Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Статьи / "Химия сабағында бірлескен ізденісті ұйымдастыру арқылы оқушылардың жаңалықты өз бетімен тану дағдысын дамыту"

"Химия сабағында бірлескен ізденісті ұйымдастыру арқылы оқушылардың жаңалықты өз бетімен тану дағдысын дамыту"


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:



«Жаңаталап орта мектебі» КММ











«Жаңаталап орта мектебі» КММ химия, биология пәнінің

жоғары санатты мұғалімі

Мекежанова Гүлсім Мырзаханқызы
































































Іздесең табасың, талаптансаң - жетесің, зейін салсаң – ұғасың”

Кіріспе

«Білімді ұрпақ – ел тірегі» -десек, сол ұрпақты білім нәрімен сусында датын да, балғындар бойындағы қабілетті дарынның көзін ашатын ұстаз дар қауымы. Қазіргі таңда қоғамымыз мұғалімдерге үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі», мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Біз ғылым мен техниканың барынша жетіліп, күнделікті тұрмысымызға еркін еніп, тыныс тіршілігімізге ықпа лын жүргізе бастаған жаңа ХХІ ғасырға аяқ тіредік. Бүгінгі ұрпақтың сана –сезімі, жан дүниесі, ой-өрісі біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі. Жаттанды дәстүрге айналған сабақтар оларды қызықтырмайды. Оның үстіне өз пәні- не яғни, химияға байланысты айтатын болсам, сарамандық, зертханалық жұмыстыр өту, үйірме жұмыстарында реактивтермен жұмыстап жүргізу, тәжірибелер жасау қиындық туғызады. Нәтижесінде шәкірттің сабаққа деген құлшынысы төмендеп, белсенділігі жоғалады. Химия пәні – эксперименттік ғылым, оны тәжірибелер арқылы көз жеткізсе оқушылар ынтасы артқан болар еді.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз үшін білім мазмүнын жақсартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттігі көрсетілген. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне өтуге бағыт алуда.

Бүгінгі таңда әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру түрлер- ін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін жоғарылатып осыған ора мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңа түрлерін дамыту. Жаратылыстану пәндерінің, соның ішінде химияны оқыту барысында оқушылардың оқушылардың логика -лық ойлауын дамыту, химиялық тілді меңгеруін қадағалау. Оқыту әдіс-тәсіл дерін түрлендіріп түрлендіріп жетілдіру мектеп қабырғасында жүрген кезінде, оқушылардың білім деңгейін, тәрбиесін жоғарылатып, таным деңгейін арттыру, пәнге қызықтыру әрбір мұғалімнің басты мақсаты деп білемін.

Оқушының химия пәніне деген қызығуын арттыру, өз-өзіне деген сені мін күшейтіп, таным қабілетін дамыту үшін жаңа инновациялық техноло- гияның маңызы зор. Мектеп химия курсын оқытуда әр түрлі педагогика -лық технологиялар қолданылады. Солардың ішінде оқушының өзіндік әрекетін белсендіру мақсатында ұжымдық оқыту технологиясына көбірек мән беру маңызды. Себебі, ұжымдық оқыту әдісі негізінде мұғалімнің күнделікті тексеруі мен оқушының өзін-өзі бақылауы туралы ақпараттың артуы болып отыратын үдерістегі баламен қарым-қатынас жатыр. Мұндай оқыту түрі тек қана бірлесіп жұмыс істеу емес, сонымен қатар, жарысқа түсу, бәсекелесуді қарастырады.

Ұжымдық оқыту әдісін химияны оқыту үдерісінде кең түрде қолдану

жақсы нәтижелерге жеткізеді. Ұжымдық оқыту әдісінің төрт түрлі ұйымдастыру формалары бар: жеке, жұптық, топтық және ұжымдық. Ұжымдық оқыту әдісі әртүрлі ұйымдастыру формасын пайдалануды қажет етеді. Осы технология түрін қолданып, оқушылармен жеке, жұппен, топ- пен ұжымдық жұмыс түрлерін жүргізе отырып жоғары нәтижеге жеттім. “Химия сабағын да бірлескен ізденісті ұйымдастыру арқылы оқушылар-дың жаңалықты өз бетімен тану дағдысын дамыту” атты шығармашылық жұмысымның дамуына әсерін тигізді.

Өзімнің алдыма оқытуда мынадай мақсат қойдым:

- даму аймағы бірдей топтарды жаңалықты бірлесе тануға жұылдыру арқылы жеке тұлғаның қалыптасуын қолдау.

-әрбір оқушының өз мүмкіндігін қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау.

-Балаға оның әрбір қадамы оның жеке тұлға екендігін сезіндіріп, өмірін де өзінің кім екендігін қашанда білдіріп отыру .

Мақсаты:

  • Оқушының танымдылығын арттыру

  • зерттеу дағдысын қалыптастыру

  • Қосымша әдебиетпен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру

  • білімге деген қызығушылығын арттыру

  • Оқушының қызығушылығын арттыру

Өзектілігі:

-Өздерін оқытуға белсенділігінің туындауы

-Жоспар құра білу және оны жүзеге асыруға үйренуі

-Ақпаратты жылдам меңгеруі

-Жетіспейтін ақпарат ала білуі

-Түсініксіз сәттерді өзара талқылауы

-Талдау (анализ) және топтау (синтез) дағдыларының жүйеленуі

-Алынған білімнің қажеттілігін ұғынуы

-Өз менін дәлелдеуге тырысуы арқылы жеке тұлға екендігін түсінуі

-Құрбыларының қысымына тұрақты қауіпсіз дағдыларды қалыптас тыруы

Оқушының өз бетімен тану дағдысын дамыту. (слайд)

Жұппен жұмысты ұйымдастыру. 8 сынып «Бейорганикалық қосылыстар тақырыбында» Сематикалық карта (слаид)

«Оксидтер» тақырыбын өткенде топтық жұмысқа тапсырма: 1)қай оксид қайда жатады соған «+» таңбасын қою; 2)Оксидтерді алу реакциясының теңдеулерін жазыңдар; 3) берілген реакция теңдеуін жүзеге асырыңдар.

Өздік жұмыс тапсырма: Жеке оқушылар үшін «Пирамида» ішіндегі элемент таңбаларын пайдаланып, оксидтердің формулаларын құрастыру керек. Жұптық жұмыс: оқушылар бірлесе отырып реакция теңдеулерін аяқтайды.

10 сыныпта «Темір» тақырыбында сын тұрғысынан ойлау стратегия ларының ой-толғаныс бөлімінде оқушылар білімін қолдана отырып, жұмыс істейді, оқушының ой сезіміне, қиялына қозғау салынады. Өткізілген тақырып бойынша алған әсерін ой-толғау, семантикалық карта, еркін жазу, арқылы қағазға түсіреді. Мысалы:

«Еркін жазу». Мектепте де, үйде де, айнала барлық заттар темір немесе оның құймаларынан тұрады екен. Жер бетінде темір жойылып кетсе не болады? Адам денесінде темір аз болса қандай ауруларға ұшыраймыз? «Алюминий» тақырыбын өткенде «Алюминийдің биологиялық ролі» туралы хабарлама дайындайды. «Металдар» тарауын қорытындылағанда І топ сөзжұмбақтар дайындап, екінші топқа шешкізеді, металдар туралы баяндама, ауызша журналдар дайындайды. (слайд)

«Оксидтер» тарауы қорытындылағанда топтық жұмыс, өздік жұмыс

Оқушылардың «Ойлау қабілетін ашу» мақсатында 11сыныпта «Күрделі эфирлер» тақырыбында сабақ өткіздім. Оқушылар жазған «Менің эфирім» атты ой-толғауларында былай деп жазыпты:Менің есімім эфир. Әкем қыш қыл, анам спирт. Менің ұлтым органикалық зат. Қан құрамында көміртек, оттек, сутек атомдары бар. Мен жеміс-жидектер, гүлдер ауылында тұра- мын. Мен сумен ойнауды ұнатамын, біз екеуіміз гидролиз ойынын ойнаймыз. Мен көптеген жерлерге қонаққа барып тұрамын, мысалы: кондитер, парфюмерия өнеркәсібіне, дәріханаларға, емханаларға. Адамзат, менің сіздер үшін маңызым зор, сондықтан да менімен дос болыңыздар.

Бұл әдістер арқылы оқушылардың ой-пікірі, көзқарасы, дүниетанымы қалыптасады.

Оқушының белсенділіктері артады.

Топпен жұмыс: 8 сыныпта «Су - еріткіш» тақырыбында аймақтық компоненттерді пайдаланып оқушылардың жаңалықты өз бетімен тануға бағытталған жұмыстарын айтуға болады. (слаид) Сабаққа оқушылар алдын ала баяндама жазды. Баяндама тақырыбы өз ауылымыздың іргесіндегі Терісайрық өзені туралы болды. Бұл өзеннің суы азайып бара жатқанын фото суреттерге түсіріп, судың ішіндегі тастардың көзге көрініп жатқанын анықтады. Қорытынды жасады: өзен жағасындағы қалың ағашты ауыл адамдары аяусыз шауып, отын ретінде пайдаланды. Сондықтан су тез буланып кетеді.Оқушылар Өзен жағасына тал отырғызамыз деген ойлар айтты. Үйге тапсырма ретінде оқушыларды топтарға бөліп, мынадай өздік зерттеу жұмыстары берілді. 1 топ: 1 күнде 1 отбасы мүшелері қанша көлем су пайдаланатынын бақылау. 2 топ: 1 аптада 1 отбасы қанша көлем су пайдаланатынын бақылау. 3 топ: Құдық суы мен қар суының қайсысы жұмсақ екенін зерттеу. Осы тапсырмалардың нәтижесінде: 1 топ: егер отбасында 5-6 кісі болса, 1 күнде 43 л су жұмсайтынын, 2 топ: егер отбасында 5-6 кісі болса, 1 аптада 1200-1800 л су жұмсайтынын, 3 топ: кермектік шкаласын жоқ болғандықтан, оның кермектілігін сабынды көпіршіту арқылы құдық суынан қар суы жұмсақ екенін анықтады.

9 сыныпта «Кальций және оның қосылыстары» тақырыбында «Үш жақты» күнделік жұмыс тары бойынша оқушылар Жаңаталап ауылының маңындағы ізбестас қорымен таныстыра отырып зерттеу жұмысын жүргізеді. (слаид)

Реакция теңдеулерімен түсіндіріледі

CaCO3 ------ CaO + CO2

CаO + Н2О ----- Ca(ОН)2 +70 кдж

Жаңа салынған үйдің іші неге дымқыл болады?

І топ: «Бес жолды » өлең бойынша туған жеріне өлең шығарады.

Жаңаталап туған жерім, өскен елім

Алтынға толы жерім бар, Әктасқа толған тауым бар

Осынау туған жерімде, Топырағында темір бар.

Тауларымда аң төресі арқар, сұлу елік бар,

Тоғайымда сары маржан шырғанағым теріп қал.

Топырағымнан алтын шыққан, тастарында бір сыр бар,

Көрмегендер келіп біздің Жаңаталапты көріп қал.

ІІ топ: Менің ауылымдағы «Әктас» өндіру үрдісі. ( баяндама)

Жаңаталап ауылының қойнауында әктастың қоры өте көп. Адамдар әктасты қазып әкеліп, арнайы кірпіштен қаланған пеште өртейді.Бір күн суығанша пештің ішінде тұрады. Мынадай реакция жүреді:

CaCO3 = CaO + CO2 - 180 кдж

Осы реакцияның нәтижесінде кальций оксиді түзіледі. Кальций оксиді – ақ түсті қиын балқитын зат.Техникада оны «сөндірілмеген әк» деп атайды. Кальций оксиді – нағыз негіздік оксид. Пештің ішінен суыған кальций оксидін алып, ыдысқа саламыз, үстіне ыстық су құямыз. Осы кезде су бұрқылдап «қайнап» жатады, біразы буланады. Химия тілімен айтар болсақ кальций сілтілікжер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді:

CaO + H2O = Ca(OH)2 + 70 кдж

Нәтижесінде, «сөндірілген әк» деп аталатын кеуек ақ ұнтақ түзіледі.Қатты күйдегі кальций гидроксидінің Ca(OH)2 судағы жүзгіні, түсі ақ болғандықтан, техникада әк сүті деп атайды. Осы сөндірілген әкті үйдің іші-сыртын ағарту үшін қолданамыз. Ал сөндірілген әктің құммен қоспасын кірпіш қалағанда және сылағанда байланыстырушы зат ретінде

жұмсайды. Бұл қоспа ауада біртіндеп «ұстасып» қатая бастайды, себебі көмірқышқыл газымен әрекеттесіп, қатты карбонат (бор) түзеді.

Оқушылардың қосымша әдебиетпен жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру. Кітаптан тыс ақпараттар беру арқылы сабақ өткізу оқушылардың танымдық қабілеттері дамиды. Соның бірі 8 сыныпта өткізілген « Қышқылдар» тақырыбын күнделікті өмірмен байланыс тыра өткізу. (алма, түйе, ешкі, жылқы, құм- ырсқа, ит, мысық суреттерін слайдтан көрсете отырып түсіндіру)

Күнделікті өмірде алмада алма қышқылы, лимонда лимон қышықылы, жылқы, түйе, ешкіде сүт қышықылы, құмырсқада құмырсқа қышқылы болатынын сызба кесте арқылы түсіндіремін( слайд)

Балалар иттің мысықты тістелеп, ойнап жүргенін күнделікті өмірде көріп жүрсіңдер, бірақ ит ойнамайды екен, мысықтың денесінен бөлінген майларды тістеу арқылы, ит ауыз қуысындағы қышқылды тазартып құныс, мешел ауруларын болдырмайды. (слаид)

Тауықтың, құстардың құмырысқа илеуіне шомылып, аунап жатқанын көрдіңіз бе? (слаид)

Құмырсқа қышқылы НСООН паразиттерге нафталиндей әсер етеді,құстар үстерін тазартады. Ауырған аңға кім рецепт жазып береді? Ауырған аң сүйретіліп келіп, хинин ағашының қабығын кеміріп тұрып кетеді. Хинин ағашында хинин қышқылдары бар екені анықталған.

Төменде келтірілген кодтар бойынша қышқылдар туралы мәліметтер

жинайды. Әр оқушыда кесте болады, код бойынша тапсырма беремін.

Мысалы: Тапсырма: А коды бойынша қышқылдың атын ата, неше

негізді қышқыл , отттекті, оттексіз, қышқылды алу үшін қандай реакция теңдеуін жазу керек.

H2 + CІ2 → 2HCІ.


Сөйтіп оқушылар қышқылдар бойынша анализ жасап, өтілген тақырыпты өздері

қорытындылады.

Бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің аса жауапты міндеттерінің бірі – оқушылардың

санасына қоршаған ортаға, туған өлке табиғатына, жергілікті флораға сүйіспеншілікті қалыптастырып, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтау және молайта түсуге бағытталған сезісдерін тәрбиелеу және оқушыларға экологиялық білім беру.Экологиялық бағытта жүргізген сабақтарымның біріне тоқталайын.

9 сыныпта «Күкрт, күкірт оксидтері, күкірт қышқылы» тақырыбын өткен кезде оқушыларға топқа бөліп тапсырма беремін.

І топ: Күкірттің пайдасы Аластау (салт,ырым). «Алас, алас, пәле-жаладан алас» (ел аузынан). Жас отау босаға сын, бесікті, жаңа қосылғандардың төсек орнын тағы басқа жаңадан қолданы латын дүние, бұйымдарды отпен аластай тын ғұрып бар. Бұл аталған орындардағы пәле-жала, ауру-сырқау, жын-шайтан, тіл-көз болса кетсін деген наным-сенімнен жасалады. Аластау ғұр пы от тұтатып оны мен бесікті, босағаны, тағы басқа жерлерді аралата дұғалап, «алас, алас, ауру-сырқау дан алас», «тіл мен көзден алас» деген сияқты тілек сөздермен жасалады. Мұны жол-жөн білетін, ем-домнан да хабары бар ана, әжелер атқарады. Аластау сонымен бірге тазалық пен амандықтың да кепілі ретінде қолданылады.

ІІ топ: Күкірт дерт, ІІІ топ: Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? (тиісті реакция теңдеулерін жазады)

Қышқыл жаңбыр дегеніміз не? (баяндама)

Бұл сөзді алғаш рет 1872 ж. Британ зерттеушісі Роберт Смит ендірген. Қазіргі күнгі проблемалардың бірі – қышқыл жаңбырлар. Қышқыл жаңбыр деген түсінік, осыдан 120 жылдан аса уақыт бұрын қолданыла бастаған. Атмосфера құрамында өндіріс қалдықтары, жанартау атқылағанда – SO2, CO2, CO атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт, күкіртті, азот қышқылдарын түзеді. Нәтижесінде жауған жаңбырды – қышқыл жаңбырлар дейді. Оның рН мәні 5,6-дан төмен. Қазіргі жауған қарлар мен жаңбыр сулары – қышқыл жаңбырлар, яғни атмосфералық қалдықтардың реакция ортасының жауын, қар, тұманның құрамындағы техногенді қалдықтар әсерінен қышқыл қалдығының қалыпты мөлшерден артуы.

Мынадай зерттеу жұмысын жасаймын. Екі гүлдің біреуін құдық суымен, екіншісін қар суын ерітіп 10 күнде 2-3 рет суарамын. Қар суымен суарылған гүлдің жапырағы сарғайып, шіриді.

Қышқыл жаңбырдың түзілу себептер, қоршаған ортаға әсерлері. Күкірт диоксиді атмосфера- ға еніп, бірнеше химиялық айналуларға ұшырап қышқылдықтың түзілуіне әкеледі. Күкірт диоксиді бөлшектеп, фотохимиялық тотығудан күкірт триоксидіне (күкірт ангидриді) SO3-ке айналады, ал атмосферадағы су буымен әрекеттесіп, күкірт қышқылының аэрозолін түзеді

2SO2 + O2 → 2SO3 SO3 + H2O → H2SO4

Төгілетін күкірт диоксидінің негізгі бөлігі дымқыл ауада әдетте күкіртті қышқыл H2SO3 түзеді: SO2 + H2O → H2SO3

Күкіртті қышқыл дымқыл ауада күкірт қышқылына біртіндеп айналады.

2H2SO3 + O2 → H2SO4

Оқушылар теориялық білімдерін практикада қолдану мақсатында: Мектеп

бөлмелерін жылыту үшін көмірмен жылу қазанды- ғын жылытатын, Жылу қазандығынан бөлінген күйеден мектеп жанындағы қардың ластану деңгейін ақ қағазбен салыстырып, ауылымызда да эколо- гиялық жағдайлардың барын анықтап, ай сайын жылу қазандығынан 3 кг күйе ұшатынын есептеп қорытындылар жасады.

Химия сабағын экологиямен байланыстырған мектептен тыс өткізген шығармашылық топтың жүргізген «Химия және экология» атты кеш, «Қоршаған орта және денсаулық» атпен жүргізген шығармашылық жұмыстарын айтуға болады. Экологиялық бағытта 8 сынып оқушысы Әсетова Айгүл «Күкірт дәру, әрі дерт» атты ғылыми жобасын қорғады.

Ой толғау: «Табиғат ананы аялайық» атпен оқушылар көзқарасын тыңдау.

Жеке тұлғаның шығармашылық ойлау іскерлігіне арналған тапсырмалар беремін, ол оқушының ойлау қабілетін арттырады. (слаид)

«Спирттер» тақырыбын өткенде Этилды алкоголь кең таралған, атақты наркотикалық зат болып табылатынын түсіндіремін. Араб оқымыстысы Абуль Фараж ХІ ғасырда жазған: «Шарап ішкен адам төрт мінезді көріне ді». Арақ ішкен адам ең алдымен алдымен жұмақ құсындай болады, сосын маймылдай, сосын арыстандай, ең соңында шошқадай болады деп оқушыларды оқушылар бойында араққа деген жиіркеніш сезімдерін тудыру.

Сонымен жаңалықты бірлескен жұмыстар арқылы тану не береді:

- “Сенімділік” атмосферасы көрінеді

-Тұлғалық қасиеттері дамып, өзін - өзі таниды

-Даму аймағын анықтайды

-Бәсекеге қабілеттілік қасиеті дамиды

-Достықты бағалау, құрметтеу сезімдерінің өрістеуі

-Кез – келген ақпараттың жаңашылдығын таниды

-Өз проблемаларын тауып , оны шешуде сауаттылық қалыптасады

-Мұғалім – оқушы, оқушы – оқушы арасындағы қарым – қатынас өрістейді

- Мұғалімнің еңбек өнімділігі артады

Қорытынды. Бұл әдістер арқылы оқушының жан-жақты дағдылары

қалыптасып, өз беттерінше орындалады, мұнда мұғалім - бағыттаушы, оқушы – ізденуші рөлін атқарып, жұппен, топпен, ұжым болып әртүрлі тапсырмаларды шешу арқылы оқушының таным қабілеті артады. Жас ұрпаққа білім беріп, тәрбие үйретуде мұғалім қандай істерді атқару керек деген сауалға, қара сөздің хас шебері Ғ. Мүсірепов: «Судың тазалығын үйретейік, желдің ерлігін үйретейік, ағаштардың жайқалуын үйретейік, күннің жылылығын үйретейік» - деп жауап берген екен. Бірлесе көтерген жүк жеңіл демекші барлығымыз болашақта өркениетті елдердің жаңа технологиясын меңгертіп, дүниежүзілік білім кеңістігіне шыға берейік

Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Химия мектепте журналы №5. 2005 ж

2. «Заманның заңғар ұстазы – Б.Ділманов» (материалдар жинағы)

3.Сарманова К.Ә. Химия сабағында аймақтық материалдарды пайдалану. Алматы. 31-б, 2002

4. Беличенко Ю.В.Адам және су. Алматы, 14-б, 1981

5. Әрекеттегі ҚБ кітапханасындағы «Дауыс және көрініс» журналдар.






Автор
Дата добавления 15.04.2016
Раздел Химия
Подраздел Статьи
Просмотров189
Номер материала ДБ-034018
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх