Инфоурок Биология Другие методич. материалыДарынды оқушылармен жұмыс істеудің жолдары

Дарынды оқушылармен жұмыс істеудің жолдары

Скачать материал

Дарынды балалармен жұмыс істеудің жолдары

Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет балалардың қабілеттері мен талаптарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Одан кейін міндетті түрде ата-анасымен тығыз байланыс жасап, ол баланың неге бейім екендігін ескеріп, үйден көбірек қадағалауын ескерткен жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор.

Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Олай болса кез келген баланың психологиясын педагогикалық тұрғыдан жеке бақылап, әр баланың жеке дара қасиеттерін, қабілеттерін ашуда түрлі жұмыстар жүргізуге болады. Бұл жағдайда ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Сонымен бірге сабақты мұғалім қазіргі заман талабына сай баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін білімді топтап, жекелеп тапсырмалар берген дұрыс және дамыта оқыту жүйесі бойынша баланың жауабына шек қоймай оның өз ойын еркін бүкпей айтуға ықпал жасау қажет. Ойын бүкпей, еркін сөйлей алатын бала жан-жақты болған оқиғаларға, құбылыстарға жіті көңіл бөліп ой елегінен өткізіп отырады. Ондай оқушылардың ой-өрісі кең, тереңнен ойлай біледі. Сол себепті мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда сынып оқушыларының жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, ол оқушыларға түрлі тапсырмалар береді. Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу деген әдістемелік кітапшаны әр мұғалім басшылыққа алса, «Бастауыш мектеп», «Қазақстан мектебі» журналдарын оқыса, бұл жұмыстарды әрине жандандыруға болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін ашу – мұғалімнің ең басты міндеті. Себебі ұлы ойшыл М. Горький: «Адамдағы дарындылық қасиет туа бітті қан арқылы берілетіні де, одан қалды жүре пайда болатыны да болады деген. Туа бітті болатыны – тұқым қуалаушылық. Бұл қасиет өсіп те кететін, өшіпте қалатын процесс. Сондықтан оны үнемі үздіксіз шыңдап отырмаса өшіп қалуы да мүмкін» - деген.

Адамды танып білу оның бойындағы ерекше қабілеті көре білу – мұғалім үшін аса қажет. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, баланың ерекше қабілетін байқауда күнделікті сабақта, тәрбие жұмыстарында оқушыны үзбей бақылап, бала бойындағы дарындылықты немесе жүйелі білім алуға қабілетті тұлғаны анықтауға болады. Бала бойындағы жаңа қабілетті, жаңа қасиетті ашуына жағдай жасауды қазіргі таңда мұғалімнен талап етіп отыр. Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің барысында мұғалім өзі бірінші болып ізденеді. Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін айналадағы нақты құбылыстармен таныс объектілерді зерттеумен байланыстырудың маңызы зор.

       Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Мұндай баладағы белсенділік оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының дамуына игі ықпалын тигізеді. Абай жетінші қара сөзінде былай деген: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: Біріншісі: ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады, екіншісі – көрсем, білсем деп барлығын білуге, көруге құштар болып туады». Олай болса «зерттеу» түсінігі «Үлкен Кеңес» энциклопедиясында жаңа білімді өңдеу және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі деп түсіндіріледі. Оқушының өзгерту таным әрекеті зерттеу деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Зерттеу – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың потенциалды қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес. Мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуға көмектесуіміз қажет. Оған қол жеткізетін тиімді жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі кезеңде бастауыш сыныптардан бастап ғылыми жоба жұмысына қатысып, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытудамыз. Бірақ бастауыш сынып оқушысы әрине, өз бетінше еш әрекет ізденіс жасай алмайды. Оған мұғалім бағыт-бағдар беріп, бірлесіп жұмыс жасау арқылы, баланың танымдық қабілетін, өмірге деген өзгеше көзқарасын білуге, ізденуге құштарлығын шыңдай түседі.

       Дарынды балаларды іріктеу барысында тек пәндер бойынша шектеліп қоймай спорт түрлері, ән-күй өнері, сурет, қол өнер т.б. салалар еске алынуы қажет.

     Оқушыларға арнайы өлең, әңгіме, тақырыптық шығармалар жазғызу, әртүрлі сайыстарда, конференцияларда сөйлету арқылы шешендік, тапқырлық өнерін қалыптастыру дағдыларын дамыта түсуге арналған істер атқару.

      Спорттың әр саласынан шеберліктерін шыңдай түсу мақсатында сынып, мектеп, ауданаралық жарыстарға қатыстыру.

     Ғылыми жобалар бойынша жүргізілетін жұмыстар (ғылыми басшылық жасау, әдебиеттерді пайдалану жүйесін үйрету, ғылыми жобаларға қойылатын талаптар, түрлі деңгейлердегі мәжілістер мен конференцияларға қатынастыру т.б.).

    Оқушылардың ғылыми интелектуалды еңбегін дамыта түсу бағытында, олардың әртүрлі ғылыми-техникалық хабарларды педагогикалық және психологиялық тұрғыдан түсіне білу әдістеріне, оның ішінде есте сақтау және оқу әрекеттерінің рационалды түрде пайдалана білуге үйрету, осы үрдісті бала бойына қалыптастыру.

Дарынды балалардың белгілері:

Ø іс-әрекетін жоғары дәрежеде жылдамдықпен орындалуы;

Ø іс-әрекетті орындау барысында жаңа әдіс-амалдарды (басқадан бөлек) қолдана білуі;

Ø жаңалық ашуға талпыну, іс-әрекетін орындаудың басқадан ерекше, өзгеше болуы;

Ø күрделі іс-әрекетті жеңілдете түсуге, ал керсінше жеңіл іс-әрекетті күрделендіре түсуге бейімділігі;

Ø оқу процесіндегі ерекшелігі – оқу материалдарын аса тез жылдамдықпен меңгеріп қабылдауы, ал, керсінше, іс қимылы баяу, қабылдау, меңгеру әдіс-тәсілдері берік, толық тиянақты;

Ø іс-әрекетті бейнелеуде тапқыштығы (белгілер, дыбыстар, түсті бояулар т.б.). Сезімталдығы, орындалған ісіне қанағаттанғандық пікірмен қарауы.

Ø білімге аса жоғары ыждақатпен қарауы, қызығушылығы, бастаған ісін аяғына дейін апаруға қажырлылығы, еңбек сүйгіштігі;

Ø  Білуге, танымдылыққа құштарлығы, білмегенді білуге тынымсыз қызығушылығы, жас шамасынан ілгері үнемі білуге ұмтылуы;

Ø дайын шешімдер мен жауаптарды бұрыннан белгілі стандарттар мен жұмыс істеуді ұнатпауы;

Ø өз еңбегіне өте жоғары сын көзбен қарауы, өзін дамыта түсуде аса қиын талаптар мен міндеттерді қоя білуі.

Дарындылық және олардың кейбір түрлері:

Іс-әрекет түрлері:

*    ұйымдастырушылық, қол өнері, спорт түрлері,

*    интеллектуалдық, танымдық дарындылықтың әртүрлі салалары;

*    көркем-өнер, эстетика, хореография, сценалық, әдеби-дастандық, сәулет өнері, музыкалық дарындылықтар;

*    алға өрлеген жетекші басшы, ірі ұйымдастырушы, адамзат құндылықтарына құрметпен қарау және насихаттаушылық.

Баланың дарындылық деңгейінің қалыптасуы:

ü дарындылық бағытының құндылығы, оған берілетін психологиялық тұрғыдан деректеме;

ü жас ерекшеліктері мен әлеуметтік жағдайлардан жоғары тұрған дарындылық белгілері;

ü дарындылық қасиеттері өте айқын және көрнекі түрде болуы;

ü іс-әрекеттегі қол жеткен табысы көпшілікке белгілі, айқын, дәлелді, ешбір күмән келтірмейді;

ü дарындылық түрлері белгісіздеу, бірден көріне қоймайтын, уақыт пен нақтылы жағдайларды күтуі, мүмкін болуы;

Түрлі мамандық дайындылығы:

v нақтылы іс-әрекетте көрінуі, олар – музыка, бейнелеу өнері, спорттың әр салалары мен түрлері;

v дарындылық белгілерінің ертерек, болмаса кейінірек белгі берулері.

 Дарынды балалар мен жұмыс жүргізу барысында, олардың жеке бастарының ерекшеліктерін зерттей отыра, ғылыми деректерге, олардың ішінде психология ғылымының басты-басты негіздеріне сүйене отырып, дамыту үрдісін барынша көтеруге мүмкіндік туады.

 Әсіресе, зейін, ес, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, ерік сияқты күрделі психологиялық категориялар мен заңдылықтарын басшылыққа алу аса қажет.  Мысал ретінде атап өтсек зейін айналадағы объектілердің ішінен өзіне керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетті тұрақтата алу. Ал, ес ұғымы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін үрдіс.

   Енді ойлау категориясын алсақ, сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастары негізінде адам миында жалпылай түйсінуі және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.

   Сондай-ақ, тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуде, оның мазмұндылығы, мәнділігі, тиімділігі ескерілуі қажет.

   Екінші – бір қысқаша тоқтала кететін психология негіздерінің бірі – ерік. Тұжырымдап айтсақ, ерік - адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Олардың ішінде табандылық, ұстанымдылық, тәртіптілік, алға қойған іс-әрекетіне жету т.б.

     Дарынды балаларды іріктеп алу, олармен ұдайы жұмыс істеу, дарындық факторларын барынша көтеріп дамыта түсу бағытында мектеп ұжым мүшелері ұдайы жұмыс атқару барысында педагогика, психология ғылымдарының негізін арқау етіп жұмыс істеу өз нәтижесін беретіндігін практика көрсетіп отыр.

    Дарынды бала дегеніміз – болашақта жаңа технологияларды ойлап табатын, ізгі саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, ол еркін, жауапты, жоғары адамгершілік иесі, бұл ұлттық құндылық. Және ол бұлармен қатар нәзік жаралған жан. Қоршаған ортасын жиі түсінбейтін, соңынан күншілдікпен қастандық ере жүретін, олардың әсерінен көбіне жойылып кететін, немесе ақылшы ұстазының оның көтеріңкі және еркін ойын дұрыс бағыттай алмау кінәсінен болады. Дарындылық жалпы адамзаттық мәдениетке және өзіндік құндылық болып қарастырылады. Және адам табиғатындағы өте сирек, ерекше құбылыс. Мұнымен өзара  тығыз байланысты көптеге сұрақтарға жауапты ерекше қабілеті бар адамдармен – жұмыс жасауда туындалатынын ескерген жөн

 1.  Балалар дарындылығын қалай айрып тануға болады?

2.      Шындыққа айналған дарындылықпен қалай жұмыс  жасалады?

3.      Дарындылықтың барынша толық дамуына мүмкіндік қалай туғызылады?

4.      Дарындылықты «жұлдыздар ауруы» эгоцентризм мен агрессиядан қалай қорғаймыз.

Жалпы білім беретін көпшілік мектептер  өте қабілетті балаларды тежейді  делінетін қалыптасқан пікірлерге керісінше, бұл жұмысты жүргізудегі мақсат – психиканың тұтас және жүйелі құбылысы болып саналатын дарындылықты ашуға қолайлы жағдайлар болып есептелінеді.

         Біздің зерттеулеріміз, ізденістеріміз, жаңалықтарымыз – бұл қандай жағдайлардың әсерінен туындайды.

      Мектеп концепциясы дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың педагогикалық жүйесін айқындайтын  негізгі құжат.

      Мектеп концепциясы – бұл педагогикалық ұжымның әрбір мүшелерінің әрекетін нақты басқаратын, әрі әрбір жылға жоспарын белгілейтін жұмыс құжаты.

    Социумдағы және мектеп – социум құрылымындағы дарындылықтың орны.Ш.Амонашвилидің айтуы бойынша мектеп өзінің негізгі мақсатын айқындауда, қандай адамға білім беруге және тәрбиелеуге ұмтылады, деген сұраққа алдымен жауап ойластыруы қажет дейді.

     Өзіміздің стратегиялық маңызымыз іспетті жеке тұлға қалыптастырудың мұндай моделін жасауға және мұнда болашақ ұрпақтың әлеуметтік бейнесін сипаттамасын айқындайтын: коммуникативтік, әлеуметтік психологиялық тұрақтылық сияқты  басым сапа анықталып, пайдаланылды. Жеке тұлғаның базистік қасиеттеріне: интеллект, мәдениеттілік, шығармашылық әлеуметінің жоғарылығын жатқызуға болады және олардың табыстан – табысқа жететін, іскер адам екендігін, әлеуметтік бейімділген, материалдық тәуелсіз, әзілге бай жан иесі екендігін атауға болады.

Өйткені іскерлік әлемде тек қана жағдайды дұрыс бағдарлай алатын, тиімді шешім қабылдай білетін, бір сөзбен айтқанда өз ісіне әділ бәсекелестік ережесіне сай құрған адам ғана дұрыс өмір сүре алады. Мектеп бітірушінің жеке тұлғалық моделінің сапалық құрамы белгілі дәрежеде дарындылықты айта келгенде танымдылық, жігерлі -   эмоциялық, жекелік тәрізді 3 сфераны біріктіретін психикалық білім беру жүйесі түрінде атап көрсетеді. Мектеп бітірушінің жеке тұлғалық моделі мақсатын айқындауда бәрінен бұрын жетістікке жету жолы ретінде бала мектеп қабырғасында жүріп білім, білік, дағдыны меңгеріп қана қоймай, керісінше өмірге әлеуметтік – психологиялық бейімделу талдалынып ескеріледі. Мұндай оқу орнының статусы оның Концепциясында көп құрылымды мектеп, жаңару бағытындағы мектеп түрінде берілген.

    Комплекс – болу себебі оқыту мен тәрбиелеу төменгі мектеп алды даярлықтан бастау алады. Көп құрылымдылығы – бір үлкен  мектеп аясында бірнеше кіші мектеп орталықтар, өзіндік концентуалды ерекшеліктері бар біріңғай даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды.

    Социум – қоғамның әлеуметтік әркелкі топтары үшін қызмет жасайтын социум типі негізінде құрылым,  қызмет етеді.

     Инновациялығы – мектептің мүлде жоғары жетілуге ұйымшылдығы мен айқындалады. Міне осындай мектеп қана дарынды балаларды интеллектуалды және әлеуметтік дамуының өзара сәйкессіздігінен, әлеуметтік тежелушіліктен сақтандырып, олардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың барлық шараларын қарастырады. Сонымен қатар соңғы ғылыми деректерге сүйенсек дарындылықты біз қарастырған бір ғана психологиялық білім беру тұрғысынан алмай, керісінше социум тұрғысынан, әлеуметтік шындық тұрғысынан зерделейді. Психологтар осы көзқарас   тұғысынан алып қарап, дарындылықты маңызды әлеуметтік қауыммен аймағында өте жоғарғы нәтижеге жетуге бейімділік деп санайды.

     Осыдан келііп негізгі міндет – мектепте дарынды балалар үшін нақты өмірге жақын кеңістік құру мәселесі көрініс табады. Мектеп социумда барлық оқушылардың,  сондай – ақ дарынды балалардың да өмірге бейімделуі үшін табиғи жағдай жасалады. Ал оқушының жеке дамуы деп дамушы жеке тұлғаның қоршаған орта мен өзара әрекеттестік принципі алынады. Қорыта айтқанда Концепциядағы ұжым қызметіндегі жетекші мінездемелердің бірі балалар дарындылығына қатысты алынып, балалар дарындылығын ашу, сақтау және дамыту әрбір тұлғаның жан – жақты дамуына қажетті жағдайлар жасау, сондай – ақ интеллектісін адамгершілік  қасиетін рухани және денсаулығын нығайту болып табылады.

    Мектепті инновациялық деңгейге шығаратын принциптер.

     Дарынды балалармен жұмысқа қатысты мектептегі жаңакру принциптері қарастырылған. Концепция қабылдау арқылы ондағы оқу мазмұны мен құрылымын жетілдіру сипаты бойынша дәстүрлі үлгідегі лецей, гимназия  сияқты мектеп тиаплогиялық классификациясы                            модельдерінің бірін қабылдамай – ақ  инновациялық типтегі орта мектепке айналуға болады. Бұл принциптер : жеке тұлғаны әлеуметтендіру, ыңғайына қарай мазмұндағы әрекетшілдік, жүйелілік, өзара әрекеттестік психоэлевация және жеке қасиеттермен ерекшеленушілік. Жоғарыдағы аталған принциптер дарынды балаларға арналған арнайы мектептердегі қалыптасқан оқытудың психо – педагогикалық тәсілдеріне қарама – қайшы келеді, керегінше оны анықтап, нақтылайды. Зерттеулердің деректеріне сүйенер болсақ, даралай бағдарлы оқытудың бұл принциптері білім берудегі іскерлікпен жетістікке жетудің қажетті жолы – психоэлевация болып табылады. Мектепті инновацялық деп анықтап тану барлық инновациялық мектептерге тән өзіндік 2 қасиетпен дәлелденеді: олар «оның барлық компоненттерінің байланыста құрылуында, яғни тұтас жүйені түзетуінде болса, екіншіден «оқушы - мұғалім» байланысындағы өзара қарым – қатынастың сипаты өзгеріп оның негізінде ынтымақтастық пен әріптестік алынуында»

     Дарынды балалармен жұмыстың формасын және әдістерінің мазмұнын таңдау.

Ғылым білім беру мазмұнының проблемасында дамыта оқытуды күшті амал категориясында ертеден көтерді, өйтпегенде Концепция авторлары  білім беруді дамытуға болжам жасауда егер сол ақиқатты айқындамағанда, онда білім беруді сан алуан жеке – жеке мәлметтермен арнайы операцияларды орындаушы саласында ғана пайдаланып, білімнің қоғам және адамзаттық функциясын атқаруына тосқауыл қойып негізгі кедергі болар еді, олай болғанда білім беру мазмұнында жаңа бірлестіктерді анықтауды талап етеді. Сонымен дарынды балалармен жұмыста осындай қажеттілік пайда болды. Дүние жүзілік практикада мәлім болғандай білім беру мазмұны проблемаларының бірнеше шешімі пайдаланылады. Оларды атар болсақ

•        Оқу пәндерінің интеграциясы

•        Білім беру мазмұнын модульдік формаға ауыстыру

•        Білім беруді гуманитаризациялау

•        Білім беру мазмұнына әрекет жайлы ұсыныстар ендіру

Берілген бірліктер мазмұны дарынды балаларға білім беру мазмұнына қайтып келмйді, керішінше оның ерекшелігін көрсетеді:

•        Интеграциялы курстар және кіріктірілген пәндер

•        Материалды таблца, схема модуль түрінде бейнелеудің тиімді нұсқалары

•        Қызмет мазмұнын іздеу(мазмұнды сипатын қызметті түрде ұйымдастыру)

    Мазмұнның әдістер және формаларымен байланысы психодидактиканың әрқашан маңызды проблемаларының бірі болып саналады және әрбір тарихи кезеңде әртүрлі жолмен шешілді. Ақыл – ой әрекетін қалыптастыру тәсілі – 60 жылдары В.В Давыдов және оның  жақтастарының еңбектерінің шығыуы дамыта оқыту проблемасын мазмұндық деңгейде шеше бастады. Ю.К. Бабанский сөзінен «саналуан тәуелді әдістер формасынан»... оқу материалы мазмұны негізгі және анықтаушы роль атқарады. Мақсат және мазмұн әдісті жасайды, ал бірақ керісінше емес.

    Жас  кезеңдеріне сай дарындылықты табу жолдары.

 Дарындылықтың біліну және диагностикалануы өте қиын бола тұра, дарындылықты табу   міндетін шешу ең алды мен оның психологиялық қызметі арқылы жүзеге асады.

         Біріншіден, себебі дарындылықты сипаттайтын нақты критерилердің болмауында және белгілі дәрежеде шарттылығында, өйтпесе үлгермеу себебі шыға қалған оқушылардың кейіннен данышпан тұлғаларға айналғанын тарих осыншама қатені көрсетпес еді.

         Екіншіден, психология ғылымы креатавтілікті мүлде болмауы және соның ішінде дарындылықты өлшеудің қандайда бір нақты методикасын ұсына алмауда. Сондықтанда пайдаланып жүрген методика балалардың түрлі оқу және өмір жағдайларындағы мінез- құлқына қатар бақылау жасауды қажет  етеді .Әйтсе де мектепте жүйелі түрде балалардың пәндік қабілеттерін

табуға  диагностикалық зерттеулер мен даму динамикасын қадағалау жұмыстары жүргізіледі. Жылда бірінші класқа, кіші дарын орталығының кластарына, бағдарлы кластарға, акадамик Л. В. Занков жүйесіндегі кластарға, түрлі студиялар мен мастерскойларға балалар диагностикалау арқылы қабылданады. Қабылдау құрамында балалардың белгілі әрекет аймағындағы қабілеттерінің даму деңгейлерін тестілеу және тиісті бағытына пікірлесу ендірілген. Психологтар кіші дарын  орталығынан, Л. В. Занков жүйесіндегі кластардан, бағдарлы кластардан балаларды шығарып салудың психологиялық жүйесін жасап, онда:

•        Шығармашылық белсенділігін дамыту диагностикасы.

•        Тынымсыздық деңгейін оқып білу.

•        әрекет өнімділігі

•        таным процесінің дамуы.

•        Ақыл-ой (тереңдігі, икемділігі, тұрақтылығы)

      Қазіргі кезеңде ғылыми зерттеулердің  мақсатты бағдарламаларына сәйкес, бітіруші класс оқушылары үшін құнды бағыттар табу жайлы әдістер жасалуда. Бұл мәліметтер бітірушінің динамикалық моделін жасауға негшіз етіп алынады да барлық отп оқыту және тәрбиелеуге дароалай бағдарлы келуді күшейту жоспарға сәйкестендіріледі.

Мектепішілік әртүрлі мектептердің оқу процесіндегі кейбір ерекшеліктер.

         Оқу процесіндегі ерекшеліктер ретінде мазмұн, әдіс және технологиялардың практикада жүзеге асырылуы ескеріледі.Білім беру мазмұнынтаңдап алуда мектеп концепциясыында көзделген тиісті ережені басшылыққа алады.

         Мазмұндығы – басты талап оқушыны жеке тұлға түрінде қалаптастыруға бағытталуы тиіс және ол мектептің стратегиялық мақсаты түрінде модельде көрініс табады, осымен бірге балалар қабілетімен құштарлығын мақстына бағытына дамыту ұйымдастырылады. Бұл мақсатты орындау үшін оқу жоспарының резерві толық жұмсалынады, сонымен қатар ақылы негізде қосымша білім беріледі. Оқу жоспарларының жылжымалы бөлігін қатаң орындау арқылы оның негізгі бөлігі қалыптасады және ақылы негізінде білім беруде мектеп құрамындағы «кіші мақсат» ерекшелігімен ата - аналар және оқушылардың сұраныстары ескеріледі.

Балалар айналасанда мейірімді және жылы шырай туғызу маңызды, әрі өзін - өзі түсінуге, табысқа жетуге жәрдемдеседі. Міне, мұның бәрі бала қабілетін дамытыудың қажетті шаралары болып саналады

     Психологтар  қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын  дәлелдейді.

v Репродуктивті (өнімсіз) – іс - әрекетті не білімді берілген үлгі бойынша қабылдау, меңгере алмау деңгейі.

v Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі

     Бастаушы класс оқушыларының қабілеттері 2 түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез – келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесінмеңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден – кез – келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады.

     Оқу әрекетінен  шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін өзі қалыптастыруына, өз идеясын жүзеге асыруға бағытталған жаңа әдіс – тәсілдер іздейді. Проблемены өзінше жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша бастауыш класс оқушыларының кез – келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. ОЛ үшін мына төмендегі шарттар орындалуы тиіс. Біріншіден – баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін крте бастан қолға алу. Мысалы бір тіл үйрену үшін баланың туған сәтінен бастап сөйлесе бастаймыз ғой. Немесе музыканттар жанұясында үнемі музыка естіп өскен баланың сол өнерге қабілеті өте ерте ашылады. Осыны басқа қабілеттер дамытуға неге пайдаланбасқа. Екіншіден – баланың жүйелі, тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық әрекеттер жағдайында болуы. Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым – қатынастар шығармашылық қабілеттерді дамытуға тиімді әсер етеді деп ойлаймыз. Үшіншіден – шығармашылақ жұмыстар  баланың ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгей биікткй беретіндей болуы керек. Осындай тынымсыз ой қызыметі ғана бала дамуына үлкен нәтиже береді. Осы пікірді қуаттайтын ХІХ ғасырдағы неміс ғалымы Карл Витте оны дәлелдеу үшін өз ұлын өзі дайыдаған жүйесі бойынша тәрбиелейді. Нәтижесінде әкесінің атымен аталатан кішкентай  Карл 9 жасында университетке түсіп, 1 жылда оның толық курсын бітіреді. 13 жасында философия докторы деген атақ алады. 18 жасында Тейзельбург университетінің профессоры, 23 жасында Берслеу университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.Төртіншіден – ең негізгі шарт – бала әрекетінің әр түрімен айналысуға, таңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын деседе өз еркі болуы керек. Мұндай қызығушылық, қажеттілік табысқа жетудің бірден – бір кепілі болып табылады. Бесіншіден – еркіндік – ойға не келсе соны істеуге, ал қамқорлық, көмек бала үшін жұмыс істеуге айналмауы керек. Балаға елеусіз болсада өз күшімен өз ойымен, қиындықты жеңе отырып «жаңалық» жағдай жасайық.

Қорыта айтқанда, зерттеу жұмыстары арқылы жеке тұлғаны дарынды, талантты оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, өзара қарым-қатынасты күшейтіп, ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы байланысты жоғары ұстау қажет екенін түсіндік. Ұстаз өмірдің шуағы мен нәрін себуші, берілмес қамалдардың алыбы, оның мынау аумалы, төкпелі замандағы адам ретіндегі, мұғалім ретіндегі миссиясы-маңайындағы адамдардың алдындағы оқушылардың ішкі сезімін оята білуі. Мұндай жауапты да ауыр жүк арқалап жүрген ұстаздарымыздың ішкі жан дүниесі мен сыртқы бет-бейнесінде үйлесімділік, сауаттылық, жарасымдылық болуы қажет. Сол кезде ғана мұғалім жан-жақты дамыған, дүниетанымы мол, еркін ойлы, өз пікірін ашық айта алатын жеке тұлғаны қалыптастыра алады. Баланың қабілетін дамыту мәселесі өзінің тамырын адамзат тарихының тереңінен алады. Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ өз оқушыларының жеке тұлға болып дамуына үнемі қамқорлық жасаған. «Адамның ақыл-ойын, қабілетін, шығармашылығын дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізуге болады», – деді шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби. Біздің ойымызша сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмаларға қызыға қарайды, табыспен меңгере алады. Осындай жұмыстарды меңгергенде ғана бастауыш сынып оқушылары, жоғары сыныптарда білімді 90% дәрежеде өз бетімен ізденетін, пайдалыны көздей алатын, ой қазанын қайната алатын, шын мәніндегі шығармашылық дәрежеге көтеріле алатын дарынды шәкірт бола алады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Дарынды оқушылармен жұмыс істеудің жолдары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 711 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.11.2016 3271
    • DOCX 36.9 кбайт
    • 67 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зотова Махабат Бекижановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зотова Махабат Бекижановна
    Зотова Махабат Бекижановна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4687
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика подготовки к ЕГЭ по биологии в соответствии с новой структурой и содержанием КИМ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 142 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта «Точки роста»: преподавание генетики на углублённом уровне ООО и СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 387 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 287 человек

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Психологические механизмы и стратегии: сохранения психологического равновесия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек