Инфоурок Другое СтатьиІ деңгей А есебі

І деңгей А есебі

Скачать материал

А есебі

 Мектеп тәжірибесін өзгерту қажеттігі негізделген рефлексивті есеп

 

                                                                                       «Мектептің жаны-мұғалім. 

                                                                        Мұғалім қандай болса,мектеп сондай болмақшы.

                                                                     Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар

                                                                     көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң,

                                                                     ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика,    

                                                                     методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін

                                                                     мұғалім.»   Ахмет Байтұрсынов

 

Жүрегімнің қалауымен мұғалім мамандығын қалағандақтан бұл мамандықтың қыр-сырын, қиындығы мен қызығын сезінемін. Шәкірттерімнің терең білім алып, білікті,заман талабына сай азамат болуы үшін мен өз білімімді жетілдіру керектігін ұғындым. Білімді ұстаз болу үшін бір орында тұрып қалуға болмайтынын түсініп,  деңгейлік курсты оқуым керек деген алдыма мақсат қойдым. Бұл оқу менің әдіс-тәсілімнің өзгеруіне, оқушылармен қарым –қатынастың өзгеруіне , әріптестер арасындағы байланыстың орнығуына оң ықпал етті. Білімім жетілді, көзқарасым өзгерді.
        Қазіргі заман-  жаңашылдықты, ізденуді , білімді, сапалылықты қажет ететін заман. Жан-жақтағы өзгерістер, жаңа талап , жаңа өзгерістер барлық адамзатты ойландырмай қоймайды. Әлем күннен күнге өзгеріп даму үстінде.  Әлемдік кеңістікке ену үшін, әр түрлі саладағы реформалар дамып отырса,соның ішінде білім саласында да өзгерістерді талап етеді. ХХІ ғасыр тың идеялар мен инновациялық технологиялар ғасырына айналған. Сонымен  « ХХІ ғасырда білім қандай болу керек?»-деген сұрақ төңірегінде ойланып көрсек.

  Дәл қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев назардан тыс қалдырған емес. Халыққа арналған  жолдауында елбасы былай деген болатын: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден,оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Үшіншіден біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру тиіс. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс »  Елбасы еліміздегі білім беру жүйесіндегі реформаларды  енгізу мәселелерін нақты анықтап берді. Жалпы реформа сөзінің мағынасына тоқталатын болсақ, латын тілінен аударғанда «reformo» «өзгеріс» деген мағынаны білдіреді екен.Әлемдегі білім жүйесіндегі өзгерістерге тоқталатын болсақ,  мектеп жүйесіндегі білімді жетілдірудің  сан қилы жолдарына зерттеу жүргізілген. Зерттеу нәтижелері білім жүйесін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттарын айқындап берген. Экономикалық жағынан дамыған мемлекеттерде білім жүйесінің дамуына қаражат көп бөлінеді және инвесторларды тарту жолдары  жүйелі түрде жоспарланған. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе »деген халықтың нақыл сөзі осыған айқын дәлел. Демек, білім мен тәрбиені қатар алып жүргенде ғана халықтың ұлт болып қалыптасуына, олардан білімді, саналы азаматтыр шығатынына   көзіміз жетіп отыр. Өздерінің білім жүйесінің сындарлы саясатымен әлемдік аренадан орын алған мемлекеттер қатарында  Германия,  Қытай, Финляндия, Малайзия, Сингапур елдерін атап өтуге болады. Бұл мемлекеттер өздерінің ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, оны заман талабына сай өзгерістермен ұштастыра білген.  Осы аталған мемлекеттердің  білім беру жүйесін дамыту жұмыстары педагог кадрларды дайындау стратегиясынан бастау алады.  Мектеп жүйесінің тиімділігі жоғары Финляндия,Сингапур сияқты елдері мұғалім жұмысының сапасын арттыруға ерекше көңіл бөледі. ( А.Құсайынов. 2013ж)  Оқыту сапасын арттырудың тиімді жолы-мұғалім мамандығын жүрегімен қалаған, қабілеті бар, баланың жанын жүрегімен ұғына алатын маман дайындау. Аталған мемлекеттерде мұғалім мамандығына мектептің ең үздік түлектерін қабылдайды екен. Атап айтсақ, Оңтүстік Кореяда-5%, Финляндияда-10%, Сингапур мен Гонконгте-30%.  Арнайы бағдарламалар арқылы мұғалімдікке тартылған  түлектер болашақта  білім жүйесін дамытатын білікті маман болытынына сенім білдіреді.  Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәсілесіне баса назар аударды. Экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан білімнің маңыздылығын жоғары бағалап, осы салаға барынша қолдау көрсетуде. Қазіргі жаһандану заманы іс-әрекетті,еңбекті,қызметті,жұмысты табысты әрі тиімді жүргізу үшін жан-жақты, терең білімді, мамандандырылған, білгір ,саналы адамдарды қажет етеді.Сондықтан оқу, ағарту, білім беру саласына қоғамда ерекше көңіл аударылып, білім саласына кездейсоқ адамдар келмесе екен деген ойға каласың. Мектептегі іс-тәжірибе кезінде осындай кедергілерге көп кездестім.Кейбір мұғалімдерді жаңалықтың қызықтырмауы, өздерінің қалыпты жағдайларын өзгерткісі келмейтіндігі, мектеп әкімшілігінің жұмысты ұйымдастыруға құлықсыздығы  әлі де болса мектеп мұғалімдерінің өзгеруге дайын емес екендігінің дәлелі іспеттес. Осындай ұстаздар білім жүйесін қалай дамытады?  Олар бұл салаға кездейсоқ келген жоқ па?-деген сұрақтар мазалайды. Соған қарамастан білсем, көрсем ,үйренсем деген ұстаздардың барлығы көңіліңе қуаныш ұялатады.

  Қазақстандық ғалымдар да ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктіру және қоғамдық сұраныстарға жауап беру мақсатында зерттеулер жүргізіп, оны мектеп практикасына енгізу мүмкіндіктерін қарастыра бастады. Елбасы Н.Назарбаев Жапонияға барған кезекті сапарынан кейін: «Жаһандану кезеңінде ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу үшін біз көп нәрсені ескеруіміз қажет. Осы орайда жапондықтардан үлгі алуға болады. Олар әлі күнге дейін кимоно киіп, храмға барса да, жоғары технологиялар саласында озық жаңалықтар ашумен ерекшеленеді.» деген болатын.Жапондықтардың бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін халық екені бәрімізге мәлім. Білім жүйесін реформалау саясаты  Жапонияда алғаш рет  ХІХ ғасырдың 70-жылдары жүргізілді. Осы реформа арқылы жапондықтар «вакон-есай» ұсатынымын қалыптастырды. Бұл ұстанымның негізгі мақсаты батыс өркениеті жасаған білімді алу,бірақ   жапон рухы мен жапондық ойлау қабілетін әлсіретпеу. Бұл жетістіктерді жапондық ғалымдардың пайымдауынша халық білуі ,түсінуі тиіс, соған қарамастан олардың жағымсыз жақтары да бар. Сондықтан да жапондықтар адмгершілік тәрбиені жоғары қояды. 1879 жылы император Мэидзи «Білім берудің ұстанымдары» атты жарлық шығарады. «Адамдар алдымен өзінде руханилықты тәрбиелеп, адамгершілік қағидаларды ұстануы керек. Содан кейін өздерінің қабілетіне сәйкес әр түрлі пәндерді игеруіне болады»- деп көрсетілген құжатта. Қазіргі күнге дейін осы құжатты басшылыққа алып,  білім жүйесін  дамытып отырған империяның жетістіктері таңдандырмай қоймайды.

 Жапондықтар өздерінің ұлттық құндылықтарын басты назарда ұстай отырып, білім мен тәрбие жүйесін ұштастырып ,баланың бойына әдептілік, адамгершілік, имандылық, өнегелілік қасиеттерін сіңіріп өсіреді. Жапонияда балабақшаға бару маңызды емес, бастауыш мектеп 6 жылдық. Жапондықтар  ұлт мүддесін,жеке басының мүддесінен жоғары қоятын,білімге құштар, еңбексүйгіш елін сүйетін өз ұлтының нағыз патриотын тәрбиелеуді басты мақсат етіп қойған. Экономикасы дамыған мемлекет болғандықтан Жапония білім жүйесін қаржыландыру жағынан басқа мемлекеттерге қарағанда көш ілгері тұр. Жапон елінде 9 жылдық білім беру ақысыз, бастауыш сынып-6 жылдық, 3 жылдық –кіші орта мектеп болып табылады. ал мектептің жоғары сатысы 10-12 сыныптар 5 түрлі-техникалық, сауда, ауыл шаруашылық, флоттық, қосымша мектептер болып құрылған. Жапонияның білім беру жүйесі өмірлік үш ұстанымды насихаттайды:

1. Ойланып үйрен,өз бетіңмен шешім қабылда,проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын ізде және тап

2. Әдемілікті түсін,өзіңде сұлулық сезімін тәрбиеле,жаның сұлу болсын,мейірімді бол, аяушылық білдіре біл,

3.Денің сау,күшті бол. (А. Құсайынов 2013ж)

Осындай рухани-адамгершілік құндылықтарды біздің ата-бабамыз да бойымызға сіңіріп, ұрпағын адамгершілігі мол , мейірімді, саналы, иманды азамат ретінде тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген. Атадан балаға мирас болып,қазіргі кезде өз құндылығын жоймаған  халықтық педагогикадан алатынымыз әлі де көп деп ойлаймын.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын түпкілікті пысықтағанда Финляндияның тәжірибесіне арқа сүйеу қажеттігін де алға тартты. «Біз бұрын өз дамуымызда Оңтүстік-Шығыс Азияның барыстарынан сабақ алдық.Олардың стратегияны қалай жасағанын,қалай дамығанын, кадрларды қалай дайындағанын көрдік. Ал қазір бұл кезеңнен өттік, енді бізге Финляндиядан үйренген жөн.Ең алдымен жоғары стандартты білім...» деген президент Финляндияның дамуының қарқынды тұстарын атап көрсеткен болатын.

Фин елінде бала тәрбиесіне балабақшадан ерекше көңіл бөледі екен.Білімге деген құштарлық баланың бойына балабақшадан бастап берілген балалар мектеп табалдырығын алғашқы дайындық сатысынан өткеннен кейін аттайды. «Баланы бесіктен» деген халық нақылы  ойыңа еріксіз түседі,баланы білімге икемдеу, бағып-қағу деген осы шығар. Балабақшадан кейінгі кезеңде негізгі мектепте оқушы 16 жыл білім алады. Мектепте білім алудың бір ерекшелігі-емтиханның болмайтындығы. Бала негізгі мектепті аяқтаған соң да емтихан тапсырмайды. Фин елінде барлық мектептер мемлекеттік, жекеменшік мектептер жоқтың қасы деп айтуға болады. Мектепті бітірген оқушы өз білімін жетілдіруге, болашақ мамандығын таңдауға құқылы. Таңдаған мамандығына байланысты келесі саты-гимназия мен училищелерде  оқи алады. Оқушылардың барлық шығындары: тамақтануы, сабаққа келіп кететін жол шығындары мемлекеттің мойнында. Жоғарғы білім сатысы ретінде университеттер мен магистратурада білімін жалғастырады. Жалпы білім жүйесін мемлекет қаржыландырады, оның ішінде жоғары оқу орындарын қаржыландыру үлесі 72%-ға жетеді. Финдік білім беру жүйесінің  негізгі ерекшеліктері ретінде балабақша мен мектептің , мектеп пен жоғары оқу орындарының арасындағы үздіксіз байланысты атап өтуге болады. Яғни бала бір сатыдан екінші сатыға ауысқанда ондағы үдерісті айтарлықтай сезбеуі де мүмкін. Бұл баланың оқу үлгеріміне әсер етпей , қалыпты дамуына жағдай жасайды. Қазіргі біздің еліміздегі  осы бастауыштан  негізгі білімге көшу кезінде оқушылардың білім деңгейі күрт төмендеп кетеді. 5-сынып оқушылары бастауыштағы оқу дағдысынан шыға алмай, әр түрлі пән мүғалімдерін қабылдай алмай ,дағдарысқа түседі. Бастауышта сабақ үлгерімі жақсы немесе үздік болған оқушылар төмен көрсеткіш көрсете бастайды. Бұл жағдайда кінәлі адамдарды іздей бастаймыз. Бұл біздің әр сатыдағы білім беру жүйесіндегі байланыстың жоқтығы десек қателеспейтін сияқтымын.

 Фин еліндегі тағы бір ерекшелік мұғалім мәртебесінің жоғарылығы. Мектепте сабақ беруге магистр дәрежесі бар мұғалімдер ғана жіберіледі.Жоғары оқу орындары педагог кадрларды дайындауды жүйелі жолға қойған. Елде мұғалім, ұстаз мамандығына деген құрмет ерекше. Сондықтан да мектеп бітіруші түлектер ұстаз болуға құлшынысы жоғары екен. Оларды мұғалім жалақысының жоғарылығы ғана емес( фин мұғалімдерінің жылдық табысы 17 мың еуро) педагог кадрлардың құрамын жасарту саясатының үнемі жүргізілуінде. Осының нәтижесінде мектепке талантты ,білімді жас мамандар көп тартылады.білім берудің осындай жүйесі арқылы Финляндия Еуропа халқының сауаты жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Еуропа елдерінде 15 жастан асқан азаматтар арасындағы жоғары білімділер  саны  16% көрсетсе, ал Финляндияда бұл көрсеткіш 24 %-ға көтерілген.

     Ал біздің білім беру жүйесінде керісінше мұғалім мамандығын табыс көзі ретінде қарайтындар аз емес. Бұрынғы тәжірибелі мұғалімдердің жасы ұлғайған. Олардың әдіс-тәсілдері де ескірген. Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруге құлықтары жоқ. Әрине, барлығы емес. Қазіргі жаһандану заманы білімді, білікті ұстазды қажет ететіндіктен кәрі-жасқа қарамай заман ағымына сай өзгеруіміз қажет. Мектептегі тәжірибе кезінде білім жүйесіндегі қағазбастылық, мектеп әкімшілігінің ұйымдастырушылық қабілетінің жоқтығы, мұғалімдердің немқұрайлылығы, өзгергісі келмейтіндігі мені қатты толғандырды.  Соған қарамастан қойылған талапты орындау үшін мектепте өзгеріс енгізуге тырыстық. Мектептегі тәжірибе кезінде көкейге түйгенім әркім өзінше еңбектенеді, бірі-біріне көмектесу, бағыт-бағдар беру, ой бөлісу, сабаққа бірлесіп дайындалу, оны талдау жұмыстарының жоқтығынан да біздің жұмысымыз нәтижесіз сияқты. Мектеп өміріне ата-ана да белсенді араласпайды. Тек қана ата-аналар жиналысына келумен ғана шектеледі. Керісінше, Финляндияда мектеп ата-анамен тығыз байланыс қалыптасқан. Ата-аналарға арналған ашық есік күндерінде олар мектепке келіп, балаларының  үлгерімі, мектептегі көңіл-күйі, іс-әрекеттері туралы мәлімет алады. Ата-аналардан сауалнама алынып, мектеп қызметі туралы өз пікірлерін айта алады. Өз баласының білім сапасын бағалау жөніндегі үш жақты әңгімеге қатыса алады. Бұдан шығатын қорытынды мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы байланыс орныққан.  Біздің білім жүйемізге де осындай қоғамдастық қажет деп ойлаймын. Қоғам, мектеп, ата-ана, оқушы бірлескенде  білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз. Халқымызда «Білекті-бірді, білімді-мыңды жығар» деген ұлағатты сөз бар. «Білім баға жетпес байлық» екенін ата-бабамыз қанымызға сіңіріп өсірді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан өркениетті елдердің алдыңғы қатарынан көріну үшін білім беру жүйесіне негізгі басымдық беріп отыр. Білім бар жерде даму бар,даму бар жерде жетілу, кемелдену бар. Сондықтан да білім-тек ғылымның іргетасы ғана емес, еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Ұлы Абай табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын: «Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма »,-деп атап көрсеткен. Болашақ ұрпақты тәрбиелеу мәселесі тек қана мектепті емес, бүкіл мемлекетті толғандыратын мәселе. Осы негізде елбасы «Инттеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасында біздің түпкі мақсатымыз- қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу, сол арқылы бүкіл әлемдік дамуда бәсекеге қабілетті адам капиталын қалыптастыру болып табылатынын атап көрсеткен. Білімі жоғары мемлекет қана әлемдік қауымдастықта басқа мемлекеттермен бәсекелестікке түсе алады. Қазақстандағы білім беру жүйесінің ендігі бір міндеті- жастардың терең ,жан-жақты білім алып қана қоймай, осы білімді бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті , бір сөзбен айтқанда интеллектуалды-үйлесімді болуын қамтамасыз ету. Бұдан шығаратын қорытынды біліммен қаруланған ұрпақ қана  мемлекетімізді өркендете алады. Қазіргі таңда білім жүйесін бағалаудың бірнеше халықаралық зерттеулері бар. Олардың ішінен ең маңыздылары – PISA, TIMSS,PIRLS  болып саналады. Қазақстан 2009 жылы PISA зерттеуіне қатысты. Қазақстандық оқушылардың жетістіктері өте төмен көрсеткіш көрсетті. 65 елдің ішінде қазақстандық оқушылар 53-60 орындарды иеленді, ал Жапония   5-9- шы орында, жаратылыстану – ғылыми сауаттылығы бойынша 53-58-ші орында , Жапония 4-6 орында, математикалық сауаттылығы бойынша Қазақстан 53-54 орында, Жапония 8-12 орынды иеленді.

Осындай ,яғни ортадан төмен көрсеткіш көрсеткен жағдайда дамыған елдерде мемлекеттік мәселе ретінде қаралып, көптеген іс-шаралар жасалады екен. Барлық халықаралық зерттеулер бойынша Финляндия мемлекеті алдыңғы қатарда тұр. Еуропада Финляндияның білім беру жүйесін «Еуропаның эталоны» деген жоғары баға беріп отыр. Бұл зерттеулердің адалдығын, тазалығын , ғылымилығын бүкіл дүниежүзі мойындап отыр. PISA, TIMSS,PIRLS  секілді халықаралық зерттеулері бойынша білім сапасы жоғары елдер қатарына: Финляндия, Гонконг, Шанхай( Қытай), Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония,Тайвань, Канада, Жаңа Зеландия елдері жатады. Бұл мемлекеттер экономикасы дамыған алдыңғы қатардағы мемлекеттер. Соңғы мәліметтер бойынша 2015 жылы Қазақстан TIMSS және PISA зерттеулерінің кезекті циклына қатысады, PISA – 2015-тегі негізгі көңіл ғылыми жаратылыстану сауаттылығына бөлінеді. ҚР 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы мен халықаралық зерттеулерде нәтижелерге жетудің мақсаттық жоспары жасалған. Егер осы мақсаттар орындалған жағдайда Қазақстан оқушылары төмендегідей көрсеткіш көрсете алуына мүмкіндік бар. 
 2015 ж. -PIZA: 50-55 орын, TIMSS – 10-15 орын; 
 2020 ж. -PIZA: 40-45 орын, TIMSS – 10-12 орын, PIRLS: 10-15 орын.
 осындай жетістіктерге жеткент жағдайда оқушылардың халықаралық зерттеулерге қатысуының маңыздылығы дәлеледенеді және мұғалімнің біліктілігін арттыру жүйесінің , әдістемелік жұмысының жаңа міндеттері анықталады.
Қазақстан оқушылары мектепте 6 жыл бойы 5984 сағат оқыса, ал жапондықтар 5367 сағат оқиды екен. Жапон балаларына қарағанда біздің оқушылар 617 сағат артық оқиды. Соған қарамастан білім деңгейі өте төмен.Жапондықтардың жоғары білім сапасын көрсетуінің тағы бір ерекшелігі- «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінің жүйелі жүргізілуі деп ойлаймын.Lesson Study циклын өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістерді енгізедінемесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.(3) осындай бірлескен жұмыс арқылы нәтижеге жетуге болатыны ғылыми түрде дәлелденіп отыр. Сондықтан деңгейлік курсты бітіргін әрбір ұстаз білім жүйесін дамытуға деген өз жауапкершілігін сезініп, басқа да әріптестерін жұмылдырғанда ғана нәтижеге қол жеткізе аламыз. Білім сапасын көтеру үшін білікті педагог- мамандардың қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Білімді ұстаздың оқушылары да білімді болады. Оқушыға білім мен дағды әрқащан керек.  Қазіргі дәстүрлі оқыту мен оқу заман ағымына сай деп айта алмаймыз. Оқушыларға білімді тікелей береміз, олардан  білімді тікелей қабылдауын талап етеміз. Бұл әдістің тиімсіз екеніне курста оқып жүргенде көзім жетті. Мен жұмыс істейтін мектебім басқа мектептер сияқты дәстүрлі оқыту жүйесімен жұмыс істейді. Ауылдық жер болғандықтан оқушыларды бірнеше топқа бөлуге болады. Олардың басым бөлігі жоғары оқу орнына түсуді алдына мақсат етіп қойса, енді бір бөлігі білімінің төмендігінен сабаққа белсенділігі өте төмен болып, сабаққа немқұрайлы қарайды. Олардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында мұғалімдер жұмыс жүргізе алмай келеді.  Ол үшін жаңа бағытта өзгеріс жасау арқылы барлық сатыдағы пәндерге сындарлы оқыту жүйесінің 7 модулін игеру қажеттілігі туындайды. Жаңа дәуір оқушылары бұрынғы оқытуды қаламайды. Қазіргі ақпараттық технологияның дамыған заманында , жан-жақтағы ресурстарды пайдалана алмаған мұғалім оқушылардың біліміне , іс-әрекетіне шектеу қояды. Оларға іш пыстыратын тапсырмаларды беріп, стандартты шешім қабылдауға мәжбүрлейді. Бұдан оқушылардың пәнге деген қызығушылығы төмендейді,  тапсырманы орындауға немқұрайлы қарап, көшіруге бейім тұрады. Міне осыдан білімі төмен, өз қалауымен мамандық таңдай алмайтын түлектер саны көбеюде. Сондықтан оқу мен оқытуда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, олардың қызығушылығы мен икемділігіне қарай  бағытталған жұмыстарды жүргізуге бағытталуымыз керек.  Оқушыларды қателесуден қорықпайтын, шығармашылыққа , тәуекелшілдікке бағыттала алатын тұлға ретінде қалыптастыруымыз қажет. Оқушылардың қазіргі заман талабына сай өзгеруі үшін , бұл аса маңызды қажеттіліктер. Осы негізде еліміздегі білім саласындағы елеулі өзгерістердің бірі- 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу. 12 жылдық мектептің мақсаты: жедел дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге қабілетті, өз ойын еркін айта алатын, өзін-өзі дамыта алатын, қоғам талабына сай  жоғары білімді, ұлттық тілді, тари хты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті  бойында қалыптастырған,шағармашылығы дамыған,бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес мәселесі мемлекеттік дәрежеде көтеріліп отыр. Сондықтан білім жүйесінің мазмұны мен оқыту әдістемесінде де өзгерістер болуда. Оқытудың қандай жолы қолданылса да екі көзқарас бар. Біріншіден,оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі,екіншіден, оқытудың оқушы мен мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. (МАН,11б)

