Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыЭссе Тәрбиеге менің көзқарасым

Эссе Тәрбиеге менің көзқарасым

Скачать материал

Тәрбиеге  байланысты менің  көзқарасым

Бала өз өміріне қажетті тәрбиені алдымен  отбасынан,  сосын мектептен алатыны сөзсіз. Орыстың ұлы педагогы С. Ушинскийдің « Тәлім – тәрбие дәрменсіз болмауы үшін, ол халықтық болуы тиіс»  дегені  белгілі. Ендеше, әр  баланың  бойына ұлттық сезім, ұлттық үрдіс дарыту – мұғалімдердің міндеті.  Ұстаздың  басты мақсаты мен міндеті  бала тәрбиелеу  оған білім беру .

« Көпшілікті   адамшылдыққа  тәрбиелеу  үшін  жас  буынды  жақсылап тәрбиелеу   қажет» - деп М. Әуезов  айтқандай, жас ұрпаққа сапалы  білім  мен  саналы тәрбие  беруде  мектептің  ерекше   орын  алатынын   білеміз .

Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы  білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен – ақ ұлттық тәлім -тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани мәдениетке баулу керек. Сонда ғана  жас ұрпақ  елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады. Оқу мен  тәрбие-егіз екендігін мен бүгін терең түсіндім  десем еш қателеспеймін .

Мен – ұстазбын, мен -  мұғаліммін,  мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын – тәрбиешімін.  Өзім бастауыш  сынып мұғалімімін,   сонымен қатар сынып жетекшісі ретінде бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін . Ұстаздық  еткен бірнеше жыл ішінде мен өз тәжірбиемді   түйіндей  келе  төмендегідей ой қорыттым .

Бүгінгі таңда тиянақты  білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр.  Осыған байланысты мектептің алдына қоятын  ең басты мәселенің бірі – өркениетті , прогресшіл бағыттағы азаматтық – адамгершілік қасиеті мол, сондай – ақ  ұлттық   тілін жоғалтпаған, терең  білімді  ұрпақ   тәрбиелеу .

Ұлтымыздың   салт  -  дәстүрлеріне  деген  бетбұрыс,  ондағы өзіндік ерекшеліктері жас  ұрпақ тәрбиесіне лайық жүргізу,  сол арқылы  шәкірттерді    адамгершілікке  -  шыншылдыққа  баулу, әдеп -  ізетке  үйрету  секілді сипаттар   мектепте  кеңінен   өріс   алып  келеді .

Халық  педагогикасы   -   даналар мектебі.  Халықтық  педагогиканың   негізгі  мақсаты:  ата – бабаларымыздың  мұра- мирастары  негізінде  жас  ұрпақты   адамгершілікке,  ұлтжандылыққа,  адал  еңбекке, әсемдікке,  әдемілікке, Отанынның  намысын  қорғау  сияқты  ізгі  қасиеттерге  тәрбиелеу .  Әрбір  оқушының  ұлттық  санасы,  рухы,  ұлттық  білім , тәрбие  беру  арқылы   дамытылады .    Барлық   халық  ізгілікке,  жақсылыққа,  елін ,  тілін  сүюге,   барлық  азаматтық  тәрбиеге   тірек болатын   ең құнды  адамгершілік   қасиеттерді   ұрпақ   бойына   сіңіруді   көздейді. 

         Ұлттық   салт-  дәстүрлердің,   әдет – ғұрыптың   заманға  сай  өрнектерін   халық  жоғары   бағалайды .Әдемі  әдет пен  әсем әдет,   аталық   дәстүр, ғасырлар  бойы қалыптасқан   халық   педагогикасы   адамгершілікке   толы   үлгі  -  өнегелер.  Халқымыздың   қонақжайлылығы , кең   пейілділігі,  көпшілдігі – әлеуметтік   имандылықтың  белгісі. Иманды адам   айналасындағыларға тек жақсылық   ойлайды,   оларға  қамқорлық   жасауға   әзір  тұрады, әркімге  ізетпен,  инабатпен   қарайды. Мейірімділік  -   адам  бойындағы  қасиетті  сезім.  Ата мейірімі,  әке   мейірімі,   ана  мейірімі  -  ұлағатты  ұғым,   адамгершіліктің   асқар шыңы .  

         Жас  ұрпақты   тәрбиелеуші   ретінде  ойға  түйгенім - адамды  тәрбиелеу  үшін  тәрбиеленушінің    барлық  жағынан   білуі . 

Ұлы  педагог  С . Ушинский: « Оқушыларға  жан -  жақты  тәрбие  беру  үшін  оны  жан -  жақты  зерттеп  білу  керек» - деген.  Осындай  зерттеу  жұмыстары  мұғалімнің  оқу -  тәрбие  жұмысын  нәтижелі  жүргізуге  көмегін   тигізеді. 

Мұғалім -  баланың  жеке  тұлғасын   қалыптастырушысы,  маңызды  тәлім -  тәрбиенің  өнегесінің  бастаушысы,  жарқын  үлгісі,   бала  қиялын  самғатып,   арманын  көкке   ұсындырушы   басты   тұлға.     Мұғалім   жан -  жақты жетілген,  білімді,  әдістемелік  -  шығармашылық  иесі.   Мұғалімнің  кәсіби  біліктілігіне   жеке  мәдени  деңгейі ,  адамгершілігі,  тәлім – тәрбиесі,   іздемпаздығы , зерттеушілігі  жатады.    Мұғалім  кәсіби  білімін   жетілдірген  жағдайда  ғана  оқушының   танымды,  шығармашылық    қабілеттерін  дамытып,  ғылымға  деген  қызығушылығын  қалыптастыра  алады . 

Бала  тәрбиесіндегі  негізгі  де  маңызды  роль  ата -  аналарда.  Ата – ана  отбасында өздерінің  күнделікті  жұмысы,   тындырған  ісі  туралы бала- шағасының   алдында  айтып,  әңгіме - дүкен  құрады. Бірте -  бірте  балалар да өз жаңалықтарын  ортаға  салып,   айта  бастайды. Осылайша  жанұя  мұшелерімен  сенімі,  сүйіспеншілігі,  достық  қатынастары  нығая   түседі.  Ата – анамен, отбасымен  тығыз  байланысты  болудың  ең  негізгі  жолы  мектепте  өткізілетін  әр  түрлі   мерекелер,   іс -  шаралар   мен  жиналыстар,  сайыстар,  ашық  есік  күндерін  ұйымдастырып ,  ата-  аналарды  шақырып,    ата – аналарды  тек  көрермен   ретінде  ғана  қарастырып қоймай,   балалармен  әр  түрлі  логикалық  сұрақтарға  жауап  беріп,   көңілді  ойындарға  қатыстырып   отыру   керек.   Мектеп  пен  ата – аналар  ынтымақтаса  жұмыс  жүргізсе,   балаларға  тиісті  көңіл  бөле  білсе,  олармен  санаса  білсе, келешектің  шын  жанашыры,   елдің  арқа  сүйер  азаматтары  тәрбиеленіп  шығары  сөзсіз .    

Президентіміз  Н . Ә . Назарбаев  өзінің  жолдаулары  мен  сөздерінде  егемен  еліміздің  азаматтарын  қалыптастыруда  тәрбие  жұмыстарының  ерекше  ролі   барын   баса  айтып  келеді.   Елбасы,  әсіресе  жастарда  қазақстандық  патриотизм  сезімін  оятып,   тәрбиелеу  қажеттігіне  айрықша  көңіл  аудартады.  Елбасымыздың  бұл   айтылғандарымен   толықтай  келісе   отырып   мен  төмендегідей  бағыттарда  оқушымен  жұмыс  жасаймын  . 

Жеке  тұлғаның  шығармашылық,  рухани және  күш – қуатын  мүмкіндігінше  дамыту,   салауатты  өмір  салтының  берік  қағидаларын  қалыптастыру,  тұлғаны  дамыту  үшін  жағдай  жасау.

Өз  Отанын  сүюге,  азаматтық пен  патриотизмге  тәрбиелеу,   мемлекеттік  рәміздері  мен  халық  салт -  дәстүрлерін   құрметтеу .

Менің  ойымша  әрбір  жас  толқын  қай  жағынан  болсын,  тамаша,   жан -  жақты  келісті  азамат   болып   қалыптасуы   қажет.    Ол   еңбекқор,  адал,  білімді, көп  оқыған  ақылды  болып  қана   қоймай,  тәрбиелі   де  көркем,   ибалы  болуы   керек.  Білімді де,  парасатты,  жан – жақты  жетілген  жеке  тұлғаны  тәрбиелеу  - мемлекеттік  маңызды  іс  екені  белгілі.

Қортындылай  келе,  ұрпақ   тәрбиесі  -  келешек   қоғам   тәрбиесі.   Сол келешек  қоғам  иелерін  жан – жақты  жетілген    ақыл -  парасаты  мол,  мәдени -  ғылыми өрісі  озық  етіп  тәрбиелеу  -  баршамыздың  парызымыз екені  даусыз.  Келешек  қамын  қазірден  бастап  ойлап,  оған  бүкіл   жұрт   болып   атсалысуға  міндеттіміз  деп   сөз  ой - толғауымды  аяқтағым  келеді. 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

№ 3 мектеп -гимназия

 

 

 

ЭССЕ

Тәрбиеге байланысты менің көзқарасым

 

Сайфеденова Г.М

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Эссе Тәрбиеге менің көзқарасым"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 254 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 1956
    • DOCX 36.8 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сайфеденова Гулсара Муканқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сайфеденова Гулсара Муканқызы
    Сайфеденова Гулсара Муканқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5813
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 613 человек

Курс повышения квалификации

Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе