Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Биология пәнінен "Зертханалық жұмыс" (8 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Биология пәнінен "Зертханалық жұмыс" (8 сынып)

библиотека
материалов

Зертханалық жұмыс №1


Тақырыбы: Эпителий, дәнекер, бұлшық ет және жүйке ұлпаларын микроскоп астында қарау, немесе «Ұлпалардың құрылысы» атты электрондық нұсқаны қарау.


Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: микроскоптар, әртүрлі ұлпа жасушаларының дайын микропрепараттары; көлденең жолақты бұлшық ет ұлпалары, көлденең жолақты жүрек бұлшық еті, бірыңғай салалы бұлшық ет, эпителий (эпителийдің әртүрлі типтері), сүйек, жүйке ұлпалары.


Жұмыс барысы.

1.Әртүрлі ұлпа жасушаларының құрылысының дайын препараттарын қараңдар. Құрылымдық элементтерін (мембрана, цитоплазма, ядро) табыңдар. Микроскоп арқылы көрген органоидтерін белгілеп, жасушаның суретін салыңдар.

2.Микроскоп арқылы мына ұлпаларды қараңдар:

А)көлденең жолақты бұлшық ет;

Ә) көлденең жолақты жүрек бұлшық еті;

Б) бірыңғай салалы бұлшық ет;

В) эпителий (әртүрлі эпителий);

Г) сүйек;

Ғ) жүйке ұлпалары.

Бұл ұлпалардың құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы қорытынды жасаңдар. Бұл ұлпалардың құрылымдық бөліктерін табыңдар. Ұлпаларда жасушалар бірдей орналасқанба?

Көрген ұлпалардың суретін салыңдар. Органоидтерін жазыңдар. Оқулықтағы ұлпалардың суретімен салыстырыңдар.


Қорытынды.























Зертханалық жұмыс №2


Тақырыбы: Тізе рефлексін зерттеу.


Мақсаты: тізені бақылап,көру

Құрал-жабдықтар: резеңке балға.


Жұмыс барысы.

Бір оқушы орындыққа аяғын бірінің үстіне бірін қойып, яғни аяғын айқастырып отырады. Екінші оқушы резеңке балғамен немесе алақанның қырымен тізенің төменгі бөлігін жайлап ұрады. Осы кезде сіңір жалғамасында пайда болған қозу санның алдыңғы қабырғасының бұлшық етіне беріледі де, аяқ тізе буынынан бүгіліп, алға жоғары қарай тебіледі. Бүгілу сезімтал және қозғалтқыш нейрондар есебінен болады, сондықтан тізе рефлексі деп аталады.

Рефлекс доғасының суретін салыңдар. Оның бөліктерін түрлі түсті бояумен көрсетіңдер. Бұл жұмысты түрлі түсті қағаздан аппликация (жапсырма) түрінде де жасауға болады.

hello_html_m6853bd77.gif
















Қорытынды.

Біліміңді тексер:

Сәйкестендір: Рефлекстік доға

Нейронның түрлері:

  1. Сезгіш

  2. Байланыстырғыш

  3. Қозғалтқыш

Нейрондардың қызметі:

А. тітіркендіргіштерді қабылдап, қозуды сезім мүшелерінен ОЖЖ не өткізеді;

Б. қозуды орталық жүйке жүйесінен (ОЖЖ) жұмыс мүшесіне жеткізеді;

В. сезгіш және қозғалтқыш нейрондар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Нейрондардың орналасуы:

Г. нейронның денесі жұлында, ал оның ұзын өсінділері одан тыс жерлерде орналасқан.

Д. нейронның денелері ОЖЖ не баратын жолдарда жүйке түйіндерінде орналасқан.

Е. нейронның денесі мен оның өсінділері орталық жүйке жүйесінде жинақталған.



Айтылған нейрондарды суреттен тауып,003

олардың қандай сандармен белгіленгенін көрсет.


Зертханалық жұмыс №3


Тақырыбы: Көзді жыпылықтату рефлексінің түзілуі және оның тежелуі.


Мақсаты: көз құрылысын бақылау

Құрал-жабдықтар: жыпылықтату рефлексінің рефлекторлық доғасының схемасы


Жұмыс барысы.

1.Жыпылықтату рефлексі дегеніміз не?

2. Жыпылықтату рефлексінің түзілу механизмін сипаттап жазу.


8 9 16 1.png













Жыпылықтату рефлексі – көзге қандай да бір затқа жақындатқан кездегі қабақтың рефекторлық жыпылықтатылуымен білінетін ағзаның туылғаннан бастап пайда болуы қорғаныш реакциясы. Ол 1896 жылы сипатталған және де жоғарғы көз нервінің механикалық тітіркенуі кезіндегі көздің айналасындағы бұлшық еттің қысқартылуына әкеледі.

Берілген қорғаныш рефлексінің орталығы басқа да көптеген рефлекстері сияқты (түшкіру, жөтелу, құсу, жастың бөлінуі) бас миының бөлімінде орналасқан.

1.Рецепторлар (көздің ішкі жағында орналасқан) қозу пайда болады.

2. Сезімтал нейрондар – нерв импульстерін жүйке жүйесінің орталығына береді.

3. Жүйке жүйесінің орталығына қойылу нейроны ақпаратты өңдейді.

4. Қозғалмалы немесе орындаушы нейрон (ақпаратты береді және орындаушы ағзаны қозғалысқа келтіреді).

5. Жұмыс жасау ағзасы (көз айналысындағы бұлшық ет), қабақтың жанасуы.


Рефлексті сипаттау

Көздің ішкі бұрышына тиген кезде рецептордың тітіркенуі пайда болады. Олар қозады, яғни сезімтал нейронға берілетін нерв импульсін түзіледі. Жүйке жүйесінің орталығына сезімтал нейронның қозуы беріледі, жүйке жүйесі нерв импульсін атқарушы нейронға жібереді, ал ол көздің айналасындағы бұлшық етке қозу жібереді. Бұлшық еттер жиырылып, қабақтар жанасады (яғни қозғалыс пайда болады).


Бұлшық етке берілетін нерв импульсінің механизмі.http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/2b/Synapse_diag4.png/300px-Synapse_diag4.png

1.Атқарушы нейронның аксоны

2. Синаптикалық тесік

3. Ацетилхолин көпіршіктері

4. Ацетилхолинді қабылдайтын бұлшық ет жасушаларының рецепторлары

5. Митохондрия

Атқарушы нейронның қозуы нәтижесінде жарылатын биологиялық белсенді сұйықтық көпіршектері атқарушы нейронның аксонында орналасқан. Ацетилхолин синаптикалық тесікке шығады (бұлшық ет жасушалары және аксон арасындағы кеңістік) берілген затқа жауап ретінде қозатын және қысқарылатын бұлшық ет жасушаларының жасушалық қабығына әсер етеді. Осылай рефоекторлық қабақтың жанасуы өтеді. Жыпылықтату рефлексі тек қана көздің ішкі бұрышында орналасқан анықталған рецепторлар қозуы нәтижесінде көрінеді. Жанасу бірнеше рет өткеннен кейін жыпылықтату рефлексі жойылады, себебі қозудың шексіз таралуына мүмкіндік бермейтін тежелу рефлексі өтеді.

Себебі: тітіркенудің қайталана беруі медиаторлар қорын көпіршіктерде азаяды және олардың қалыпқа келуіне уақыт керек.



Қорытынды.






































Зертханалық жұмыс №4


Тақырыбы: Терінің штрихті тітіркенуі. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің әсерінен терідегі қан тамырларының тарылуы байқалады (теріде ақ жолақтар көрінеді), ал одан кейін парасимпатикалық бөлімнің әсеріне байланысты қан тамырларының кеңейуі жүреді (теріде қызыл жолақтар пайда болады).


Мақсаты: терінің құрылысын бақылау

Құрал-жабдықтар: плакаттар.


Жұмыс барысы.

1.Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің алғашқы нейрондарының денелері қайда орналасқан?

2. Олар жүйке түйіндерін қайда түзеді?

3. Жұлынның қандай бөлімдерінде парасимпатикалық бөлімнің алғашқы нейрондарының денелері орналасқан?

4. Олар жүйке түйіндерін қайда түзеді?


Қорытынды.
































Зертханалық жұмыс №5


Тақырыбы: Көрудің жітілігін анықтау. Көздің нұрлы қабығы мен көзбұршақтың қызметін анықтау. Соқыр дақты табу.


Мақсаты: көздің ішкі құрылысын анықтау

Құрал-жабдықтар: көру жітілігін анықтауға арналған кесте.


Жұмыс барысы.

Соқыр дақты анықтауға арналған тәжірибені жасаңдар. (69 бет сурет.)

Сол көдеріңді алақанмен жауып, мына суретті көздеріңнен 15 см арақашықтыққа қойыңдар. Оң көзбен айқышқа (+) қарап, кітапты жайлап өздеріңе жақындатыңдар, содан кейін алыстатыңдар. Осылайша шеңбердің біреуі көрінбей қалғанша жалғастырыңдар. Бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады?


Қорытынды.



































Зертханалық жұмыс №6


Тақырыбы: Құлақтың есту мүмкіндігін анықтау.


Мақсаты: мектеп дәрігермен құлақтың жарлпы сипатамсын анықтау

Құрал-жабдықтар:


Жұмыс барысы.

Бұл жұмыс мектеп дәрігерінің қатысуымен орындалады.


Қорытынды.








































Зертханалық жұмыс №7


Тақырыбы: Кальцийсіздірілген және күйдірілген сүйектің қасиеттерін зерттеу.


Мақсаты: сүйекке қандай элемент керегінің анықтау

Құрал-жабдықтар: табиғи, кальцийсіздендірілген және күйдірілген сүйектер, сүйектер салатын ыдыс.


Жұмыс барысы.

1.Жануар сүйегін иіп, содан соң созып көріңдер. Сүйек иілі ме? Сүйек созыла ма?

2. Қыздырылған сүйекті иіп көргенде не болады? Оған қандай қасиет тән?

3. Тұз қышқылына батырылған сүйекті созуға бола ма? Бұл сүйекке қандай қасиет тән? Кальцийсіздендірілген және күйдірілген сүйектердің ерекшелігі қандай?


Қорытынды.




































Зертханалық жұмыс №8


Тақырыбы: Омыртқа жотасының иілгіштігін, бүлшық еттер мен сүйектерінің орналасуын анықтау.


Мақсаты:

Құрал-жабдықтар:


Жұмыс барысы.


Қорытынды.








































Зертханалық жұмыс №9


Тақырыбы: Организмнің өсу және даму деңгейін антропометрлік әдіспен анықтау.


Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: бойөлшегіш, сантиметрлік жұмсақ таспа.


Жұмыс барысы.

1.Әрбір оқушының бойын бойөлшегішпен өлшеп, көрсеткішті оқушының жұмыс дәптеріндегі кестеге жазу керек.

2. Жұмсақ таспамен иық жалпақтығын өлшеу.

3. Бас шеңберін өлшеу

4. Кеуде шеңберін өлшеу

5. Бел шеңберін өлшеу

6. Сан шеңберін өлшеу

Көрсеткіштерді кестеге жазу.

Бойы, см


Иық жалпақтығы


Бас шеңбері


Кеуде шеңбері


Бел шеңбері


Сан шеңбері



Дене бөліктерің қаншалықты мөлшерлес (пропорционал) екенін ойланып, талдаңдар. Таңертеңгі гигиеналық гимнастикамен айналысыңдар.


Қорытынды.
























Зертханалық жұмыс №10


Тақырыбы: Адам қанының микроскоптық құрылысы.


Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: адам және бақа қанының боялған даяр микропрепараттары, микроскоптар.


Жұмыс барысы.

1.Микроскопты жұмысқа дайындаңдар.

2. Микроскоптың зат үстеліне адам қанының микропрепаратын орнатыңдар.

3. Препаратты қараңдар. Эритроциттерді тауып, суретін салыңдар.

4. Зат үстеліне бақа қанының микропрепаратын орнатыңдар.

5. Бақа қанының эритроцитін қараңдар және суретін салыңдар. Адам қанының эритроциттерінен айырмашылығын табыңдар.

Адам және бақа қанының қайсысы оттекті көп тасымалдайтынын ойланып айтыңдар? Неліктен?


15


Қорытынды.
















Зертханалық жұмыс №11


Тақырыбы: Саусақты қатты қысып байлаудың себебінен веналық қақпақшалар жабылып, қолды төмен түсіргенде саусақтың веналық қан тамырларында қан айналым тоқтайды.


Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: плакаттар


Жұмыс барысы.

1.Жүрек құрылысындағы қандай бейімделулер қанның бір бағытта қозғалуын қамтамасыз етеді?

2. Неліктен жүрек үздіксіз және бүкіл өмір бойы қажусыз жұмыс істей алады?

3. Жақтаулы қалпақшалар қайда орналасқан?

4. Жарты ай тәрізді қақпақшалар қайда орналасқан?

5. Венаның құрылысы қандай?


Қорытынды.



































Зертханалық жұмыс №12


Тақырыбы: Тамырдың соғуын кәрі жілік артериясынан өлшеу. Жүрек қан-тамырлар жүмысына байқау жүргізуді мөлшерлі жүктемеге дейінгі және кейінгі тамыр соққыларын салыстыру арқылы анықтайды (20 рет отырып тұру).


Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: секундтық бағдаршасы бар сағат немесе секундомер.


Жұмыс барысы.

1.Оқулықтағы 37-параграфты оқыңдар. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдер: тамырлың соғуы дегеніміз не? Оны қалай және қайдан анықтауға болады? Неліктен тамырдың соғуын адам денесінің сол жерінен табуға болатынын түсіндіріңдер.


28


2. Кәрі жілік сүйегінің білезік маңынан тамырдың соғуын есептеуді үйреніңдер.

3. 1 минуттағы: а) отырып; ә) тұрып; б) 20 рет отырып тұрғаннан кейінгі тамырдың соғысын санаңдар.


hello_html_128f2f38.png


Қорытынды.










Зертханалық жұмыс №13


Тақырыбы: Қайнатылған крахмалға сілекейдің әсері.


Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: (әр үстелде). Крахмалданған құрғақ дәке, йодтың әлсіз ерітіндісі бар Петри тостағаншасы немесе ыдыс, басына мақта оралған сіріңке.


Жұмыс барысы.

1.Сіріңкедегі мақтаны сілекейге батырып алып, крахмалданған дәкенің ортасына әріп жазыңдар.

2. Дәкені алақандарыңа алып, 2-3 минут қысып, содан кейін йод ерітіндісіне салыңдар.

3. Дәкенің қалай боялғанын бақылаңдар.

Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер.


Қорытынды.




































Зертханалық жұмыс №14


Тақырыбы: Тамыр соғуының санына сәйкес шамамен энергия жұмсау мөлшерін анықтау. Тамақтану мөлшерін анықтау, тамақ рационын құру.


Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: сызбанұсқа, плакаттар.


Жұмыс барысы.

1.Зат және энергия алмасудың маңызы қандай?

2. Пластикалық және энергетикалық алмасулар дегеніміз не?

3. Организм үшін витаминдердің қандай маңызы бар?

4. Адам организміндегі энергетикалық алмасудың маңызы қандай?

5. Тамақтану мөлшерін анықтау, тамақ рационын құру.


Қорытынды.



































Зертханалық жұмысы №15


Тақырыбы: Еріген қар суының мөлдірлігін анықтау арқылы оның ластану дәрежесін бағалау.


Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: қар, табақша


Жұмыс барысы.

1.Бәсеңдейтін инфекция бүйрек қызметіне қалай әсер етеді?

2. Өрлеме инфекция дегеніміз не?

3. Бүйрек эпителийіне өте ащы тағам қалай әсер етеді?

4. Спиртті ішімдік пен едәуір күшті есірткілер бүйрек іс-әрекетінің бұзылуына қандай зиян тигізеді?

5. Зәр шығару жүйесінің қандай ауруларын білесіңдер? Бұл аурулардың қалай алдын алуға болады?


Бүйректеріңді сақтаңдар! Салауатты өмір салтын ұстаңдар!


Қорытынды.
































Зертханалық жұмыс №16


Тақырыбы: Қолдың алақанын және сыртқы бетін ұлғайтқыш әйнекпен (лупа) қарап зерттеу. Терінің терморецепторларын (суық және жылу), жанасу рецепторларын табу. Майлық қағаздың көмегімен беттің түрлі учаскелеріндегі терінің майлылығын анықтау.


Мақсаты:

Құрал-жабдықтар: лупа


Жұмыс барысы.

1.Лупа арқылы алақанның сырт жағын қарау.

2. Алақанды қарау. Терінің түйсіну (дене түйсігі арқылы сезіну) және суықты сезіну рецепторларын тауып айқындау.

3. Алақанды оның сырт жағымен салыстыру және құрылыс ерекшелігіне мән беру.



hello_html_m16c17e89.gif















Қорытынды.

























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.10.2015
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров26413
Номер материала ДВ-097043
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх