Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Обществознание / Статьи / Әдебиет "Теңізден бір тамшы" шығарма
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Обществознание

Әдебиет "Теңізден бір тамшы" шығарма

библиотека
материалов

Теңізден бір тамшы (шығарма)


Денсаулықтың қадірін жаралы болғанда білерсің,

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің

Бұқар жырау


D:\ххххххххххххх\Фото\картинка\ntLXqLFZBBQ.jpg

Жаз айы. Шыжыған ыстық күн. Бұл ауыл Мамыр деп аталады. Бұл ауылдың сәні мына жатқан құм шағылдар. Бұл жерде тапа-тал түсте ыстық қырық градусқа дейін көтеріледі. Осындай уақыттарда жалаң аяқ далада ойнаған балалар табанын күйдірген топыраққа шыдай алмай, көлеңке іздеп жүгіреді, үлкендер жағы үйін қараңғылап алып, сыртқа шықпайды. Далада аптап тұрып, қыз-қыз қайнайды. Адамдар түс қайта күннің қызуы сәл басылғасын тіршілік қамына кірісе бастайды. Өрістен мал келіп, әйелдер сауын сауады, ерлер мал жайғарады. Бұл ауылдың күнде істейтін тіршілігі осы.

Анау бір үйде бүгін ерекше күн. Тамыз айының соңғы күнінде дүниеге сәби келді, бірақ анасы онша қуанышты емес, себебі күткеніндей ұл емес, дүниеге тағы бір қыз келген еді. Бұл оның үшінші қызы. Бірақ, сәби анасының мейірімін өзіне тез қаратты. Атын Ұлбала қойды. Соған қарағанда әлі ұл баладан үмітті.

Үйдің көлеңкесінде жатқан Құтжолдың мына ыстық әбден дінкесін құртқандай, әлде шөлдеген бе тілі салақтап, әзер-мәзер дем алады. Бұл үйдің үлкен қызы алты жасар Алтынай. Түс қайта үй алдына шығып ойнап отыр. Ол нағашы ағасының ауыл аралап бір жұмыс істеп жүргенін сырттай бақылап отыр. Нағашысы Алтынайдың үйіне соқпай өтіп бара жатқанда, Алтынай тоқтатып алды:

- Нағашы не тарқатып жүрсіз?

Жақында оқу басталады, мектепке алғаш рет баратын балалардың тізімі бойынша, олар алдын-ала жаттасын деп тақпақ тарқатып жүрмін,-деді.

Ал неге маған бермей кетіп барасыз?

Саған келер жылы беремін, сен әлі кішкентайсың,- деп нағашысы өз жолымен жүріп кетті.

-Осы жылы қайтсемде мектепке барамын,- деп тістене шиыршықтанды.

Бір-екі күн өткен соң күзекке көшіріп бара жатқан екінші нағашысы үйлеріне келді. Осы кезде бір мал сойып шілдехана жасалды. Қаладан Алтынайға апасы көйлек беріп жіберіпті. Ол көйлекті кие салысымен ойына мектепке осылай барам деген ой келді.

Біраз күндерден кейін анасы үйіне келген қонақтармен әуре болып жүргенде, анасына айтпай, қаладан апасы беріп жіберген жаңа көйлегін кейіп алып, көйлегіне сай аяқ киім таппаған соң, жалаң аяқ мектепке кіріп келді. Нағашысы күлімсірей қарап:

-Оқығың келе ме?- деп сұрады.

Алтынай: - мені мектепке қабылдаңызшы,- деп қиыла сұрады. Осылай үйіндегілерге айтпай алғаш мектеп табалдырығын аттады. Анасының осы жылы қызын мектепке беремін деген ойы жоқ болатын, қызының оқуға деген ынтасына қуанса да, үй шаруасына көмекші, сіңілілеріне қарап, қол қабыс болып отырған қызын әзірше оқытқысы келмеді. Сондықтан қызына ұрсып, мектепке баруға тиым салды. Алтынай мектепке қашып кете бергесін қалам-дәптерін алып берді. Бұл Алтынайдың анасын алғаш рет тыңдамауы болатын. Алтынай оқуда озат болды. Төртінші сыныпты бес деген бағамен бітірді. Бұл ауылда мектеп тек бастауыш білім беретін, сондықтан әрі қарай оқығысы келетіндер орталыққа барып интернатта жатып білім алатын. Алтынайдың үйі ерекше шешім қабылдады, балалардың бәрі оқуы керек, сондықтан ауылдан қалаға қарай көшемізге салды. Сөйттіде қалаға көшіп келді. Бұл қала өте көрікті, көшелері таза болатын. Алтынайдың әкесі түсініксіз бизнеспен шұғылдана бастады. Олар кенеттен баий түсті. Жаңа пәтер, іші толған дүние. Анасының байлықтан тұмсығы көтеріліп, көршілерін менсінбеуге айналды. Мұнда Алтынай үздік сыныпқа қабылданды, жаңа достар арттырды. Оған мұнда шет тілі өтілетіндігі өте ұнады. Алтынай достарын үйіне шақырғанда анасы долданып ашу шығаратын, сондықтан достары долы анасынан ыңғайсызданып көп үйіне үйір болмайтын. Сосын Алтынай достарының үйінде көп болып, анасына ескертпей кетіп қала беретін. Достары жиі-жиі кештер ұйымдастыратын. Алтынайды анасы бірде жіберсе, бірде жібермейтін. Сондай кездерде ол: - «Өзіңде жас болмадың ба? Құрбыларымның аналары кештерге еркін жібереді, мені үйге қамап көдек қылғың келе ме? Сендей анам болмай-ақ қойғаны жақсы еді?», - деп ызаланып, анасына өкпесі қара қазандай болып, қатты сөздер айтып жылап жатып алады. Бір мезеттен кейін жасын тиып, білдірмей тағы қашып, достары ұйымдастырған кешке барады.

Анасы: - қызым есейдің, бойжеттің, қыз бала кешкісін көп қыдырмауы керек, білесің бұл саған ауыл емес, қалада ащы суды ішіп алып, құтырған иттей кезіп жүрген адамдар көп, бір нәрсе болып қала ма деп алаңдаймын, енді мұндай әрекет жасама, - деп ақыл айтады. Алтынай үндемей тыңдайды да, өз дегенінен қайтпайды.

Оқуға құштарлығының арқасында 9 сыныпты беске бітіріп, колледжге түсті. Оқып жүргенінде бесінші сіңілсі дүниеге келді.

Қыстың боранды күндерінің бірінде анасының денсаулығы сыр бере бастады. Содан дәрігерлерге көрінді, церроз деген диагноз қойылып, санаулы өмірі қалғандығы анық болды. Анасының баяғы толықтығынан, тасынуынан ізде қалмады, күрт өзгерді. Ажары қуаң тартып, көп ойланатын болды. Ойланбайын деседе өз өмірінің санаулылығы, бес қыздың анасыз қалатындығы, күйеуінің үйде көп болмайтыны, қандайда бір қауіпті іспен айналысатындығы ойын сан саққа жүгіртетін. Санаулы өмірім болсада қыздарыма өмірлеріне керектіні беріп кетейін деген оймен қыздарына жиі-жиі ақылын айтатын, үй шаруасын бөліп беріп аямай жұмсайтын, еркелеп істегілері келмеген кездерінде шырылдап ертең өздеріңе керек болады, өмір бір қалыпты емес, өмірде тек еңбекқорлар ғана жеңімпаз болады деп шыр-пыр болады. Науқасы дендеген сайын қыздарының, әсіресе ең кішкентайының келешегі қатты алаңдатып, көз жасын теңіз қылады. Ал кенжесі анасының науқастығын сезгенмен қасымнан кетеді-ау деп еш ойламайды, еркелеп бауырына кіре береді. Бауырына кірген қызын құшағынан шығармай, балаларымның қызығын көрсем ғой деп армандайды. Бірақ бұл дүниеде көп тұрмасын біліп, Алтынайға: «Сен үйдің үлкенісің, сіңілдеріңе басшы бол, бауырмал болыңдар!» деп аманат жасайды. Енді Алтынай еркелігін қойды, отырыстарға барғысыда келмейтін болды. Бір күні анасының қасына отырып :

-Мен сізді көп ренжіттім, қатты сөздер айттым, сіздің арқаңызда күліп-ойнап, қайғы не екенін білген жоқпыз, есіңізде ма «сендей анам болмағаны жақсы еді» деген сөзім, мен сол сөзіме өкінемін, қатты өкінемін, өтінемін өлмеші, қасымыздан кетпеші мама, қадіріңе жетпегенім үшін кешірші, кешірші, - деп дауысы қарлыға құшағына атылды. Қызын бауырына басып: -Сен кішкентайыңнан бірбеткей, дегеніңе жетпей қоймайтын қыз едің, сағыңды сындырма, сен мені кешір күлкіңді, жастығыңды, сіңілілеріңнің балалық шағын қайғыға толтырғаным үшін,- деп іштегі мұңын көз жасы арқылы шығарды.

Ертесіне Алтынай оқудан үйіне қайтарда көше ақ түтектеніп, ызғырық жел ұйытқыды. Ол үйіне қарай жүгірді, үй алдында полиция машинасын көрді. Олар әкесіне іздеу салынғанын айтты. Үйге келмегеніне біраз болғанын айтқаны сол еді, үй ішінен жылаған-сықтаған дауыстар есітілді. Алтынай бір жамандықтың болғанын іші сезді де, көзінен жас парлап аға бастады. Үйіне жүгіріп келді, келсе сіңілдері анасының суыған денесін құшып, зар жылап отыр екен. Көзі жасқа толып, ішкі ағзасының бірі үзілгендей, есінен танып кетті...

Аналарымызды барында қадірлейік!

Қазақ тілі мен әдебет пәнінің мұғалімі

Юсупова Гүлжайна Орынбасаровна




Автор
Дата добавления 21.03.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Статьи
Просмотров166
Номер материала ДВ-544633
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх