Инфоурок Физика Другие методич. материалыЭссе по физике на казахском языке

Эссе по физике на казахском языке

Скачать материал

Тақырыбы:    Жаңа технология  - іс жүзінде

 

Мақсаты:

Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып,оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып,білім сапасын арттыру.

Міндеттері:

1. Ақпараттық және СТО бағдарламасының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып,танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай  алатын орта туғызу.

2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу.Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке  тұлғаны қалыптастыру. Оқушының  бойындағы ынта-ықыласын жойып алмай,  жеке дара қабілетінің   дамуына  мүмкіндік жасай отырып, қабілетін  дамытып, шығармашылығын шыңдау...

3. Оқытудың жаңа  технологияларын қолдана отырып,  жеке, жұпта, топта жұмыс істеу  барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін - өзі жетілдіретін шығармашыл, ізденімпаз  тұлға қалыптастыру.

Тақырыптың  өзектілігі:

Қазақстан  Республикасында    білім беруді  дамытудың  2005-2010 жылдарға  арналған  Мемлекеттік бағдарламасында «Бастауыш  мектептің  бағдарламасы  баланың  жеке  тұлғасын  қалыптастыруға, оның жеке қабілетін  ашуға және дамытуға бағытталғанын» аттап  көрсетті. Тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыратын жаңа технологияларды қолдану.

Тақырыптың  жаңашылдығы:

      XXI ғасырдың алғашқы жылдарының негізгі проблемаларының бірі «Білім бүкіл өмір бойына » қағидасын жүзеге асыратын білім жүйесінің ұйымдық құрылымдарына іздеу болып табылады.

Ақпараттық технология ақпаратты алудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың әдістері мен құралдары .

Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді, яғни «нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын өзіндік іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады». Осыдан сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруда жаңашылдығы ерекше.

 

 

Тақырыптың  тиімділігі:

Ақпаратпен жұмыс істей алу білімін қалыптастырады және қатынас жасау қабілетін туғызады.

         Жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды.

         Білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді.

         Оқушылар өзіне қажетті ақпаратты жедел түрде алады.

         Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.

         Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады.

         Оқытудың ой - өрісін , дүниетанымын кеңейтеді.

         Алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі.

Жаңа ақпаратты жинақтап салыстырып, жүйелеп, нақты қорытынды жасап. дәлелдейді.

         Алған білімін талдап,жинақтап, жүйелілік қалыптастырады.

         Мұғалім мен оқушы арасында тең құқылы қарым-қатынас  болады. Жеке ,жұпта,топта оқу жазу әрекеттері іске асады.

          Оқушы–басты дамушы тұлға .

         Мұғалім-басты тұлғаға бағыт беруші

         Ұжымдық үрдіс жүзеге  асады.

         Әр оқушы өзіне жауапкершілікпен қарайды.

         Жаңа ақпаратпен қамтамасыз  етіледі.

         Оқыту үрдісінде оқушылар толық белсенді қатысып сабаққа тез араласады.

          Пікір алмасу жүзеге асады.

         Қорытынды  жасай алады.

         Барлық пәндерге  қолдануға болады.

         Ата-аналар жиналысы, тәрбие  сағаты, конференция, пед.кеңестерде стратегияларын қолданып  ұтымды өткізуге болады.

         Адамды жалықтырмайды,қызығушылық  пен құлшыныс пайда болады.

          Шығармашылық шыңына жетуге көмек.

         Оқушылардың бойында белсенділік, қызығушылық, таным деңгейі жоғарлайды.

         Жаңалық ашуға,зерттеуге,ізденуге үйренеді.

Физиктерді қолдау сайты

Физика пәнін оқытудағы жаңа ақпараттық технологияны қолдануды насихаттау

Назар аударыңыз!

Сайтта жарияланған барлық материалдар сайт иесінің және сайт авторларының меншігі болып табылады. Материал пайдаланылған жағдайда сайтқа сілтеме жасалу міндетті. Барлық құқықтар қорғалған. http://www.physic.kz

RSS

Негізгі бөлімдер

RSSPhysics news

Интерактивті ресурстар

Физика, химия, биология, математика, табиғаттану пәндерінен онлайн ТЕГІН интерактивті ресурстар жинағы Физикадан қызықты, ғылыми эксперименттер мен видеолар

Сауалнама

Начало формы

Сайтқа "ФИЗИКТЕР ФОРУМЫ" қажет деп есептейсіз бе?

·         иә, қажет

·         жоқ, қажет емес

·         білмеймін

View Results

Конец формы

Loading ... Loading ...

Сайт санағы

Погода.Resurs.kz: погода в Алматы и АстанeWhois.1in.kz - рейтинг лучших сайтов КазнетаСайты Казахстана, казахстанские сайты, казахские сайты, сайты в КазахстанеРейтинг@Mail.ru

Соңғы пікір

Қызықты видео

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Эссе

                   Мұғалім мамандығын таңдап тер төгіп еңбек еткеніме 24 жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым       үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және  әр оқушының бойынан жақсылық  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Мұндай ұстаным  мұғалімде болмаса, ол жай мұғалім атын жамылып жүргендер деп айтар едім. Ал ұстаздардың ішінде  физика пәні мұғалімдерінің жүгі ауыр. Себебі болашақ ұрпаққа, ұлттың зияткер ұл-қыздарына ғылым мен техниканың, қоғамды дамытушы ғылым- физиканы оқыту зор міндет. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. Ұлы Абай “Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады”, деп айтқаны белгілі.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, колледжге керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деген.

Жақсы ұстаз— бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін және солай болуы тиіс.

Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын артыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын. Осы колледжде қызмет істеген уақыттан бастап «Математика пәнін оқытуда оқытушының құзіреттілігін арттыру» атты әдістемелік- шығармашылық тақырып бойынша  баяндама жасадым.Педагогикалық процесте инновация- оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Мен өзімнің инновацияны сабақтастыру іс-әрекетімді төрт түрлі өлшеммен сипаттаймын:

 1) инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігін сезіну;

 2) оқу үрдісіне жаңалық енгізуде шығармашылықпен қызмет етуге даярлығымның болуы;

 3) енгізілетін жаңалықтардың бағытының дұрыстығына, тиімді нәтиже әкелетініне сенімді болуым;

 4) белгілі проблеманы шешудегі қолданылатын инновациялық іс-әрекетті толық өзіме қабылдап, оны енгізе білуім.

Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – шығармашылық. Мұғалім өз шығармашылығы арқылы оқушы шығармашылығын ұйымдастырады. Ал менің мақсатым – оқушыға оқу үрдісін ұйымдастыру барысында шығармашылықтың маңызын білдіру, баланың басқаға ұқсамайтын қабілетін ашу. Физика пәнін оқыту барысында оқушылардың шығармашылығын дамыту жолдарын екіге бөліп қарастырдым:

1.  Жаңа ақпараттық технологиялар

2. Жүйелі жүргізілетін оқушыны шығармашылық қабілетін жетілдіру жұмыстары.

Қазіргі уақытта елімізде  әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Осы бағытта Назарбаев зияткерлік мектептері мемлекетіміздің мәртебесін анықтауда қазіргі заманғы білім жүйесінің негізгі қазығы болып отыр. Сол жаңа білім кеңістігін қалыптастыруда менің қосатын үлесім көп екені сөзсіз.

Ал, осы мақсатты орындау үшін колледжіміздің біраз оқу-кабинеттері қазіргі заманауи техника мен зертханалармен жабдықталған. Кез-келген компьютер арқылы сымсыз Wi-Fi желі арқылы интернетке қосылуға болады.Осы желіні келешекте әр кафедра пайдалануға рұұсат алатын болса, онда колледж ұстаздарының жаңашыл , шығармашыл ұстаз болып қалыптасуына жол ашылар еді.

Физика пәнін оқытудағы интернет – технологиялар білім ортасын айтарлықтай кеңейтуге және танымдық іс-әрекеттерді арттыру үшін қосымша дидактикалық жағдайлар жасауға, оқыту процесіне қатынасын өзгертуге, өзін-өзі тану және өзін өзі-дамыту дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Медиатехнологиялардың даму жылдамдығын ескере отырып, білімнің жоғары деңгейге шығуы қоғам үшін де, қоғамның мүшесі болып саналатын оқушы үшін де аса маңызды болып келеді. Оқушыға жаңа білімді тиімді іс – әрекет, жаңа технологиялар, ақпараттық дүниемен қарым – қатынас жасау арқылы оңай меңгеру әдістерін дамытуға болады. Мұның бәрі  ақпаратпен жұмыс жасау және оны байыпты ұғыну жолдарын іздеу, оған сыни тұрғысынан қарау, өз пікірін дәлелдей алу қабілетімен қатар шығармашылығын дамытуға бағыт береді.

Осылайша, физиканы оқытуда оқушының шығармашылығын дамыту жолын оқушылардың ақпараттық және коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп білемін.

Мысалы,  «Траектория, жол және орын ауыстыру» тақырыбын оқыту барысында Google компаниясы жасаған Google Earth бағдарламасын қолдануды алайық. Бағдарлама тек интернет желісі арқылы жұмыс жасайды. Бағдарлама арқылы траектория, жол және орын ауыстыру ұғымдарының физикалық мағынасын түсіндіру оңайға түседі, сонымен қатар, бағдарламаны қолдану оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар дүниетаным шеңберін кеңейтіп, коммуникативтік құзыреттілігін арттырады.

Оқушылардың шығармашылығын дамытуда тек компьютерлік технологиялармен шектеуге болмайды, өйткені адам ақпаратты басқа көздерден де – баспа беттерінен, аудио – видео құралдарынан – алады. Алайда бүгінгі күні, әрине, басымдылық пен маңыздылық компьютер мен телекоммуникация құралдарына беріліп отыр. Өзім физика сабақтарында интернеттің көмегімен оқытудың жаңа құралы ретінде оқушылардың жеке қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып, олардың ақпараттық – коммуникативтік және шығармашылық іс – әрекетін ынталандыруға үлкен септігін тигізетін біркелкі емес дидактикалық жағдайларды ұйымдастыра аламын.

Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін дәстүрлі әдістермен ұштастыра  жаңаша сабақ түрлерін өткізу үшін еш қиындық кездеспейді. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өзім де, оқушыларымда да  пәнге деген қызығушылықтың жаңа бір белесіне шыққандай болдым.

Осыған мақсатта жасалған білім алушылар мен ұстаздарға арналған «Жанғозының блогы»  сайтын  келтіруге болады. Бұл сайт физиканы оқытудағы интернет-технологияны кеңінен қолдануды насихаттау, физика сабақтарын өткізу үшін Интернет қызметін барынша кең қолдану, физик ұстаздардың біртұтас ақпараттық ортасын құру және физиканы оқытудың сапасын арттыру  үшін дайындалған.  (ақпараттық кеңістікті кеңейту және керек ақпаратты іздеу; коммуникативтік процестерді жүзеге асыру және қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру).

Ақпараттық коммуникациялық технология әдістерін қолданып оқитын оқушыларының оқу сапасы да жоғары, сабаққа деген мотивациясы да жоғары болуы – қазіргі заман оқушысының танымдылық, шығармашылық қабілетін дамытудың тура жолының бірі  – ақпараттық коммуникациялық технологияның артықшылықтары деп білемін.

Әрине, бұл жұмыстарымда кемшіліктер де жоқ емес. Сондықтан келешекте өз әдістемелік технологияларым мен сабақ үйрету шеберлігімді жетілдіру үшін мынадай жұмыстар жүргізу қажет деп білемін:

- үздіксіз біліктілігімді көтеріп отыру;

- арнайы әдебиеттерді оқу;

- оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын ендіріп отыру;

- өзіндік сарап жүргізу арқылы ұзтаздық шеберлікті жетілдіру.

Қалай болса да физика сабағында оқу сапасын арттыру арқылы оқушылардың дамуына ықпал ету – әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігіне тікелей байланысты деп айта аламын.

Осыдан түйгенім: жаңа ақпараттық технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты. Олай болса «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген  ұлы Абайдың сөзі ақиқат екенін өмірдің өзі дәлдеп отырған жоқ па?!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Начало формы

 

Конец формы

Ұлылар ұлағаты

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К.Д.Ушинский.

Сайт жаңалықтарына жазылу

Начало формы

Е-mail енгізіңіз:

Конец формы

Сайтқа кіру

Білім порталдары

http://www.physic.kz/wp-content/uploads/2012/02/nu1.jpg

Біздің достар

Ілмектер

7 сынып 8 сынып 9 сынып 10 сынып 11 сынып Гук заңы Жанғозының блогы Олимпиадалық есептер ашық сабақ баяндама видео жылуөткізгіштік инерция конвекция критерий критерийлік бағалау механика олимпиада онлайн сабақ оптика оқыту презентация презентациялар сабақ жоспарлары слайд сыныптан тыс сәулелену тапсырмалары тест тестер тәжірибелер физика физикадан физикадан онлайн сабақ физикадан сабақ жоспарлары физиканы оқыту әдістемесі электронды электронды оқулық ядролық физика қазақ мектебі қазақша қызықты видео қызықты физика құттықтау үйкеліс күші

Күнтізбе

Январь 2014

Пн

Вт

Ср

Чт

Пт

Сб

Вс

« Дек

 

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

 

©2011-2014 Физиктерді қолдау сайты | Powered by WordPress with Easel | Subscribe: RSS | Back to Top ↑

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе по физике на казахском языке"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по корпоративной культуре

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Разработка урока на тему: "Конденсаторы. Электроёмкость. Энергия электрического поля"
  • Учебник: «Физика (базовый уровень)», Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б., Сотский Н.Н. / Под ред. Парфентьевой Н.А.
  • Тема: § 100. Конденсаторы
Рейтинг: 4 из 5
  • 01.12.2015
  • 10605
  • 245
«Физика (базовый уровень)», Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б., Сотский Н.Н. / Под ред. Парфентьевой Н.А.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2015 1175
    • DOCX 81.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кожаева Айжан Туктибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кожаева Айжан Туктибаевна
    Кожаева Айжан Туктибаевна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 26259
    • Всего материалов: 34

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 539 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 134 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 003 человека

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 312 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек