Инфоурок Классному руководителю СтатьиБілім беру жүйесіндегі жастарға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары

Білім беру жүйесіндегі жастарға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары

Скачать материал

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАСТАРҒА  ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

Жургенбаева Жанар Қазанқаповна

 

          Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық, саяси –идеологиялық  даму барысында азаматтарға патриоттық тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағытттарының бірі болып отыр. Оның дәлелі  Қазақстан Республикасының  президенті   Н.Ә. Назарбаевтың бүкіл мемлекетімізді, бүкіл қазақстандықтарды өмірдің барлық салаларында нақты нәтижеге қол жеткізіп, әл-ауқатымыздың әр уақытта жақсаруына өз үлесін қосып жатыр. Бүгін Қазақстан – геосаяси маңызы зор, жетістіктері мен талпыныстарын әлем таныған, қалыптасқан мемлекет. Ең бастысы, біздің еліміз дамудағы болашағы мен әлеуеті мол және әлемдік беделге ие. 2012 жылдың Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі ең елеулі оқиғалардың бірі желтоқсанның 14 жұлдызында жарияланған Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы:  қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы болып табылады. Аталған тарихи құжат терең мазмұнға және сындарлы сипатқа ие. Яғни Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігінің негізгі нәтижелері қорытындыланып, ұзақ мерзімге республика дамуының басымды бағыттары айқындалды. Мұндай мазмұндағы талап міндеттер бүгінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Қоғамның даму тарихында түрлі кезеңдерде патриотизм, қазақ патриотизмі, советтік патриотизм, елжандылық, ұлтжандылық, отанжандылық, қазақстандық патриотизм т.б. ұғымдардағы айтылған тұжырымды ойлар бұл проблеманың тамыры тереңде екендігін көрсетеді. Демек, бұл айтылған ұғымдар мағынасы кең болып табылады. Сондай – ақ «Елжандылық» анықтамасы да кездеседі, яғни «еліне, халқына адал қызмет ету, бауырларына қамқор болу, т.б.» деген ұғым ретінде түсінгеніміз жөн. Ал, Ұлтжандылық – адамзаттық мұралары мен де шендесіп жатады.

      Елдің бағдары айшықталған «Қазақстан-2050» Стратегиясының саяси топтамасындағы бағыттарда басым көпшілігі өте өзекті және қоғам мен мемлекет үшін қажетті болып келеді. Әсіресе, елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылықты, қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудегі саяси-құқықтық механизмдерді күшейтуге бағытталғаны көрсетіп отыр. Елбасы Жолдауында біздің қоғамымыздың табысының негізі – жаңа қазақстандық патриотизм екендігі айтылды. Бұл ретте ел алдында тұрған басты мақсат қарапайым және түсінікті: біз ел тәуелсіздігі мен қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз. Сондықтан ең алдымен жастарымыздың бойында елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялататын жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуге, жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуға, этностық немесе басқа да белгілер бойынша  кемсітуге жол бермеуге бағытталады. Олай болса, жастарға патриоттық тәрбие беру – әрбір мемлекеттің қоғамдық мәні зор проблемасына айналып отыр. Оның негізі халықтың патриоттық сезіміне, санасына байланысты. Жоғары патриоттық сезімдер – ұлттық намыс, өз ұлтының жетістіктерін бағалау, отан қорғауға әрқашан дайын болу, ерлік дәстүрлерін қадір тұту. Ал, төменгі патриоттық сезімдерге – өзінің бойында ұлттық намысы жоқ, өз ұлтының жетістіктеріне қарсы болу, құлдық сезім т.б. жатады. Мұндай төменгі патриоттық сезімдердің ішіндегі құлдық сезім өте қауіптісі деп аталады. Себебі, отарланған елдердің қоғамында жиі кездеседі. Мысалы, Африка халықтары, Латын Америкасындағы тайпалар т.б. айтуға болады.  Болашақта ондай этностардың жойылып кету қаупі бар.

Қазақ елінің  ғасырлар бойы қалыптасқан елінсүйгіштік тәлім-тәрбие дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі патриот тұлғаны тәрбиелеуде оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды  қолдану – уақыт талабы. Патриоттық тәрбиенің негізі, қазақ патриотизмі ерте кезден бері қалыптасты. Себебі сонау сақ дәуірінен Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде туған жер үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына- Отанымызды, «қазақ» атауын біздерге мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында хатқа «қазақ патриотизмі» деп жазылмаса да, ауызекі түрде кейде жыр, өлеңмен тараған патриоттық өсиеттердің негізінде бізге жеткен.

Демек, қазақ патриотизмі – рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата – бабаларымыздың  қаһармандық, батырлық, отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру идеалдарының жиынтығы деп айтуымызға болады. Осы анықтама негізінде, біз: «Қазақстандық патриотизм – Қазақстанды отаным деп сезініп, басқа этностардың қазақ халқына құрметпен қарауын, әр этностың  құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін және оны қорғауға дайын болу» - деп дәйектейміз.

      Ел ішіндегі бейбіт өмірге іріткі салуға бағытталған топтардың соңғы уақытта халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар мәселесі пайда болды. Бізде сенім бостандығы бар, бірақ соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлдем жат. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек. Сондықтан біз әлеуметтік, этностық және діни шиеленістердің алдын-алу, дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдардың іс-әрекетіне тыйым салатын іс-шаралар жоспарын жасауымыз керек. Яғни иманды ел – берік ел қағидасын нық ұстауымыз керек. Тарихты парақтасақ қазақ жерін мекендеген ұлы түркілердің ардақтайтын моральдық құндылықтарының ішінде патриоттық рух, патриоттық қасиет жетекші орын алды. Бумын Қағанның баласы Мегенің жат жұртқа бір уыс топырақты беруге болмайтыны туралы: «Топырақ - халықтың негізі, оны беруге болмайды, топырақ жат жұртқа берілсе, халқымыздан айырыламыз!» - деген түркілердің патриоттық өсиеті бүгінде өз маңызын жойған жоқ.

Қасиет деген  сөздің өзі қазақ халқында кездесетін киелі ұғым. Мұнымен байланысты «қастерлеу», «қасиетті жер», «қасиетті сөз», т.б. сөздер қолданыста бар. Мысалы, Атамекенді қастерлеу, салт-дәстүрді қастерлеу т.б. айтылады. Ал қасиетті жерлерге тылсым күшке ие, аруақ қонған, табиғаты таза жерлерді айтады. Яғни Түркістан, Бекет ата т.б. орындар халықтың таным-түсінігінде ерекше маңызға ие. Сонымен қатар хандар мен билер, батырлардың ел бірлігі мен тәуелсіздігі үшін айтылған өнегелі, дуалы сөздерін қасиетті сөздер дейді. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «Қасиет – адам бойындағы жақсылық, адамгершілік, ар-абырой, қадір», - деп түсінік берілген  [2, 45].

 Қазақ халқына тән жақсы қасиеттерді профессор А.Тайжанов: «кеңпейілдігіміз, аршылдығымыз, намысшылдығымыз, бәсекешілдігіміз, жаңаруға, жаңа ортаға құмарлығымыз, тәуекелшілдігіміз, т.б.», - деп көрсетсе, ғалым Ғ.Телібаев «таптық көзқарастан туған әлеуметтік-жікшілдік психология, жалтақтық, дінге деген жалаң көзқарас, тілдің шұбарлануы, маргиналдық психологияның дамуы, т.б.» жаман қасиеттерді КСРО жүйесіндегі «социализм» дәуірінің таңбасы ретінде қарастырады. [3, 6; 4, 20-21].

 Демек қасиет адамның өмір сүру барысында қоғамдық факторлар негізінде тәрбие арқылы қалыптасады. Олай болса батырлардың қаһармандық бейнесіндегі  отансүйгіштік қасиеттерді кең мағынасындағы ұғым деп айтуымызға болады.

Сондай-ақ дүние жүзі халықтарында өз елін, жерін, Отанын сүюге бағытталған саяси-идеологиялық талаптар-міндеттерінен де мысал келтіруге тура келеді. Мысалы, Голландықтар өз еліне келген туристердің аяқ-киімдерінен топырақтарын қағып алып қалады екен. Яғни жат елге топырағында беруге болмайды деп түсіндіріледі.

Ағылшын ағартушысы Д.Локк өзінің педагогикалық ойларында өз заманындағы джентельмендер тәрбиесін насихаттай отырып: «Ол үшін бүкіл жақсы қасиеттер бойынан табылуы қажет. Әрине ақылды, білімді, дене бітімі дұрыс және өз Отанын қорғай білетін азамат - джентельмен болуы тиіс», - деп көрсетеді.

Сонымен қатар қытай халқында: «қытайдың баласы қай жерді аяғымен басса, сол - қытай елі», -  деп түсінік беріледі.

Неміс патриотизмінің он өсиетінде «ұсақ-түйек шығын шығарғанда да Отаныңның және ел азаматтарының мүдделерімен есептесу, шетелдің  тауарын сатып алғанда, өз еліңе  зиян келтіретініңді ұмытпау, сенің ақшаңның тек неміс саудагерлері мен жұмысшыларына пайда әкелуін ойлау, шет елден келген машина мен құрал-саймандарды қолданып, неміс жерін, неміс шаңырағын, неміс шеберханасын қорламау, дастарханға шет елдің етін, майын, т.б. қоймау, себебі ол неміс ет өндірісі мен отандық мал шаруашылығына зиян келтіретінін ойлау, әр уақытта неміс қағазына, неміс сиясына малып, неміс қағазымен жазып, неміс сорғышымен сорғызу, неміс игілігіне тек немістің ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайтынын білу, тек қана неміс матасынан тігілген сырт киім мен неміс қолынан шыққан бас киімдерді кию, егер сен неміс кофесін ішкің келмесе, Германияның отар елдерінен әкелінген кофені ішу және балаларың мен әйеліңе де отар елінің какаосын ішкізіп, шоколадын жеуге әмір ету, еш уақытта шет елдің тауарына қызықпау және Германия азаматының керегін тек Германия шығара алатынын  есіңде берік сақтау» туралы баса айтылады. Демек, жоғарыда айтылған неміс-герман патриотизімінің он өсиетінің біздің қазақстандықтар үшін де қажетті тұстары байқалып отыр, яғни отандық тауар өндіруге септігін тигізетін мемлекеттік деңгейдегі осындай ұлттық негіздегі ереже, өсиеттердің маңызы зор деп түсінген жөн.

       Ал қазіргі таңда қазақ тілі – біздің рухани байлығымыз. Сондықтан мемлекеттік тілді Жолдауда атап көрсетілгеносы міндеттерге орай, әліпбиімізді латын қарпіне  көшіру дайындығына кірісуді пәрменді жүзеге асыру қажет. Сонымен қатар, қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруды одан әрі жалғасын табады. Шетел тілін енген сөздерді қазақ тіліне аудару жөніндегі терминдік комиссия құрып, жаңа бағыттағы сөздік құорын нығайту қажет. «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағытын  жүзеге асыруда бізге – қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Тағылымы мол тарихымыз бен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта. Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. Сын сағатта туған елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың тамырында бар. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де батыр бабаларымыздың бостандық жолында төгілген қаны деп білеміз. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан – 2050» стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бүгінгі жастардың азат ойлары мен кемел білімдері – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күші болып табылады. Әлемде «Азия барыстары» деген атпен танылған Азия елдерінің табысын ерекше атап отырып, ел Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның өзіндегі бүкіл мүмкіндіктері мен сондай қатарға қол жеткізбей қалуына себептер бар ма?» деген сауал қойды. Оған себептердің жоқ екенін, 2030 жылға қарай Қазақстан республикасы «Орталық Азия барысына» айналуына негіз жеткілікті екенін, басқа дамушы елдер үшін үлгі болуға мүмкіндік бар екенін» айтып, орындалатынына сенімділігін білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстанның XXI ғасырдағы миссиясы дәл осылай болуы керек деп санады.

        Қазақстан экономикалық өсу қарқыны жөнінен «Азия барыстарын» қуып жетті. Тарихи қысқа мерзімде ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) жан басына шаққанда 700 АҚШ дол­ларынан 12 мың долларға дейін өсті. Мұндай даму қарқыны мен күн­көрісті қамтамасыз ету көрсеткішінің жақсаруы әлемдік экономикада бұрын-соңды ешқашан, еш жерде кездеспеген еді. Тіпті «Азия барыстары» – Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне мұндай көрсеткішке қол жеткізу үшін елу жыл керек болатын.

Еліміздің болашағын 2050 жылға дейін өркендетудің жан-жақты жолдарын қамтыған бағдарлама жеті бағыттан тұрады. Олар: экономикалық саясат, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік қамтамасыз ету, білімді өркендетіп, мемлекеттілік пен демократияны дамыту және сыртқы саясат пен қауіпсіздікті нығайтып, елдегі патриотизмді күшейту болып табылады. Оның ішінде төртінші бағыт, білім саласының қызметкерлері, біздер үшін өте маңызды болып табылады. Ол – жоғары білімді ұлт қалыптастыру қажеттігі. Бұл бағыт білім беру саласында еңбек етіп жүрген ұстаздарға жаңа міндеттер жүктейді. Оқыту әдістемелерін жаңғырту, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиістігі заман талабы. Жаңа заман талабына сай  пәндерді өзгерту, ескірген немесе сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, сонымен бірге, сұраныс көп және болашағы бар бағыттарды күшейту мәселесін шешу деп Жолдауда айрықша атап өтілген. Осыдан барып жетінші міндет қазақстандық патриотизмді нығайту міндеті туындайды. «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде  өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс» деп Елбасы ерекше атап өтті. Біз еліміздің болашағын сенімді жастардың қолына тапсыруымыз тиіс, сондықтан да  тәрбие біліммен қатар жүруі тиіс. Сонау Күлтегін заманынан қалған «Халқы бегіне, бегі халқына сенген ел ұзақ жасайды» деген өсиет өзектілігін ешқашан жойған емес. Сенім – сын сағаттағы серігі екенін нық ұғынған халқымыз, ең бас­тысы, кемел келешекке деген сеніміне көлеңке түсірген жоқ. Соның арқасында қиындық атаулыны қайыспай көтерді, белестерді бірге бағындырып, асулардан бірге асты. Қысталаң уақыт, қиын кезеңнің бәрінде дұрыс шешім қабылдап, тура жол таба білді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ең қиын-қыстау күндерде бірлігінен танбай, бар қиыншылыққа төтеп берді, қисайған жүгін түзеді, тұманды жерден жол тапты, күмәнді жерден жөн тапты. Елі дүйім дүниеге танылды, Елбасы күллі әлемге сыйлы болды. Бұл – шын мәнінде тәу етер құндылығымыз –Тәуелсіздігіміздің жемісі, тәуелсіз елді өз қолымен құрған Елбасының жеңісі деп білеміз.

Бүгінгі қазақ патриотизмі туралы айтар болсақ, ол мынадай принциптерге сүйенуі тиіс:

- өз ұлтын, ана тілін, мұсылман дінін, туған жерін жанындай сүйетін, қорғай білетін;

- өз ұлтын әлемге танытатын;

- өз халқына деген отансүйгіштігі, бауырмалдығы жоғары;

- отандық өнімдерді, ұлттық тағамдарды әрқашан тұтынатын;

- өз елінің салт-дәстүрлерін қастерлейтін және үнемі насихаттайтын;

- өз елінің  патриоттық тақырыптағы әндерін тыңдайтын;

- мемлекеттік рәміздерді қасиет тұтатын және қорғай білетін;

- патриоттық ой-санасы жетілген, ары таза;

- қазақ батырларының ерлігін, үлгі-өсиетін өнеге тұтатын болуы керек.

Бізге белгілі, жер көлемі жөнінен дүние жүзінде тоғызыншы орынды иеленетін, табиғат ресурстарына бай Қазақстан мемлекеті  әрбір азаматына Отан туралы патриоттық санасын, ой-өрісін дамыту, жаһандану үрдісіндегі бәсекелестікке, өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді сақтайтын, елімізді өркениетті елдер қатарына жеткізуде патриоттық тәрбиенің  ең пәрменді және сенімді идеологиялық құрал ретінде маңызы зор. Яғни:

- ұлттық білім беру жүйесінде мемлекеттік тұрғыдан патриоттық тәрбие берудің басымдық тұстарын қаржыландыру, құқықтық-нормативтік, әлеуметтік статусын көтеру, бүкіл қоғамдық қолдау жүйесін қалыптастыру;

- білім беру жүйесіндегі ұлттық ерлік дәстүрлерді кешенді пайдалану, патриоттық тәрбие берудің  технологияларын жетілдіру және біртұтас «қазақстандық патриотизмді» қалыптастыруда (тіл, дәстүр, дін) пәрменді нығайту;

- жастарға патриоттық беруді мемлекет тарапынан тікелей әсер ету – негізінен жалпы білім беретін орта мектептерде білім беру мазмұнында патриоттық тәрбие берудің механизмдерін жетілдіру, материалдық базасын  нығайту, яғни отбасынан жоғары оқу орны аралығына дейін үздіксіз білім беру жүйесінде патриоттық тәрбиені дамыту.                           

Сөзімізді түйіндей келе, Қазақ халқы өз ұрпағына патриоттық тәрбие беруде баға жетпес тәрбиелік мүмкіндігі зор рухани, мәдени мұраның мол тәжірибесін жинақтаған. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін патриоттық тәрбие жөніндегі халықтық қағидалар, талаптар және әдіс-тәсілдер қолданылған. Демек, қазақ патриотизмінің негізгі талаптары еліміздің тарихи дамуына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, өмір салтына, түрлі тарихи уақиғаларға байланысты қалыптасқан патриоттық тәрбие берудің алғышарттары деп түсінгеніміз жөн.

Әдебиеттер:

1        Назарбаев Н.Ә.Қазақстан Республикасының азаматтарына патриотттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Ана тілі, 2006,  № 42-43, 10 қазан.

2        Толковый словарь казахского языка. Т.2. «Қ-Я» /Под общей ред. С.К.Кенесбаева. – Алматы: «Издательство АН КазССР», 1961-764 б.

3        Тайжанов А. Ұлтымызда қасиет деген ұғым бар //Қазақ әдебиеті, 1998, №24, 19 маусым.

4        Телібаев Ғ., Әмірғазин С. Қазақ менталитеті – философия ғылымының  нысанасы //Білім - Образование, 2002, №1. – 20-25 бб.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Білім беру жүйесіндегі жастарға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақстан мемлекетінің әрбір азаматына Отан туралы патриоттық санасын, ой-өрісін дамыту, жаһандану үрдісіндегі бәсекелестікке, өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді сақтайтын, елімізді өркениетті елдер қатарына жеткізуде патриоттық тәрбиенің ең пәрменді және сенімді идеологиялық құрал ретінде маңызы зор.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 414 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.01.2018 1013
    • DOCX 28.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жургенбаева Жанар Казанкаповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13665
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 753 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 7 028 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 147 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 406 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 549 человек

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 222 человека из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе