Инфоурок Биология Другие методич. материалыГидраның көбеюі, регенерациясы. 7 сынып

Гидраның көбеюі, регенерациясы. 7 сынып

Скачать материал

Күні:


Пән:

Биология

Сынып:

7 "А", "Б"


Сабақтың тақырыбы:


Гидраның көбеюі, регенерациясы.

Сілтемелер:

Биология. 7 сынып. Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева.-Алматы: "Атамұра" , 2007 ж.

Биология оқыту әдістемесі. 7сынып. Қ.Қайым,Р.Әлімқұлова, Ж.Қожантаева,Р.Сәтімбеков.-Алматы: "Атамұра" , 2003 ж.

Биология жұмыс дәптері. 7 сынып. Қ.Қайым,Р.Әлімқұлова, Ж.Қожантаева,Р.Сәтімбеков.-Алматы: "Атамұра" , 2003 ж.

Биология жұмыс дәптері. 7 сынып. 2-бөлім. Құрманғалиева Ж.Ж.-Алматы: "8&8", 2009ж .

Жалпы мақсаты:

  • Регенерация құбылысының маңызын, көбею ерекшеліктері туралы ғылыми көзқарастарын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Гидраның регенерациясы ағзаның өмір бойы өзгерісте бола алатындығын көрсететінін түсіне алады.

Сабақтың типі:

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақ әдісі :

  • Диалогтық әңгімелесу (мұғалім-оқушы)- (оқушы-мұғалім)

  • АКТ элементтерін қолдану,

  • Суретпен жұмыс

  • Сұрақ-жауап

  • Сөзжұмбақ шешу

  • Рефлекциялық бағалау

  • өзін-өзі бағалау

  • Жеке тұлғамен жұмыс

  • Ұжымдық жұмыс

Модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; Оқытуда АКТ-ны пайдалану; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Жұмыстың ұйымдастыру формасы:

Жекелей,ұжымдық

Ресурстар (Қажетті құрал-жабдықтар)

Оқулық, интерактивті тақта демонстрациялық материалдар, компьютер, слайдтар, үлестірме материалдар, бағалау парағы.

Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңдері:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Тапсырма мазмұны:

Оқушының іс-әрекеті:

Жұмыс түрі:

I. Ұйымдастыру кезеңі


1-сыныппен амандасу, түгендеу.

2-назарларын сабаққа аударады.


Амандасады, сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.

Ұжымдық

II. Үй тапсырмасын сұрау

" Гидратәріздестер класы " тақырыбына арналған үлестірмелер береді.


1 Билет. Гидраның сыртқы қабатында қандай жасушалар орналасқан? (тері-бұлшықет, жүйке, атпа жасушалары).

2 Билет. Гидраның денесінде әр түрлі қызмет атқаратын жасушаларды атаңыз және олар қандай қызмет атақарады? (гидра денесінде әр түрлі қызмет атқаратын жабын, асқорыту, тітіркенуді қабылдайтын жасаушалар болады).

3 Билет. Гидра қалай қозғалады? (бірде табанмен, бірде қармалауыштары болады).

4 Билет. Гидраның қанша қармалауыштары болады? (5-8 салалы қармалауыштары болады).

5 Билет. Гидра қалай қоректенеді және қорғанады? (гидраның бүкіл денесінде әсіресе, қармалауыштарында атпа жасушалары өте көп. Сол себептен атпа жасушалары арқылы қоректенеді және қорғанады).

6 Билет.Гидраның денесі неше қабаттан тұрады және оларды атаңыз? (гидра денесі екі қабаттан тұрады: а) сыртқы қабат-эктодерма, ә) ішкі қабат-энтодерма).

7 Билет.Гидра немен қорпектенеді? (ұсақ шаяндармен және балықтармен).

8 Билет. Гидраның тыныс алуы мен зәр шығаруы қалай жүзеге асады? (гидраның зәр шығару, тыныс алу мүшелері болмайды. Ол бүкіл денесі арқылы суда еріген оттегін сіңіріп, қажетсіз көмірқышқыл газын сыртқа шығарады. Зәр шығаруын ауыз қуысы атқарады).

9 Билет. Асқорыту қалай жүзеге асады? (қорек гидраның ауыз қуысынан ішекқуысына өтеді. Ішекқуысындағы қимылдап тұрған талшықтар қоректі асқорыту жасушасына өткізеді. Асқорыту жасушасына түскен қорек жасушадан бөлінген сөл арқылы ұсақ бөлшектерге бөлініп, вакуольде қорытылады).

10 Билет. Гидра қай жерлерде мекендейді? (суы таза, оттекке бай баяу ағатын өзендерде, көлдерде, тоғандада мекендейді).

11 Билет. Гидраның ішкі қабатында қандай жасушалар орналасқан? (Терібұлшықет, асқорыту, безді, жүйке, сезімтал жасушалар).

12 Билет. Ұлпа дегеніміз не? (құрылысы мен атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы).


-Үлестірмелердегі сұрақтарға әр оқушы жеке жауап қайтару. Әрбір оқушы өзін бағалап отырады.


Жекелей



III. Жаңа сабақ



Жаңа сабақтың мазмұнын дәріс түрінде береді.

.


Регенерация. Гидраның ерекше бір қасиеті бар- оны екіге бөлсе, сондай-ақ бірнеше бөліктерге бөлшектесе, әрбір бөліктер өз алдына жеке гидра бола алады. мұның негізгі себебі- гидра денесінің сыртқы қабатында ядросы өте үлкен жасушалар болады. Олар аралық жасушалар деп аталады.Гидраның денесі зақымданған кезде аралық жасушалар қауырт өсе бастайды да тері-бұлшықет, жүйке, атпа жасушаларын түзеді.Сөйтіп гидраның зақымданған бөлігіндегі жойылып кеткен жасушалар аралық жасушалардан қайтадан пайда болады. Денедегі зақымданған немесе жойылып кеткен үлескінің бұрынғы қалпына келу құбылысы регенерация деп аталады.Регенерация құбылысы көпжасушалы жануарлардың барлығында белгілі шамада (шұбалшаң екіге бөлінсе-әр бөлігінен жаңа құрт пайда болады, кесірткенің құйрығы үзіліп, қайта өсіп шығады, адамның терісі жарақаттанса, қалпына келеді және т.б.) байқалады.

Гидраның көбеюі. Гидра жыныссыз да, жынысты жолмен де көбейеді. Жазда жақсы қоректенген кезде гидраның денесінен томпайып шыққан бірнеше бүршіктерді көруге болады. Бүршік гидра денесіндегі екі қабаттағы жасушалардан құралады. Бүршік томпақ көлемінің ұлғаюынан түзіледі, ол өсімдіктің бүршігіне ұқсас болғандықтан, гидраның жыныссыз жолмен көбеюі бүршіктену деп аталады. Томпақтан пайда болған бүршік созылады да ұшынан қармалауыштары түзіледі. Бүршік сабағы гидраның денесіне жалғасады, сондықтан ол бастапқы кезде гидра арқылы қоректенеді. Арада аз уақыт өткен соң бүршік гидраның денесінен үзіліп, жас гидраға айналады. Сөйтіп, енді жас гидра өз алдына тіршілік ететін болады. Жынысты жолмен көбею. Гидраның көбеюіне қорегі әсер етеді. Күзде күн салықнадаған шақта гидраның қорегі азаяды, сол кезде гидраның тіршілік теуі нашарлап, денесінен бүршікке ұқсамайтын өсінділер пайда бола бастайды. Бұл өсінділер гидраның тек сыртқы қабатынан түзіледі де, ауызға тақау жердегі өсіндіде аталық жасуша-сперматозоидтар, ал табанына таман аналық жасуша- жұмыртқажасуша пайда болады. Өсіп жетілген сперматозоидтар шапшаң қозғалады және талшықты қарпайым жәндікке ұқсас. Олар суға бөлінісімен аналық жыныс жасушасына жүзіп барып, жасушаға енеді де ядроға қосылады. Сөйтіп сперматозоид пен жұмыртқа жасушадан жаңа бір жасуша пайда болады, яғни гидраның жасушалары ұрықтанады.Гидраның бір жасушадан дамуы- көпжасушалы жәндіктердің біржасушалы жәндіктермен тектес екеніне айқын дәлел.




Оқушылар дәрісті дәптерлеріне түсіреді.


Жекелей

IV. Түсінгенін тексеру

Оқушыларға тапсырма беру, оқушылар жеке-жеке орындайды.

Сұрақ-жауап

  1. Регенерация деген не?

  2. Бүлінген немесе зақымданған дене бөліктері қалай қлапына келеді?

  3. Гидра қандай жолмен көбейеді?

  4. Жынысты жолмен көбеюдің жыныссыз жолмен көбеюден айырмашылығы неде?

Суретпен жұмыс. Гидраның аталық жыныс жасушасы мен аналық жасушасының бір гидрада қалай орналасатынын суретке қарап пысықтаңдар.

hello_html_m549502c1.jpg

Сұрақтарды талдайды, орындайды.

Жекелей

Жұптық


V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

Алған түсініктерін қолдана білуге дағдыландыру мақсатында тапсырмалар береді.

Сөзжұмбақ шешу "Жануартану".

1.Гидраның денесін қаптайтын жасуша? (Жабын)

2.Гидраның сыртқы қабатындағы қорегін ұстаушы жасушасы? (Атпа)

3.Гидраның ішкі қабаты? (энтодерма)

4.Еркін тіршілік ететін ішекқуысты жәндікке не жатады? (медуза)

5.Гидраның сыртқы қабаты? (эктодерма)

6. Сыртқы және ішкі тітіркендіргінштерге жүйке жүйесі арқылы жауап қайтару? (рефлекс)

7.Амеба немен қоректенеді? (бактерия)

8.Көпаяқты жәндіктер-полиптерге не жатады? (актиния)

9.Гидраның жыныссыз жолмен көбеюі? (бүршіктену)

10. Көпжасушалы жануарлар қай типке жатады? (ішекқуыстылар)


hello_html_4c51f35e.png


Алған түсініктерін қолдана отырып, тапсырманы орындайды.

Ұжымдық

VI.Үйге тапсырма беру


Үйге берілген тапсырманың орындалуын тәртібін түсіндіру

Гидраның көбеюі, регенерациясы.

(§ 9, 35-37 бет (ЕСКІ)

Күнделігіне тапсырманы жазады.

Жекелей


VII.Рефлексиялық бағалау


Интерактивті тақтадағы рефлекциялық бағалауды көрсетеді.


  1. Бүгін мен .......... білдім.

  2. ..............қызықты болды.

  3. ................қиын болды


Әр оқушы өткен сабақ туралы алған әсері, ұсынысын айтып,қиын сұрағын қояды.Қиын сұраққа сынып болып жауап береді.

Жекелей

Ұжымдық



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Гидраның көбеюі, регенерациясы. 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыкальный журналист

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 172 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 11375
    • DOCX 190 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смайлова Рсалды Кадиржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смайлова Рсалды Кадиржановна
    Смайлова Рсалды Кадиржановна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 99907
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

ФГОС общего образования: формирование универсальных учебных действий на уроке биологии

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 86 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 361 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 216 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 396 человек

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Занимательное обучение русскому языку: основы орфоэпии и тайны русской орфографии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека