Инфоурок Информатика СтатьиДоклад ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры

Доклад ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры

Скачать материал

ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры

 

Т.Абдикаримова

информатика пәнінің оқытушысы

 

     20 ғасыр ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: «ЭЕМ желілері оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде информацияның басым бөлігі, бірінші кезекте ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси-әлеуметтік мәліметтер қағазсыз күйде- ЭЕМ жадында сақталады. Соның салдарынан 21 ғасыр басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да, жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...»,- деген болатын.

    Ақпараттық технологияларды практика жүзінде пайдалану жолында арнайы  білім беру мақсатында жаңа пән- информатика  сабағы соңғы 20 жыл көлемінде оқытылып келеді. Оның орта білім жүйесіндегі алатын орны информациялық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізі болып табылатын әлемнің ақпараттық-жүйелік бейнесін жасау, ақпраттық орта мен адамның тиімді қарым-қатынасын  қалыптастыру сияқты мәселелермен анықталып келеді. Осыған қоса қазіргі кезде педагогикалық ғылым саласында да оның әдіснамасы (методлогиясы) мен парадигмасын жетілдіруге қажет тереңдетілген әлеуметтік  өзгерістер болып жатыр.

     Сондықтан «информатиканы оқытудың негізгі міндеті- ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету, дамыту құралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде  ақпараттық тахнологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады».

Ақпараттық технологияның мақсаты:

  1. Ақпараттық қоғам құру кезеңіндей  адамның жеке тұлғасын және индивидті лайықты өмірге дайындау:

-         ойлау қабілетін жетілдіру;

-         эстетикалық тәрбие;

-         қатынасу-сөйлесу қасиеттерін дамыту;

-         тиімді шешім қабылдауды немесе күрделі жағдайларда қабылданатын бірнеше шешімдер нұсқасын ұсынуды қалыптас-тыру;

-         ғылыми-тәжірбиелік қызмет жүргізе білуге үйрету, оны дамыту;

 2. Қоғамды ақпараттандыруға байланыс-ты туындайтын әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру:

-         информатика  және есептеу техника-сы саласында мамандарды дайындау;

-         жаңа  информациялық технологиялар құралдарын тұтына білушілерді дайындау;

3. Оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейлерін екпінді ету:

-         жаңа информациялық технолгиялар құрал-дары мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы оқыту процесінің тиімділігі мен сапасын көтеру;

-         оқушылар мен студенттердің танымдық қасиеттерін жетілдіру қажет ынталан-дыру істерін жүргізуді қамтамасыз ету;

әр саладағы мәселелерді шешу істерінде қа-зіргі кездегі қолданып жүрген ақпарат өңдеу құралдарын пайдалану арқылы пәнаралық байланыстарды тереңдету;

        Бүгінгі таңда болашақ қызметіндегі негізгі мәселелерді ақпараттық технологиялар көмегімен шешетін,жұмыс барысын оңтайлы ұйымдастыруға қабілетті кәсіби маман даярлау жүйесін жетілдіру өзекті мәселелердің бірі. Ақпараттық технологиялар аймағында оқыту мазмұнын қалыптастырудың  мақсаттары:

 -ақпараттық технологиялар аймағында оқыту мазмұнын анықтаудың маңызды факторы оның бағыттылығы;

-оқыту мазмұны педагогикалық мамандықтар студенттерінен ақпараттарды,ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өңдеуді талап етіп,өз бетінше педагогикалық мәселелерді шешуге жеткілікті білімдер мен оларды қолдану дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуі тиіс;

-мазмұн студентте педагогикалық мәселелерді шешуде пән аралық байланыстың негізінде өзінің педагогикалық қызметіндегі білімдерді коминациялауда пайдаланылатын білімдер жүйесін тұтас қабылдауын қалыптастыруы тиіс.

 Педагогикалық практиканы жетілдірудегі жаңа жетістіктер педагогикалық мамандықтар студенттерін оқытуда жаңа технологияларының пайда болуына әкелуде. Ақпараттық төңкеріс,қоғамның,білім берудің ақпараттандырылуы өмірлік маңызды мәселелерді өздігінен шешуді,білімдегі бос кеңістіктерді жылдам жою қабілеттілігін белсендіруді талап етеді.

  Соңғы жылдардың тенденциялық сипаты жоғары оқу орындарының (ЖОО) білім беру үрдісінде информатиканың жетістіктерімен мазмұндалған ақпараттық технологияларды,дербес жағдайда,Web-технологияны ақпараттық қорларға ену тұтынушылық қосымшасынан-Интернетке,мәліметтерді басқару Интернет қызметтерімен,хаттамаларымен және мамандандырылған Web-серверлерімен өзара әрекеттесуге негізделген. Аталған технологияның негізгі ерекшеліктерінің бірі ЖОО-дағы оқытушының қатысуымен өтілетін аудиториялық сағаттардың кемуі. Бұл оқу үрдісін оқытушылар ақпараттық ортадан алатын оқу-әдістемелік жабдықтамалардың рөлін нақты ұлғайтуға әкеледі.Web-технологияны кеңінен пайдаланудың келесі себебі Интернет желісінде өте үлкен ақпарат көлемі жинақталған,бұларды жаңа білім беру бағдарламаларын ендіру сатысында нақты оқу-әдістемелік қор құрылғанға дейін білім беру мақсатында қолданған тиімді.

Қазіргі заманғы электрондық-техникалық орталар мен ақпараттарды тасымалдау құралдары жылдан –жылға жетілдіріліп,білім беру мекемелерінде білім беруге қатысты түрлі міндеттерді шешу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

 Қазіргі көрнекі құрал ретінде ақпаратты плакаттарда немесе тақтада жазу сапасында құру жиі қолданысқа ие емес.Қазіргі заманғы шарт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды ұсынады,мысалы,оқушылардың әрқайсысының өз жұмыс орнында компьютерден көру мүмкіндігі бар Power Point слайдтары жүйесін атауға болады.

 Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде қалыптасатын ақпараттық мәдениет педагогтың кәсіби мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.

 Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану компьютердің оқу үрдісіндегі функцияларымен орнын,оның көмегімен оқу әрекетін басқару ерекшеліктері арқылы сипатталады.Оқу үрдісін компьютерлендіру ісінің үрдісінің мүмкіндігі адамның орындайтын функцияларын парапар техникалық орталардың көмегімен алмастырып,атқарғанда пайда болуы мүмкін.Оқу үрдісін автоматтандыру мұғалім әрекетінің ықпалы аз,ал басқа еңбек ықпалдылығын көтеру шаралары анықталған міндетті тиісті деңгейде шешуді қамтамасыз ете алмағанда қажет.

       Студенттердің білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан кейінгі оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады. Бірақ ақпараттық технологиялардың жедел дамуына орай осы пән көлемінің тұрақты түрде ұлғайтып отыруына және оқыту сағаттарының жетіспеуіне байланысты бұрынғы білім беру аясында шешуге болмайтын мәселелер туындап келеді. Осы мәселе оқытылатын мәлімет көлемі мен оған бөлінетін сағаттар арасындағы сәйкессіздікке  баса назар аударуға негіз болып отыр. Бұл қайшылықты шешуге мүмкіндік беретін бір тәсіл- оқытуға керекті сағат санын арттырмай-ақ, күннен күнге ұлғайып отырған  ақпарт көлемін игеруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру технологияларын енгізу болып табылады.

Студенттердің білім алу процесін жетілдіріп, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық тәсілдер балаларға ақпараттық технологиялар жағынан терең  білім алуға көмектесіп, кейіннен жоғары оқу орындарында да табысты түрде оқуға кепілдік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.       Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Аксикологический и культурологический подходы к исследованию проблем педагогического образования в научной школе.

2.       Михеева Е.В, Информационные технологии в профессиональной деятельности: Учебное пособие для студ. пед. вузов.- М.: Изд-во «Академия», 2006.

3.       Ғылыми әдістемелік журнал «Информатика негіздері»  №5, 2007 жыл

4.       К.З. Халықова. Информатиканы оқыту әдістемесі Алматы. Білім баспасы-2000.

    

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 542 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.04.2016 1075
    • DOCX 43 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдикаримова Толкын Адилхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15730
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс повышения квалификации

Методы и инструменты современного моделирования

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 69 человек

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 298 человек

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Инновационные методы обучения и игровые практики для детей с ОВЗ

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 93 человека