Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыЕрлік-елге мұра, ұрпаққа үлгі

Ерлік-елге мұра, ұрпаққа үлгі

Скачать материал

«Арқалық қаласы  әкімдігі   білім бөлімі

А.Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған күнді жалпы білім беретін  бастауыш  гимназия» ММ

 

 

 

 

Сынып сағаты

 

 

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа-үлгі »

 

 

                   

 

                                                                              

 

                                                                                   Өткізген :   Балова  Б.У.

 

 

 

 

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  

 

 

 

 

                                              2017-2018   оқу   жылы

 

Тақырыбы: «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа-үлгі»

Мақсаты: Еліміздің  Тәуелсіздігі  үшін  күрескен, жас  өмірін  қиған  аға  ұрпақтың  ерлік  істерін білу.  Ұлы тұлға  ұлт ұстазы  А.Байтұрсынов  өмір жолы, шығармаларымен  танысу.

Отан  Ананы  құрметтеуге, Тәуелсіздікті  бағалай  білуге,  еліміздің  рәміздерін  қастерлеуге, ұлтжанды  болуға  үйрену.

Өткізілу  барысы: 1.Ұйымдастыру  кезеңі.

Патриоттық  ырғақта  пафос ойнатылады

Өткізілу  түрі: пресс- конференция

1-жүргізуші:   

Армысыздар  қадірменді  қонақтар!

«Туады ерлер, ел үшін”
Өлмейді ісі мәңгілік,
Өшпейді абзал есімдер.
Ұрпаққа жетіп мәңгілік
Кетпейді естен асыл ер,-  демекші
“Ерлік – елге мұра, ұрпаққа-үлгі” атты  сынып   сағатымызға   қош  келдіңіздер!

2-жүргізуші: : 

Елімізді дүрліктіріп соңына мұң қалдырған желтоқсанның ызғарлы күніне де 31 жыл толмақшы.  Қылышынан қан тамып, ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болып тұрған Кеңес үкіметі де келмеске кетті. Ата-бабамыз аңсап өткен Тәуелсіз ел болдық.  

1-жүргізуші:  

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір азаматтың  есінде мәңгі сақталады. Қазақтың басын  бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн  көңілден  кетер емес.

Ән: Желтоқсан  желі. Орындайтын  Алпысова  Аружан 
1 оқушы  Сүндет

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары 
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.

2 оқушы Толғанай

Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,        
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ел билеуге алып келді Колбинді
Қазақ ұлы Қонаевтың орнына.
3 оқушы  Жан-мұханбет

Егемендік – бұл елімнің елдігі,
Егемендік – барлық ұлттың теңдігі.
Егемендік – елін, жерін қорғаған,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
4 оқушы  Іңкәр

Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.

5 оқушы Айлана

Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәті үміт пен күдік наланың.
Қайрат пен Ләззат, Сәбира
Құрбаны болған жаланың.

1 жүргізуші:  

1986 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары  наразылық білдіріп, шеруге шықты. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан желтоқсан  оқиғасының алғашқы құрбандары: (интерактивті тақтада)Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова, Жансая Сәбитова, Ербол Сыпатаевтар еді .   Ерен  аға апаларымыздың рухына бас иіп,  бір минут еске алу  парызымыз!

(Бір минут үнсіздік)

1        оқушы Толғанай

Желтоқсаннан  бастау алған теңдігі,

Қазағымның өркендеді  елдігі.

Құрбан болған Тәуелсіздік жолында

Ағалардың  ұмытылмас  ерлігі.

2 оқушы   Ерхан

31  жыл  тәуелсізбін, дербеспін.

Күмәндана  қоймас боған  енді  ешкім.

Бодандығым  ғасырларға жалғасқан.

Қазір, міне  артта қалды  келмес  күн.

2        оқушы Фатима

Армандарды  жақындатып  тым алыс,

Біздің  жаққа  жеткен  жылы  ағыс.

Егемендік- ел бақыты, ертеңі,

О,халайық  құтты  болсын  қуаныш!

1 жүргізуші

Ұрандайтын ұлың кетсе ұлтыңнан,
«Ұлы Жолда» ұлтанымыз жыртылған.
Желтоқсаным – менің Қазақ – жүрегім,
Тоқтап барып...сосын қайта бұлқынған!
Тұщы етіме ащы таяқ тигенмен,
Өлуге де, көнуге де үйренгем.
Желтоқсаным – менің Қазақ – аруым,
Бейуақта бұрымынан сүйрелген!

2 жүргізуші 

Сүрдік қой өмір қолайсыз шақта, 
Тасталдық жанған қып-қызыл шоққа 
Бір кезде саған аманат қылған, 
Мұрамды жеткіз келер ұрпаққа. 
Елу жыл өтер, немесе ғасыр, 
Айығар сонда бүгінгі тасыр. 
Тексеру болар тарихқа түгел, 
Талқыға түсер жасық пен асыл. 
1 жүргізуші    Әли   Ахмет Байтұрсынов  атамыздың өлеңдерінен  үзінді  оқып тұрған жоқсың  ба?

2 жүргізуші   Иә, Гүлназым    Ахмет  атамыз  1936 жылы халық жауы аттанып  түрмеде жазған  хатында   осы желтоқсан  оқиғасының  болатынын  алдын-ала біліп  хат жазып  кетсе керек.

1 жүргізуші:  Олай  болса,  Елім  деп еңіреп өткен   Ахмет  атамыз  туралы  қандай деректер  біледі  екенбіз.

·          Ахмет  Байтұрсынов 1882 жылы  қыркүйектің 5 жұлдызында  Қостанай облысының Торғай өңірі Сарытүбек ауылында туған

·          18821884 жж. ауыл мектебінде оқыды.

·          1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін

·          1895 жОрынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.

·          18951909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.

·          1909 ж. патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 ж. жер аударылды.

·          1912 ж. Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.

·          1913 ж. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды. Патша үкіметі құлатылғаннан кейін ұлт-азаттық қозғалыс күшейеді.

·          1918-19 жжАлаш Орда қатарында болады.

·          1919 ж. маусымның 24 Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.

·          1922-25 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ҚР ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.

·          1925-29 ж. Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.

·          1929 жмаусымында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілген. 1934 ж. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің зайыбы) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол кезде ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған. 

·          1937 жтамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, желтоқсанның 8жұлдызында   «халық жауы» есебінде атылған

·          1988 жылы Ахмет Байтұрсынов  атамыз   ақталды. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың мол әдеби, ғылыми еңбектері қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген алғашқы кітабы жарық көрді, ол кітапта орыс мысалшысы И.Крыловтан аударған мысалдар жинақталды. 1911 жылы Орынбор қаласында "Маса" атты өлеңдер жинағы шықты.

·          Ахмет Байтұрсынов қазақ тілінің реформаторы, әрі қазақ тіл білімінің атасы. Ол араб әріптерінің негізінде қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) атты кітаптарында қазақ тілінің мәселелерін қарастырды.

1 жүргізуші:

Ахмет  атамыз «Көркем  сөз  көңіл тілі»

«Жалаң  сөз  зейін  тілі  деген» ендеше  мәнерлеп   өлең  оқуымыз  қалай  екен?

Сыныбымыздың  оқушылары  өлеңді қалай  мәнерлеп  оқитынын бағалау үшін   сынып  сағатымыздың  қонақтарынан  әділ – қазы тағайындалады. Көңіл  қоя тыңдап, бүгінгі  пресс конференция түріндегі сынып сағатымыздың қатынасушыларын әділ бағалаулаырыңыз сұралады. 

Әділ қазылар мүшелері: Қаламыздағы № 2,5 мектеп басшылары Махамбетова Қ.Б., Байжигитова Ұ.Б. гимназияішілік  ата-аналар  комитетінің  төрайымы  Хазреткалиева Г.Х.

А.Байтұрсынұлының Қаншеңгел  поэмасының  ырғағын  қосу:

1937  жылы  түрмеде  азап пен қорлықты көріп ,көкірегін мұң басқан Ахмет  атамыз өзінің қадірлес жолдасы, әрі сырлас інісі Амангелді ауданында  тұратын   Файзолла Сатыбалдыұлына соңғы хатын жазса  керек. Хатта  өзінің  тура жолда болғанын, қате қадамға бармағанын, түбі ақталып шығатынына  сенім білдірген . Сол   өлмес  мұра Қаншеңгел  поэмасын  жатқа  оқу ұрпақтың  парызы деп есептейік. Олай болса  аоты оқушы 10 шумақтан кезектесе  жатқа  мәнерлеп  оқиды.

Курманкулов Нұрали:

Файзолла досым, аса қымбатты, 
Мұң менен азап жаныма батты. 
Өтпелі дәуір — өкініш уы… 
Асау өзендей толқыны қатты… 
Өзіңе аян өмірім, ісім , 
Көрдім ғой бейнет туған ел үшін. 
Жабылған нақақ жаланы ойласам, 
Өзегім күйіп, өртенеді ішім . 
Ойсоқты болып қатты ғой басым, 
Көзімнен көл боп ақты ғой жасым, 
Сергелдең кешіп, сарғайып санам, 
Төбемнен тура түсті ғой жасын. 
Көбейген шақта сақалдың ағы, 
Кетті ғой тайып ағаңның бағы. 
Темір құрсаулы түрмеге мынау 
Төртінші рет мен қамалдым тағы. 
Ана сүтімен ақындық дарып, 
Жыр жазып едім, отырмын налып. 
«Халық жауы» боп қасірет шеккен. 
Бүгінде енді менде бір ғаріп . 
Езіліп жүрек, егіліп жүйе… 
Өзіңе-өзі бола алмай ие. 
Енесі өлген ботадай боздап 
Өкінесің көп өзегің күйе. 
Дамылдап бір сәт таба  алмай тағат, 
Кеттім деп япыр-ау, қай жерден ағат. 
Түсесің ойға иір де шиір… 
Елестеп көзге мақсат пен мұрат. 
Жегенім — желім, ішкенім — ірің, 
Түсінер түбі халқым —пірім, 
Басты кінә боп тағылды-ау маған, 

Сүйгенім туған ұлтымның тілін. 
Болама сұмдық дәл мұнан өткен, 
Сталин заңы шықты ғой шектен. 
Жауапты орында безбүйрек жандар, 
Аяуды білмес мейрімсіз неткен. 
Тегінде бәрін алған ғой таңдап, 
Қол қойдырады азаптап, зорлап, 
Сенбейді айтқан сөзіңе адал, 
Мазақ қылады табалап, қорлап. 
Байзаков  Әлішер:

Ильич кетті   тым ерте сөніп, 
Жаңа заманды орнатып беріп, 
Бүгінгі мынау ойранды ой-хой, 
Оралып қайта көрсе ғой келіп. 
Көрсе ғой шіркін,Ильичтің өзі, 
Тартылар еді-ау әр   істің тезі. 
Тұнжырап туған «мұртты көсем», 
Қылды ғой әбден халықты мезі. 
Серпіліп сонда ашылар тұман, 
Тыйылар жөнсіз күдік пен күмән. 
Кесапат күндер келмеске кетіп, 
Туады анық нұрлы бір заман. 
Қашанда болсын әділдік қымбат, 
Партияға менде болғанмын солдат. 
Қатемді түзеп, анықтап жолды, 

Ильичтен тұңғыш алғанмын мандат… 
Жасымда мынау алпыстан асқан, 
Нұртайып беттен ажарым қашқан. 
Отырмын мең-зең айыпқа    батып, 
Туған халқыма атанып дұшпан. 
Сырқырап жан-тән,сыздайды жүрек, 
Еленбей әсте елге еткен еңбек. 
Еңсеңді басып, есіңді алған, 
Ашылар қашан бұл қара түнек. 
Соңымнан ерген қуатты бір лек, 
Үркердей шоғыр келе жатқан түйдек. 
Міржақып, Сәкен, Мағжан мен Мұхтар, 
Болса екен аман,—деп тілек тілеп. 
Атырам таңды, батырдым күнді, 
Бар шығар жандар менен де мұңды. 
Қаншама азар берсе де даттап, 
Мойындамадым тағылған мінді. 
Сезеді жүрек… ажалым жақын, 
Өлмейді босқа азамат ақын. 
Өзіңе досым аманат жырым, 
Бұл жазған тегі ең соңғы хатым. 
Отанға сенем, халқыма сенем, 
Айтыңдар менен ұрпаққа сәлем. 
Жеткізер түбі еліме байтақ, 
Атымды менің ақсұңқар өлең. 
Елікбай  Аружан:

Ауысар ұрпақ ,алмасар жылдар,
Уақыт пен біздің жалғасар жырлар. 
Жоярма құнын  елге еткен еңбек, 
Егерде ұрпақ табылса құндар. 
Келеді алысып ақ пенен қара, 
Қайғымен қуаныш, бақ пенен нала. 
Ежелден бері етуде осылай. 
Жаға жыртысып, шындық пен жала. 
Жеңеді түбі әділет бірақ . 
Болады анық жауап пен сұрақ . 
Ашылса көзі басынан тұнып, 
Мұхитқа айналар жылға мен бұлақ. 
Тынбаған бір сәт сүюден халқын, 
Садуақасов Смағұл марқұм. 
Голощекин мен Сталин бізді. 
Тұйыққа тіреп,—деп өтті әр күн. 
Ұғар ма айтшы ғалымды надан, 
Қажытты бізді қаншеңгел заман. 
Жатырмын тілеп, Бейімбет, Сәкен, 
Мағжан мен Мұхтар болса деп аман. 
Шәкәрім — ағам, Жүсіпбек — інім, 
Біреуі — айым, біреуі — күнім… 
Секілді еді-ау. Опат боп кетті, 
Сүюден тынбай халқы мен елін. 
Ұстаймын менде солардың жолын, 
Ажал мен апат—оңым мен солым. 
Болса егер қатем, кеше гөр елім, 
Күткенім енді менің де өлім. 
Сағынтты мені сүйікті мекен, 
Түсіме кірді апам мен көкем, 
18 жылға сотталған еді-ау, 
Патшаға қарсы күрескен әкем. 
Мерзімін өтеп, қайтқанда елге, 
Қарсы алдық шығып, жазира белге. 
«Ақкөлім саған жеттім бе шын»—деп, 
Топырақты сүйді жата қап жерге. 
Мені де шырмап сағыныш сондай, 
«Ақкөлді » ойлап құмарым қанбай, 
Отырмын достым,ертеңім маған, 
Сыйлайды екен тағдырды қандай. 

Сапарбаева  Арай:

«Ақкөлде »шіркін көзімді жұмсам, 
Бір төмпешік болып сол жерде қалсам, 
Арманым жоқ қой қабірімді сонда, 
Құшақтап тұрса майқара жусан. 
Қазақ емес, біз  ежелден қырғыз, 
Аталып солай, жазылған елміз. 
Сен келіп оны қазақ деп жаздың, 
Дейсің оқуды қазақша жүргіз. 
Халықпыз күншіл, бірлігі осал, 
Білімсіз, ойсыз, тірлігі нашар. 
Ру-ру боп шуылдап жүрміз, 
Ұлт болмасақ, береке нашар. 
Ойладың жаулық Советке әр күн, 
Мысалдар жазып, дүркін де дүркін. 
Әліппе жасап, «Тіл құрал» қылдың, 
Зорлап кіргізіп араптың ғарпін . 
Бітеді ертең дәмі мен тұзың, 
Бүгіннен бастап тірліктен безін. 
Орысқа үйлендің, себебін айтсақ, 
Жек  көресің сен қазақтың қызын. 
Өтірік  деп  айтшы осының бәрі, 
Болмайды енді қулығың дәрі. 
«Халық жауысың» бетін бояған, 
Өмір сүрмейсің сен мұнан әрі». 
Осылай деп бір қанқұйлы қазақ, 
Басыма менің төндірді тозақ. 
Дедім мен оған білгеніңді істе, 
Сендерге енді бола алман мазақ. 
Сүрдік қой өмір қолайсыз шақта, 
Тасталдық жанған қып-қызыл шоққа 
Бір кезде саған аманат қылған, 
Мұрамды жеткіз келер ұрпаққа. 
Елу жыл өтер, немесе ғасыр, 
Айығар сонда бүгінгі тасыр. 
Тексеру болар тарихқа түгел, 
Талқыға түсер жасық пен асыл. 
Сенемін досым, өлгенмен өзім, 
Ұрпаққа жетіп, өлмейді сөзім. 
Ақиқат таңы атады анық, 
Осыған менің жетеді көзім.

Көрніс: Ахмет  атамыз бізде   қонақта 

1 жүргізуші     Ахмет  атамыз  бізде   қонақта болып Адамзатты оқуға, бірлікке, елдікке шақырады. Осы жолда  бірнеше  мысалдар жазғанын айтады.Сол  мысалдарды оқушылардың  қаншалықты түсініп, жатқа оқитындықтарын  тыңдағысы келетінін  айтты

Альтимур:  Оқуға  шақыру   Мирамбек: Тілек  батам

Елдос: Қазақ  қалпы              Ержан:  Жұртыма

Сынып  оқушылары  әділ  қазы  қортынды шығарғанша  жүптаса  отырып 1қатар  мақал мәтел, 2 қатар әңгіме, 3 қатар сурет  салады.

2- жүргізуші   Өлең  оқушыларды  бағалау  үшін  қонақтарға  сөз беріледі.

1-жүргізуші   -Ахмет Байтұрсыновтың   жасаған  ісінің жемісі-соңынан келе жатқан, Ахмет  атындағы  мектептерге  тізіліп, кіріп жатқан жас буын. «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ахмет Байтұрсынов  тағылымын бір сәтте оқып  аяқтай  алмаймыз. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.

1 жүргізуші :

Елбасымыздың  «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру»  атты бағдарламалық мақаласы  аясында  да  біздің  гимназиямызда да  А.Байтұрсынұлы  мұражайы  ашылуда. Алдағы уақытта Ахмет  атамыз  туралы  түрлі  деректермен  таныс боламыз деген ойдамыз.

2 жүргізуші :

Азат елдің білікті, білімді, жігерлі, азаматты болыңыздар! –деген тілекпен Ерлік – елге мұра, ұрпаққа-үлгі”  атты сынып   сағатымыз аяқталды!  Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы  болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік  болсын !   Елімізге оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік,ағайын!

Бәрі  қосыла Үмбетей  ұрпақтарының  ұранын орындайды.

 

 

Сынып  сағатында  қолданылған суретті  деректер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сынып  сағатынан   көрністер

Қорытынды тұжырымдама

      Ерлік  елге мұра  ұрпаққа үлгі  сынып  сағатында оқушылар  өздерінің  елін,жерін  қорғауда жанын  пида  еткен  аға  апаларының  ерлік  істерімен танысты. Тәуелсіздіктің  оңай келмегенін түсіне отырып, қазақ  елінің жерінің,  елінің  бай екендігін  мақтаныш  тұтаттындықтарын білдірді.Елін жерін қорғайтын патриот  болуға  уәде бере  отырып, бабаларымыздың  ерлік  істерін  бір минут  үнсіздік   арқылы  еске  алды. 1986 жылы Алматы қаласында  өткен  желтоқсан  құрбандары Қайрат,Ербол,Лаззат,Сабира  апа-ағаларының ерліктерін  өлең  жолдары арқылы  баяндай  білді.  Сонымен  қатар   Ұлы  тұлға  ұлт  ұстазы  А.Байтұрсынұлының   шығармаларымен таныса отырып  осы   желтоқсан  оқиғасының  болатынын  елу жүз жыл бұрын  болжай білгендігін түсіндіре  отырып,  шығармаларын  жатқа мәнерлеп  оқи білді. Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани  жаңғыру, болашаққа  бағдар»  атты  мақаласы  аясында   гимназиямызда  ашылғалы  отырған  мұражайға  Ұлы  тұлға  ұлт  ұстазының  берілуі  оқушылар  көңілдерінде асқан  қызығушылық  танытатынын,  алдағы  уақыттарда   кеңірек біліп  танысып,  түрлі мағлұматтар  жинақтап  өз білім біліктерін  толықтыратындықтарын  да  қортынды да  айтып  өтті. Желтоқсан   оқиғасымен  тұспа- тұс  келіп  отырған  мұражайымыздың  ашылу  құрметінде  А,Байтұрсынов шығармаларын, мысалдарын  кең  көлемде мәнерлеп   оқи отыра, ерлікке, елдікке, тұтастыққа  шақырғанын  түсіне  білді. Әрине  бір күннің   ішінде атқарылған  іс- шаралар  емес,  алдын-ала  оқушылар өздері  ізденіс танытып, ұнаған   шығармаларына  дайындалды. Нәтижесінде  оқушылар  гимназия басшысының  мадақтама, алғыс хаттарымен  марапатталды. Жалпы  пресс-конференция тақырбының  желтоқсан  оқиғасы  мен гимназиямыздағы  мұражайдың  ашылуына  кіріктіріле  жасалған   іс-шара екендігін  ұғынды. Оқушылар  алдағы  уақытта  осындай  тәрбиелік іс-шаралардың өткізілуіне қызығушылық  танытты.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ерлік-елге мұра, ұрпаққа үлгі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Спортивный психолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 210 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.01.2018 1190
    • DOCX 716.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балова Бакыт Умирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балова Бакыт Умирбековна
    Балова Бакыт Умирбековна
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 15543
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 147 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 778 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 005 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической помощи детям

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 587 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 243 человека