Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалы"Достық" тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

"Достық" тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

Скачать материал

Ашық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

 

 

 

Тақырыбы: «Достық»

Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету, коммуникативтік өрісті дамыту.

Міндеті:

1. Адам қарым–қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;

2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

 

Жоспары:

І. Сәлемдесу.

ІІ. Шаттық шеңбері.

Танысу тренингі.

ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік.

«Сыйлықтар» ойыны.

IV. Мәтінмен жұмыс. Екі дос (Ел аузынан)

V. «Достық. Бірлік.» үйін салу.

VI. Тыныштық сәті.

«5 құндылық» ойыны.

VII. Дәйек сөз.

VIII. Қорытынды.

«Достық заңы»

Релаксация

Үйге тапсырма.


БАРЫСЫ:
І. Сәлемдесу.

Видео «Достық байланыстар»


ІІ. Шаттық шеңбері.

- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір - бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен бірге» ойыны арқылы бір - біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған тілектерін айтады.)


Тренинг ережелерімен таныстыру.

1. Бір - бірін сыйлау.

2. Ұзақ уақыт сөйлемеу.

3. Көңілді болу.


Танысу тренингі.

Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.

 

Әдепті - Әмина Үлпілдеген – Темірлан

Жағымды – Сабина Мейірімді – Уарысжан

Нұрдай – Еркежан Оқымысты – Досхан

Ынталы – Елдос Ажарлы – Расул

Жайдарлы – Айдын

Айбатты Асаналы

Жақсы – Мәди Ғажайып – Тимур Нұрлы – Райымбек

 


ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік.

Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.


Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,

Жандарынан тұратын шуақ тамып.

Домбырамның үні де естіледі,

Достарымның сырлары сияқтанып.


Шын достықтың оттары жалындайды,

Дос қамалдар ешқашан алынбайды.

Дос көңілдер есепке бағынбайды,

Дос жүректер өсекке бағынбайды.

 

Сұрақтарға жауап беру:


1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Шын досты қалай білуге болады?

3. Досыңдағы қандай қасиеттерді бағалайсың?

4. Адамда дос көп бола ала ма?

5. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?

6. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

 

«Сыйлықтар» ойыны.


IV. Мәтінмен жұмыс. Екі дос (Ел аузынан)

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбастап берер малым - мүлкім жоқ. Бір - ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.

- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.

- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын.

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.

Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.

Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.


1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?

2. Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?

3. Қолбасы оны қалай сынамақ болды?

4. Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды?

5. Бұлар қалай достасты?


V. «Достық. Бірлік.» үйін салу.

Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.


Мақал – мәтелдер

1. Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас.

2. Досың мың болса да – аз,

Дұшпаның біреу болса да – көп.

3. Досыңменен дос болғанға шаттан

Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.

4. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.

5. Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

 

Видео - Ералаш


VI. Тыныштық сәті.

Балалар, орындарыңызға емін - еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2 - 3 секунд)

Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты - жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.

 

«5 құндылық» ойыны.


VII. Дәйек сөз.

Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйек сөзді жаттап, дәптерімізге жазып алайық. «Шын дос – таусылмас қазына»


VIII. Қорытынды.

1. «Дос болу білесің бе?» тесті

Берілген сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіздер.

1.    Досыңның туған күні қашан екенін ойланбастан айтып бере аласың ба?

2.    Досыңның ата-анасының есімін білесің бе?

3.    Досың бос уақытында немен айналысатынын білесің бе?

4.    Досың кім болуды армандайтынын білесің бе?

5.    Досың саған өз сырларын айтады ма?

Өзіңді тексер:

Әрбір «ия» деген жауапқа 1 балл. Қанша балл алғаныңды есепте.

5 балл – жарайсың, сен нағыз дос бола білесің.

4 – 3 балл – досыңа көңіл бөлгенің жөн.

2 балл – ойлан, досың сенің қамқорлығыңа және назарыңа зәру. Саған дос бола білуді үйрену қажет.

Адамдар тек қана бір - бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен де дос болады екен.

 

Видео – Кто такой настоящий друг?

 

«Достық заңы»

1. Досыңа сену; жаңалықпен, қуанышпен және қайғымен бөлісу;

2. Біреудің сырын сақтай білу;

3. Досыңның қуанышына бірге қуану;

4. Досыңның көмек сұрауын күтпей, өзің көмек ұсыну;

5. Сенің қасыңда досың жақсы көңіл - күйде болуына тырыс;

6. Досыңды қорғау (біреу сенің досың туралы жаман айтса);

7. Басқа адамдардың көзінше досыңды сөкпеу (егер бір зат ұнамаса, оны досың екеуің оңаша қалғанда айту);

8. Әрқашан уәдеңде тұру;

 

Релаксация

 

 

Мақсаты: Жағымды эмоция тудыру, шаршауды басу. Сұрақтар арқылы оқушының өзіне және айналадағы адамдарға сенімділігін, өмірге деген көзқарасын анықтау.

Ұйымдастыру: Көздерімізді жұмамыз, денемізді бос ұстаймыз. Терең демаламыз. Көз алдарыңа қиялдап елестетіп, естеріңде сақтаңдар.

Жүргізілуі:

Мен сендерді орманға серуенге шақырамын.  Сен орман ішімен келе жатырсың. Ол қандай орман? Ауа-райы қандай: күн шуағы көріне ма әлде бұлыңғыр ма? Онда қандай ағаштар өседі? Ағаштар жақын орналасқан ба? Саған бұл орман ұнайды ма?

Кенеттен сен шөпте бір жылтырлаған зат көрдің. Иіліп қарасаң-кілт екен. Ол қандай кілт? Оны көтеріп аласың ба әлде қасынан өтіп кетесің ба? Сен кілт тапқаныңа қуандың ба?

Бір кезде сен аюды көрдің.Ол қандай аю және ол не істеп жүр? Аюдың саған қарым-қатынасы қалай? Сенің оған ше?

Алдыңда бұлақ бар. Сен одан су ішіп, қолыңды жуасың ба?

Сен ары қарай жүріп келесің. Келе жатып шарбаққа тірелдің. Шарбақтың биіктігі қандай? Қандай материалдан жасалған?

Сен бұл шарбақтан өтуің қажет. Оны қалай өтесің? Саған оны өту қиынба?

Сен ары қарай жүріп келе жатып,  ін көрдің.Ол кішкентай ма әлде үлкен ба? Сен оның ішін қарайсың ба? Оның ішінде қандай жануар жатқаны саған қызық па?

Бір кезде сенің қасыңа ергежейлі келді. Ол сенің көңіліңді өзіне аудару үшін, сенің аяғыңа оратылып жүр. Сен одан қандай сезімдесің? Ашулысың ба? Әлде аяушылықпен қарап тұрсың ба? Ол қоймай сенің мазаңды алды-сен не істейсің?

Сен өзен жағасына келдің. Өзеннің суы, ағысы, тереңдігі қандай? Түбінде тастар бар ма? Өзенді қалай кешіп өтесің?

Өзеннің арғы жағына шығып, үйді көрдің.Ол қандай?

Сен есікті ашып, үйге кірдің. Жан-жағыңа назар аудар. Саған үй ұнады ма? Үйдің іші жинаулы ма әлде шашылып жатыр ма? Қандай бөлмелер бар?

Енді жертөлеге (подвал) түс. Не көрдің? Іші қандай және не нәрселер бар? Саған іші ұнайды ма және ішінде қалғың келеді ма?

Енді жоғарыдағы түп бөлмеге бар (чердак). Іші қандай және не нәрселер бар? Іші ұнайды ма?

Сен үйден шықтың. Ары қарай жүріп келесің. Сәл жүріп келіп, теңізді көрдің. Теңіз үстінде шағалалар ұшып жүр. Төменде ұшып жүр ма әлде жоғарыда ма? Саған жақын ба әлде алыс па? Дауыстары естіледі ма? Саған олар ұнайды ма?

Кемені көрдің. Жағаға жақын ба? Сен оған жете аласың ба? Кемеге барғың келеді ма?

Жәймен көзімізді ашып, топқа ораламыз.

Көңіл-күйлерің қалай? Демалдыңыздар ма?

 

Енді қорытындысына көз жүгіртейік:

Орман - сіздің балалық шағыңызды бейнелейді. Орманда сізге көңілді болса, сіздің балалық шағыңыз жағымды сезімдерге толы болғаны, егер сізге жағымсыз ағаштар елесте, сіздің балалық шағыңыз қиын өткенін білдіреді. Егер сізге орман тым тар болса, онда сіз жақын қоршаған ортадан шаршағаныңызды білдіреді.

Кілт - бұл сіздің өміріңіздегі жаңа заттарға деген қарым қатыңызды білдіреді. Сіздің кілтті алуыңыз немесе алмауыңыз, өмірде болатын өзгерістерді қабылдауға дайын екеніңізді білдіреді.

Аю - қорқыныш реакциясын білдіреді. Егер сіз аюдан қорқып тығылып қалсаңыз, бұл сіздің пассивтілігіңізді білдіреді. Ал керісінше аюға бас салсаңыз, бұл сіздің өте белсенді екеніңізді білдіреді.

Бұлақ - су ішетін болсаңыз, бұл сіздің махаббатыңызбен кездесуге дайын екендігіңізді білдіреді.

Шарбақ - өмірде кездесетін сынақтарды білдіреді. Қандай шарбақ кездескеніне назар аударыңыз. Кішкентай шарбақ па, әлде үлкен жарға ұқсай ма? Сіздің шарбақтан өтуіңіз өмірдегі сынақтардан қалай өтетіндігіңізді білдіреді. Егер сіз шарбақтан оңай өтсеңіз өмірлік сынақтардан да оңай өтетіндігіңізді білдіреді, егер өте алмасаңыз керісінше.

Ін - жасырын қауіпті қабылдау. Егер сіз інге кірсеңіз, ол сіздің батылдығыңызды білдіреді. Сіздің ергежейліге деген қарым қатынасыңыз мейірімділігіңіз, кішіпейілдігіңіз, қайырымдылығыңызды білдіреді. Оны аяғымен теуіп жіберетіндер және де иығына салып алатындар бар.

Өзен - өміріңіздің ағымын білдіреді. Судың ағымы жылдам ба әлде ақырын ба? Судың қаншалықты таза екендігін еске түсіріңіз. Түбіндегі тастар өмірдегі қиындықтарды көрсетеді.

Үй - бұл өзіңіз. Сізге үйде болған қаншалықты жайлы, соншалықты өзіңізбен өзіңіз болған ұнайды.

Жертөле - өткен шақ.

Түп бөлме - білім мәдениет интеллектті білдіреді. Егер ол жақта шашылып жатса, мүмкін сіз диплом аларда қаншалықты күш жұмсағаныңызды білмегеніңіз.

Шағалалар - сіздің туыстарыңыз. Шағалалардың даусы шулы болса туысқандарыңыздың сізге қысым көрсетуін, ал дауыстары жәй болса туысқандарыңыздың жақындығын білдіреді.

Кеме - сіздің арманыңыз. Ол қаншалықты әдемі, қол жетімді? Кемені жағалаудан жақын көрсеңіз, ол сіздің арманыңызға деген құлшынысыңызды білдіреді, егер алыс болса арманыңызға қол жеткізу жолында ешқандай әрекеттер жасамайтындығыңызды білдіреді.


Үйге тапсырма.

Қолдан сыйлық жасап досыңа сыйлау.

«Жүректен шыққан» деген күнделік арнау. Күнделікті кімнен жақсы сөз естідің, кімге жақсы сөз айттың, сол жақсы жылы сөздерді жазып жүру.

Сабаққа қатысқан оқушылар, мұғалімдер, ата - аналар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып күнге жабыстырады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Достық" тақырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік нұсқамасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 124 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.04.2016 1059
    • DOCX 24.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Даулетова Інжу Мұхитқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Даулетова Інжу Мұхитқызы
    Даулетова Інжу Мұхитқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 197601
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Современные нейропсихологические технологии в обучении детей, в том числе с трудностями в обучении

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 320 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 622 человека

Курс повышения квалификации

Основы аддиктологии. Психологическое консультирование, психокоррекция и профилактика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные проблемы психологической поддержки детей и подростков с учетом концепции развития психологической службы в системе образования в Российской Федерации на период до 2025 года

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 312 человек

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 13 регионов