Инфоурок Другое Конспекты"Әдептен озбайық"

"Әдептен озбайық"

Скачать материал

Үшағаш  негізгі орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ тақырыбы:

 

 

"Әдептен озбайық"

 

 

Өзін-өзі тану пәні  мұғалімі

Серікқалиева Жаннұр Жұмабайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  2014-2015 оқу жылы

Мақсаты: оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру.

Міндеттері:

-     қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру;

-     әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту;

-     әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

1.   Тыныштық сәті               Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Әңгімелесу

Оқулықта «ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында оқушылар назарын әдеп нормаларын сақтауга аудартады.

   Сіз өмірде қандай әдеп қагидаларын ұстанасыз?

  Қазақ халқының және туысқан басқа да халықтардың қандай әдеп нормаларын білесіз?

    Әдеп нормаларының жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары бола ма?

Мәтінмен жұмыс

Оқушыларга жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында Ж.Бейсенбаевтың «Студент қыздың әңгімесі» атты әңгімесін оқып береді.

                           СТУДЕНТ ҚЫЗДЫҢ ӘҢГІМЕСІ                                                                                  

                                                                                                        Ж. Бейсенбаев

...Жақында мынадай бір жайға жолықтым. Оқудан автобуспен қайтып келе жатыр едім, аялдамадан екі-үш жігіт мінді. Әп-әдемі жігіттер. Өздеріне өздері ұқыпты қарайтын жандар екені байқалады. Олар автобусқа кірген бойда орта тұстағы мен отырған орындықтыү қасына келіп тұра-тұра қалды. Байқауымызша, ішіп алған болулары керек, өздерін көңілді сезінеді. Қарап тұрған жоқ, аздан соң маған сөзбен тиісе бастады. «Қарындас, есіміңіз кім? Таныс болайық..» Әр нәрсені бір айтады. Орынсыз күледі.

Мен өз аялдамама жеткен соң түсіп қалдым. Сөйтсем, әлгі жігіттер менімен бірге ілесе түсіпті. «Баратын жеріміз бір екен ғой, қарындас», - дейді. Айнала қараңғылық бүркеп қалған кез. Үйге қарай жүре берейін деп едім, жолымды кес-кестеп жіберер емес. «Бізбен бірге жүріңіз, сізді қонаққа шақырамыз,» - дейді.

- Бәріміз жас адам емеспіз бе, көңіл көтеруге қарсы болмассыз, музыкамыз, ішімдігіміз бар». Біреуі білегімнен қатты ұстап алыпты. «Рақмет, бармаймын, жіберіңіздер», - дедім. Бірақ олардың босататын ыңғайы жоқ. Шыдай алмадым, қыстығып жылап жібердім. Содан кейін ғана олар қолымды босатты. Үйге қарай жүгіре жөнелдім. Артымнан қарқылдап күліп жатыр.

  Жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырды?

  Қогамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз?

Жағдаяттарды талдау

Жағдаяттарды талдап, сұрақтарға жауап беріңіздер.

Бұл тапсырма жогарыда айтылган ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі - өмірде әдеп нормаларын сақтау және қалыптастыру болып табылады.

1.   Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.

    Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру ушін қалай көмектесуге болады?

2.    Назым әп-әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп-нәзік, биязы бойжеткен көз алдыүызда біртіндеп, Әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айрылып жүре береді.

• Назымга қандай кеңес берер едіңіз?

Тапсырма

¥лағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсініп алыңыз.

Оқулықтагы тапсырма оқушыларга ізгілік, адамдық ұғымдарының адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасуына қажет екенін түсіндіреді.

Ізгілік - бір биік үй мұнарасы,                                                                              Алқызыл жайнап өскен гүлбакшасы,                                                                     Әдебің сол гүл өскен жасыл алқап,                                                                         Сол үйдің не болмаса ірге тасы.

Ахмет Иугнеки

Кісіге адампылық неге керек?                                                                               Адамдық - өзге айуаннан артық демек...                                                                 Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам                                                                                 - Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Дәйексөз

Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген «Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-онай айырылып қалуымыз мүмкін» деген И. Гетенің сөзін түсіндіру арқылы оқушылардың әдепті болуьіна багдар беріледі.

Жаңа ақпарат

Оқулықтагы жаңа ақпарат адамдардың қогамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін үстау әдебі туралы оқушы білімдерін ныгайта түсуіне көмектеседі.

Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру монері, қимыл-қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.

Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлеуіне және т.б. байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы, жарасымдылық мӘдениеттілігі бағаланады.

Дәптермен жұмыс

Оқушы дәптерінде оқушыга арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналган аффир мациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады.

Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының оз еркіне қалдыруга болады.

Мүгалім адамның әдеп нормаларын сақтау мақсатында төмендегі тапсырманы оқушыларга сахналауга ұсынады:

Төменде берілген сөздерден жағдаяттар құрастырып, сахналап беріңіз.

1.   Сыныптастардыү телефонмен сөйлесу Әдебі.

2.     Қоғамдық көліктегі оқушы мен қарияның және бақылаушының Әдептері.

3.    Үлкендер мен жастардың дастархан басында өзін ұстау әдебі.

Тапсырма

Төменде берілген әдеп қағидаларын өз ойыңызбен жалғастырыңыз.

Окулықтагы тапсырманы орындау оқушыларга ізгілік, адамгершілік қарым-қатынас жасуына қажет екенін түсіндіреді.

1. Қоғамдық орындарда, көшеде:

    Біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра.

    Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе.

    тесіле қарама, адамдарға бұрылып немесе артынан қарама.

    Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды.

   Біреудің бөлмесіне немесе кабпнетіне сыртқы киіммен кірме.

2.    Есікті қағып кір. Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғана іс сапарда:

    Жолға шыққанда соған лайық киін.

    Саяхаттау барысында жалпыға ортақ киім киінген дұрыс.

    Шет елге саяхатқа шыққанда сенің мінез-құлқың бойынша сенің еліңді танитынын ұмытпа. Сол елдің ережесін және әдет-ғұрпын сақтауға тырыс.

3.    Театрда:

    Театрға 15-20 минут бұрын келіп, спектакль басталғанға дейін сыртқы киімді шешуге, өзіңді ретке келтіруге, бағдарламаны сатып алуға, өз орныңа барып отыруға үлгеру керек. Ең соңғы минуттарда кешігіп келген адам бұрын келіп отырғандарға қолайсыздық тудырады.

Жүректен жүрекке

Балалардың шеңберге тұрып, сыныптас достарымен қол ұстасып, алган білімдерін қорытындылау мақсатында әдеп туралы журекжарды тілектерін айтуды ұйымдастырады. «Қыз сыны» әнімен сабақты аяқтауға болады.                                                                                         

                                                 Қыз сыны

                                       Сөзін жазған Қ.Қазыбеков Әнін жазган М. Омаров                                                          Үкілі камшат, бүрмелі көйлек,                                                                                                          Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.                                                                               Иықтан шашы төгіліп жерге,                                                                                        Күмісті шашбау жарасып белге.                                                                             Қиылған қасы                                                                                                           Қарақат көзі,                                                                                                 Жүректі баурап,                                                                                                          Оятар сезім.                                                                                                        Тал бойың нәзік,                                                                                                 Қызғалдақ гүлдей,                                                                                                Дидарың нұрлы,                                                                                                                                    Шуақты күндей.                                                                                                                         Жаңарып қайта,                                                                                                  Жаңғырып көне,                                                                                                         Ләззат алар,                                                                                                               Көрген жан сенен.                                                                                               Көркіңнен сенің                                                                                                     Айналдым еркем,                                                                                                        Халкымның салтын,                                                                                                                                                                                                                                               Сақтаған көркем.

 

 

 

 

1.Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.

    Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру ушін қалай көмектесуге болады?

 

 

 

 

 

 

 

2.Назым әп-әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп-нәзік, биязы бойжеткен көз алдыүызда біртіндеп, Әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айрылып жүре береді.

• Назымга қандай кеңес берер едіңіз?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қоғамдық орындарда, көшеде:

    Біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра.

    Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе.

    Тесіле қарама, адамдарға бұрылып немесе артынан қарама.

    Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды.

.Біреудің бөлмесіне немесе кабпнетіне сыртқы киіммен кірме.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есікті қағып кір. Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғана іс сапарда:

    Жолға шыққанда соған лайық киін.

    Саяхаттау барысында жалпыға ортақ киім киінген дұрыс.

    Шет елге саяхатқа шыққанда сенің мінез-құлқың бойынша сенің еліңді танитынын ұмытпа. Сол елдің ережесін және әдет-ғұрпын сақтауға тырыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төменде берілген сөздерден жағдаяттар құрастырып, сахналап беріңіз.

4.   Сыныптастармен телефонмен сөйлесу Әдебі?

5.     Қоғамдық көліктегі оқушы мен қарияның және бақылаушының Әдептері?

6.    Үлкендер мен жастардың дастархан басында өзін ұстау әдебі?

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Әдептен озбайық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Үшағаш негізгі орта мектебі Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Серікқалиева Жаннұр Жұмабайқызы 2014-2015 оқу жылы Мақсаты: оқушылардың әдеп негіздері туралы түсінік беру. Міндеттері: - қоғамдық орындардағы, адами қарым-қатынастағы әдеп нормаларын түсіндіру; - әдеп нормаларын ұстану іскерліктерін дамыту; - әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Шаттық шеңбері 1. Тыныштық сәті Нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет. Әңгімелесу Оқулықта «ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтарды талдау барысында оқушылар назарын әдеп нормаларын сақтауга аудартады. • Сіз өмірде қандай әдеп қагидаларын ұстанасыз? • Қазақ халқының және туысқан басқа да халықтардың қандай әдеп нормаларын білесіз? • Әдеп нормаларының жас ерекшеліктеріне байланысты айырмашылықтары бола ма? Мәтінмен жұмыс Оқушыларга жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында Ж.Бейсенбаевтың «Студент қыздың әңгімесі» атты әңгімесін оқып береді. СТУДЕНТ ҚЫЗДЫҢ ӘҢГІМЕСІ Ж. Бейсенбаев ...Жақында мынадай бір жайға жолықтым. Оқудан автобуспен қайтып келе жатыр едім, аялдамадан екі-үш жігіт мінді. Әп-әдемі жігіттер. Өздеріне өздері ұқыпты қарайтын жандар екені байқалады. Олар автобусқа кірген бойда орта тұстағы мен отырған орындықтыү қасына келіп тұра-тұра қалды. Байқауымызша, ішіп алған болулары керек, өздерін көңілді сезінеді. Қарап тұрған жоқ, аздан соң маған сөзбен тиісе бастады. «Қарындас, есіміңіз кім? Таныс болайық..» Әр нәрсені бір айтады. Орынсыз күледі. Мен өз аялдамама жеткен соң түсіп қалдым. Сөйтсем, әлгі жігіттер менімен бірге ілесе түсіпті. «Баратын жеріміз бір екен ғой, қарындас», - дейді. Айнала қараңғылық бүркеп қалған кез. Үйге қарай жүре берейін деп едім, жолымды кес-кестеп жіберер емес. «Бізбен бірге жүріңіз, сізді қонаққа шақырамыз,» - дейді. - Бәріміз жас адам емеспіз бе, көңіл көтеруге қарсы болмассыз, музыкамыз, ішімдігіміз бар». Біреуі білегімнен қатты ұстап алыпты. «Рақмет, бармаймын, жіберіңіздер», - дедім. Бірақ олардың босататын ыңғайы жоқ. Шыдай алмадым, қыстығып жылап жібердім. Содан кейін ғана олар қолымды босатты. Үйге қарай жүгіре жөнелдім. Артымнан қарқылдап күліп жатыр. • Жігіттердің іс-әрекеті сізге қандай ой қалдырды? • Қогамдық орындарда әдеп сақтау туралы не білесіз? Жағдаяттарды талдау Жағдаяттарды талдап, сұрақтарға жауап беріңіздер. Бұл тапсырма жогарыда айтылган ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі - өмірде әдеп нормаларын сақтау және қалыптастыру болып табылады. 1. Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес. • Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру ушін қалай көмектесуге болады? 2. Назым әп-әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп-нәзік, биязы бойжеткен көз алдыүызда біртіндеп, Әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айрылып жүре береді. • Назымга қандай кеңес берер едіңіз? Тапсырма ¥лағатты сөздерді оқып, олардың мәнін түсініп алыңыз. Оқулықтагы тапсырма оқушыларга ізгілік, адамдық ұғымдарының адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасуына қажет екенін түсіндіреді. Ізгілік - бір биік үй мұнарасы, Алқызыл жайнап өскен гүлбакшасы, Әдебің сол гүл өскен жасыл алқап, Сол үйдің не болмаса ірге тасы. Ахмет Иугнеки Кісіге адампылық неге керек? Адамдық - өзге айуаннан артық демек... Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам - Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек. Шәкәрім Құдайбердіұлы Дәйексөз Оқулықтағы «Дәйексөз» айдарымен берілген «Біз бойымызда әдепті дамытуға тиіспіз. Өйтпесек адамдардың ілтипатынан оп-онай айырылып қалуымыз мүмкін» деген И. Гетенің сөзін түсіндіру арқылы оқушылардың әдепті болуьіна багдар беріледі. Жаңа ақпарат Оқулықтагы жаңа ақпарат адамдардың қогамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін үстау әдебі туралы оқушы білімдерін ныгайта түсуіне көмектеседі. Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру монері, қимыл-қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады. Қоғамда адамның жүріс-тұрысына, киінуіне, сөйлеуіне және т.б. байланысты қалыптасқан әдеп нормалары бар. Әрбір адамның сол әдеп нормаларын ұстануына қарай оның инабаттылығы, жарасымдылық мӘдениеттілігі бағаланады. Дәптермен жұмыс Оқушы дәптерінде оқушыга арналып, «Мен бүгін:» айдарымен берілген әр сабаққа арналган аффир мациялардың өзіне ұнаған біреуін таңдап алуды ұсынады. Оны талдау немесе өз ойын білдіруді оқушының оз еркіне қалдыруга болады. Мүгалім адамның әдеп нормаларын сақтау мақсатында төмендегі тапсырманы оқушыларга сахналауга ұсынады: Төменде берілген сөздерден жағдаяттар құрастырып, сахналап беріңіз. 1. Сыныптастардыү телефонмен сөйлесу Әдебі. 2. Қоғамдық көліктегі оқушы мен қарияның және бақылаушының Әдептері. 3. Үлкендер мен жастардың дастархан басында өзін ұстау әдебі. Тапсырма Төменде берілген әдеп қағидаларын өз ойыңызбен жалғастырыңыз. Окулықтагы тапсырманы орындау оқушыларга ізгілік, адамгершілік қарым-қатынас жасуына қажет екенін түсіндіреді. 1. Қоғамдық орындарда, көшеде: • Біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда кешірім сұра. • Адамдарды немесе заттарды саусағыңмен нұсқап көрсетпе. • тесіле қарама, адамдарға бұрылып немесе артынан қарама. • Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды. • Біреудің бөлмесіне немесе кабпнетіне сыртқы киіммен кірме. 2. Есікті қағып кір. Өзіңе рұқсат жасалғаннан кейін ғана іс сапарда: • Жолға шыққанда соған лайық киін. • Саяхаттау барысында жалпыға ортақ киім киінген дұрыс. • Шет елге саяхатқа шыққанда сенің мінез-құлқың бойынша сенің еліңді танитынын ұмытпа. Сол елдің ережесін және әдет-ғұрпын сақтауға тырыс. 3. Театрда: • Театрға 15-20 минут бұрын келіп, спектакль басталғанға дейін сыртқы киімді шешуге, өзіңді ретке келтіруге, бағдарламаны сатып алуға, өз орныңа барып отыруға үлгеру керек. Ең соңғы минуттарда кешігіп келген адам бұрын келіп отырғандарға қолайсыздық тудырады. Жүректен жүрекке Балалардың шеңберге тұрып, сыныптас достарымен қол ұстасып, алган білімдерін қорытындылау мақсатында әдеп туралы журекжарды тілектерін айтуды ұйымдастырады. «Қыз сыны» әнімен сабақты аяқтауға болады. Қыз сыны Сөзін жазған Қ.Қазыбеков Әнін жазган М. Омаров Үкілі камшат, бүрмелі көйлек, Тұрғандай өзі қимылсыз билеп. Иықтан шашы төгіліп жерге, Күмісті шашбау жарасып белге. Қиылған қасы Қарақат көзі, Жүректі баурап, Оятар сезім. Тал бойың нәзік, Қызғалдақ гүлдей, Дидарың нұрлы, Шуақты күндей. Жаңарып қайта, Жаңғырып көне, Ләззат алар, Көрген жан сенен. Көркіңнен сенің Айналдым еркем, Халкымның салтын, Сақтаған көркем.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 992 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.05.2015 1842
    • DOCX 82.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Галимова Нурзия Кыдыргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Галимова Нурзия Кыдыргалиевна
    Галимова Нурзия Кыдыргалиевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26884
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов

Мини-курс

Профессиональное развитие педагога: успехи и карьера в образовании

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек