Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЕртеңгілік: "Хош бол, Балдырған!" (даярлық топ)

Ертеңгілік: "Хош бол, Балдырған!" (даярлық топ)

Скачать материал

«Қош бол балдырған»

Музыка әуенімен екі тәрбиеші шығады.
2 жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә, қаншаңыз да.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Балапан бүлдіршін түлектерін.

1ж: - Ендеше балабақша түлектерін қол соғып қошеметтеп ортаға шақырайық:

2 ж Балапан тобының биші қыздары - Адия, Азалия. 1ж: - Топтың еңбек десе ерінбейтін еңбекқор қыздары -  Анель, Данеля. 2ж: - Тобымыздың күміс көмей әншілері – Айназ,Аяжан,Айдана.
1ж: - Топтың кербез де ерке қыздары -  Қаусар,  2ж: - Тобымыздың сүйкімді де сүйікті ұлдары - Нұрдаулет, Асылхан, Абушахман, Естай,Ділнар,Нұрымхан,Данияр,Ералы,С.Нурсултан,Нүралы,Мансұр,Ерасыл,Алтынбек,Әділхан,Мейрамбек,Т.Нұрсултан.

Балалар ортаға шығып, жылы лебіздерін айтады:
- Бүгін біз үшін мереке! Данияр
- Біз үшін есте қалатын күн! Азалия
- Біз балабақша түлектеріміз! Нуралы
- Біз білімді балаларымыз! Анеля
- Біз өнерлі балапандармыз! Ділнар
- Біз Қазақстанның болашағымыз!Естай
- Балабақшамызды қимай барамыз. Ерасыл
Жүрг: Құрметті қонақтар! Бүгін өте салтанатты күн. Біз өз тәрбиеленуші бітірушілерімізді мектепке шығарып салғалы отырмыз. Уақыт зымырап алға қарай жылжиды, балалар мектеп, сонан соң институт бітіріп, дәрігер, мұғалім, әртіс, инженер болады. Бірақ біз оларды балабақшаны, тәрбиеші апайларды және бүгінгі алғашқы кешті ұмытпайды деп үміттенеміз!
(Есік сыртынан күлген баланың дауысы естіледі. Тәрбиеші арбаға салған қорапты әкеледі, ішінен аузында соска, алжапқышы бар кіші топ баласы шығады)
Жүрг:
Өтті қызық көп күндер,
5 жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл - ойларың,
Өсті міне, бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!

Ән
Би: «
                          »

Жүрг: Сіздер де балабақшаға келгенде осындай тәп - тәтті сәби едіңдер. Ал қазір есейіп мектепке барғалы тұрсыңдар. Сендер мектепке баруға дайынсыңдар ма? (иә).
Ән: «Балабақша мекенім»
Мақта қыз кіреді.Адия

Мақта қыз:
Саламатсыңдар ма, сүйкімділерім менің! Мұнда не істеп жүрсіңдер ?
Балалар: Біз мектепке бара жатырмыз.
Мақта қыз: Рас па? Ендеше балалар әдепті сөздерді біле ме екен, ол сөздер мектепте өте қажет.
«Не деу керек?»

Апаң сенің базардан   Ерасыл

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек?  Рахмет  апа  деу керек

 

Балалар жүр көшеде  Абушахман

Естіледі шу айқай

Сенде шықтың көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?  Кешіріңіз  деу керек

 

Осы келген бетіңде     Мейрамбек

Допты қудың, жарыстың

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Ұмыттың сен не деуді?   Салеметсиз бе деу керек

 

Үй артында қоқысты    С.Нурсултан

Жатқан көптен үйіліп

Тазалайды қарт кісі

Белі зорға иіліп

Не дегенің жөн еді? Көмектесейін деу керек

 

Әжең сенің түскі асқа    Естай

Қант пен кәмпитті салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Ай шай жоқ салдың қол

Жөн еді не айтқаның? Рұқсат па деу керек

 

Добын апар Назардың!  Ералы

Деді ағаң бармадың

Тапжылмадың, сазардың,

Аға тілін алмадың

Сен қай сөзді айтпадың? Жарайды мақұл деу керек

Ән: «   »

Адия- Мақта қыз: Сендер өте әдепті әрі әдемі балалар екенсіңдер. Жолдарың болсын!

 Алдар Көсе кіреді.
Нуұрымхан -Алдар Көсе: Сендер қайда бара жатырсыңдар?
Балалар: Біз мектепке бара жатырмыз. .
Алдар Көсе: Қызық екен. Ендеше мен сендердің есепті қалай шығаратын тексерейін.

Жұдырықта  неше  саусақ  бар?

Анасының  мысығы, иті, қызы бар.Анасында  неше бала бар?

Дүкеннен анам 4 бұрышты 2 доп алып  келді, оның біреуін  ініме берді. Менде неше доп қалды?

Дұрыс айтасыңдар балалар доп 4 бұрышты болмайды.

4 бұрышты не болады?

Қонжық екеу,табаны нешеу.(8)Үш қоянда қанша құлақ бар? (6)

Алдар Көсе: Жарайсыңдар, балалар! Сендер мектепке дайын екенсіңдер. Сендерге сәттілік тілеймін. Жолдарың болсын!

Қоңырау кіреді.

Әділхан-Қоңырау:Балалар сендер портфельде  не болу керек екенін білесіңдер ме?

Бал-р:Ия.

Көрініс Портфель. Портфельдің суретіме салынған үйшік тұр.
Жүргізуші - Айдана Биік те емес аласа
Бір портфель тұр жараса.
Қызыққандар кіре алмай
Сыртында жүр таласа.
Сонда бұны кім алған
Ішіне оның не салған
Құлпын ашып көрейік
Нелер барын білейік

Данеля: Түк, түк, түк.
Кіреуіме бола ма
Әлде біреу тұра ма
Әрине ешкім тұрмайды
Тұрса үнсіз болмайды.
Әне пенал келеді
Сөзімді сол жалғайды.

Пенал - Данияр:
Пай пай пай
Түсім бе әлде өңім бе
Жай портфель емес тегінде
Болса болар тек қана
Ертегілер елінде.
Жақынырақ барайын
Ішіне көз салайын.
Кім тұрарын портфельде
Жайлап біліп алайын.
Түк түк түк
Болар ма екен кіруге?
Кім тұрарын білуге
Жауапсыз қалды сұрағым
Онда өзім тұрамын.
(Ішіне кіріп кетеді)

Жүргізуші - Айдана
Енді әліппе келеді
Портфельді ол да көреді

Әліппе - Мансур
Ашық екен есігі
Ішіне жайлап кірейін
Кімдер барын білейін
Жақсы достар болса егер
Бірге өмір сүрейін

Жүргізуші - Данеля
Есікті ашып осы сәт
Панел шықты ақылды
Әліппені өзімен
Бір тұруға шақырды.

Пенал - Данияр
Кір Әліппе бас қосайық
Бірге тұрып достасайық.
Жүргізуші - Ақбота
Жүгіріп дәптер келді де
Кіргісі келіп ішіне
Қарады ол да телміре
Дәптер - Нұрдаулет
Жазу жазар болса кім
Онда мен де керекпін.
Кіргізіңдер мені де.
Бірге  тұрайық демекпін.
Жүргізуші - Данеля
Әліппе де жөн көрген
Адал досты
Қатарына дәптерді
Жедел қосты.

Әліппе - Мансур
Кел дәптерім келіңіз
Портфеліме кіріңіз
Оқушы үшін әрқашан
Керекпін деп біліңіз
Жүргізуші - Айдана
Түгелдесіп бір біріне
Достар күтіп алаңдар
Келіп жатты жүгіріп
Түрлі түсті қаламдар
Пайда болды 4 - тік те
Көп ұзамай 5 - тік те.
Айтып жатты жарысып.
Өз ойларын естірте.
5 - Тік - Асылхан
Оқушының бәрі де
Мені жақсы көреді.
Портфельдің дәл төрінен
Маған орын береді.
4 - Тік Алтынбек
Жақсы оқитын балалар
4 пен 5-ті алады
Ұқыпты өзі ынталы
Тәрбиелі болады.
Қызыл қалам -Әділхан
Әрине, әрине!
Керексіңдер бәрің де
Көңіл сыйса сыямыз
Тар болса да ұямыз.
Көк Қалам
-Кәусар
Тәртібінен сабақтан
«4» «5» Алып жарыссын
Кіріңдер жақсы бағалар
Оқушылар таныссын.
Жүргізуші -
Данеля
Міне осылай портфелдің
Лезде іші толып кетті
Арттарынан жүгіріп
2 лік пен 1 де жетті
2 лік
Айназ
Портфелім мені қалдырмай
Кіргізіп ал ішіңе
Жалқауларға жайлымын
Жалынбаймын үшіңе.
1 лік А
яжан
Жалқаулардың жалдап алам
Аңқауларын алдам алам.
Көшпей қалса сыныптан
Досым үшін мен де қалам.
Жүргізуші - А
йдана
Сұрланып босағадан
Пенал шықты.
Ұрысып «1» « 2»- ні
Жерге тықты.

Пенал -
Данияр
Сөздеріңді жөн көретін
Бізді аңқау кім деп едің
Балалардың досы мықты
Сендерсіз ақ күн көретін.
Еңбек етпей ерінсе
Ол оқушы бола ма
Достарымыз 4 пен 5
Кетіңдер бізге жолама

Жүргізуші -
Данеля
Кіргізбей 1 мен 2 ні
Сарт етіп есік Жабылды.
Оқушы екен иесі
Міне өзі табылды
Оқушы қыз Арай жүгіріп шығады.
Ән

1 - ж: - Келесі кезекті «Балапан» тобының ұлдарына берейік. ( Ұлдардың тақпақтары)
С.Нурсултан: - Мектепке ертең барамыз,

Оқимыз, сауық құрамыз.

Алыс емес арамыз, Сіздерге келіп тұрамыз.
Анеля: - Мен де кітап аламын,

Мен де оқуға барамын.

«Жаман» бала дегізбей, Жақсы оқитын боламын.

Асылхан
қараңдаршы кітаптарда ,қаламда ,
көп болатын ағамда .
менде бұрын жоқ еді ,
әкелді анам мағанда .
Ділнар:Қараңдаршы !
Тазалап жуып басымды ,
Тарап қойдым шашымды,
Бола қалдым лезде ,
Мержан ағам секілді.
Нұралы
әркез аман бол деймін 
әкем менен шешемді ,
енді ертіп келмеймін .
жыламаймын енді мен, 
сабақтанда қалмаймын,
ата-ана үмітін ,
әрмен қарай жалғаймын.
 Мейрамбек :қызық күндер өткіздік ,
Даярлықтың бағында 
Көп оқыдық, көп білдік ,
Ел менен Отан жайында ,
Мектепке енді барамыз,
Мұңаймаңыз сағынып.
Қашықта болса арамыз,
Топқа келіп тұрамыз.
Азалия:
Сәлем саған мектебім ,
Сәлем білім ордасы,
Жасыл бақты көктемім
Жастық шақтын ордасы.

Алтынбек.
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшаға келіп тұрамыз
Мансур.
Балабақшам бесігім,
Қайсысын айтып бітейін.
Қабыл алшы гүлімді,
Сіздерге сыйлап кетейін.

Тәрбиеші: ал енді балалар болашақта өз армандарын сендерге айтып берсін.
Күнге күліп, күй шерткен  Абушахман
Айға әнін тыңдатқан
Ақын жырын жырласа
Таң шолпанын қуантқан
Ұшқыш болғым келеді
Ұшқыш болмай немене
Қуат бітті денеме
Қанатым бар қайыспас
Ұшқыш болғым келеді.

Адия: Мен дәрігер боламын
Ақ халатты киемін
Аппақ болып жүремін
Өзім жақсы сүйемін
Дәрігермін мен деймін
Кәрі әжемді емдеймін
Көп-көп ішіп дәріні
Кәрілікті жең деймін.
Нұрдаулет: Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Мен ғарышкер боламын
Боламын десем боламын.
Кәусар: Ғажап қой сырлы сөйлеген
Қазақтың қара өлеңі
Атамды тыңдап кейде мен
Ақын болғым келеді
демекші біздің  Балдаурен орекстрі ортаға шақырайық.
Тәрбиеші: Ал қазір балалар өздерінің алғыстарын айтады.
Айназ: Жайдары жүз, ай қабақ 
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратып
Динара Серікқызына көп рахмет.
Ерасыл: Ағылшын тілім білсін деп
Үйреткен бізді Мақпал апай
Қоштаспай біз қаламыз
Мектепке іздеп табамыз.
Ералы: Әрбір күні Бір-бір баладай
Сапқа бәріміз тұрамыз
Секір десе секіріп
Айтқан тілін аламын
Болды бізге Айшагүл апай
Арайлап атқан ақ таңдай
Салауатты өмір кешіп
Самғаймын алға қырандай

Нұрымхан: Үйренгеміз өнер біз 
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен  Медергуль, Гүлжан апайларға мың алғыс.
Айназ: Жазу жазып үйреткен 
Әріптерді оқытқан
Санамақты жаттатып
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген Нағима Мадиқызына,
Сұлушаш Заркешқызына
Айтамыз мың алғыс.

7. Темірлан: Бізді баптап қараған 
Күлімдеген жақсы адам
Ақ төсекке жатқызған
Басымыздан сипаған
Бақыт апайға көп рахмет.

Балаларға арнап тәрбиешілері ән орындап береді. Сыйлықтар тарату.

Ән
2 - ж: -
Балабақша – бесігім, Тағы бір той жасайық. Ашып мектеп есігін, Өзіңмен қоштасайық.
1 - ж: - Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Сау болып тұрыңыздар жолыққанша, Осымен концертіміз аяқталды!

Қоштасу вальсі.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ертеңгілік: "Хош бол, Балдырған!" (даярлық топ)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 963 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.05.2016 799
    • DOCX 26.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Сулушаш Заркешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Сулушаш Заркешовна
    Ахметова Сулушаш Заркешовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7442
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Нормативно-правовые и организационные основы деятельности учреждений дошкольного образования

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для дошкольников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 327 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 962 человека

Курс повышения квалификации

Специфика художественно-изобразительной деятельности в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 333 человека

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек