Инфоурок Обществознание КонспектыҚұқық күнделікті сабақ жоспары

Құқық күнделікті сабақ жоспары

Скачать материал

 

Сыныбы : 9      Мерзімі :

Сабақтың тақырыбы: Адамдардың өзара қатынас әлемі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға өмір және оның мәні туралы түсіндіру.

Тәрбиелік: оқушыларды адами құндылықтарға – мінез құлық, ақыл-парасат, адамгершілік қасиеттерге, бірін –бірі құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: осы тақырыптың мәнің аша отырып, махаббат, бақыт тақырыптары туралы ой қозғау.

Көрнекілігі: cызбалар

Әдісі: баяндау, өзара белсенділікті арттыру.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезең

Үй тапсырмасын тексеру

1.      Қабілет дегеніміз не?

2.      Жад дегеніміз не?

Жад қандай қызмет атқарады?

Білімдерін жан-жақты тексеру

Мектеп баланың бойындағы қабілетті қалай ашады?

Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары

Өмірдің мәні.

Бақыт түсінігі.

Адасу.

«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтан, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды»,-деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.

Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: «Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол» деп өсиет қалдырғаны белгілі. Әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын адам туралы әңгіме болып отырғаны анық.

Адам өмірінің мәні оның қызметінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады.

Тарихтаң түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы-сол адамның өзі. Және ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.

Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз тоқталмай өте алмайтын бір ұғым бар. Ол-бақыт ұғымы. «Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде» деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.

Бақыт дегеніміз - адамның өзінің болмысының шарттары мен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын, адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы.

Өмір және оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады. Осы бағытты қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, өнер қайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды. «Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ.

Ал шығармашылық жұмыстармен айналысатын адамдардың өз бақытын ерінбей, жалықпай, маңдай терін сыпыра еткен еңбегінен табуының мысалдары айшықтырақ көрінеді.

Коптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер де аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро-эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өмірлерін қиюға да дайын еді.

Шын махаббат екі жақтың психологиялық үйлесуінен, олардың бірін-бірі үнемі аңсап тұруынан, түптеп келгенде, өмірге ұрпақ келтіруге бастап апаратын жұптасқан тұрмыс құруынан көрініс береді. Махаббат – адам өмірінің тым шетін, аса нәзік, оның бақытына тура қатысты бір маңызды қыры.

Бақыт деген – адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бақытты болу немесе бола алмау – адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып қойылған бағдарлама да емес. Бақытты болу – әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.

Еңбекпен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығынан немесе достар арасындағы толық түсіністікті сыр шертісулерден тыс қалған адам бақытты өзге жақтан іздейді. Адасу осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін есірткі қабылдауға ұласуы әбден мүмкін. Есірткі қабылдаған адамда іштей қанағаттанғандық сезім пайда болып, қайғы мен мұң ұмытылып, көңілі көтеріліп, айналасы қызылды-жасылды түске енеді. Адам қайтадан есірткі іздейді. Адамның өзін –өзі іштей тоздыруы осылай басталады.

Адамның өзін-өзі өлтіру құбылысын суицид дейді. Кейбір психолог ғалымдардың жорамалдауынша, жастарды суицидке итермелейтін факторлардың бірі – бұқаралық сипат алған әділетсіздік. Жеке адамның әділетсіздігі – қоғамдағы әділетсіздіктің құрамдас бөлігі. Қоғамда демократиялық пен жариялылықтың болмауы оның кейбір мүшесін еріксіз әділетсіз жолдарға түсуге итермелейді.Адам ақылдың, ойдың, сезімнің ғана емес, сонымен қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның бойында керемет тәни күш пен қуат бар. Адам рухани қиындықпен қатар, тәни ауыртпалықтың қандайына да төтеп бере алады. Адамның бірегейлігінің өзі осыдан көрініс тапса керек.

Басқаны былай қойғанда, адамның ауасы таза, суы мөлдір, аспаны ашық, айы мен күні орнында, гүлінің хош иісі бұрқыраған жер бетінде аяқ басып жүруінің өзі бақыт. Әрине, адам тек табиғат берген сыйымен шектеліп қала алмайды. Адамға еркіндік, демократия, материалдық және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында.

Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

Суицид дегеніміз не?

Жастар арасындағы адасуға не себеп болады?

Жаңа материалды бекіту:

Өмірдің мәні неде?

«Бақыт» дегенді қалай түсінеміз?

Адасу дегеніміз не?

Үйге тапсырма: «Бақыт- дегеніміз не?»эссе жазу

Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ұжымдағы адам
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға еңбек ұжымы, ұжымдағы адамдардың қарым – қатынасы, ынтымақтастығы, мәдениеті, сыпайылық, әдептілік ұстанымдары туралы баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырма, видео ролик.
Сабақтың түрі: оқушылар топқа бөлінеді.
Пән аралық байланыс: Тарих, биология, әдебиет.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру - оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлау.
2 Үй тапсырмасын сұрау.§6 Адамдардың өзара қатынас әлемі.
Сұрақтар арқылы:
1. Адамдар арасында өмір сүру дегеніміз не?
2. Қарым - қатынас деп нені айтамыз.
3. Адамдардың қарым - қатынас ұғымдарына нелер жатады?
4. Қарым – қатынастың жақтарын ата.
5. Лат. Communication - біріктіремін, байланыстырамын қарым – қатынастың қай жағы?
6. Интерактивті жағы ағылшын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
7. Қарым – қатынастың перцептивтік жағын түсіндір.
8. Қарым – қатынас түрлерін ата?
9. Адамдардың өмірлік қызмет аясы қандай?
10. Қарым - қатынастың формаларын ата.

3. Жаңа сабақ
Жоспар
1. Еңбек ұжымы, қарым - қатынас мәдениеті және этикет.
2. Ұжымдық қарым – қатынас үдерісіндегі демократиялық.
3. Ұжымдағы адамдардың ынтымақтастығының өндіріс үдерісіне әсері.
4. Қарым - қатынастағы сыпайылық, әдептілік ұстанымдары.

4 Видео ролик
Слайд арқылы: Ұжымдағы адам.
Қарым - қатынастың екі жағдайы.
Демократиялы.
Ұжымдағы қызметі алға басу үшін.
Тіл белгілеріне қарай қарым-қатынас түрлері.

Сабақты бекіту: Үлестірмелі тапсырмалар.
1 - топ
1. ----------- бұл – адамдардың өзара -------- формасы, өзара ----------- және эмоциялыққатынас актісі.
2. Ұжымдағы басшыңызбен қарым-қатынас орнатып, қатынастың қай түріне жататынын анықтаңыз.
3. Тест
Сөйлеу мәдениеті дегеніміз бұл -
а ) әдеби тілдің ауызша, жазбаша нормаларын меңгеру
б) мақсат пен істің мазмұнын іріктей алу
в) ойды тиянақты жеткізу
г) барлығы дұрыс

2 - топ
1 Ұжымдық қызмет алға басу үшін қажетті шарттар.
2 Ұжымыңызбен вербалды емес қарым - қатынас орнатыңыз.
3 Қарым - қатынас түрлері ата.
3 - топ
1 Қарым – қатынастағы демократиялықты түсіндір.
2 Адамдардың белгілі бір --------- қолданып қарым - қатынасқа түсуі
------------------- қарым - қатынас деп аталады.
3 Адамдар арасындағы қарым - қатынастарда біреудің екіншіге
үстемдік жүргізуі құптарлық әрекет пе?

4 - топ
1. Еріктік қатынас тұрғысынан тең пікірлесушілер қарым – қатынасын көрсетіңіз.
2. Төте және жанама қарым – қатынас айырмашылығын атап көрсетіңіз.
3. Қазіргі заманғы ғылыми техникалық прогрессте қарым – қатынас қалай жүргізіледі?
Үйге тапсырма:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ тақырбы: Қоғам ерекше құбылыс    Мерзімі: 01.11. 2017ж

Мұғалім : Ж. Жолдасбекова      Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

Қоғам ұғымы туралы терең түсінік алады. Адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесін біледі.

Сабақ нәтижесі:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Тақырыпты оқулықтан оқып шығады,түсінеді. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

 

Оқушылардың көбі мынаны орындай алады: Бір-біріне үйретеді.

Өз бетінше жұмыс жасайды.

 

 

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Берілген күрделі тапсырмаларды орындайды.

 

 

Тілдік мақсат:

Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:

Ресурстар:

Оқулық, Оқу-құралдары, КБ. БП. АКТ

Әдіс-тәсілдер:

  1. Сұрақ – жауап; 2) баяндау; 3) әңгімелесу; 4) ізденіс; 5) топпен жұмыс; 6) жұппен жұмыс; 7) жеке жұмыс; 8) проблемалық; 9) ойын сауық;

Пәнаралық байл:

Тарих, өзін – өзі тану, география

Алдыңғы оқу:

Ұжымдағы адам

Сабақтың жоспары:

Жоспарлан-

ған уақыт:

Сабақтың барысы:

Бағалау түрлері :

І. Ұйымдас- тыру кезеңі:

2 минут

  1. Психологиялқ ахуал қалыптастыру.
  2. Сәлемдесу.
  3. Сынып реттілігін қадағалау, оқушыларды түгендеу
  4. Оқу құралдарын байқау
  5. Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау
  6. Ынта – зейіндерін аудару.

 

ІІ. Кіріспе бөлім: Үй тапсырмасын сұрау:

10 минут

Тақырып: Ұжымдағы адам

 

1-деңгей: (үйге берілгенді оқу, түсінік айту т.б) Ұжымдағы адам туралы түсінік айтады.

2- деңгей: ( сұрақ, жазба жұмыс, т.б.) тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап береді

3-деңгей: ( оқулықтан тыс жұмыс, реферат,өнім қорғау, күрделі тапсырмалар,т.б.) тес құрастырып келеді

 

Бағалау: әр топтағы немесе сыныптағы «Бағалаушы» өкілдер бағалау парағындағы қалыптастырушы бағаларын хабарлайды.Мұғалім жиынтық баға қояды

Қалыптасты-рушы баға

 

 

Жиынтық баға.

ІІІ.Қызығушы-лықты ояту : 2 мин

 

ІҮ. Негізгі бөлім: Мағынаны тану.

10 мин

 

 

 

V. Ой толға-

ныс: 4 мин.

 

Сын тұрғысынан ойландыру. «Қоғам», «құбылысы»,

 

Жаңа тақырып: Қоғам ерекше құбылыс

 

Айтылым – тыңдалым1.Оқушының кейбірі: ( ІІІ деңгей ) «Білемін» әдісімен жаңа тақырыпты түсіндіреді, тыңдалым болады. 2. Оқылым. Көпшілік оқушылар: ( І,ІІ деңгей )«Бірлескен оқу» әдісі бойынша оқулықтан жаңа тақырыпты іштей оқу жұмысын жасайды,оқылым жүреді. 4 мин..Бұл уақытта жаңа сабаққа үйде оқып, түсініп келген оқушылар ( ІІІ деңгей,ДТО) мұғалім берген күрделі тапсырманы орындап отырады.

3. Пікірлесу минуты. 4.Жаңа тақырып бойынша «Не білдім?» әдісімен оқушылар жұпта, топта білімдерін ортаға салады. Диалогқа түседі.5.Жаңа тақырыпты қорғайды (Кластер,постер,түсінік айту) 6.Дамыту жұмысы: Отбасы кодексінің 11 – бабында неке қиыуына жол берілмейтін негіздері тізімі берілген. Осыған өз ойларың мен қосар әлде алу үшін пік талас жүргізу.

 

Дәптермен жұмыс: Қоғам туралы конспект жаздырамын, кестені толтырамын.

 

 

Критерийал-ды бағалау:

1.Түсіну

2.Талдау

3.Меңгеру

Қорытынды бөлім:

 

Сабақты бекіту: 10 минут

Сын тұрғысынан ойландырып,жаңа сабақты бекіту:

Біз қоршаған ортаны оқушылармен пікір талас өткізу Адам мен қоғамға ортақ байланысын атап беру. «Венн диаграммасы» 1) Ұжымдағы адам 2) қоғамдағы құбылыс 3) Ұқсастығы.

9 – сыныптағы Адам. Қоғам. Құқық» пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Бір – біріне сәтті күнді тілеу

 

Жаңа сабақты меңгеру

Білім

Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлауын одан әрі жетілдіру

Бақылау

Оқушылар оқулық мәтінін пайдаланып, тапсырманы орындайды

Оқулықтан «экономика», «экономикалық жүйе» терминдерін тауып алып, мағынасын жазып алады, бір-біріне түсіндіреді.

 

Түсіну

Мәтін мазмұнынан негізгі ойды бөліп алу.

Тапсырма беру

Оқулықты пайдаланып, терминдерді сәйкестендіреді

Қажеттілік .... Экономика ....

Кәсіпкерлік ... Экономикалық жүйе ....

Өндіріс ... Өндіргіш күштер ...

 

Қолдану

Оқушылар топ ішінде бірлесе жұмыс атқарады, бір – бірінен үйренеді

Оқушыларды бағыттау

Оқушылар жеке мәтінмен танысады. Топта ойларын ортаға салады.

Ассоциация

Өндіріс факторлары

Бас бармақпен бағалау

Талдау

Диалогқа түсу дағдыларын қалыптастыру

Тапсырмаларды орындатқызу

Оқушылар ойларын өз сөздерімен жеткізеді

Өндіріске анықтама беріңдер. А. Маслоудың қажеттілік иерархиясын талдаңдар. Өз ойларынды дәлелдеңдер.

 

Көшбасшының бағалауы

Синтез

Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Тапсырманы түсіндіру, бағыт – бағдар беру.

Постер салу

Адамның негізгі қажеттіліктерін атаңдар, экономсикалық жүйе деген не?

 

Бағалау

Нақты шешім жасауға үйреніп, өздеріне сенімдері артады.

Сұрақтар қою

Ойланады, ой қорытады

Постерге сүйеніп тақырып бойынша қорытынды жасаңдар

Стикерлер

Үй тапсырмасы

Алған білімдерін есте сақтау

Үй тапсырмасын беру

Үй жұмысын жазып алу

Тақырыпты оқып, мазмұндау

 

 

 

 

 

Жас кукуктанушы сабак жоспары

Тақырыбы: Құқық туралы жалпы түсінік

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Құқық туралы жалпы түсінік туралы жүйелі білім беру    

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі:  1)сұрақ — жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен  жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар:  оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз (грек. socitas — қоғам, лат. norma — ереже, үлгі).

Құқықтық нормалар. Құқыктың пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Мемлекет тарапынан бақылауға алынған, нормативтік актілерде нақтыланған, орындалу тетігі қалыптастырылған нор­малар болғандықтан, құқық ережелерін сақтау мемлекеттің барлық азаматтары үшін міндетті болып табылады. Құқұық дегеніміз — мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

Құқық негіздеріне мемлекеттің басты негізгі заңы — Конституциясы, салалық заңдары және басқа құқық нормалары тұжырымдалған мемлекеттік нормативті актілері жатады. Құқықтың мазмұны құқықтык нормалардың жиынтығынан тұрады.

Құқықтың ерекшелігі — оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатынында. Ал моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

Діни нормалар. Түрлі діндердің міндеттелетін қағидалары, ережелері, салттары болады. Діни нормалардың
қайнарлары — Құран,  Библия басқа  қасиетті кітаптар. Кейбір елдерде діни нормалардың заңды күші бар.

Ғұрып нормалары деп ұзақ уақыт бойы адамдар арасындағы қатынастарды реттеу үшін қолданылып келген ұстану ережелерін айтамыз. Олардың кейбіреулері мемлекеттің араласуынсыз қоғамда қалыптасып кеткен. Мұндайда ғұрып нормаларын бұзуға қоғам тарапынан да, мемлекеттік органдар тарапынан да мәжбүрлеу қолдануға түрткі болуы мүмкін.

Кортюративтік нормалар қоғамдык ұйымдардың жарғыларымен, ережелерімен, басқа актілерімен орнатылады. Корпоративтік нормалар тек олардың өздерінің құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін айқындайды. Корпоративтік нормалар саяси партиялардың, кәсіподак және жастар мен балалар ұйымдарының, әскердің, полицияның жарғыларында жазылады.

Мемлекет  пен  оның  органдары тарапынан құқыктық нормалардың орындалуы, заңдардың бұзылмауы қадағаланды. Құқыктық тәртіпті қорғайтын, заңды бұзушыларды жауапқа тартатын арнаулы органдар — полиция, сот, прокуратура, әскер құрылды.

Құқық жүйесі үш құрауыштан — құқықтан, құқыктық идеологиядан және құқықтық мекемелердің қызметінен тұрады. Құқық — мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі. Құқықтық нормалар тек заңдардан ғана тұрмайды, басқа нормативтік құқыктық актілерде де көрсетіледі. Мемлекеттік органдарға нормативтік құқыктық актілер қабылдау құқығы берілген. Президент — нормативтік жарлықтар, Үкімет — нормативтік қаулылар, министрліктер — нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар — нормативтік шешімдер қабылдайды.

Құқық және заң. Құқық жүйесінде заңдар ерекше орын алады. Заңға мемлекеттік биліктің жоғары ор­ганы — парламент қабылдаған нормативтік актілер жатады. Заң — ең жоғары юрисдикциялық күш. Заңдар адамның құқықтық мәртебесін анықтайды.

Капитализм тұсында ғана жұмысшылар мен шаруалар азаматтық мәртебеге ие болды, бірақ өмір сүру үшін олар жеке кәсіпкерлерге жалданды.

Француз революциясының негізгі құжаты — «Адам мен азамат құқықтарының декларациясы» (1789) тарихта тұңғыш рет азаматтардың заң алдындағы теңдігін, жеке адамның бас бостандығын жариялады

 

 

Бекіту кезеңі:

  1. Әлеуметтік норма мен құқықтық норма ұғымдарының арасын ажыратып көрсетіңіздер.
  2. Құқық пен заң арасында қандай байланыс бар?
  3. Діни нормалардың ерекшеліктері қандай?

 

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 29

Мерзімі___________
Сабақтың тақырыбы:§ 30. Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға ежелгі түркі тайпаларының құқықтық нормаларын, ұлттық құқық жүйесінің бастаулары, қазақ хандарының құқықтық жүйелеріне түсінік беру.
Тәрбиелік: заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушы бойына жауапкершілік принципін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі:тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Құқық дегеніміз не?
2. Құқықтық жүйе дегеніміз не?
3. Діни нормалардың ерекшеліктері қандай?
4. Зайырлы мемлекеттегі діни нормаларға көзқарас қандай?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
1. Әлеуметтік нора мен құқықтық норма ұғымдарының арасында қандай айырмашылықтар бар?
2. Құқық пен заң арасында қандай байланыстар бар?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Түркі құқық жүйесінің негіздері.
2. Отбасылық құқық.
3. Моңғол құқық нормаларының таралуы.
4. Ұлттық құқықтық жүйенің орнығуы.
Қазақ халқының мемлекеті мен құқықтық жүйесі Қазақстанның ұлан – ғайыр өлкесін мекендеген көшпелі тайпалар- сақтардың, олардан кейінгі үйсіндер мен қаңлылардың қоғамдық құрылысындағы әскери-демократиялық үдерістерден бастау алады.
VII ғасырдың басында Алтай өлкесінде құрылған Түрік қағанаты- Шығыс және Батыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінеді.Әрбір қағанат өз алдына жеке саяси құрылым болып, өздерін «ел» деп аталады.Қағанаттарда құқықтық ғұрыптар қалыптасып, төру деп аталған жазба заңдар пайда болды.
Түрік қағанатында экономика мен сауданың дамығандығы тауар деген ұғымның қалыптасуынан көрінеді. Бұл сөз XIII ғасырдағы түркі ескерткіштерінде кездеседі. Қазір де тауар, табыс дегенді білдіретін бұл сөз М.Қашқаридың сөздігінде мал-мүлік, өндірілген өнім ұғымдарын білдіретіні айтылады. Тауарға байланысты қатынастар заңмен реттеліп отырады. Тауарды сатуға, сатып алуға, біреуге мұра етіп қалдыруға болатын еді.
Басқа қоғамдар сияқты, Түрік қағанатында да әрқилы қылмыстар- кек алу, барымта, тонау сияқты түрлі зрлық-зомбылықтар болып тұратын. Мұндай қылмыстар үшін жазалар қолданылады.
Өлім жазасы өте сирек, ал жазаның өзге түрлері, соның ішінде, дүре соғу жиі қолданылады. М.Қашқаридың жазбаларында «Қанды қанмен жумас болар» деген мәтел кездеседі.Ежелгі түркілерде қылмыстыға жаза тартқызудың тиімді түрі-құн төлету болды.Түрік қағанат тұсында қалыптасқан құқықтық ұғымдар кейінгі дәуірлердегі саяси құрылымдардың мемлекеттік-құқықтық әміріне мықтап сіңді де оларды қазақ халқы мирас етіп қабылдап алды.
Қазақстан қоғамы дамуының табиғи-тарихи үдерісін XIII ғасырдағы моңғол-татар шапқыншылығы бұзып жіберді.
Моңғол-татарлар үстемдігі орнағаннан кейінгі кезеңде тарихқа танымал заңдар жинағы – «Шыңғыс ханның жасасы» пайда болды. «Жаса» бойынша басыбайлық тәртіп орнатылады. Әскери және құқықтық тәртіпті бұзушыларға өлім жазасы қолданылады.
Қазақ халқының ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы XV ғасырдың орта шнінде Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты.Қасымханның тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталады.
«Қасым ханның қасқа жолы» бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде малға, мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалады. Екінші бөлімде түрлі қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар тұжырымдалған. Үшінші бөлім- әскери қызмет атқару ережелеріне және әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаларға арналған. Төртінші бөлімге елшілік қатынастарды реттейтін номалар- елшілерді тағайындау, басқа елдердің елшілерін қабылдау, шет мемлекеттер өкілдерімен келіссөз жүргізу рәсімдері енгізілген. Бесінші бөлімде аруақтарға арнап ас беру, түрлі той-думандар, тағы басқа дәстүрлі шараларды өткізу тәртібі айтылады.
Қасымханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Есім хан бұрынғы құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берген.
Қазақтың құқық жүйесіне келесі елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан болды. Ол «Жеті жарғыда» бірпсыпыра жаңа, прогресті құқықтық ережелер бар.

6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
Салыстырмалы анализ жасап кесте толтыру

«Қасым ханның қасқа жолы» «Есім ханның ескі жолы» Тәуке ханның «Жеті жарғысы»



7. Жаңа материалды бекіту:
1. Ислам дінінің құқыққа әсері қандай болды?
2. Отбасылық құқық дегеніміз не?
3. Төру ұғымы нешінші ғасырға дейін қолданылып келді?
8. Үйге тапсырма:§30. Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан
9. Бағалау:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік  хат

         1.Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  ( бастауыш, негізгі  орта, жалпы  орта  білім  беру  )  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартынаи  сәйкес  әзірленді.

       2. Пәнді  оқытудың мақсаты-дүниетаным құрылымы ,негізгі элементтері және тарихи түрлері ,филисофияның  адам мен қоғам өміріндегі рөлі, құқықтық реттеудегі адамның орны туралы жүйелі білім қалытастыру,Азаматтық ұстаным, өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметпен  қарауын тәрбиелеу;

3.Пәнді оқытудың міндеттері:

1)оқушылардың қоғамдық даму заңдылығы мен  ұғымын қалыптастыру;

2)ақыл-ой мәдениеті ретінде филосфияның ерекшеліктерін түсіндіру;

3)Адам құндылығы ,құқығы мен бостандығы туралы білім беру ;

4)этникалық және тұлғааралық қатынастарда  төзімділікті  сақтауға тәрбиелеу;

5)ғылыми және терменологияны қолдана білуге үйрету;

6)оқушыларды сыни тұрғыдан  ойлай білуін дамыту;

 7) Оқу жүктемесінің  көлемі:

9-сыныпта аптасына -1сағат,оқу жылына 34 сағат;

Оқу жүктемесінің  көлемі қоғамдық-гуманитарлық бағыт:

10-сыныпта аптасына -1сағат,оқу жылына 34 сағат;

11-сыныпта аптасына -1сағат,оқу жылына 34 сағат;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

9-сынып

Адам.Қоғам. Құқық  пәнінен  күнтізбелік-тақырыптық  жоспары

(

§

Тақырыптың   атауы

Сағат

саны

Уақыты

Ескерту

1бөлім.Әлемдегі адам.1- тарау.Адам  мәселесі

1.

§1

Адам

1

 

 

2.

§2

Адам  өмірінің  ерекшеліктері

1

 

 

3.

§3

Әр адам –қайталанбас тұлға

1

 

 

2-тарау .  Адам және мәдениет

4.

§4

Адамның қызметі

1

 

 

5.

§5

Адам-мәдениетті жасаушы

1

 

 

3-тарау.  Адам және адамдардың қарым қатынасы

6.

§6

Адамдардың өзара қатынас әлемі

1

 

 

7.

§7

Ұжымдағы адам

1

 

 

8.

 

Қайталау

1

 

 

2 бөлім. Қоғам:өмір аялары және олардың әрекет ету заңдылықтары.

4- тарау.  Қоғам туралы түсінік.

9.

§8

Қоғам ерекше құбылыс

1

 

 

10.

§9

Қоғамдық өмірді ұйымдастыру

1

 

 

5- тарау.Қоғамның экономикалық өмірі

11.

§10

Экономика ұғымы

1

 

 

12.

§11

  Экономика және меншік

1

 

 

13.

§12

 Нарықтық қатынастар және  ақша.

1

 

 

6-тарау.Қоғам  өмірінің  әлеуметтік   құрылымы

14.

§13

Әлеуметттік қатынастар

1

 

 

15.

§14

Отбасы және қоғам

1

 

 

16.

§15

Ұлттар және ұлтаралық қатынастар

1

 

 

7-тарау. Қоғамның  саяси  өмірі

17

§16

Саясат және билік

1

 

 

18.

§17

Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі

1

 

 

19.

§18

Азаматтық қоғам

1

 

 

8-тарау. Қоғамның рухани өмірі

20.

§19

Қоғамның рухани  негізі

1

 

 

21.

§20

Білім мен ғылымның қоғамдағы рөлі

1

 

 

22.

§21

Діннің қоғамдағы рөлі

1

 

 

23.

 

Қайталау

1

 

 

3-бөлім.Құқық және аданың өмірі

9-тарау. Құқық ұғымы және  негізгі құқықтық  құбылыстар

24.

§22

Құқық және заңдылық

1

 

 

25.

§23

Құқықтық қатынастар

1

 

 

26.

§24

Құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік

1

 

 

10-тарау. Конституция –мемлекеттің негізгі заңы

27.

§25

ҚР-ның Конституциялық құрылымының негіздері

1

 

 

28.

§26

Мемлекеттік биліктің Конституциялық органдары

1

 

 

11-тарау.Құқықтың базалық салаларының негізгі ұғымдары

29-30.

§27

Азаматттық құқық

2

 

 

31.

§28

Әкімшілік құқық

1

 

 

32.

§29

Еңбек құқығының  негізгі  ұғымдары

1

 

 

33.

§30

Қылмыстық құқықтың негізгі ұғымдары

1

 

 

34.

 

 

Қайталау

1

 

 

 

 

10- сынып.  « Адам. Қоғам. Құқық»

қоғамдық-гуманитарлы  бағыты (1  сағат-  жылына 34 сағат )

  Тақырыптар

  Сағат  саны

  Мерзімі

  Ескерту

 

«Адам  және  дүние»

 

9

 

 

1-2

«Адам және оның 

дүниетанымы»

2

 

 

3-5

«Адамның  дүниеге  деген  танымдық  қатынасы»

3

 

 

6-8

«Адами қызметтегі бостандық, қажеттілік және жауапкершілік»

3

 

 

9

 Қайталау

1

 

 

 

«Қоғамдық  қатынас  жүйесіндегі  адам»

14

 

 

10-11

  Қазіргі қоғам

2

 

 

12-14

  Әлеуметтік  қатынастар

3

 

 

15-17

 Нарықтық  субьектінің  экономикалық тәртібі

3

 

 

18-19

  Саяси  жүйе

2

 

 

20-22

Рухани мәдениет

3

 

 

23

  Қайталау

1

 

 

 

«Қоғамдық  қатынасты  құқықтық реттеу»

10

 

 

24-25

    Адам  және  азаматтың құқығы  және міндеттері

2

 

 

26-29

Жеке  құқықтың  негізгі  салалары

4

 

 

30-32

 Көпшілік  құқықтың  негізгі  салалары

3

 

 

33

 Қайталау

1

 

 

34

  Қорытынды  қайталау

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10- сынып.  « Адам. Қоғам. Құқықо

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құқық күнделікті сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 312 материалов в базе

Материал подходит для УМК

  • «Обществознание», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Давыдова С.М., Николаева А.А., Корпачёва Л.Н., Павлова Н.С., Паршина С.В.

    «Обществознание», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Давыдова С.М., Николаева А.А., Корпачёва Л.Н., Павлова Н.С., Паршина С.В.

    Тема

    Глава 4. Каковы законы взаимодействия с властью? (сфера политики)

    Больше материалов по этой теме
Скачать материал

Другие материалы

Доклад на тему" Принципы выявления и пути развития одаренных детей"
  • Учебник: «Обществознание», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Давыдова С.М., Николаева А.А., Корпачёва Л.Н., Павлова Н.С., Паршина С.В.
  • Тема: Глава 4. Каковы законы взаимодействия с властью? (сфера политики)
  • 15.12.2018
  • 1457
  • 7
«Обществознание», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Давыдова С.М., Николаева А.А., Корпачёва Л.Н., Павлова Н.С., Паршина С.В.
Конспект урока на тему "Правовые основы брака и семьи».
  • Учебник: «Обществознание», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Давыдова С.М., Николаева А.А., Корпачёва Л.Н., Павлова Н.С., Паршина С.В.
  • Тема: Глава 4. Каковы законы взаимодействия с властью? (сфера политики)
  • 14.12.2018
  • 272
  • 0
«Обществознание», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Давыдова С.М., Николаева А.А., Корпачёва Л.Н., Павлова Н.С., Паршина С.В.
Проект по обществознанию школьный спортивно-патриотический клуб «Русский рукопашный бой».
  • Учебник: «Обществознание», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Давыдова С.М., Николаева А.А., Корпачёва Л.Н., Павлова Н.С., Паршина С.В.
  • Тема: Глава 4. Каковы законы взаимодействия с властью? (сфера политики)
  • 22.11.2018
  • 571
  • 1
«Обществознание», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Давыдова С.М., Николаева А.А., Корпачёва Л.Н., Павлова Н.С., Паршина С.В.
Рабочая программа для подготовки к ОГЭ по обществознанию
  • Учебник: «Обществознание», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Давыдова С.М., Николаева А.А., Корпачёва Л.Н., Павлова Н.С., Паршина С.В.
  • Тема: Глава 4. Каковы законы взаимодействия с властью? (сфера политики)
  • 02.11.2018
  • 1017
  • 16
«Обществознание», Данилов Д.Д., Сизова Е.В., Давыдова С.М., Николаева А.А., Корпачёва Л.Н., Павлова Н.С., Паршина С.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.01.2019 1463
    • DOCX 48.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметова Айжан Мейрамовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметова Айжан Мейрамовна
    Ахметова Айжан Мейрамовна
    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15271
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 914 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по обществознанию в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 869 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Обществознание» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 53 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 306 человек

Мини-курс

Основы игровой деятельности дошкольников: роль игр в развитии детей

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
Сейчас в эфире

Религиозно-философские традиции Китая

Перейти к трансляции