 

12 жылдық білім беруге бағытталған  жаңа форматтағы оқу мен оқытудың кембриждік әдіс –тәсілдерін қазақстандық  мұғалімдер де меңгеруде.  Өзім оқып жатқан бірінші деңгеі бағдарламасы оқытуды басқару мен көшбасшылық мәселесін көтеруге бағытталған. «МАН,15б) Бірінші бетпе-бетте алған білімімді мектептегі іс-тәжірибе кезінде  жүзеге асыруға талаптандым. Кембриждік әдіс-тәсілдердің тиімділігіне мектептегі тәжірибе кезінде көз жеткіздім.  Оқушылардың білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады. (МАН,69б)  Сондықтан мектеп жұмысының негізгі басымдықтарын анықтай отырып, даму жоспарын жасадым. Сындарлы оқыту теориясын  және оқытуды, 7 модулін сабақтарыма енгізуді шештім. Осы арқылы мұғалімдердің осы бағдарламға деген қызығушылығын оятсам, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята алармын деген мақсат қойдым. Қазіргі мұғалімдер  бұрынғы көзқараспен қала алмайды, сондықтан ең алдымен  ұсатанымын өзгертуі қажет. Кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның болжамдарының, білімі мен ұстанымының,көзқкркстарының жиынтығынан тұруы тиіс (МАН,7б)

 Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, алаштың аптал азаматы Мағжан Жұмабаевтың мына бір қанатты сөзі мені қатты ойландырды: «Қазақтың тағдыры,келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға / қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады»  «Мектеп» деген терең ұғым. Осы мектепте білім алатын оқушылардың тағдырын ата-аналар ұстаздардың қолына сеніп тапсырған . Сондықтан да бұрынғы кеңес үкіметі кезіндегі дәстүрлі сабақтармен жүруге болмайтынын, заманның ағымына қарай өзгеру керек екенін түсіндім, келешек еліміздің азаматтарының алдындағы жауапкершілікті сезіндім. Осындай ойдың жетегінде жүрген мен біліктілікті арттыру курсына баруды ұйғардым. Әрине, алғашқы кезде жүрексініп, қобалжыған кезім де болды. Бағдарламаны игеріп , оны өз тәжірибемде қолдансам деген мақсат қойып, өзімнің біліктілігімді жетілдіру керектігін түсіндім. Бірінші(ілгері)деңгей бағдарламасының мұғалімге артатын жүгінің ауырлығын алғашқы күннен-ақ сезіндім. Бағдарламаның негізгі мақсатын бірден ұғыну қиын болды. Өзімнің оқыту мен оқудағы бұрынғы әдістерімді саралай келе, белгілі бір шеңбердің ішінде қалып қойған сияқты сезіндім. Ол шеңберден шығу үшін өз-өзімді реттеу арқылы  қажетті әдіс-тәсілдерді меңгеріп,алдыма мақсат қоя отырып, іс-тәжірибемді жетілдіруге тиістімін.Бағдарламадағы заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуге басты назар аудару болып табылады,ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында (МАН) деген пікірді ой елегінен өткізе отырып, оқушылардың білімін жетілдіру үшін өз бетінше ізденуге бағыт-бағдар керектігін, оларға еркіндік беру арқылы пікірлерін ашық айтуға дағдыландыру қажеттігін және алған білімдерін қолдана білуге үйрету қажеттігін түсіндім.  Мектебімдегі оқытуды басқару жүйесіне қажет өзгерістер төңірегінде айтатын болсам, қазіргі кезеңдегі мектеп көшбасшысы деген ұғымды біз мектеп директоры ретінде қабылдаймыз. Біздің мектептеріміз бұйрықты күтіп, жоспарланған жұмыстарды ғана атқарады. Мектеп басшылары мұғалімдерге еркіндік бергісі келмейді және жаңалықты қабылдағысы келмейтіні мектептегі іс-тәжірибеміз басталған күннен-ақ айқын көріне бастады. Осыдан бастап мен оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерге терең үңіліп, мүғалімдерді қызықтыру жолдарын ойластырдым. Коучинг-семинар өткізуге мұқият дайындалып, «көшбасшылық» туралы мұғалімдердің,әсіресе мектеп басшыларының түсініктерін қалыптастыруға тырыстым. Семинар барысында бағдарламаның 7 модулі туралы  түсінік беріп,  қалай оқыту керектігін үйрету, сабақта топпен білім алуға дағдалану, білімді талқылай отырып игеруге болатынын, туындыған проблемаларды өздері шешуге болатыны туралы мағлұмат бердім. Осы бойынша менің түйгенім, енді білімнің мазмұны оқушыларды шығармашылыққа баулитын, өмірмен байланыста болатын, білімін қажетті жағдайда қолдана алатын, ғұмыр бойына білім алуға дайындау мақсатын көздеу керек. Оны жүзеге асыру үшін оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру қажет,  өзгеріс жекелеген мектептерде , жекелеген сыныптарда , жекелеген мүғалімдерден басталуы керек. Солардың  бірі ретінде менің мектебім, менің оқушыларым, менің өзім болуым тиіс деп ойлаймын. Сондықтан көшбасшы мұғалім ретінде менің алдымда тұрған міндеттің салмақты екенін түсінемін. Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу үшін мектеп мұғалімдерін жұмылдырып, коучинг-семинарлар, тәлімгерлік, кәсби қоғамдастық жұмыстарын жүргізу қажет деген мақсат қойдым. Әрине, тәжірибе кезінде айтарлықтай жетістікке жетпесем де бұл өзгерістің бастамасы ғана, балшақта мектептің өзгеруіне қолымнан келгенінше аянбай еңбектенемін деп ойымды қорытындылағым келеді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "І деңгей А есебі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 086 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.05.2016 1192
    • DOCX 33 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Туякова Зинегул Куандыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Туякова Зинегул Куандыковна
    Туякова Зинегул Куандыковна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25214
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 183 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек