Инфоурок Физика Другие методич. материалыФизика пәнінен сабақтан тыс сабақ "Инерцияны айыптау"

Физика пәнінен сабақтан тыс сабақ "Инерцияны айыптау"

Скачать материал

Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің

 оқу-әдістемелік кабинеті

МКҚК «Маңғыстау гуманитарлық колледжі»

 

 

 

 

           «Келісілді»                                                                  «Бекітемін»

МОТ ж КББ ОӘК директоры                            Колледж директорының м.а.

__________Р.Г. Камашева                               ___________С.К. Сармалаева

«____» __________2013жыл                             «____» ___________2013жыл

 

 

 

 

 

 

 

Облыстық семинар – практикум

 

 Пән:  ФИЗИКА

Тақырыбы:   «ИНЕРЦИЯНЫ АЙЫПТАУ»

                                        (Сот сабағы)

 

 

 

 

 

 

                                           Оқу тобы:  ШБ-11

                                                                  Дайындаған: Қозыбақова А.П.,

                                                            физика пәнінің оқытушысы

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау қаласы

14.02.2013ж.

 Сабақтан тыс сабақ

Тақырыбы:    Инерцияны айыптау ( Физикалық көрініс)

Мақсаты:

     1.Білімділік: Студенттердің ойлау қабілеті мен пәнге деген қызығушылығын арттыру.

     2. Дамытушылық:   Инерцияның күнделікті  өмірде кездесетінін көрсету, кемшілігін білу.

     3. Тәрбиелік:           Алғырлыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, интерактивті тақта, слайдтар

Түрі:     сот сабағы

Барысы:

Пән мұғалімі сабақты ашады  ( мақсатымен таныстырады).

(Бөлме іші  безендіріледі)

Хатшы: тұрыңыздар, сот келеді!       (зал іші тұрады)

Сот: өтінемін, отырыңыздар!

Сот қолындағы қағазға қарап, оқи бастайды.

       Сот: бүгін Инерцияны айыптау туралы №1 істі қараймыз. Оның айыбы мынада: инерцияның салдарынан жол апаттарына  көп жол берілді. Басқа да қайғылы оқиғалар болып жатты. Сондықтан куәгерлердің сөзін тыңдап, әділ жаза қолдануымыз керек.  Сотқа айыпталушыны әкеліңдер.

       (Екі сақшы айыпталушы инерцияны  әкеледі).

       Сот: айыпталушы, сіздің аты жөніңіз?

       Инерция:  физикалық инерция.

       Ата – анаңыз?

       Инерция: Галилео Галилей,  Исаак Ньютон.

       Өмірбаяныңыз?

        Инерция: ертедегі грек ғалымы Аристотель денеге басқа дененің әрекеті тоқталғаннан соң ол дене тыныштық күйде болады  деді.  Сондай – ақ  тастың қолдан шығып кеткеннен соң да қозғалысын тоқтатпайтыны сияқты мәселелерді түсіндіру қиын болды.

       Бұл сұраққа менің тууыма байланысты  Галилео Галилей жауап  берді, ал кейінірек оны Исаак Ньютон нақты тұжырымдады.

       Сот: айыпталушыға сұрақ бар ма?

       Бас қорғаушы: менің сотқа сұрағым бар.

       Инерцияның ата – аналары  Галилео Галилей мен Исаак Ньютон сияқты атақты адамдар екені ескеріле ме?

Сот: барлық фактілер де ескеріледі.

Хатшы: инерция болғанда сіз қандай денелерге тәнсіз, қолданылатын орныңыз?

Инерция: мен барлық денелерге тәнмін. Қолданылатын орным:

 физика, техника, өмір.

Хатшы: сотқа көптеп жедел хаттар келуде. Сол  жедел хатты оқып беруге рұқсат етіңіздер.

1 жеделхат: «Мен ертедегі ойшылдардың бірі – Аристотельмін.  Сот жұмысын дұрыс емес деп есептеймін. Сіз қойған айыптың бірде –бірі Инерцияға тән емес» .

2 жеделхат: «Мен  Галилео Галилей – орта ғасырдың ұлы физигі.  Кім табиғаттың құпиясын ашқысы келсе, оны өте құрметтеймін. Сондықтан сіздерге өзімнің құрметімді білдіремін. Істеріңізге сәттілік тілеймін!»

3 жеделхат: «Мен Исаак Ньютон ағылшын физигі және математигі. Табиғат заңдарының сіздерді де бейтарап қалдырмағанына қуаныштымын.айтыстан шындық туындайды. Егер сіздер оны тапсаңыздар, механиканың 1 – ші заңы –инерция заңы ғажайып ғалымдар елінің сырын ашады».

Сот: Енді сөзді айыптаушыларға берейік!

1 – Айыптаушы:

- Мен, шындықты, тек шындықты ғана айтуға ант беремін   (физика оқулығына қол қойып тұрып ант етеді).

Бір адам жолды кесіп өте беріп еді, бұрылыстан үлкен  МАЗ  машинасы шыға келді де, оны қағып кетті. Инерцияның салдарынан машина тоқтай алмады.

2 – Айыптаушы:

- Мен спортты өте жақсы көремін,  өткенде бір веложарыста велосипедші жолда  жатқан тасқа соқтығып, өзі ұшып кетті. Қалған  велосипедшілер инерцияның әсерінен велосипедті тежей алмай, жол үстіндегі  велосипедке соқтықты. Сөйтіп, жарыс тоқтатылды. Бұл адам төзбес оқиға еді.

Сот: сөз бас айыптаушыға беріледі.

Бас айыптаушы:

- Мен  осы залда отырғандардың барлығын бұл іске мұқият қарауын сұраймын. Осы айыпталушының кесірінен болған оқиғаларды еске түсіріңдер. Сөйтіп, айыпталушыға тиісті  жазасын беріңіздер.

Куәгер  (ант қвбылдайды):

- Анам тәрелкемен сорпа әкелуді тапсырып еді, дастарханға қоя бергенде ол,  инерцияның әрекетінен төгіліп кетті де, мен ұрыс естідім. Шын мәнінде оған инерция кінәлі еді.  Сондықтан инерцияны жазалау керек.

Куәгер (ант қвбылдайды) :

- Тайып жығылып,  аяғым  ілгері кетіп, ал өзім инерцияның әрекетінен тез қозғала алмай аяғым сынды. Ауруханаға түстім.

Сот: енді сөз қорғаушыларға беріледі.

1- қорғаушы:

- Мен, Ньютонның атынан шындықты, тек шындықты айтуға ант етемін. Жеңешем кілем тазалау жөніндегі тапсырмасын мен инерцияның жәрдемімен тап – тұйнақтай етіп орындап, алғыс алдым. Инерцияның жазасын жеңілдетуіңізді сұраймын.

2- қорғаушы:

- Велосипедші жылдамдық алған соң, педальді аяғымен айналдыруын тоқтатады. Ары қарай велосипед инерцияның көмегімен қозғалады. Сондықтан инерцияның  кінәсі жоқ деп ойлаймын.

Сот: сСөз бас қорғаушыға беріледі.

Бас қорғаушы:

-   Залда отырған жолдастар, әрқайсыңыз инерцияның жақсы жақтарын еске түсіріп, оны қорғап алыңыздар!

Куәгер (ант қвбылдайды):

- Спортшыларға ядроны неғұрлым алысқа  лақтыруға инерцияның көмегі зор. Инерцияны жазаламауыңызды сұраймын.

Куәгер (ант қвбылдайды):

- Менің атам ағаш ұстасы болған. Ол балғаны сабымен жерге ұрғанда, балға инерциямен қозғала отырып, өз сабына жақсы кіреді. Бұл жерде инерцияның кінәсі жоқ.

 Бас айыптаушы:

 - Құрметті сот!  Қымбатты жолдастар!  Инерция артық заң, оны жоюымыз керек?  Ол үнемі қайғы   әкеледі. Мына отырған айыпкердің кесірінен қаншама машина апатқа ұшырап, қаншама қайғылы оқиғалар болып жатыр, сондықтан оған тиісті жазасын беруіміз керек. Инерцияны құрту керек, құрту керек оны!

Сот: сөз бас қорғаушыға беріледі.

Бас қорғаушы: 

- Біз инерцияның кемшілігінен гөрі пайдалы жағының басым түсетінін үнемі назарға ұстауға тиіспіз.  Өте жақсы жүргізуші инерцияның арқасында бензинді үнемдейді. Жүріп келе жатқан транспорттың алдынан жолды кесіп өтуге болмайды. Ол өте қауіпті, машина тежелгеннің өзінде тез тоқтай алмайды. Спортта секіру,  лақтыру,  жүгіру кезінде инерция дүние жүзілік рекорд туғызады. Шын мәнінде инерцияға алғыс айтуымыз керек. Егер инерция болмаса, барлық планеталар орбитасы шығып кеткен болар еді. Ай Жерге,  ал Жер Күнге түскен болар еді. Түсініңіздерші, инерциясыз күніміз күн емес қой.

Сот: соңғы сөзді айыпталушыға береміз.

Инерция:  дененің басқа денелер әрекет етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы  инерция деп аталады.  

Инерция – латын сөзі, ол «қозғалыссыздық, әрекетсіздік» - деген мағына білдіреді.  Бұл Ньютонның І заңы. Инерцияның күнделікті өмірде зиянынан пайдасы көп, сондықтан мен кінәлі емеспін.Конец формы

Сот: сот кеңесуге кетеді.

Хатшы: тұрыңыздар, сот кеңесуге кетеді!  (Аздаған уақыттан соң...)

Хатшы: тұрыңыздар сот келеді!

Сот: Екі жақты да жете тыңдап сот мынадай шешімге келді.

  Инерцияның көлеңкелі жақтарын, табиғат заңдарын, оның құпияларын жете зерттеп, оны адам иелігіне жаратуымыз керек. Инерцияның  күнделікті өмірімізде жиі кездесуіне байланысты айыпты деп таба алмаймын. Біз әрқайсымыз  автобусқа мінгенде де кездестіреміз, мысалы, 14 шағын аудандағы байланыс үйінен  9 шағын ауданға келер бұрылыс жолда қисаямыз, бірақ бастапқы қалыпқа түсуге тырысамыз. Немесе автобус кенеттен тоқтаса, от ала қозғалса, алға-артқа құлап кете жаздаймыз. Бірақ бастапқы тұрған қалпымызға қайта келеміз. Сондықтан  Инерция толық ақталды.

Сот: осымен сот жабық  деп жариялаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.  Аханова Б. Шығармашылық тұлға қалыптастыру. Сыныптағы тәрбие №1,2009

2.Жеке тұлғаға бағытталған сабаққа қойылатын талаптар.Қазақстан тарихы әдістемелік журнал.  2008ж.

3.Бұзаубақова К.Ж.  Физика сабақтарындағы оқытудың инновациялық технологиялары.     Алматы-2005

4.Р.Башарұлы  Г.Байжасарова  У.Тоқбергенова  Физика.

  Алматы  «Мектеп» 2010

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Физика пәнінен сабақтан тыс сабақ "Инерцияны айыптау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 215 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.06.2016 1101
    • DOCX 59.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Козыбакова Алтын Панзабековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Козыбакова Алтын Панзабековна
    Козыбакова Алтын Панзабековна
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50381
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 003 человека

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности психологической коррекции детей с различными нарушениями психического развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 387 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 287 человек

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе