Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЕрлік - елге мұра, ұрпаққа – ұран!

Ерлік - елге мұра, ұрпаққа – ұран!

Скачать материал

Ерлік - елге мұра, ұрпаққа – ұран

 (тәрбие сағаты)

 

Мақсаты:

Білімділік: Ұлы Отан соғысы туралы толық түсінік беру, Атырау облысы батырлары мен Махамбет ауданы, Есбол селосынан соғысқа аттанған жауынгерлер туралы мәлімет алу.

 

Дамытушылық: Шығармашылық жұмыс жасау, өз бетімен жұмыс жасау, топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту. Ой-қиялдарының кеңеюіне жол ашу.

 

Тәрбиелік: Бейбітшілікті бағалай білуге, Отанды сүюге, батырларды құрмет тұтуға, өз тарихын ұмытпауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Слайд, батырлардың суреті салынған буклет, шар, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, балалар суреттерінің көрмесі, мәңгілік алау суреті.

 

Жоспары:

1.      Кіріспе сөз

2.      Әдеби тарту.

3.      «Бейбіт күн тілегі» әні.

4.      «Ерліктерің мәңгі есте» - оқушылардың майданға қатысқан немесе тылда еңбек еткен өз ата-әжелері туралы шағын баяндамаларын оқуы

5.      Көрініс.

6.      Би «Жеңіс күні»

7.      «Ұлы Жеңісті ұлығылайық»-газет-теледидарларға шолу

8.      «Бейбітшілік сақталады» әні

9.      «Бейбіт күн жасасын әлемде!»-суреттер көрмесі

10.  «Қазақстан» әні.

11.  Қорытындылау. Балалар сұраққа жауап айтып, сурет құрастырады.

 

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

 

2-жүргізуші: Біздің елімізде биылғы 2015 жыл - бірнеше саяси оқиғалар мен  маңызды шаралардың жылы. 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және жеткен жетістіктерімізді бағалау жылы. Сондай мерейлі белестердің бірі - Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өткелі отырмыз.

 

1-жүргізуші: Бүгін біз Ұлы Отан соғысында қасық қаны қалғанша елін қорғаған жаужүрек батырларымыз бен жеңісті жақындатуға қажырлы еңбегімен үлес қосқан тыл ардагерлеріміздің ерлік жырын жырлап, оларды ұлықтайтын боламыз!

 

2-жүргізуші: 1941-1945 жылдары 1418 күн мен түнге созылған сұрапыл соғыстың қайғы қасіреті аз болмады. Ұлы Отан Соғысына Қазақстаннан 1 млн 900 мың адам қатысқан. Соның ішінде 601 мың адам соғыс даласында қаза тапқан.

 

1-жүргізуші: Кеңестер Одағының құрамдас бөлігі ретінде жаумен шайқаста  қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетіп, жеңіс күнін жақындатуға өз үлестерін қосты. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың, оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы – ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді. 

2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы ата-бабаларымыздың табандылығы мен ерлігіне, Отанға деген сүйіспеншілігіне бас ие отырып,  Ұлы Жеңіске жеткізген батырлықтарыңызды өлең-жырға қосамыз. Ендеше, оқушыларымыздың әдеби тартуына кезек берейік.

 

Өркен:

Отан үшін мерт болғанды танып біл,

Оларды әсте ұмытпайды халық бұл,

Батырлардың жүрегі от боп жанып тұр,

Барлық халық бейбіт өмір сүрсек те,

Отанының бақыты үшін мерт болған,

Батырларды есіңе ұста, құрметте!

Қараң бұлтқа оранбасын күн көкте!

 

Иманғали:

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды,

Бірақ біздер өздеріңнің арқанда

Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

 

Досымжан:

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы,

Бірақ біздер өздеріңнің арқанда,

Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы.

 

Иса:

Қан майданға шығарып сап ардағын,

Аналарым түсірмепті салмағын,

Көрген жоқпыз өздеріңнің арқанда,

Сай-сүйекті сырқыратқан зардабын.

 

Алихан:

Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,

Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан,

Құттық таймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

 

Диас Мағжан Жұмабаевтың «Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас» өлеңін оқиды:

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.

Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас.

Ел жауын зерттеп, өрт боп тынбай жортқан

Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас.

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.

Қазақтың селі, желі, шөлі, белі

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!

 

 

 

Милат:

Жауыздар жасағанда қастандығын,
Бейбіт елге бір зұлмат басталды күн.
Сұм фашистің тарихтан білеміз ғой,
Қырық бірде соғысты ашқандығын.

Гүлзат:

Және біздер білеміз қырық бесте
Бас сауғалап олардың қашқандығын.
Жаулап алам деп келіп,
Бабамыздың
Жеңе алмаған рухының асқарлығын.
Отан үшін от кешкен батырлардың,
Ерліктері өшпейтін дастан бүгін.
Даңқтарын олардың тілеймін мен,
Ғасырлардан ғасырға асқандығын.

Камила:
Байқап тұрсаң сол жылдар келісті кім?
Қазанынан қайғының ел ішті мұң.
Жарылған бомбалардың әсерінен, 
Сорпасы қайнап жатты жер үстінің.
Батыс жақтан бір қауіп төніп келді,
Тарылтам деп  Кеңестің кеңістігін.
Ақырында бабалар Берлинді алып,
Біржолата құлатты неміс туын.
Есепсіз ерліктердің арқасында,
Тойлап жүрміз біз бүгін ЖЕҢІС КҮНІН.

Қонысбай:

Сұм соғыстан аман сау қалған ерлер,
Отан үшін отқа да жанған ерлер,
Бәріңіз де біздерге қымбатсыздар,
Құрметті де қадірлі ардагерлер!!!

 

Дильназ

Қан майданның жүректе жарасы бар,
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Ардагерлер азайып барасыңдар.
Қастерлейді халқымыз қаһарманын,
Жүр есінде сан жарық, сапарларың.
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер,
Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың.

 

Раһинна:

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.

Айнұр:

Жасқанбаған жауынан жарақты ер,
Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел.
Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ,
Жүздеріңе сендердің қарап білер.
Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар,
Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар.
Арамызда жүретін алшаң басып,
Майдангерлер азайып барасыңдар

 

Муса:

Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін,

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын.

Өртенбесін туған ел,

Шайқалмасын асқар бел.

Шайқалмасын шалқар көл.

 

Мирас:

Оңайлықпен келмеген

Ұлы Жеңіс, ойласақ.

Қан майданда көз жұмды,

Талай боздақ, даралар.

 

Гүлферизат:

Отан үшін от кешкен талай боздақ

Ойландырып ананың дертін қозғап,

«Ешкім де ештеңе де ұмытылмас»

Мәңгілік от жүректер емес тозбақ.

Құлшынып елге еңбек етті,

Өндіріс пен шаруаны оңдағандар,

Арымның садағасы жаным дейтін,

Рухы биік, ары таза сол ағалар.

 

Мейірман:

Сұм соғыс қайтіп болмасын,

Байшешектер солмасын,

Еліміз бейбіт күн кешіп,

Бір алла өзі қолдасын,

Бірлікпен күн кешіп,

Бейбітшілік орнасын.

 

 

1-                 жүргізуші. Ұлы Отан соғысы тақырыбында жазылған ән, шертілген күй, жырланған жыр аз емес! Соның бірі - «Бейбіт күн тілегі» әні. Бұл әннің авторы- жерлес ақын Жұмекен Нәжімеденов. Әр көктемде Жеңіс күні осы әнді бүкіл қазақ Елі боп шырқасақ! Тіпті тек бір біз ғана емес, бүкіл адамзатқа ұсынар Әлемдік Ән.

 

2-жүргізуші: ӘН: «Бейбіт күн тілегі» Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов. Әні: Шәмші Қалдаяқов.

 

1-жүргізуші: Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 70 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы тарихында зеріттелмеген ақтаңдақтар беті жеткілікті. Соның бірі Қазақстанда соғыс жағдайында деп жарияланған жалғыз облыс-ол Гурьевтің (Атырау) болғаны. 1942 жылы тамызда жау Сталинград түбіне жеткенде кеңес басшысы И. В. Сталиннің бұйрығымен Атырау өңірі соғыс жағдайында деп жарияланады. Гитлер Сталинградты алумен бірге мұнайға бай өлке Атырауды алуды көздеді.

 

2-жүргізуші: Атыраудан 42505 адам майданға аттанып, оның 13287 - сі оралмады. Облысымыз бойынша 9 адам Кеңес Одағының Батыры атағын, 4 адам Даңқ орденінің толық иегері, 344 - і орден, медальдармен марапатталды.

 

1-жүргізуші: Атыраулық Кеңес Одағы батырларының ішінде Смағұлов Қайырғали  1919 жылы Гурьев (Атырау) обылысына қарасты бұрынғы Бақсай (Махамбет) ауданының Теңдік ауылында өмірге келді. Он жасында Оралдағы балалар үйінде тәрбиеленіп, 7-сыныпты сонан бітіреді. Жастық шағын  Атырауда өткізіп, балық консерві комбинатында еңбек етеді. 1939 жылы қызыл әскер қатарына алынды. Ұлы Отан соғысы майдандарына қатынасты . Қайырғали Смағұлов Дондағы Ростов, Новороссийк жерлерімен Керчь түбегінде ұрыста ерлік көрсеткені үшін 1943 жылы 17 қарашада Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Оның өмірі мен ерлік істері белгілі жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романына арқау болды. Батыр жауынгер өмірден 1993 жылы өтіп, денесі өзі туып өскен Теңдік зиратында жерленді.


2-жүргізуші: Канцев Геогрий Федорович 1907 жылы Гурьев (Атырау) облысына қарасты Бақсай  (Махамбет) ауданында дүниеге келген.1941 жылы әскер қатарына алынғаннан кейін Калинин, Орталық Белоруссия майдандарының жауынгері ретінде бірнеше рет шайқастарға қатынасты.Нарев (Польша) өзенінің Бучтың саласында болған шайқаста ерлік көрсеткені үшін 1945 жылы 24 наурызда  оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.Соғыс аяқталғасын өзінің  туған ауданына оралып, сонда еңбек етеді. 1978 жылы сол Махамбет ауданыда өмірден өтті.

1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқандардың барлығы да батыр. Соғысқа баруыдң өзі үлкен жүректілікті қажет етді. Біздің Есбол селолық округінен 171 жауынгер соғысқа аттанса, оның 96 –сы елге оралмаған, ал қазір елге аман – сау оралған 75 Есболдық жауынгердің барлығы да арамызда жоқ. Жеңісті жақындатуға үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің саны 49.

 

2-жүргізуші: Олай болса, оқушыларымыздың майданға қатысқан немесе тылда еңбек еткен өз ата-әжелері туралы шағын баяндамаларына кезек береміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құсайын Мейірман:

Міне, Ұлы Отан соғысындағы тарихи жеңісімізге 70 жыл толғалы отыр. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Соғыс тарихында шексіз ерлік көрсеткен ержүрек қазақстандық жауынгерлер өте көп. Сол соғыстағы сарбаздардың бірі менің атам-Жандалиев Қарабала, ол 1923 жылы дүниеге келген. Соғыс болғанға дейін мал шаруашылығымен айналысқан шаруа болған. Соғысқа 1941 жылы жаяу әскер қатарында ұрысқа түскен. Атам соғыста 1943 жылы аяғынан  және кеудесінен оқ тиіп, жараланып, елге оралды. Елге оралып, жарақаты жазылғанша, емделеді. Жарақаты жазылғаннан кейін қайтадан соғысқа аттанады. Атамның соғыстағы ерліктерін дәлелдейтін медальдары әлі сақтаулы. Соғыстан кейін де мал шаруашылығымен айналысып, жұмыс жасаған. 1995 жылы дүние салды. Мен атамды мақтан тұтамын.

 

Сабелова Раһинна:

Менің атам, Қалиев Орынбасар, жанұясында 6 бала болған. Ол 1918 жылы Есбол селосы, 14-ші ауылда дүниеге келген. 1939 жылы 22 жасында Қызыл Армия қатарына шақырылған. Ол соғыс басталған 1941 жылы әскерде танкі айдаушы болып жүрген еді. Соғысты Украинаның Полтава облысындағы Лубны қаласында бастаған. Соғыстан 1946 жылы аман-сау қайтып оралған. «Ерлігі үшін», «Брест қамалы шайқасындағы ерен ерлігі үшін» медальдарын алған. Соғыстан кейін механик болып жұмыс жасаған. 1992 жылы 75 жасында дүниеден озған.

 

Алшын Милат:

Менің атамның әкесі – Жұмашұлы Әмір 1909 жылы туылған. Ұлы Отан соғысы басталған бойда соғысқа аттанады. Майданда Украина елінің Вобровск қаласында ұрысқа қатысады. Сол жерде ауыр жарақат алады. Сол ауыр жарақаттан айыға алмай, 1943 жылы елге оралады.

 

Аманғалиева Гүлзат:

Менің атам, Дайыр Әмірұлы Ұлы Отан соғысы басталған уақытта 9 жаста болған. Әкесі Жұмашұлы Әмір соғысқа аттанып кетеді. Бұл кезде бастауыш сыныпта оқитын атам соғыс қиындығын бала болса да сезінеді. Соғыс жылдары ол колхоздың әр алуын жұмыстарын жасап, тыл еңбеккері болған. Қазақ халқы соғыс уақытында басты кәсіп кқзі мал шаруашылығы болғандықтан, ауыл адамдары сияқты шөп шабу, егін егу жұмыстарын жасаған. Шаруашылықтан түскен ет және көкөністер соғысқа жіберілген сан мыңдаған азық-түліктің бірі болғандығын маұтан ететін. Атам осы еңбегінің құрметіне «Тыл еңбеккері» атағын алған.

 

Қайыр Иманғали:

Менің атам Нармағанбеттің әкесі Ізғараұлы Сатқанғали 1895 жылы дүниеге келген. 1941 жылы 46 жасында соғсықа аттанған. Ұлы Отан соғысында жаяу әскер қатарында болған. Ол майданда Украина, Белоруссия жерлерін азат етуге қатысқан. Сондай бір ауыр шайқастың бірінде, Белоруссия жерінде екі аяғына оқ тиіп, жараланады. Жаудың оғы атамның бір аяғының тізесінен төмен, екінші аяғының тобығына тиген. Белоруссия жерінен еліміздің Шымкент қаласындағы әскери госпитальға жеткізіліп, сол жерде емделген. Соғысқа жарамайтын болғандықтан, ауылға екі балтақпен оралады. Қазіргі уақытта сол балтақ Сатқанғалиұлы Аманғали атамның үйінде сақтаулы тұр.  1975 жылы 80 жасында осы ауылда қайтыс болды. Мен Сатқанғали атамның соғысқа қатысқан батыр болғандығын мақтан тұтамын.

 

 

 

 

1-жүргізуші: Көрініс «Жеңіс күні»

Орман ішіндегі алаңқайда жауынгерлер – командирлер, солдаттар, мейірбикелер отыр. Жеңіс күнінің жақындағанын олар әлі де сезбейді...Бұл сұм соғыс қашан бітеді екен деген ой әркімді мазалаған...барлығы қажыған...шаршаған...

 

Капитан: Ура, Кеңес солдаттары! Жеңіс! Жеңіс! Жаудың астанасына Кеңес Одағының туы тігілді.......Ура.....

 

Би «Жеңіс күні».

 

2-жүргізуші: Қазір біз Тәуелсіз елміз! Қазақстанның ел болып, егемендік алғанына биыл 24 жыл болмақ...Алдағы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына еліміз де қызу дайындалып жатыр...Әскери парад, жаңадан тігілген әскери киімдер, тіпті жаңадан лента да шығарылыпты...

1-жүргізуші: Олай болса сыныбымыздың оқушысы Амангелді Диасқа газет-теледидарларда Ұлы жеңіске байланысты нендей жаңалықтар болып жатыр екнн, соны білейік.

 

«Ұлы Жеңісті ұлығылайық»-газет-теледидарларға шолу. Амангелді Диас:

 

Тәуелсіз Қазақстан осы күнге жеткеніне ата-бабаларымыздың ерлігіне, жанын берген өмірлеріне, тыл еңбеккерлеріне мәңгі қарыздар. Сол себепті биылғы 2015 жыл бірнеше тарихи оқиғаларды атап өтетін жыл болмақ. Елбасымыз Н.Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауында Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуді тапсырған болатын. Сол мезеттен бастап елімізде дайындық басталып кетті. Мен де бұл шараға қатысты барлық жаңалықтарды біліп отыруды парызым деп білемін, сол себепті баспасөз беттері мен теледидардағы беріліп жатқан хабарларды үзбей қарап отырамын. Ұлттық телеарнамызда соғыс күнтізбесін жүргізіп отыр және осы арқылы Қазақстандық Кеңес Одағы батырларына арнап күн сайын бір-бір видеороликтер көрсетіледі. Бұл бағдарламаның бір ұтымды тұсы-бізге беймәлім, әлі де болса зерттелмей жатырған Кеңес Одағы батырлары, Даңқ ордені ковалерлері туралы мәліметті көптеп алуға болады, бұл жас ұрпаққа өте қажетті деп ойлаймын. Соның бірі, маған әлі беймәлім жерлес ұшқыш қыз-Хиуаз Доспанова туралы көптеген мәлімет алдым.

Өзіміз оқитын «Атырау» және «Жайық шұғыласы» газеттері де күнбе-күн түрлі мәліметтерді беріп отырады. Бұл газеттерден мен Атырау облысы және Махамбет ауданы бойынша соғыс ардагерлері мен боздақтар туралы күнде оқып отырамын. Кеңес одағының батырлары-Боран Нысанбаев, Георгий Канцев, т,б батырлармен қоса, әлі ешкім білмейтін-Үмбет Өтеғалиев, Мақсот Әжігереев т.б. батырлар туралы оқып білдім.

 

2-жүргізуші: Егемен елдің ұрпағы, бейбіт күнде өмір сүріп отырған біздердің тілегіміз-енді әрқашан да бейбітшілік болсын, тыныштық болсын, бейбітшілікті барлығымыз бірге сақтайық деген асыл оймен астасып жатыр! Әрқашан бейбітшілікті жырлайық!  Хор. «Бейбітшілік сақталады» әні: Әбілахат Еспаевтікі, сөзі: Нұтфолла Шәкеновтікі

 

1-жүргізуші:  Соғыс пен бейбітшілік бір-біріне қарсы ұғым, әрқашан да солай болмақ. Осы бейбіт күнге жеткізген ата-бабаларымыз туралы, бейбітшілік сөзінің мағынасы жайлы оқушылардың салып әкелген суреттері  бар. Олай болса, оқушылардың «Бейбіт күн жасасын әлемде!»- атты суреттер көрмесіне кезек берейік.

 

Сұлташев Өркен: Мен соғыс болғанын қаламаймын. Әрқашан бейбітшілік болсын. Мен суретімде бейбітшіліктің символы-көгершінді бейнеледім, күн мен жер ғаламшарымыздың суретін салдым. Көгершін тұмсығында мерекелік гүл тұр, бұл Ұлы Жеңіске жеткендігіміздің белгісін көрсеткім келді.

 

Мұханбетжан Алихан: Менің де суретімде ақ көгершін белгіленген, оның тұмсығында жасыл желек бар. Жасыл желек-өмірдің белгісі, осы суретім арқылы мәңгілік өмір мен бейбітшілік болсын деген тілекпен салдым.

 

Амурова Дильназ: Мен суретімде күліп тұрған, көңілді Жер ғаламшарымызды бейнеледім. Себебі – бейбітшілік бар болса, Жеріміз де тыныш, бақытты болып тұрады деп ойлаймын.

 

Сабелова Раһинна: Мен қолын аспанға көтеріп тұрған қыздың суретін салдым, қыздың басын Жер ғаламшарымыз сияқты дөңгелек етіп алдым. Қолын көтерген адам – бейбітшілік жақтаушысы деп түсінемін. Барлық адамзат бейбіт өмірдің сақтаушысы болуы керек деп ойлаймын.

 

Нұролла Гүлназ: Мен Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Бауыржан атамыздың портретін салдым.  Бұл-менің Ұлы Отан соғысы батырларына құрметім, тарихқа жасаған тағзымым деп білемін.

 

2-жүргізуші:

70 жыл — бейбір көктем таі атқалы,
70 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
70 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

Ән: «Қазақстан» . Орындайтын Мұхамеджан Әлихан.

1-жүргізуші. Ұлы Жеңіске – 70 жыл! Соғыс өрті тым алыста қалғандай сезілсе де, ардагерлеріміз бен соғысты көрген халықтың әлі де көз алдында! Тәуелсіздіктің бір өтемі – осы ата-бабалрымыздың қасық қаны, ерен ерлігі! Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылау мақсатында оқушылар «Ұлы Жеңіс бізге қалай келді?» деген сұраққа жауап беріп, қолдарындағы қағаз бөліктерінен сурет құрастырады.

-        Атырау облысынан шыққан неше Кеңес Одағы батыры бар? – 9 батыр

-        Махамбет ауданының Кеңес Одағы батырларын ата. - Смағұлов Қайырғали , Георгий Канцев.

-        Ауылымыздан соғысқа неше жауынгер аттанды? – 171

-        Ауылымыздан соғысқа аттанғандар арасынан неше жауынгер қайта оралмады?   96 адам

-        Ауылымызда неше тыл еңбеккері бар?  - 49

-        «Бейбіт күн тілегі авторы кім және қай жерде туған? Жұмекен Нәжімеденов, Құрманғазы ауданы.

-        Қанша Қазақстандық кеңес Одағының батыры бар? – 520

-        Қазақстанда соғыс жағдайында деп жарияланған неше облыс болған? Жалғыз-Атырау.

2-жүргізуші: Жеңістің  туы  жалтылдап,

                         Жығылмай  мәңгі  тұрады.

                         Сол  тумен  өскен  аршындап,

                         Ерлердің  бізбіз  ұланы!

 

1 - жүргізуші: Құрметті көрермендер бүгінгі Ұлы Жеңіс күніне арналған тәрбие сағатымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер. Келіп тамашалағандарыңызға көптен – көп рахмет. Көріскенше сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ерлік - елге мұра, ұрпаққа – ұран!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2016 2530
    • DOCX 38.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әнесқызы Гауһар Әнесқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Әнесқызы Гауһар Әнесқызы
    Әнесқызы Гауһар Әнесқызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27338
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 784 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 995 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов, критиков и общественных деятелей

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе