|
Апта |
Күні 21. 10 |
Сабақ Сауат ашу |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Е е дыбысы мен әрпі.
|
|||
|
Сабақтың мақсаты |
Оқушыларға Ее дыбысы мен әрпін таныстыру; Е дыбысының дауысты дыбыс екендігін және сөздегі орналасу реті туралы меңгерту.Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып сөйлемді мағыналы түрде құра алуға дағдыландыру; білім білік дағдысын арттыру. Басқаның ойын тыңдауға, ұйымшылдыкқа тәрбиелеу; көркем жазуға баулу.
|
|||
|
Күтілетін нәтижелер |
Оқушылар Е дыбысы туралы мағұлмат алады. Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып сөйлемді мағыналы түрде құра алуға дағдыланады; Басқаның ойын тыңдауға, ұйымшылдыкқа , көркем жазуға үйренеді.
|
|||
|
Сабақ түрі |
Аралас сабақ, топпен жұмыс. |
|||
|
Оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер |
Түсіндіру, сұрақ- жауап, диалогтік оқыту, сыни ойлау стратегиялары, жеке, жұптық, топтық жұмыс, |
|||
|
Керекті жабдықтар |
Ұ. Ботабаева, К.А. Ерешева, Б.К. Игенбаева Әліппе, 1 сынып, 2012 «Алматыкітап» , сюжетті суреттер, оқу құралдары туралы тірек сызба, постер, қарындаш, сызғыш, түрлі-түсті бояулар, суреттер.
|
|||
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
||
|
Кіріспе
|
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылардың зейінін сабаққа аздару. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз.
2. Сыныпты топтарға бөлу: (Суреттерді таңдап алу ар арқылы топ топқа бөлінеді.) 1-топ (түрі, түсі, дәмі, иісі) 2 –топ 3 -топ (туралы айтып талдап беру)
|
Жұмыс істеуге дайындалады, топ ішінде өзара ыңтымақтастық қарым-қатынас орнығады.
Топқа бөлінеді. |
||
|
Тұсаукесер |
Үй тапсырмасын диалогтік әдіс арқылы -Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен танысып едік?(Е) -Қане дыбыстайық (Е,е,е) -Кім айтады Е дыбысы қандай дыбыс? (дауысты) -Неліктен? (себебі созылып айтылып тұр) -Е дыбысына қатысты сөздер ойлайықшы. (дөңгелек,емен, етік, терезе, т.с.с.) -өте жақсы
|
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
|
||
|
Негізгі бөлім
Қорытынды
|
Жаңа сабаққа кіру. - 1. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме жүргізу. Емен ағашы туралы әңгімелеу. -Емен ағашы не үшін қажеттеп ойласыңдар? -.Емен сөзін қима әріптерден құратып, буынға бөлдіріп, әр буындағы дыбыстарды шартты белгілер арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстарға ажырату. 2. «Еңбек етсең» тақырыптық сурет бойынша жұмыс Өлең жолдарынан Е дыбысы бар сөздерді тапқызу,дыбыстық, буындық талдау жасау, сөйлем құрату. Жалқау болсаң жасыңнан, Ұйқы қалмамас қасыңнан, Еңбек сүйсең, табылар Бар жақсылық қасыңнан. Е дыбысы бар сөздерді тапқызу, буындық талдау жасау, сөйлем құрату.
3. Сергіту сәті 4.Оқулықпен жұмыс. Сурет бойынша тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрау. 5. Дәптермен жұмыс Е е әрпін жазу үшін оның элементерімен құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеу. Е е әрпін жазу кезінде әріп элементтерінің қайырмасын қалай келтіруін түсіндіре отырып көрсету.
6. Сөздік диктант: Есен. Ерлан.Емен-мықты ағаш..
7.А,ң А,р А,қ А,л, А, т, А, с Ә, н, Ә, р, Ә,к, Ә, л, Ә, т, Ә, с әріптерін қосып буын құрап жазу.
IV.Сабақты бекіту. «Кім көп сөз құрайды?» ойыны -Емен, есек, етек, егіз, елік сөздерін қатыстырып сөйлем құрату.
-.Қай әріппен таныстық? -Е дыбысы қандай дыбыс? - Е дыбысы бар сөздер ойлату.
VI. Мадақтау. Сабаққа белсене қатынасқан оқушыларды мадақтау
V Үйге тапсырма Сурет бойынша әңгіме құрау, буындарды, сөздерді оқу.
|
Сұрақтар қою арқылы сөйлем құрайды.
Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасайды.
Қимылмен жасап көрсетеді.
Әріп элементерін құрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеп жазады.
|
||
|
Сабақтың өзіндік талдауы
|
|
|
||
|
Сабақ бойынша өзгертулер
|
|
|
||
| Оқушыларға Ее дыбысы мен әрпін таныстыру; Е дыбысының дауысты дыбыс екендігін және сөздегі орналасу реті туралы меңгерту.Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып сөйлемді мағыналы түрде құра алуға дағдыландыру; білім білік дағдысын арттыру. Басқаның ойын тыңдауға, ұйымшылдыкқа тәрбиелеу; көркем жазуға баулу. |
| Оқушылар Е дыбысы туралы мағұлмат алады. Баланың сөздік қорын, тіл байлығын дамыта отырып сөйлемді мағыналы түрде құра алуға дағдыланады; Басқаның ойын тыңдауға, ұйымшылдыкқа , көркем жазуға үйренеді. |
Профессия: Учитель математики в начальной школе
В каталоге 6 896 курсов по разным направлениям