысты адамдар өз- өздеріне қол жұмсауы мүмкін.А.Г. Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балалармен жасөспірімдерді зерттей келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы балалар арасында (13-16) - 51%, пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8% кездеседі. Суицидке барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез- құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизофрениямен ауыратын балалар құрайды деген.А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды.Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е. Личко мен А.А. Александров 14-18 жастағы жас өспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында және ол балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына байланысты жиі кездеседі деген тұжырымдарға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде балалар арасында кездесетін суицид ол демонсративті әрекет түрінде болады.

    Шынайы суицидальді мінез- құлық деп тұлғаға деген шынайы немесе қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін-өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады. Бұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез- құлық көбінесе бала кезден пайда болады.                           

           Білім мекемесі – жасөспірімдердің күнделікті уақытының 1/ 3 өткізетін орны, сол себептен суицидтің алдын алу  бағдарламасының іске асыру үшін ең тиімді орта болып табылады. Мүмкін біреулер ойлайтын шығар: «бұл балаларға арнайы маманның көмегі қажет» - деп. Олар дұрыс айтады. Егер олардың ойынша: мұғалімдерді суициденттермен жұмыс жасаумен жүктеу – оларды қиын жағдайға қалдыру деп танылса, олда шындық. Сол себептен мұғалімге көмек көрсету қажет, оған тиісті және тиімді ақпарат, білім беру қажет. Мұғалім жасөспіріммен қандай жұмыстар атқару қажет деген сұрақтар туындайды. Ең бастысы бұл бағдарламада мұғалімнің рөлі ол: суицидке жақын оқушыларды анықтауға көмек көрсету және алғашқы алдын алу жұмыстарын атқару.

           Суицидке бейім оқушыларды анықтауда мұғалімнің рөлі маңызды. Мұғалім оқушымен жиі қарым-қатынаста болады, сол себептен ол оқушыда болып жатқан проблемалық жағдайларды байқауы мүмкін. Мысалы: апатия, агрессивті мінез, әрекет, шиеленіс, тұйықтану, әдеттен жоғары белсенділік, мұнаю, көніл-күйдін бұзылуы, тіпті кейбір кезде отбасында болып жатқан өзгерістерді де байқап қалуы, немесе тікелей хабардар болады. Мұғалім бұл өзгерістер жайлы дәрігерді, ата-ананы, мектеп әкімшілігін хабардар ете алады, осы адамдардың назарын сол жасөспірімге аударуы мүмкін.ал жасөспірімге оның жағдайын көріп, онымен әңгімелесіп оған білікті мамандардың көмегіне (психолог, психотерапевт, дәрігерлер) жүгінуге ұсыныс бере алады.

                  Мұғалімнің осындай жұмыстарды атқаруы өз нәтижесін береді.

Мұғалім күйзелісте, дағдарыста жүрген жасөспірімге, оқушыға өз мейірімі мен түсіністігін, жаңашырлығын көрсете білу қажет.

                   Мұғалімнің бұл әрекеті тиімді болу үшін оған жасөспірімдер арасындағы суицидтік әрекетке итермелейтін факторларды үйрету қажет. Бұл тақырып бойынша білімін жетілдіру қажет. Сол себептен мектеп мұғалімдерімен мектеп психологтары тығыз байланыста болу керек.

                   Сонымен:

Жағдаятты белгілер:

·       жақын адамның өлімі;

·       үдемелі әлеуметтік оқшаулау, отбасынан, достарынан (жаңа мекен-жайға көшу);

·       сексуалды зорлық-зомбылық;

·       қаламаған жүктілік;

·       «өз бейнесін жоғалту» (ұятқа қалу, қорлау);

Мінез-құлық белгілері:

·     нашақорлық және алкогольді тәуелділік;

·     үйден кету;

·     мінез-құлық белсенділігінің күрт төмендеуі;

·     әдеттерінің өзгеруі, мысалы, жеке гигиеналық ережелерін сақтамау);

·     өлім және суицид төңірегіндегі тақырыптар жөнінде әңгімелесу артықшылығы;

·     мұңды, қайғылы әуендер тыңдау;

·     «өз істерін ретке келтіру» (жеке заттарын тарату, туған-туыстарына, достарына хат жазу, конфликті жағдайларды реттеу);

Эмоционалды белгілер:

·     өлімге тәсілдер іздеу және өмір сүрі құштарлығы бір мезгілде;

·     депрессивті көңіл-күй, өз өміріне немқұрайлық;

·     үмісіздік, дәрменсіздік, шарасыздық;

·     қайғығаны уайымдау;

Коммуникативті белгілер:

·     суицидтік ниет туралы тура және жанама хабарламалар («өлгім келеді» - тура хабарлама, «жақында бәрі аяқталады»-жанама хабарлама). Өлуге ниет, мәнсіз өмір жөнінде әзілдер,  ирониялық пікірлерде жанама хабарламаларға жатады.

 

Потенциалды суицид кезіңде көмек

Суицидалды қауіпті анықтау, суицидентпен оның ниеті жөнінде әңгімелесу – ол алғашқы көмек болып табылады.

Тыңдаңыз. Жалпылай типті сөздермен жұбатуғы тырыспаңыз. Мысалы, «Бәрі сен ойлағандай жаман емес», «Бәрі жақсы болады», «Оны істеудің қажеті жоқ». Балаға өз мұның айтуға мүмкіндік беру маңызды.

Талқылаңыз. Жоспар мен мәселені ашық талқылау қобалжуды төмендетеді. Өз-өзіне қол жұмсау тақырыбына табу қойылғандықтан, бала өзің қоғамнан шектетілген күйде болады, бұл жағдай қауіпті суицидтік жағдайдын маңызды ерекшеліктерінің бірі. Сол себептен суицид жөнінде сұрақтар қою маңызды.

Жанама көрсеткіштерді үнемі назарда ұстау қажет. Әрбір өлім жөнінде қалжынды немесе қауіпті шындап қабылдау қажет. Оны шың көретіңізді айту қажет. Бірігіп әрекет жасаудын шешімін қарастырып, табыңыз.

Қызығушылық танытыңыз, бірақ бағаламаңыз, көндіруге тырыспаңыз.

Әрбір адам өмір сүруге құқылы. Олай болса неге арамызда өз өлімінен бұрын өмірден озатын адамдар кездеседі? Қиыншылыққа төзбей өмірден өте салу оңай. Бірақ, осының артында қаншама қайғы-қасірет, мұң бар десеңізші! Сондықтан да мұндай нәрседен аулақ болайық !

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Баяндама

Тақырып:

 

«Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінездің алдын алудағы мұғалімнің рөлі»

 

 

 

 

Дайындаған: Мазанова София Рахновна

С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп психологі

 

 

 

 

 

 

 

Павлодар қаласы

2017 жыл.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Баяндама "Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінездің алдын алудағы мұғалімнің рөлі"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бүгінгі таңда бүкіл әлемді елеңдетіп, қоғам дертіне айналып отырған суицид мәселесі, қоғамда болып жатқан өзгерістер мен сан түрлі қиындықтар бала психологиясына кері әсер етуде.

«Суицид» дегеніміз не, және оған кімдер барады?» деген сұрақты үнемі ата-аналардан, мұғалімдерден, кейде оқушылардан естуге болады. Бірақ егерде баланың, адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына мән бермей, назар аудармасақ оған бір қалыпты жауап беруге болар еді. Мысалы, тұрмыстық жағдайы қанағатсыз болса, немесе отбасының ішкі ахуалы жайсыз болса деп айтуға болар еді. Бірақ, қазіргі қоғамдағы өмірде әлеуметтік жағдай ең басты мәселе емес. Себебі «көңілі көк, тамағы тоқ» жасөспірімдерде өз өмірлерімен қош айтысып жатады.

Сол себептен бұл тақырыпта адамның, әсіресе жасөспірімнің көңіл-күйіне, ой-пікіріне, іс-әрекетіне назар аудару қажет.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 652 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2018 7672
    • DOCX 74 кбайт
    • 173 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мазанова София Рахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мазанова София Рахановна
    Мазанова София Рахановна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 46635
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Детская и подростковая депрессия: пути и способы преодоления

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 190 человек

Курс повышения квалификации

Эмоциональный интеллект в детско-родительских отношениях

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Курс повышения квалификации

Основы конфликтологии: конфликты, их разрешение и профилактика

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 148 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 204 человека

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые инструменты и безопасность в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Постановка базовых звуков раннего онтогенеза

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе