Инфоурок Доп. образование СтатьиБОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Скачать материал

БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Кайболдиева  Нургул Жумакелдыевна, педагогика және психология ғылымының магистрі

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі, Ақтау қаласы

 

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі жаһандану үдерісі - білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің әдіс-тәсілдерін  жетілдіру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Мемлекетіміздің тек саясат пен экономика емес, білім беру жүйесіне де үнемі назар аударуы еліміздің болашағы жайындағы кемел ойлардан туындап отырғаны түсінікті.

Қазіргі таңдағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің басты мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзіретті, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге дайын білікті маман  дайындау.

Бұл мақсатты жүзеге асыруда   мемлекет тарапынан мұғалімдерге қолдау көрсетіліп, жүргізіліп жүрген игі іс шаралар аз емес. Соның бірі  Қазақстан Республикасының  педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары негізінде «Педагогикалық шеберлік орталығында» ұйымдастырылып отырған  тренерлерді дайындау курсы.

           Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасы негізінде әзірленген тренерлерді оқыту бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған бұл курстың  мақсаты  -  техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқытушыларды үшінші деңгей бағдарламасының негізгі идеяларымен және оқыту тәсілдерімен таныстыру, заман талабына сай құзіретті маман дайындауға бағыт беру.

          Курс үш кезең бойынша жүргізілді. Біз курста бағдарламадағы жеті модульдің «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»,  «Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту»,  «Оқытуды басқару және көшбасшылық»  негізгі идеяларымен танысып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгердік.

        Курста алған білімімді жетілдіріп, өз тәжірибемде оқу-тәрбие прцесінде  қолданып,  сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылынан бастап  колледждің бітіруші курс түлектеріне факультатив сабақтарын өткізудемін.

          Енді өз тәжірибемде осы жеті модульді қалай жүзеге асырғанымды, қандай нәтижеге жеткенімізді, қандай өзгерістер болғанына тоқталып өтейін.

Тәжірибе кезінде студенттерге айтарлықтай әсерлі болған  факторлардың бірі – оқу үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану. Бұл білім беру үрдісінде педагог пен студент ролінің өзгеруін талап етеді. Сондықтан педагогтар мен студенттер барлық сатыларда оқу бағдарламасына енгізілетін өзгерістермен және әзірлемелермен бірге дамып отыруы тиіс. Бұл өзгерістер білім беруде жаңа көзқарастарды, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізуді қажет етеді.          

Сондай әдіс-тәсілдердің бірі – топтық жұмыс арқылы оқыту. Бұл оқыту мен оқу тәсілі, проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау арқылы алға қойған мақсатқа бірлесе отырып қол жеткізу дегенді білдіреді.

Осыған дейін өз сабақтарымда  топтық жұмысты қолданғанмен жұмысты түрлендірудің бір қалыбы ретінде қарайтынмын, қазір топтық жұмысқа деген көзқарасым өзгерді. Оның пайдалы, маңызды тұстары  көп екенін  түсіндім. Мен өз сабақтарымда бірнеше топтық жұмыс түрлерін қолдандым,  «Зерттеушілік әңгіме», «Джигсо әдісі», Сократтық семинар,  «Ақылдың алты қалпағы», «Педагогикалық біліктілік сыны», «Ойлан-жұптас-бөліс», «Тікелей радиоэфир»  т.б.әдістер. Топтық тапсырмаларды бермес бұрын алдымен студенттерді бірнеше топқа жеміс-жидектер, түрлі-түсті қағаздар,   түрлі-түсті  ленталар, конфеттер  т.б. топқа бөлу әдістері арқылы бөліп алдым.

Жалпы сабақтардағы топтық жұмыс ұйымдастыруда студенттердің сабаққа деген қызығушылығы артқанын, бір-біріне деген сыйластық сезімі қалыптасқанын, «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген идеяны ұстанып, бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдықпен берілген тапсырманы орындап, тіпті дәстүрлі  сабақтарда  белсенділігі төмен  студенттердің өзі де белсене қатысып,  ал кейбір студенттер көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп, әлсіз студенттерге қолдау көрсетіп, бір-бірінің арасында керемет сыйластық қарым-қатынас орнағанын байқадым.

Белгілі педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала сондай бола алады» дейді. Шәкіртке терең білім беріп, оның жүрегіне адами асыл қасиеттерді үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, қоршаған ортамен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Қоғамды адамсыз елестету мүмкін емес. Қоғамға адам қалай керек болса, адамға да қарым-қатынас сонша деңгейде қажет екені белгілі.

        Барнс сыныпта диалог қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс білім берудің мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Барнстың бұл айтқан тұжырымдамасымен толық келісемін.Өйткені  бізге студенттердің болашақ маман ретінде  шебер сөйлегені, тіл  арқылы өз ойын жеткізе білгені  ауадай қажет.  Диалогтік оқыту дегеніміз біздің түсінігімізше  мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын сөйлесу құралы болып табылады.

Қарым-қатынас - белгілі бір әлеуметтік ортадағы адамдардың өзара түсіністігінен туындайтын күрделі қоғамдық үрдіс. Қарым-қатынастың жүзеге асуының бірнеше жолдары бар. Соның ішінде тілдік қатынастың орны ерекше.

Сабақты диалогтік оқытудың бірнеше түрлерін  пайдалану  студенттердің  қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың білім деңгейінің  өсуіне үлес қосатыны сөзсіз.

Өз тәжірибемде  студенттер арасындағы  пікір алмасу, сөйлесу, диалогтық қарым-қатынасты жүзеге асыру  мақсатында «Ой қозғау», «Серпілген сауал», «Көзбен көрінетін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау»,  «Ең үздік педагогикалық  идея», «Рөлдік ойын»,  «Аяқталмаған тезис», «Сұрақтар шеңбері», «Айналмалы бекет» әдістерін қолдандым.

Оқу процесін жандандыру, диалогтік қарым-қатынасты жүзеге асыруда  рөлдік ойындарды қолданудың да маңызы зор деп есептеп,  студенттердің алған теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, тәрбие процесіндегі түрлі  педагогикалық жағдаяттарды студенттерге талдату мақсатында  рөлдік ойындарға арналған топтық тапсырмалар ұйымдастырдым. Мұнда әр топ өздеріне берілген  педагогикалық  жағдаяттардың шешімін бірге талқылап,  топ болып ақылдасып, жағдаяттан   шығу жолдарын іздестіріп,  оны рөлдік ойындар арқылы өте жоғары деңгейде  көрсете білді.  Рөлдік ойындар студенттің пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, сабақты  жандандыра түседі,  сабақ барысында тілді жаттықтыруға, қарым-қатынасқа түсуге  жағдай жасайды және студентті басқа қырынан  тануға мүмкіндік береді.

Өткізілген сабақтарды бекіту, студенттердің білімін бақылау  мақсатында «Ыстық орындық», «Кезбе тілші», «Білім аукционы», «Ашық микрофон» т.б. әдістерді қолдандым.

Қазіргі білім беру жүйесінде студенттерді сын  тұрғысынан  ойлауға үйрету  немесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға баулу педагогтардың басты мақсаты болып отыр.

Студенттердің сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында деңгейлік оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі – сын тұрғысынан ойлау модулі.

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль студенттердің  де, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауын дамытуды, саналы және оймен қабылдауын көздейді.

Сын тұрғысынан ойлау – ойлау мен пікірлесуді дамытатын сала. Студентті  мұғаліммен, достарымен, құрбыларымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын стратегия.

Сын тұрғысынан ойлау процесі жалпы  4 қадамнан тұрады. Олар: өзіне қажетті ақпарат жинау, келтірілген дәлелдерді сын тұрғысынан талдау және бағалау, кепілденген шешімдер мен жинақталған қорытындылар, ауқымды тәжірибе негізінде болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарау.

          Студенттердің сыни тұрғыда ойлануы үшін берілетін тапсырмалардың сапасы мен мазмұны өте маңызды. Студенттердің сыни тұрғыдан ойлануына жағдай жасау үшін   әңгіменің бірнеше түрлерін қолдандым: әңгіме–дебат, кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме.

          Сабақта әңгіме–дебатты ұйымдастыру мақсатында  «Ақылдың алты қалпағы» әдісін ұйымдастырдым. Мұнда студенттер бұл әдістің талаптарына сай алты топқа бөлініп, берілген тапсырма бойынша бірнеше пікірлер айтты.  Ақ қалпақ  тобындағы студенттер субъективті бағалаусыз тек деректерден, ойлардан тұратын пікірлер айтса, сары қалпақтағы студенттер позитивті ойлар айтып, қара қалпақты студенттер  мәселенің негативті жақтарын талқылап, қызыл қалпақты студенттер сезімге біріліп,  ерекше көніл-күймен баяндап,  жасыл қалпақты студенттер мәселені жаңа қырынан қарап, жаңа жетістіктерге жетудің жолдарын тауып, көк қалпақты студенттер  барлық ойға түйінді ой айтып, сыни ойларға  түйін жасап, қорытынды жасады.  Бұл әдіс студенттерге бір сұрақты  сан қырлы талқылауға,   жан-жақты қырынан қарауға мүмкіндік беріп, өмірдегі болып жатқан құбылыстардың барлығына сыни көзбен қарау керектігін үйретті. 

Студент өзінің үйренгенін, естіген, көрген, тыңдаған мағлұматын ауызекі сөйлеу тілінде қолдана біліп,  ойын анық жеткізуге үйренсе,  сөйлеу қабілеті қалыптасып, ақыл-ойының  дамуына  да әсерін тигізеді.  Бұл жөнінде Л.Н.Толстой: «Балаға үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай жасау керек, үйренген сөзін өзінің ауызекі сөйлеуінде бір рет қолданса, ол өзінің жеке меншігіне айналады» — деп айтқан еді. Демек, сөзді орынды қолданып, оның мағынасын жетік білетін бала өз бетімен сыни тұрғыда ой ойлап, тың пікірлер айтып, оның мағынасын түсіндіріп, сөйлеу тілінде шебер қолданатыны сөзсіз.

Студенттердің сын тұрғысынан ойлауын дамыту  үшін мына төмендегі шарттардың орындалғаны міндетті деп есептеймін және сабақ барысында басшылыққа  алу қажет деп білемін:

Ø студенттерге ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

Ø әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

Ø үйрену барысындағы студенттердің белсенді іс-әрекетін қолдау;

Ø кейбір студенттер  түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

Ø студенттердің бір-бірінің жауабына, жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

Ø  сын тұрғысынан ойлауды бағалай білу.

Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің  ең жақсы тұстары балалардың жан – жақты іздену қабілеттері дамиды және нашар оқитын студенттер де қозғалыс, ұмтылыс, жұмыстану қабілеттері пайда болады.

Әлемде білім беру ісінің нәтижесін бағалай білудің өзіндік тәжірибесі қалыптасқаны белгілі. Қазіргі таңда студенттің қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін өмірде қаншалықты пайдалана алатындығы маңызды болып отыр.

Біз бұрын өз тәжірибемізде бағалаудың дәстүрлі түрлерін қолданатын едік, ал қазір деңгейлік курстан өткеннен кейін, оқыту бағдарламасы бойынша бағалаудың екі түрін меңгердік, яғни  формативті (қалыптастырушы) бағалау немесе оқыту үшін бағалау және суммативті (қорытындылаушы) бағалау немесе оқытуды бағалау. Күнделікті сабағымыз сапалы, нәтижелі ұйымдастырылу үшін сабақтың әр кезеңінде студенттерге қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырып отыру қажет. Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік  орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны. Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады.

Студенттердің оқу материалын қаншалықты  меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының  кемшіліктерін дер кезінде анықтау, студенттермен  кері байланысты орнату мақсатында   қалыптастырушы бағалаудың  бірнеше түрлерін қолдандым.

Өз тәжірибемде бұрын студенттің  жасаған жұмыстарына баға беру, ынталандыру  үшін мақтау, мадақтау, жауап беру деңгейіне қарай  түрлі-түсті фишкалармен, геометриялық фигуралармен  бағалауды қолданатынмын, ал осы деңгейлік курстан кейін  баланы өзіміз бағалап қана қоймай әр сабаққа кері байланыс жасау қажеттігін, кері байланыстың маңыздылығын түсіндім.

Кері байланыс – нақты іс-әрекетке, жағдаяттарға, сұрақтар мен жұмыстардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізе отырып баға беру немесе пікір айту үдерісі. Кері байланыс бізге не береді?

Кері байланыс мұғалімге оқудың қалай жүріп жатқанын, студент жетістігі мен қиындығы туралы хабардар етіп, жетістік деңгейі мен қиындығын шешуге көмектеседі. Бұл жұмыс сыйластық қарым-қатынаста жүріп, ол студентке  өз қатесін түзеуге, ойлау іс-әрекетінің дамуына мүмкіндік беруге бағытталуы керек.

Кері байланыс – мұғалім мен студент арасында, студент мен студент арасында жүзеге асырылады. Кері байланысты ауызша да, жазбаша да қолдануға болады.Кері байланыста студент    оқудағы өзінің кемшіл тұстарын біліп, алға жылжуға бағытталған пікір алады, ал мұғалім  оқытудағы кемшіліктерді біліп, өз шығармашылығына, тәжірибесіне өзгертулер енгізеді.

Студенттердің сабақта не меңгергенін анықтау, кері байланыс жасау  мақсатында  әр сабақтың соңында ауызша, жазбаша рефлексия алып отырдым. Кері байланыста «Бес саусақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бүгін алған әсерім», «Бағдаршам», «Ашық хат»,  «Плюс-минус-қызықты», «Қол сигналдары»  т.б. әдістерді қолдандым.

Алғашқы сабақта студенттер жай ғана «Маған бүгінгі сабақ өте жақсы ұнады?», «Сабақ керемет өтті» деген бір-екі сөйлемнен тұратын пікірлер қалдырып, кері байланысты тілек айту деп түсінсе,  келесі сабақтарда сабақтың әр кезеңіне толықтай талдау жасап, өздеріне бүгінгі сабақта  не ұнағанын, не меңгергенін, қай әдістен ерекше әсер алғандығын нақты ашып көрсетіп, жетілдіру қажет тұстарына өзіндік көзқарас танытып,  кері байланысты толық ашып жазуды үйренді.

           Жаңа бағдарлама стратегияларының студенттерге оң әсері болды. Әркім өз мүмкіндіктеріне қарай сөйлеуге, жауап беруге, диалогтік қарым-қатынас жасауға  тырысты, студенттер өзінің мықты, осал тұсын көрсетіп, алға жылжуға ықпал етті, өз ойларын еркін ашық айтуға, өз іс-әрекетіне және мұғалімнің іс-әрекетіне, оқыту процесіне талдау жасауға үйренді.

         Сонымен заман талабына сай құзіретті маман дайындауда деңгейлік курстардың маңызы зор деп есептейміз.   «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілет дарынын ашу мұғалімнің міндеті.

Кез-келген оқытудағы  жаңа әдіс-тәсілдер ұстаздан терең теориялық, психологиялық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан -дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.Өйткені ұстаздық - уақыттың мағынасын, қоғамның  өзгерісін терең сезініп, шәкірттердің білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді  мойнына  алған мамандық.Сондықтан ұстаз заман талабына сай білім жетілдіру курстарынан үйренген әдіс-тәсілдерін үнемі өз тәжірибесінде жүйелі қолдануы және үнемі тоқтамай  жетілдіруі тиіс. Сонда ғана заман талабына сай, өзгермелі өмірге ілесе білетін, кәсіби құзіретті маман даярлайтынымыз анық.

Пайдаланған әдебиеттер және дереккөздер:

1.Коуч мұғалімінің жұмыс кітабы, Орақова А.Ш..Корнилова Т.Б.,Жартынова Ж.А. ,2014

1.Тренерлерге арналған нұсқаулық,  2015

2.http://ustaz.kz/

3.trener.orleuzko.kz

4.  spm.kz

 

 

 

                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білім беру процесіндегі қазіргі оқыту технологиялары» тақырыбындағы

республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға

 

 

Сұраныс хат

 

1.Тегі, аты-жөні:   Кайболдиева  Нургул Жумакелдыевна

 

2. Жұмыс орны, лауазымы: Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі, директор

 

3.Ғылыми дәрежесі:   педагогика және психология ғылымының магистрі

 

 

4. Баяндама тақырыбы:   Болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда  инновациялық әдістердің тиімділігі

 

5.Баяндама ұсыну түрі:  сырттай

 

6.Телефон:   8-7782434803

 

7.E-mail:    mgk2006@yandex.ru

 

 

 

 

 

 

 

,

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 689 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.05.2018 882
    • DOCX 30 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайболдиева Нургул Жумакелдыевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 45273
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы образовательной робототехники в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 568 человек

Курс повышения квалификации

Деревянные духовые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания классического танца в учреждениях дополнительного образования детей

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Транспорт в экономике: роль, взаимодействие и потенциал

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе