Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Статьи / Доклад на тему "Этносаралық толеранттылық Қазақстандық тұрақтылық пен келісім кепілі."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Доклад на тему "Этносаралық толеранттылық Қазақстандық тұрақтылық пен келісім кепілі."

библиотека
материалов

Этносаралық толеранттылық Қазақстандық тұрақтылық пен келісім кепілі.


Нагиева Б. С.

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі,

тарих пәнінің оқытушыcы.


«Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекет құра отырып» деп басталатын басты құжатта Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуінің берік негізі салынды. «Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» құру - Елдік мұраттың басты бағыттары болып бекітілді. Конституцияда этностық азшылық құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық өлшемдерге жауап беретін қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің құқықтық негізі қаланды. Осының негізінде, Қазақстанның мемлекеттік ұлттық саясаты қоғамдық келісім конституциялық қағидасына негізделе отырып, жалпы адамзаттық тұжырымдарға сәйкес халықтың біртұтастығын қалыптастыруға бағытталды.

Мемлекет басшысының Назарбаев Университетінде өткізген интерактивті дәрісінде халқымыздың игілігі болып табылатын қазақстандық табыстың үш кілтін еске салады.

Бірінші, 140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық. Біздің міндетіміз – оны қорғау, сақтау және байыту. Ол үшін этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясаттың артықшылығы туралы өзінің мазмұны бойынша бірегей идеологиялық құжат – Ұлттық бірлік доктринасы қабылданып, жүзеге асырылып жатыр.

Екінші, біздің барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық. Этностық және діни айырмашылықты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау қоғамдық адамгершілік императивінің бөлінбес бөлшегі болып табылады. “Осының арқасында біздің әр алуандығымыз біздерді бөлмейді, қайта біріктіреді”. Бұл – қоғам мен мемлекеттің стратегиялық қоры.

Үшінші, бұл тарихи тағдырымыздың ортақтығы. Ол оның қандай дінге жататындығына қарамастан, әркім үшін құндылықтар мен болашақтың жалпы жүйесін қалыптастыратын Ұлттық бірлік доктринасының “Бір ел – бір тағдыр” атты алғашқы ұстанымы.

Біздің үлгіміздің полиэтникалық қазақстандық қоғам қалыптастырудың процестері, өңірдің этникалық құрамының ерекшелігі, стратегиялық қор сияқты іргелі және методологиялық негіздері бар.

 Тәуелсіздік тарихында Қазақстан халқы достық мен келісімнің, тұрақтылықтың, этносаралық және конфессияаралық татулықтың шынайы үлгісін көрсетті. Бұл – болашақтың байыпты белесін айқындайтын негізгі фактор. Кезінде Елбасының Қазақстан халықтарының Форумында Ассамблея құру туралы идеяны көтерген еді. Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғамның серіктестігі ретінде этностар мүддесінің топтасуын қамтамасыз ету, этносаралық іс-қимылды тиімді жүргізу және бірыңғай саяси, құқықтық және мәдени орта қалыптастыру болды. Ал қазір конституциялық мәртебеге ие болған Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздегі ұлтаралық келісімнің арқаулық институтына айналып отыр.

Бүгінде байтақ елімізді мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстар патриотизм ұғымын жаңаша түсіне бастады. Олар бұл ұғымды тек ата тегімен ғана байланыстырып қоймай, Қазақстанның мемлекеттілігі, басқа ұлттың мәдениеті мен дәстүріне деген толерантты көзқарас сияқты қасиеттер арқылы қарастыруда.

Толеранттылық – халықаралық қолданыстағы термин. Латын тілінен аударғанда tolerantia — шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді. Осы сөздерді қазақша айтар болсақ, қазақтың бойындағы асыл қасиетінің бірі – төзімділік, сабырлық, шыдамдылық. Біз басқа ұлттарды, этнокультуризмді жатсынбайтын ашық этнос ретінде қалыптастық. Бізде жалпықазақстандық және ұлттық толернттылық бар. Қазақстандағы толеранттылық – ата-бабамыздан, дәстүрімізден келе жатқан құбылыс. Қазақ дүниетанымында толеранттылыққа байланысты ұлттық ұғымдар мен түсініктер жүйесі көне дәуірлерден бар.  Олар заманның ағысына қарай мағыналық мазмұндары ішінара өзгерістерге түскенімен, негіздері сақталды. Біздің қоғамда толеранттылық ескіден сақталып жеткен мұраларымыз – имандылық пен ізгілікке негізделген сипатта санамызға қайыра сіңісуде.

Еліміздегі 140 этностың басын біріктіріп, ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық – үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізгенген кейінгі жылдағы маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас еді. Қазақстандағы полиэтникалық қоғамда негізінен екі мәдениеттің үстемдік құрып отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз жоқ қазақ мәдениеті. Бұдан кейінгі орында орыс мәдениеті тұр. Дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тіршілікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев толеранттылы қазақстандық парасатты үлгісі – Қазақстан халқы ассамблеясы қызметінің және қоғамдағы құндылықтардың күре тамыры болуына үнемі ерекше маңыз беруде.    Оның сан қырлы астарында әлемдегі  бағыт-бағдар, пікір-идеялар мен құндылықтарға деген көзқарастың өзгермелі сипаты жатыр. Сондықтан Елбасы осы факторларға орай  халықтық даналықты ескере отырып, ел басқарудың өрелі өрістерін қоғамның даму тенденцияларымен ұштастыра жаңа қазақстандық қоғамды қалыптастыра өркендетуде. Толеранттылықтың мазмұнды мән-мағынасын еліміздегі татулық пен келісімі жарасқан халқымыздың бірлігі арқылы әлемге әлдеқашан айқындап бердік. Осы санатта Мемлекет басшысының бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» -Ұлттық жоспарының «Біртектілік пен бірлік» бөліміндегі алты қадам қазақстандық толеранттылы қоғамды қалыптастыруда сөзсіз шешуші қадамдар болатыны ақиқат.  Толеранттылы қоғам –мемлекет тірегі қағидасы біздің өміріміздің бас арқауы болмақ.

Елбасымыздың «Нұр Отан» партиясының XVI съезіндегі «Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік. Қазақстан Конституциясы нәсілдік, этностық, діни және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, барлық азаматтың құқықтық теңдігіне кепілдік береді» сөйлеген сөзі мемлекеттің саяси тұрақтылығы ұлттаралық қатынастардың басты принципіне айналуға тиіс этникалық толеранттылыққа негізделетінін баса айтуы тегіннен тегін емес.

Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық – үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылдағы маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас еді.

Сонымен бірге, Қазақстандағы аз ұлттардың өкілдерінің мұқтаждығын өтеуге,  ұлтаралық қарым-қатынас аясында үйлесім орнатуға барынша жағдай жасалған. Барша ұлттардың азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтарын қорғауға байланысты жүзеге асырылатын шаралар халықаралық стандарттарға сай және осы орайда өзге мемлекеттерге үлгі бола алатынын айта еткен жөн.  Сонымен бірге Қазақстанда жүзеге асырылып отырған ішкі саясаттың тағы бір ұтымды тұсы қазақстандықтарды түрлі діни конфессияларға деген толеранттылыққа тәрбиелеумен сабақтас. Алдағы уақытта толеранттылық біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біздер толерантты қоғам арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға баса мән берген жөн. Қайта керісінше толерантты қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын қарастырғанымыз абзал.

Қоғамдағы түрлі әлеуметтік және этностық топтар арасындағы және мемлекетаралық қатынастардағы келісімге қол жеткізу мәселесі - бағзы тарихтан мемлекет өміріндегі басты сұрақтардың бірі. Сондықтан да қоғамдық келісімнің қалыптасу, даму және нығаюының заңдылықтары әлі талай зерттеулер мен пікірталастардың тақырыбына айналары сөзсіз.

Өмірдің өзінен көріп отырғанымыздай, қоғамдық келісім маңызды саяси-идеологиялық құндылыққа айналды. Ол қоғамның жемісті экономикалық, саяси дамуының алғышарты бола отырып, ұлттық мүддемізбен терең тамырлас және оның бет-бейнесін айқындайды. Осы мәнде қарасақ, қоғамдық келісім қағидасы - мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының «қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты» сақтауды қамтамасыз ету бойынша рөлі белгіленген Қазақстан Республикасы Конституциясының сарқылмас әлеуетін аша түседі. Өз кезегінде Конституция - азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге толыққанды қатысуына және олардың саяси шешімдер қабылдауға ықпал етуіне мүмкіндік беретін қоғам дамуындағы қуатты ұйыстырушы күш.

Елбасымыз өзінің институттық реформасының төртінші бағытында «Мәңгілік Елдің» мынадай сипаттамасын берді: «…Азаматтық теңдік; еңбексүйгіштік; адалдық; оқымыстылық пен білімді қастер тұтатын зайырлы ел – тағаттылық елі». Сондықтан, көпұлтты, көпконфессиялы Қазақстан тұрақтылық пен келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Әйткенмен, үнемі алға ұмтылатын мемлекеттің мерейлі межесі болатынын ескерсек, қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет. Президенттік бағдарламада барлық азаматтар құқықтың бірдей көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің бір жүгін арқалауы және тең мүмкіндікке қолжетімділікті иеленуі керектігі айтылды. Бұл азаматтық орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болмақ. Іргелі де ілгері істерге кепілдік беретін Қазақстан Конституциясының артықшылығы да осында.





Әдебиет:


  1. Н.Назарбаев: Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасы

  2. Кенжалин Ж. Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз. – Алматы, 2005.

  3. Сартбаева А.Б. «Жас ұрпақтың толеранттылық пен ұлтаралық мәдениетін тәрбиелеу жолдары» // sabaq.kz/7485/

  4. Абенов Е.М. «Қазақстандық толеранттылық үлгісі»/ e-history.kz/kz/

  5. Тоғжанов Е. Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі //Солтүстік Қазақстан, 2012
















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Статьи
Просмотров387
Номер материала ДВ-516658
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх