Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ертеңгілік: Қош, сүйікті Әліппем"

Ертеңгілік: Қош, сүйікті Әліппем"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Тақырыбы: Рахмет саған , Әліппе!

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, білім, білік , дағдыларын көрсету. Олардың іс-әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Балалардың елін, жерін сүюге, өнерді құрметтеуге, қуанышын ата-анасымен бөлісугетәрбиелеу. Эстетикалық талғамын, өзін-өзі басқару қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: «Біз – бақытты балдырған» слайд, суреттер, ана тілі, әліппе, математика оқулықтарының мұқабасы, кеспе әріптер мен цифрлар.

Барысы:

Сүндет: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздерінен мейірім мен нұр толар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


Айдана: Өмір берер ертеңгі бағаларын,

Әліппемен қоштаспақ балаларың.

Халқына ұрпақ барген, білім берген,

Қош келдің әкелерім, аталарым.


Сүндет: Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ болып бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз , ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.


Айдана: Бір ата, бір ананың тілегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда, тірлік бар» деген қазақ

Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз.


Сүндет: Талай-талай баспалдақты аттармыз,

Ата-ананың үмітін де ақтармыз.

Әліппеден лаған білімді

Есімізде өмір бойы сақтармыз.


Айнур: Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып, жазатын хәлге жетті,


Құтты болсын білімі балалардың.

Бүгінгі балалардың әліппемен қоштасу тойына қош келдіңіздер, құрметті ата-аналар, ұстаздар. Бүгінгі елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта балаларымыз сапалы білім алып, әліппемен қоштасу тойын тойлағалы отыр. Ендеше бүгінгі мерекенің басты кейіпкерлері 1 «Ә» сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырайық.


Музыка әуенімен балалар ортаға келеді. Музыка: «Өз елім»


Айнур: Әліппе бітіру – алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан бүгінгі мереке сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке.

Жеміске құты толар ма,

Бір-бірлеп теріп алмасаң.

Әп-сәтте шыға қоя ма

Еккен дәнін ойласаң.

Білімде сондай қарағым

Біртіндеп сіңер ойыңа.

Ұғып ал білім боларын,

Шамшырағың жолыңда.

Көлге ойнағанбұлақтың

Қайнар көзін көріп пең?

Том-том қалың кітаптың

Басы болар әліппең.


Балалар, іші толы әріпке , білімдегі жарық не?

-Ол сүйікті әліппе.

-Ендеше, ана тілінің ғажайып, шынайы әлемін үйреткен өз ана тілімізде оқу, жазуды меңгерткен барлық ғылымдардың анасы, болашақтың негізі , сүйікті досымыз Әліппені ортаға шақырайық.


Әліппе: Армысыздар, жас достар,

Армысыздар, ата-ана?

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға.

Менің атым әліппе

Мені анаңдай дәріпе.

Мені оқып ер жеткен

Ағаң менен әпкең де.

Мерекелерің құтты болсын, достар!


Айнур:

Қош келдің, Әліппе. Балалардың мерекесіне сен де қосыл. Өйткені сенің де бүгінгі мерекеге үлесің зор. Сен балаларға көп нәрсені үйреттің. Ендеше, балалардың білімді қалай меңгергеніне куә болып, өз бағаңды бер.

Бала деген шіркін-ай балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай балаларымыздың бал тіліне кезек берейік.


Гулназ: Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым анасы

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Мектебің мынау, класың,

Осында он жыл тұрасың.

Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.


Ақторғын: Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен




Алтынай: Арта берді кітапқа

Бойымдағы қуатым.

Бірге жүрген қасымда

Кітап болды сыңарым.

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе білім бесігі.


Әйгерім: Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Бас иеміз құрметпен.

Аққияш: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.


Б.Нұрасыл: Балаларға ақ тілек

Болашаққа бақ тілеп.

Біздерге білім үйреткен,

Әліппе саған рахмет.


Рамазан: Ең алғаш қолға алғанда әліппені

Қызыға қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.


Айнұр: Кәне бері қарайық,

Зейін қойып тыңдайық.

Әріптермен танысу

Тақпақтарын бастайық


Ғибрат: Алфавитті білдік біз,

Онда жүйе, қалып бар.

Біздің қазақ тілінде

42әріп бар.


Әсемгүл: Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп

. Сауат аштық, тойладық.


Индера: Алфавиттар, шығыңдар!

Орындарыңа тұрыңдар!

Бастайық кәне айтысты,

Жібермейік намысты.

Нұрберген: Алфавиттың а тұрады басында.

Дінмұхаммед: Әрқашанда ә тұрады қасында.

С.Нұрасыл: Байқадың ба б тұрады үшінші.

Ал осының сыры неде?

Түсінші:

Нұрберген: А деген ол- анаалар ғой ардақты.

Дінмұхаммед: Ә деген ол- әкелер ғой салмақты.

С. Нұрасыл: Б деген ол- балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуіде кәделі.

Айнұр:

Ой, керемет, балалар!Сендер әріптер сырын жақсы меңгерген екенсіңдер!Әліппе, біздің балалар саған арнап ән де айтып береміз деп отыр.


Ән: « Әліппе»


Айнұр:

Жарайсыңдар, балалар! Сендер жақсы меңгерген екенсіңдер. Білгіш балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Білмесбекке мүлдем ұқсамаңдар.

Білмесбек:

Менің атымды кім атаған? Мені кім шақырды? Мұнда не болып жатыр өзі?

Айнұр:

Сәлеметсің бе, Білмесбек! Қалың қалай? Қайдан жүрсің?

Білмесбек:

Жай, дүкеннен сағыз алам ба деп бара жатыр едім, атымды естіп жүгіріп келдім. О, алақай, мына шар мен суреттерді мен алайыншы.

Айнұр:

Әй, Бәлмесбек, тиме оған. Ол сурет емес, әріптер ғой. Балалар, көптеген әріптерді үйренді, енді өздері оқып, өздері жаза алады. Сен бізбен бірге бол, мерекені бірге тойлайық.

Білмесбек:

Той дейсіз бе? Тойды мен жақсы көремін. Тойда көп шашу шашады. Шашу бар ма?

Айнұр:

Ай, Білмесбек-ай! Бұл балалардың Әліппемен қоштасу тойы. Мұнда балалар әнмен, биден шашу шашады, ойын ойнайды.

Білмесбек:

Шашу жоқ па не? Чупа-чупс жегім келіп тұр еді. Е, жақсы онда ойын ойнайық. Менде рагатка бар, доп, қаңбақ, асық бар. Балалар кел ойнайық.

Айнұр:

Жоқ, Білмесбек, біздің балалар әріптерден сөз құрастырып ойнайды. Сенде бірге ойна, әрі әріпті, әрі сөзді үйренесің.

Білмесбек:

Мен оны білмеймін ғой. Ата-аналар, маған көмектесіңдерші. Өтінемін. Балаларды жеңіп тастайық. Сосын асық ойнаймыз.

Айнұр:

Жарайды, Білмесбек екі топ болып ойнайық. Кім бірінші әріптерден айтқан сөзді құраса,сол жеңіске жетеді.Сен ата-аналармен бір топ боласыздар, балалар екінші топ болады. Мына әріптерді алыңдар. Мен айтқан сөзді кім құрайды екен.


Ойын: «Сөз құра»


1.Біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан

2.Елордамыз қалай аталады? Астана


Айнұр:

Жарайсыңдар, балалар. Сен де жарадың, Білмесбек. Ойын саған ұнады ма?



Білмесбек:

Иә, мен тек доппен, асықпен ойнаушы едім. Бұл ойын да жақсы екен. Рахмет сендерге, балалар, әріптерді мен де үйренгім келеді. Маған да үйретіңдерші.

Айнұр:

Әрине, Білмесбек, балалар саған қуана үйретеді. Кел, бізге қосыл, алда әлі түрлі керемет ән мен билер болады.

Тәуелсіз Қазақстанның талабы таудай биік баласы, елінің патриоты Иманбек ұлдарыңыздың орындауында «Қазақстан бақытты» әнін қабыл алыңыздар.


Ән: «Қазақстан бақытты»


Әліппе: Рахмет, балалар. Сендер менің үйреткен әріптерімді жақсы меңгерген екенсіңдер. Сендерге таныс досымызды ортаға шақырғым келіп тұр. Ол сендерге санауды, есеп шығаруды үйреткен, барлық ғылымдардың атасы – математиканы қарсы алыңыздар.


Музыка әуенімен математика келеді.


Математика: Сәлем, достар. Мерекелерің құтты болсын. Сендер әліппенің үйреткенін жақсы меңгеріпсіңдер, ал менің үйреткендерімді ата – аналарыңа көрсетіңдерші.


Айнур: иа, балалар кәне, жаттаған санамағымызды айтып берейік.


Фариза: 1 дегенім – бесік,

Шықтым содан өсіп.


Гүлнара: 2 дегенім – елім,

Далам, тауым, көлім.


Әмина: 3 дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.


Аида: 4 дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.


Мөлдір: 5 дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.


Әсемгүл: 6 дегенім – ақыл

Тыңдағаның мақұл.


Назерке: 7 дегенім – жалау,

Жүректегі алау.


Ақторғын: 8 дегенім – сертің,

Серт беретін кезің.


Алтынай: 9 дегенім – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Әйгерім: 10 дегенім – отан,

Қорға соны, ботам.


Математика: рахмет, балалар. Менің үйреткендерімді де жақсы меңгерген екенсіңдер. Ризамын сендерге.

Айнур: Жиналған қауым таң қалсын,

Тойға шашу шашылсын.

Біздің сері жігіттер

Бименен кешті жалғасын.


Би: «заманауи би ұлдардың орындауында флешмоб»


Гүлнара: Ақыл құйған санама,

Күннен де артық расында.

Күн алыста, ал анам,

Ылғи менің қасымда.

Фариза: Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншылмасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

Айнур: Балаларды осындай күйге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп, бірге оқып, бірге жаттау жаттап жүрген аталарымыз бен әжелерімізге, әкелеріміз бен аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі орындалар ән сіздерге арналады, құрметті, ата-аналар. «Қошақаным» әнімен сүйкімді қыздарыңыз Аиданы, Гүлназды, Қарақатты қарсы алыңыздар.


Ән: «Қошақаным»

Айнур: Өркендерің өссін, балалар. Сендердің ата-аналарыңды қаншалықты жақсы көретіндеріңді көрсеттіңдер. Ендігі кезек ата-аналарда. Ата-аналарыңның сендерді қаншалықты жақсы білетіндеріңді байқаймыз. Сонымен, ойынойнайық.


Ойын: «Ананың алақаны»

Айнур: Балалар, білімді, ақылды, өнерлі екендеріңді көрсеттіңдер. Енді тапқырлықтарыңды көрсететін кез келді. Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал сендер жауабын табыңдар.


  1. Таныстырар әріппен

Мынау кітап әліппең.

Әліппе деген аты оның

Басталған қай әріптен. (ә әрпі)

2 Балықта бар, нанда жоқ,

Халықта бар, ханда жоқ. (л әрпі)

3 Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Оның аты біз жазған

Қай әріптен басталған? (і әрпі)

4 Ата-анаңмен барып сен,

Пілді көрдің парктен.

Осы атаулар зер салшы,

Басталған қай әріптен? (п әрпі)

5 Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды. (е әрпі)


Айнур: Балалар, қандай сөз шықты?

Балалар: Әліппе деген сөз шықты.

Айнур: Олай болса, бізге көп нәрсені үйреткен әліппеге алғысымызды айтайық.


Азамат: Қош бол, құтты әліппем,

Тіл тұсауын кестің сен.

Аялы анам болып сен,

Айыбымды кештің сен.


Назерке: Қош бол, құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдаттың, сөйлеттің.


Әліппе: Рахмет, балалар. Сендерге өте ризамын. Мен сендерге әріптердің қыр-сырын үйреттім. Енді сендерге әңгіме, ертегі, өлеңдерді үйрететін досым ана тілін таныстырайын. Сәлем, ана тілі. Бұлар өте ақылды, білімді балалар. Оларды енді саған манат етемін. Ал мен енді демаламын.


Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, достар?

Туған елдің тілімін,

Ақылыммен танымал.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен боламын.


Әліппе: Кір шалмасын беттерің,

Таза болсын оқулық пен дәптерің.

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктерің беске болсын.


Нұрберген: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға ана тілін аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты міне балаңыз.


Айнур: Балалар,сендер өздеріңе білімнің алғашқы есігін ашып берген әліппе достарыңмен қоштасасыңдар. Енді ана тілінмен дос боласыңдар. Ана тілі сендерге қызықты ертегі мен әңгімелерді, өлеңдерді үйрететін болады. Ендеше достығымыздың басы болсын деп, бәріміз бірге «Мектебім» әнін орындайық.


Ән: «Мектебім»

Айнур: Жарайсыңдар, балалар. Енді биге кезек берейік. Қыздарымыздың орындауында «Арива» биін қабыл алыңдар.


Би: «Арива»

Айнур: Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып , оқитын халге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың.

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мыұһқты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор, мықты болсын.

Айнур: Бүгінгі кеш әр үйдің

Той басы деп саналар.

Балалардың есімі

Әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан,

Ертеңгілік соңында

Ақ тілекпен шашу шашпақ

Әжелер мен аналар , - деп кезекті ата- аналарға берейік.


Ата-аналар тілегі


Білмесбек: балалар, сендердің мерекелерің маған ұнады. Мен де көп нәрсені түсіндім. Енді асықтыда, допты да тастаймын. Мен сендермен дос болып, ана тілі мен математиканы оқып үйренсем деймін.


Ана тілі: ендеше бәріміз дос болайық.


Айнур: Жарайсың, Білмесбек, сенің ойыңның өзгергеніне қуаныштымыз. Бүгінгі мерекеге арнап ата-аналар сыйлық дайындап еді, соны қабыл алыңыздар. Уақыттарыңды бөліп , балалардың мерекесін бөлісіп, құттықтағандарыңызға көп рахмет.







































































































































































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 26.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров88
Номер материала ДВ-290284
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх