Инфоурок Информатика СтатьиДоклад на тему "Применение информационных технологии в исследователской работе"

Доклад на тему "Применение информационных технологии в исследователской работе"

Скачать материал

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Оқушылармен зерттеу-ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибелері»  

атты аймақтық педагогикалық оқу

 

 

 

 

«Оқушылармен зерттеу – ізденушілік жұмыстарды ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды тиімді қолдану»

 

 

 

 

 

 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің информатика пәні оқытушысы Қ.С.Гупранов

 

                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал 2017

сәуір


«Оқушылармен зерттеу – ізденушілік жұмыстарды ұйымдастыруда ақпараттық технологияларды тиімді қолдану»

 

Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінің информатика пәні оқытушысы Қ.С.Гупранов

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған әр жолдауында заман талабына сай ақпараттық технологиялардың қолданылуының маңыздылығын айқын көрсетіп келеді. 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы кезекті жолдауында «Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек.» - деп атап айтты.

Сонымен бірге осы жолдаудың Адами капиталды дамыту бағытында «Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» - деп көрсеткен болатын.

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру білім саласында еңбек етіп жүрген оқытушылар алдында жеке адамдардың, қоғамның және еңбек рыногының талаптарын қанағаттандыра алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.

«Білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру».

Оқушылардың тұлға ретінде дамуы және қалыптасуы үшін оны зерттеу – ізденушілік жұмыстарға үйрету маңызды орын алады.Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек.Білім, оқушыны қоғамдағы белсенді өмірге дайындауы керек.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен заман ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың мақсаттары:
1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру:

- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру;

- пәнаралық байланысты тереңдету;

- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту

2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау.

- коммуникативтік қабілеттерді дамыту;

- күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру;

- компьютерлік графика, мультимедиа технологияссын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру;

- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу

3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау:

- ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау;

- компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау

Ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілік – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Зерттеу – ізденіс іс-әрекеттері кезінде оқушы өзіне көптеген жаңалықтар ашып, білімді дайын күйінде емес,өзі іздене отырып білімін толықтырады.

Ақпараттық – коммуникативтік технология көмегімен орындалатын жұмыстар өзінің кез келген формасында тиімдірек орындалады, адамның дамуына әсерін тигізеді.Ақпараттық технологиянық артықшылығы ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады,өз бетінше оқып – үйренуі жүзеге асады,нәтижесін бірден көруін ұйымдастырады,бұрын алған білімдерін кеңейтеді.

Осы орайда Батыс Қазақстан Жоғары медициналық колледжінде бірнеше жылдан бері информатика пәні бойынша “INFOMAN” үйірмесі белсенді жұмыс жасап келеді.

Үйірменің негізгі мақсаты оқушыларды тұлға ретінде дамыту үшін, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, зерттеу – ізденушілік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру. Алған білімдерін практикалық іс-әрекеттерге қолдану, шығармашылық, жауапкершілік, белсенділіктерін дамыту. Өзіндік ой тұжырымдауға, саралауға яғни оқушының өзі арқылы өзін тәрбиелей отырып білім алуға үйрету.

Сонымен бірге үйірменің алдына қойған міндеттері де айқындалып алынды: озық тәжірибелермен танысу, іс – тәжірибеде қолдану, оқушылардың зерттеу – ізденушілік жұмыстарға қабілеттерін, бейімділігін зерттеу арқылы іс – шаралар жоспарлап жүзеге асыру,ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушының тұлға ретінде қалыптасуына тигізетін әсерін анықтау.

“INFOMAN” үйірмесінің оқушылары ақпараттық технологиялардың кәсіби салада тиімді пайдалану жолдарын үнемі басшылыққа алып жұмыстанады. Атап көрсетер болсам: «Компьютерлік бағдарламаларды мультимедиялық жобаларды жасауда қолдану» тақырыбындағы Абугалиева Гүлдерайым, Ермұратқызы Айнұрдың зерттеу-ізденіс жұмыстары колледжішілік сайыста жүлделі орын алса, облыстық деңгейде алғыс хатпен марапатталды. Оқушылардың негізгі мақсаты бағдарламалық жасақтамалардың артықшылықтарын тиімді қолдану арқылы шығармашылықпен жұмыс жасау болды.

Кәсіби салада ақпараттық технологиялардың тиімді пайдалануының артықшылықтарын зерттеуде де оқушылардың  қызығушылықтары жоғары. «Дәрігердің автоматтандырылған жұмыс орны» тақырыбындағы үйірме мүшелері Даулова М., Арыстанова А. жұмыстары 2013 жылы өткен колледжішілік  зерттеу-ізденіс жұмыстарының конференциясында жоғары көрсеткіш көрсетсе, 2016 жылы «БҚО Телемедицинаның дамуы» тақырыбындағы Б.Маулетов пен Ш.Тлекқабылованың зерттеу жұмыстары алғыс хатпен марапатталды. Бұл жұмыстарда емханаларда, ауруханалардағы қолданылатын бағдарламалар мен олардың мүмкіндіктеріне тоқталынып, тиімділіктері ашып көрсетілді және статистикалық деректемелерге сүйене отырып қорытынды шығарылды. «БҚО Телемедицинаның дамуы» Қазақстан республикасындағы колледж студенттері арасындағы “online” жүйесінде өткізілген «Цифрлық Қазақстан-жаңа жаһандық болмысқа бастар жол» тақырыбындағы ғылыми-ізденіс конференциясына қатынасып қатысушы сертификатын иеленді.

Оқушылар қосымша бағдарламалық жасақтамалардың мүмкіндіктерімен де танысып, оны қолданудағы артықшылықтарды да саралап, қолданыс деңгейін зерделеуде көп жұмыстар атқаруда. Мысалы «Дәрілік заттардың электрондық анықтамалығын жасақтау» тақырыбындағы М.Есенкуловтың зерттеу жұмысы 2014 жылы колледжішілк конференцияда жүлделі І орынды иеленсе, Облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушылары арасындағы «Біз болашақты бірге құрамыз» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ал биылғы өткен колледжішілік оқушылардың зерттеу-ізденіс жұмыстарының конференциясында үйірме мүшелері Меңдешов Елжан мен Жанғали Еркебұланның «Сандық технологияларды білім беру процесінде қолдану» тақырыбындағы жұмыстары І дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл оқушылар бағдарламалық жасақтамалардың білім беру процесінде қолдануын ғана емес, смарт технологиялардың қолданылу деңгейін де ашып көрсетті.
Қорытынды:

Егер оқушылардың зерттеу – ізденушілік жұмыстарын ақпараттық – коммуникативтік технология негізінде тиімді ұйымдастыра білсе, олардың шығармашылығы, белсенділігі, жауапкершілігі артады.

Әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және кәсіби салада өз тәжірибесін белсенді қолдана алады.

Оқушыларды зерттеу–ізденеушілікке үйрету оларды шығармашылыққа шыңдау, тұлға ретінде дамуына жол ашу болып табылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Доклад на тему "Применение информационных технологии в исследователской работе""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

SMM-менеджер

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.04.2017 1471
    • DOCX 20.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гупранов Канат Сагындыкович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Гупранов Канат Сагындыкович
    Гупранов Канат Сагындыкович
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 32548
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 190 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 973 человека

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе