Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / Ғылыми жоба "Шәкәрім - тұңғыш философ" (7 класс)

Ғылыми жоба "Шәкәрім - тұңғыш философ" (7 класс)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

 Шәкәрім Құдайбердіұлы – ұлы философ
Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебі       Жоба тақырыбы: Шәкер...
Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебінің 7 класс оқушысы Аманова Нұрзаданың «...
Мазмұны Кіріспе I Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы II Шәкерім – Аба...
Зерттеу жұмысының мақсаты: Өмірі мен шығармашылығының мәні мен маңызын ұғыну...
I.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы 	 	 Қазақ поэзиясының асқ...
деп сұрайды.Сол сауалға өзі жауап беріп, «Жақсы адам дегеніміз – мейірімді,ы...
II.Шәкерім – Абайды жалғастырушы  Сондықтан да жалпы адамзатқа тән асыл қасие...
III.Шәкәрім философиялық ойларын сопылық дәстүрге негізделген Шәкерім адам өм...
Өзім билеп», дегеніміз, тіпті ұят!”–дейді Шәкәрім. Әр нәрсенің себебі бар, со...
Тыңдағандарыңызға рахмет
1 из 11

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1  Шәкәрім Құдайбердіұлы – ұлы философ
Описание слайда:

Шәкәрім Құдайбердіұлы – ұлы философ

№ слайда 2 Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебі       Жоба тақырыбы: Шәкер
Описание слайда:

Ақтөбе облысы Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебі       Жоба тақырыбы: Шәкерім - ұлы философ   Секциясы: Қазақ тілі мен әдебиеті   Орындаған: Аманова Нұрзада   Жетекшісі: Жартыбаева Арай       2015 – 2016 оқу жылы

№ слайда 3 Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебінің 7 класс оқушысы Аманова Нұрзаданың «
Описание слайда:

Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебінің 7 класс оқушысы Аманова Нұрзаданың «Шәкерім - тұңғыш философ» атты ғылыми жұмысына   Пікір Алға ауданы Маржанбұлақ орта мектебінің 7 класс оқушысы Аманова Нұрзаданың ғылыми жұмысқа арқау етіп алған тақырыбы «Шәкерімнің өмірі мен шығармашылығына» арналған. Жалпы Шәкерім тақырыбы көп еңбектенуді,тер төгуді,мұқият зерттеуді қажет етеді.Сондықтан «Шәкерім тұңғыш философ» тақырыбын ғылыми жұмыс ретінде қарастырды.Аманова Нұрзаданың көтерген тақырыбын сәтті алып шықты деп айта аламын. Нұрзада ғылыми жұмысын жазу барысында көп еңбектенген.Кітапханадағы әдебиеттерді қарастырған.Өзінше талдау жасаған.Әсіресе Шәкерім қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қарастырған.Шәкерімді дүниетанымдық тұрғыдан жаңа бағытта,жаңа заманда туралы құнды пікірлер айтқан.Шәкерім шығармашылығында әдебиеттегі жаңашылдық пен дәстүр ұғымдардың нақты белгісін көреміз. Ғылыми жұмыс осынысымен құнды.Жас зерттеуші осы тақырыпты одан әрі кеңейтіп бұдан былайда еңбектенсе, бұдан зор еңбек жазалатынына сенемін.     Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: А.Қ.Жартыбаева

№ слайда 4 Мазмұны Кіріспе I Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы II Шәкерім – Аба
Описание слайда:

Мазмұны Кіріспе I Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы II Шәкерім – Абайды жалғастырушы III Шәкерім философиялық ойларын сопылық дәстүрге негізделген Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер тізімі

№ слайда 5 Зерттеу жұмысының мақсаты: Өмірі мен шығармашылығының мәні мен маңызын ұғыну
Описание слайда:

Зерттеу жұмысының мақсаты: Өмірі мен шығармашылығының мәні мен маңызын ұғыну,оның шығармаларын зерделеп халыққа жеткізу.Шәкерім шығармашылығының көркемдік – философиялық үрдісті ,көркемдік шеберлікті поэтика аясында ғана қарастырмай, дүниетанымдық мәнде, көркемдік ойлау қуаты ретінде қарастырған. Жұмыстың гипотезасы – Шәкерім Құдайбердіұлының шығармаларында жаратылыстың қозғалыс заңдарын діни,тарихи, моральдік дүниелерді кейіпкерлердің портретінен көреміз. Зерттеу жұмысымның ғылыми жаңалығы – Шәкерім поэзиясының діни – философиялық қатпарлары аса терең.Шәкәрім өнерді де, дінді де,философияны да бір – біріне қарсы қоймаған,терістемеген,таза ақылмен тануға ұмтылған. Зерттеу кезеңдері мен әдістері - Шәкерімнің өмірі мен шығармашылығын,зерттеу арқылы Абайдың ізбасары,жалғастырушысы екенін білеміз. Зерттеу жұмысымның теориялық және практикалық маңызы – Шәкерім - ең алдымен ақын,ақын болғанда,алдыңғыны дамытқан,кейіңгіні үлгі болған ақын.Әдебиеттегі жаңашылдық пен дәстүр ұғымдарының нақты белгісін осы Шәкерім шығармашылығынан көреміз.

№ слайда 6 I.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы 	 	 Қазақ поэзиясының асқ
Описание слайда:

I.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай қалдырған шығармашылық дәстүрді жалғастыра отырып,өз жаңалықтарымен байыта өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының көркем мұрасы төл әдебиетіміздің асыл қазынасы іспетті. Қазақ философиясын дамытқан тұлғалардың бірі – Шәкәрім.Ол кісі – діни философ.Философиялық ойларын сопылық дәстүрге негіздеген. Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан – сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, барлығын жоққа шығартып пессимист болған емес. Шәкәрім көбінесе рационализмге, деизмге бейім болды. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім – ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсінуге болды. Шәкәрім қазақ поэзиясында философиялық лириканың бұрын өріс алмаған жаңа түрлерін қалыптастырып, бұл салада үлкен жаңалық тапты. Ойшыл ақын адамның ақыл парасатына айрықша зор мән береді. Ол адамның сезу, сезіну, дүние болмысты, өмір құбылыстарын сезім арқылы қабылдау, әсерленгіштік қабілет пен не нәрсенің болсын ішкі сырын көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін нәрселердің қасиет – сипаттарын, оймен, ақылмен, логиканың күшімен танып – білу қабілетінің арасын ажыратып, болмыстың, дүниетану мен моральдың негізгі ақылы деп санайды. Ақыл, парасатты ақыл қандай да нәрсені, құбылысты дұрыс түсініп бағалауға, ақ–қараны айыра білуге мүмкіндік береді. Сондықтан, «ақылмен сыналмаған іс болдырмау» деп түйіндейді. Дүниетанымның, ғылымның да негізгі тірегі - ақыл–ой, ойлау қабілеттілігінің қуаттылығы, ой – тұжырымдарының логикалық қисындылығы деп санайды. Бар ғылымның түп атасы – таза ақыл мен ойлану. Шәкәрім ойлау, ойлану деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір – болмыстың, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын ақылмен сынап, ұғып – түсіну мағынасында алып қарайды. «Адамды қалай рухани жағынан жетілдіреміз?» деген сауалдың төңірегінде ой толғаған.Шәкәрімнің «Білімділерге бес сауал» деген еңбегіндегі сауалының бірі – «Жақсы адам деп қандай адамды айтамыз?» -

№ слайда 7 деп сұрайды.Сол сауалға өзі жауап беріп, «Жақсы адам дегеніміз – мейірімді,ы
Описание слайда:

деп сұрайды.Сол сауалға өзі жауап беріп, «Жақсы адам дегеніміз – мейірімді,ынсапты,ақ ниетті,адал еңбек ететін адам» - дейді.Шәкәрім өлеңдерінде философиялық ойларын дамыта түседі. «Адамдық борышың» деген өлеңінде: Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай,ар сақта оны біл. Талаптан да біліммен өнер үйрен, Білімсіз,өнерсіз,болады ақыл тұл. Мақтанға салынба,мансаптың тағы үшін Нәпсіңе билетпе,басыңның бағы үшін. Өміріңді сарып қыл өлгеніңше, Жоба тап,жол көрсет,келешек қамы үшін. Қайтадан қайырылып,қауымға келмейсің. Барыңды,нәріңді,тірлікте бергейсің, Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң. Шың бақыт – осыны ұқ ,мәңгілік өлмейсің! дейді. Шәкерім дүниетанымындағы негізгі мәселе – адам мәселесі.Шәкерім үшін нағыз адам деген атқа лайық жандар- ең биік идеал. «Ескіден қалған сөз теріп» өлеңінде осы нақты көрініс тапқан. Жүрегі таза адамдар, Зұлымдықтан амандар, Қиянатсыз надандар Әулиеден кем емес – деп жырлайды ол.

№ слайда 8 II.Шәкерім – Абайды жалғастырушы  Сондықтан да жалпы адамзатқа тән асыл қасие
Описание слайда:

II.Шәкерім – Абайды жалғастырушы  Сондықтан да жалпы адамзатқа тән асыл қасиеттер - адалдық пен әділдік,білімділік пен еңбекқорлық, парасаттылық пен зиялық мәселелерін жырлауға келгенде Шәкәрімге жетер ақын жоқ. «Үйретуден жалықпау» қағидасын ұстанған Абайды дана ұстаз санаған Шәкәрім ұлы ақын ұсынған адамды адамдыққа тәрбиелеуді одан әрі дамытқан.Данышпан Абай: Болмашы кекшіл, Болсайшы көпшіл, Жан аямай кәсіп қыл! – деп нақыл айтса, Шәкәрімде: Адамдық борышың – халқына еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай,ар сақта оны біл, - деп ұлтқа қызмет етуді адам баласының ең басты міндеті,қасиеттерінің бірі етіп санайды. Шәкәрім философиясының негізгі өзегі - адам. «Адамның мәні – оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе», - дейді. Жалпы, Шәкәрім жан мен тән мәселелерін әншейін теория үшін айтпаған, ол өмірдің мәнін, адам сырын, оның іс – кәрекетін, мақсат – мүддесін ашу үшін айтқан. Ол дүние болмысы туралы: Құбылмалы сарай бұл, Құм үстіне салынған. Сансыз байдан қалған тұл, Жарай ма оған жалынған. Өмір үйі желде тұр, Үміт үйі сағымда. Көз жетпейтін көлде тұр, Іздеген ерік тағында. Жасыл күмбез ішінде, Жан – тәнімен кім азат? Бұл тіршілік тұсында Бола алмайсын шын азат.

№ слайда 9 III.Шәкәрім философиялық ойларын сопылық дәстүрге негізделген Шәкерім адам өм
Описание слайда:

III.Шәкәрім философиялық ойларын сопылық дәстүрге негізделген Шәкерім адам өмірінің мағынасы мен мазмұнына терең назар аударған ойшылдардың бірі. Адам дүниеге келеді де кетеді. Өлім ол уақыттан адамды жеңер. Ақылға салсақ, адам өмірі қарама – қайшылыққа толы. Мұқтаждық өмір заңы бұл деп, Мұңайтып ақыл жылатқан. Жас өмір қызық оны біл деп, Алдамшы өмір уатқан. “Үш анық” дегеніміз не? Енді соған тоқталайық. Жоғарыда өзі қойған әлемнің жаратылуы туралы, ақирет, жанның өлгеннен соңғы өмірі туралы сұрақтардың айналасында ізденіс жасаған Шәкәрім қандай шешімдерге келгенін түсіндіріп көрейік. Шәкәрім “Үш анықта”, “Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті ұқсамайтын, бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет–өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді. Менің ойымша осы екі жолдың қайсысы анық екенін табу – ақылы сау адамға қатты міндет. Неге десең, адамды түпкілікті бақытқа жеткізбек болсақ, біліп жаратушы ие бар, өлген соң да бір түрлі өмір бар деген жолдың шын, өтірігін білуіміз керек”– деп аталмыш тарактатын жазуының негізгі мақсатын көрсетеді. Сонымен Шәкәрім “Үш анықта” жаратылыстанымдық қағидалар мен дін жолындағы көптеген әдебиеттерді межелеген. Ондағы жинаған білімін қорытындылап, оларды “Үш анықта” талқыға салып, салмақты идеялар ұсынған еді. Ойшылдың ойынша барлық табиғат құбылыстары, дүниенің даму заңдылықтары, белгілі бір тәртіппен іске асады және бір жүйелілікте. Оның әрбір бөлшегінің қызметі бар, себептілік арқылы қозғалысқа түсіп, белгілі анықталған сабақтастықта іске асып жатыр.                   “Себепке,                   Кезекке                   Тамам жан көнбек.                   Әлсіз бен күш тағы себептен,                   Кім құтылар кезектен?                   Жақсылық,                   Жамандық,                   Бәрін себеп билеп алған зат.                  «Мен білдім,                  Іс қылдым

№ слайда 10 Өзім билеп», дегеніміз, тіпті ұят!”–дейді Шәкәрім. Әр нәрсенің себебі бар, со
Описание слайда:

Өзім билеп», дегеніміз, тіпті ұят!”–дейді Шәкәрім. Әр нәрсенің себебі бар, сол себептің де бір себебі бар, ең соңғы себеп түпкі бастама деп таныған ойшыл;               “Ей жастар, қалай дейсің бұл дүние?               Мұны бүйтіп жаратқан қандай нәрсе?               Білімсіз мақсұтсыздан шыққан болса,               Мақсұт, білім, ой шықты мұнан неге?               Керексіз жаратылған бір тозаңы жоқ,               Тәртіпті, таң қаларлық зор мәшине.               Алыстан іздемей–ақ, ойласаңыз,               Көру үшін жаралған көзіңіз де.               Себебі, толымдының ісі толық               Ең түпкі жаратушы – мінсіз ие.               Күш, білім, шеберлікті іс білгізер,               Есті, мінсіз – шебердің ісі емес пе?”. Міне, осылайша түпкі жаратушыны анық деп Шәкәрім оған ғылым арқылы, сау ақылмен көз жеткізген. “Біз естінің ақылын, күштінің қуатын, ұстаның шеберлігін ісінен танимыз. Менің ойымша, бүтін барлықтың бәрі бізді осындай болмақ салған түп жаратушының білім, құдірет шеберлігінде”–дейді Шәкәрім. «Үш анықтағы» Шәкәрім көтерген ең басты келесі сұрақтардың бірі ол жан туралы. Жан өледі ме, денеден шыққаннан кейін жан әрі қарай өмір сүреді ме деген мәселе Шәкәрімнің шығармашылығындағы ең көп айтылатын, тіпті оның дүниетанымын құрайтын түсініктердің бірі болып саналады. Шәкәрім жан туралы өте көп айтқан. Шәкәрімнің «Үш анықтағы» екінші анық деп отырғаны осы жанмен байланысты. Жалпы, Шәкәрім жан мен тәнді мәселелерін әншейін теория үшін айтпаған, ол өмірдің мәнін, адам сырын, оның іс – кәрекетін, мақсат – мүддесін ашу үшін айтқан. Сонымен, Шәкәрімнің мейірім мен зорлық, әділет пен зұлымдық, ғылым мен мораль, адам мен заман туралы толғаныстары қазақ философиялық ойларының дамуына қосылған зор үлес болды Шәкәрімнің тапқан ақиқатын оның өзіндік санасының ең биік көрінісі деп санауға болады. Ол ойшылдық ғұмыр бойғы тылсым дүниенің сырын ұғынуға тырысқан ішкі рухани өмірінің, көкірек сарайының қайталанбас, ұғынуға өте терең құбылысы. Оған тек Шәкәрімнің өзі арқылы ғана бойлай аламыз. Таза ақыл мен терең ойшылдыққа ерекше назар аударған Шәкәрім, ойлаудың адамға еркіндік әкелетінін терең түсіне білген. Бұндай идеяны оның шығармаларынан жиі кездестіреміз.

№ слайда 11 Тыңдағандарыңызға рахмет
Описание слайда:

Тыңдағандарыңызға рахмет


Автор
Дата добавления 26.06.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров86
Номер материала ДБ-132846
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх