Инфоурок Другое Другие методич. материалыБозбала мен бойжеткен сайысы

Бозбала мен бойжеткен сайысы

Скачать материал

Бозбала мен бойжеткен

Мақсаты: Оқушылар арасынан қабілетті, өнерлі, ынталы, жігерлі жеткіншектерді анықтау; ұлтымыздың салт - дәстүрін құрметтеуге, тілімізді сүюге, тапқырлық пен шешендікке тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: нақыл сөздер, шарлар, гүлдер, кеспе қағаздар, асықтар.
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар
, оқушылар! Бүгінгі 8 - сыныптың 3 жігіті мен 3 бойжеткені арасында өткізілгелі тұрған «Бозбала мен бойжеткен» сайысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.


Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып, тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық,-
деп сайысқа қатысатын бойжеткендерді ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ата жолын жалғамақ.
Ел дәстүрін қолдамақ.
Жігіттер шықсын ортаға, -
деп жігіттерді ортаға шақырамыз.

Жүргізуші:
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар.
Кім өнерлі, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса, нақ сын айтар, -
демекші, кез - келген сайыс бағалануы тиіс. Яғни, сайыстың ара - жігін ажыратып, әділдік айтып, тура шешім қабылдайтын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
(Құрамы үш адамнан тұратын қазылар алқасы сайланады)
Бұл сайыс барысында қатысушы қыз - жігіттер сайыс шарттарын орындауы тиіс, өз бойындағы өнерін, тапқырлығын, шешендігін көрсете білген жұп қана «нағыз бозбала мен бойжеткен» атағын жеңіп алады.

Жүргізуші:
Құрметті сайыскерлер, алдымен, мына қоржыннан асық таңдап алып, кезек номерлеріңізді анықтаймыз.
Номерімізді анықтап алдық, ендеше, орындарыңызға жайғасуларыңызға болады. (Әр жұп номерлеріне сәйкес орындарына отырады)
Сайыс бөлімдері:
1. Сәлем - сөздің анасы демекші бірінші кезеңімізде әр жұп бірін бірі таныстыруы керек.

2. «Ұшқыр ой» әр жұпқа сұрақ қойылады

3. «Өнерлі өрге жүзер»

4. Тапсырмалар беріледі: қыздар ою ояды, ұлдар қамшы өреді

5. Наурыз дастарханы

«Сәлем - сөздің анасы» бөлімі

Жүргізуші:
Армысың, айналайын дархан халқым,
Сақтаған ұлтымыздың берік салтын.
Тіл ұшына оралар кездескенде,
«Сәлем – сөздің анасы» деген халқым.
Топ алдына шыққанда басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың.
Өнерлерін паш етер сайыскерлермен,
Сәт те келіп қалғандай танысатын,-
Әр жұп өздерін таныстырады.


«Ұшқыр ой» бөлімі


Жүргізуші: Халқымызда «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды» деген сөздер бар.

Жүргізуші: Олай болса, сайыскерлеріміздің ... білімін байқап көрелік. (Сұрақ-жауап)

1. Әуеден ұшқан бұлдырық

Құбыладан соққан ызғырық

Жатқа кетіп барамын

Жаратқан соң қыз қылып.

Атасы жақсы құл болмас,

Анасы жақсы күң болмас.

Оң жақтан кетіп барамын,

Қыз еркелеп ұл болмас.

Қандай салт дәстүрден алынған үзінді?

(Қоштасу)

 

2. Есік ашар дәстүрі туралы айтып бер.

(Күйеу жігіт келіншегін алып, үйлену тойы өткен соң келісілген уақытта өзі қатарлас жас жігіттермен ата-енесінің үйіне келеді. Мұны халық әдебиетінде күйеудің алғаш есік аша келуі дейді)

 

3. Әдетте қарт аталар мен әжелер алғашқы немересін немесе жақын кісілер өз туыстарының баласын қолына алып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді, қолқанат қылады. Бұл дәстүр қалай аталады?

(Бауырына салу)

 

4. Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

(Байғазы)

 

5. Аузына түкірту қандай ырым?

(Ертеден келе жатқан ырым бойынша қазақтар белгілі батырлар мен билерге, ақындарға, т.б. елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп немесе оның отырған орнына аунатып алатын болған. Оның мақсаты – сәби сол адамдай өнегелі кісі болсын деген ұғымнан шыққан)

6. Кең байтақ Қазақстан даласында салт-дәстүрдің қызықты түрлері көп. Соның бірі «біз шаншар». Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында «хабаршы» орнына осы «біз шаншар» салты қолданылады. Бұл қандай салт?

(Ақсақал-қарасақалдар аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдет бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен отанасы қонақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдіреді.)

 

7. Ауызбастырық деген не?

(Біреуді сөзбен жығып, ұтып оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастағанда (немесе ұятты іс істегенде) ұтылған адам өзінше әлгі сөзді басқа адамға таратпау үшін «ауызбастырық» береді.)

8. Ақ тілеудің белгісі – бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық «ақ бата» деп қастерлеген. Батаның қандай түрлерін білесіңдер?

(Жас талапкерге бата, дастарханға бата, алғыс батасы, жаңа айдың батасы, наурыз батасы)

9. Сыралғы дегеніміз не?

(Олжалы, қанжығасы қанданып келе жатқан аңшыдан немесе саятшыдан кездескенде сұралатын дәстүрлі, кәделі жол әрі ырым. Мәрт аңшылар мұндайда «сыралғы» сұрағанның сөзін жерге тастамаған)

 

10. Атадан балаға мұра болып қалған үй «киелі үй» деп саналады. Оны қалай атайды?

(Қарашаңырақ)

 

11. А.Байтұрсыновтың

Келгенінше құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта көрісіп кәрі-жасы

Көңілі түгел адамның сен келген соң,

Самарқанның елжіреп түскен тасы

өлең жолдарында қандай салт-дәстүр суреттелген?

(Наурыз күніне байланысты сөз. Аңызда әйгілі астроном Ұлықбек обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс. Бұл күні әр адам қателігі болса, кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді, сен тастан да қаттысың ба?» деп тоқтатады екен)

 

12. Мінгені пайғампардың көк атан-ды,

Көп тұрсақ әрбір үйде таң атады.

Арқасында ақ атанның жауыры бар,

Баратын бұдан былай ауылым бар.

Мұхамбет үмбеті айтқан жарапазан,

Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.

үзіндісі қай өлеңнен алынған? Бұл өлең қай уақытта айтылады?

(Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір жарты шүберек, басқа да сол сияқты нәрселер береді).

«Өнерлі өрге жүзер» бөлімі

Жүргізуші: «Өнерлі өрге жүзер» дейді халқым,
Өнерлі болсаң егер бұл да бір сын.
Қане жұртым көрелік өнерлерін,
Қағып таңдай, тамсанып, десіп шіркін, -
Біздің сайыскерлеріміздің бірі ән айтса, бірі билейді, бірі күй тартса, бірінің ағаштан түйін түйетін шеберлігі бар. Ендеше, әр жұптың өз бойларындағы өнерлерін тамашалайық.


Тапсырмалар беріледі: қыздар ою ояды, ұлдар қамшы өреді

Жүргізуші: Ата-бабамыз «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы» болсын деп, бозбала бойына билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты өнерлерді дарытып отырса, «Қызға қырық өнер де аз» деп, қыз баланы жастайынан кесте тігу, киім тігу, ою оя білу, ас әзірлеу сияқты алуан түрлі өнерге баулып отырған, олай болса, сайысымыздың келесі шарты бойынша сайыскерлеріміздің өнерін тамашалап көрелік. Қыздар ою ояды, ұлдар қамшы өреді.

Наурыз дастарханы

Жүргізуші: Міне, біздер анықтадық тұлпарды,

Айта алмаспыз, міне, мынау кеш қалды.

Риза боп уәжісіне әділқазы алқасы

Құттықтаймыз нәтижемен озып шыққан тұлпарды, -

дей келе, жеңімпаздарды марапаттау үшін әділқазылар төрағасын шақырамыз.

 

Жүргізуші: Барына риза болсын көрермендер

Ой білісті, бақ сынасты үміткерлер

Осымен бұл сайысты тәмамдасақ

Тағы да жүздесерміз Сіздерменен белестерде.

Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Келесі кездескенше аман, сау болыңыздар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бозбала мен бойжеткен сайысы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Семейный психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 948 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2016 1239
    • DOCX 23 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Намазбаева Кымбат Кайроллиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9315
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой