Инфоурок Биология Научные работыҒылыми жоба Үстірт мемлекеттік қорығы

Ғылыми жоба Үстірт мемлекеттік қорығы

Скачать материал

Жаңаөзен қаласы №20 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы

 

 

 

 

Дайындаған: Шоғыбай Арайлым

Жетекшісі: биология пән мұғалімі Қоғашева Жанар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

I.Кіріспе

1.1    Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ашылу тарихы

II.Негізгі бөлім

А) Теориялық бөлім

2.1      Үстірт қорығында кездесетін өсімдіктер дүниесіне жалпы шолу

2.2      Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

2.3      Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Б) Зерттеу бөлімі

III.Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Зерттеудің  негізгі  мақсаты: Үстірт жазығының табиғат кешенінің табиғи жағдайын, оның ішінде сирек кездесетін өсімдік түрлерін білу, жас ұрпаққа ұғындыру. Жасыл желектің көптеп отырғызылуы, оларды қорғау – біздің алдымызда тұрған аса маңызды міндеттеріміздің бірі. 

Болжау:   Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына қарасты Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының өсімдіктерімен таныстыру, соның ішінде «қызыл кітапқа» енген өсімдіктерге сипаттама беру. Табиғаттағы және адам өміріндегі өсімдіктердің маңызын білу. Әлі де толық зерттеуді қажет ететін өсімдіктер туралы ақпарат алу.

Зерттеу кезеңдері. Ғылыми жоба жұмысы кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден,  пайдаланған әдебиеттер тізімі мен нақты ұсыныстардан тұрады. Кіріспе бөлімде жалпы тақырып мазмұны қамтылған. Негізгі бөлімде Үстірт қорығында кездесетін өсімдіктер және сирек кездесетін өсімдіктер туралы ақпарат берілген, сонымен қатар олардың пайдасы жайлы ақпарат жазылған. Қорытынды бөлімде тақырыпқа қатысты материалдар тиянақты түрде қорытылып, жазылған. Оқулықтармен  жұмыс, қажетті қосымша материалдар көздерін іздеу, қағаз бетіне түсіру, Жаңаөзен қаласында орналасқан Үстірт мемлекеттік қорығы мекемесіне бару. Жинақталған материалдарды нақтылау, өңдеу, саралау.

          Қорытынды:  Үстірт қорығының өсімдіктер дүниесі туралы оқушыларға мағлұмат беру, жас ұрпақтың  рухани сауатын көтеру.  Үстірттегі өсімдіктердің  адам денсаулығына пайдалы жақтарымен таныстыру, өсімдіктің бөлімдерінің түрлі ауруларға ем ретінде қолдануға болатындығын, және оның жолдарын түсіндіру. 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетекшісі: Қоғашева Ж

 

 

Аннотация

 

        Основная цель исследования. Состояния природы, природного комплекса долины на плато Устюрт, в том числе и редких видов растений, уметь объяснять молодому поколению. Посадка зеленых насаждений больше, а их защита – одна из важнейших задач, стоящих перед нами.

        Гипотеза. В городе Жанаозен Мангистауской области, подведомственных Устюртского государственного природного заповедника, знакомство с комнатными растениями, в том числе в «красную книгу» описание растений. Знать значение растений в природе и жизни человека. Информация о растениях, нуждающихся в дообследовании по-прежнему.

         Этапы исследования. Работа научных проектов вводной, основной и заключительной частей, списка использованных источников и содержит конкретные предложения. Тема в разделе общие содержание введение. Растений, встречающихся в заповеднике на плато Устюрт в разделе представлена информация об основных и редких растений, а также с информацией о их пользе.Работа с учебником, поиск необходимых источников, дополнительные материалы, на бумагу, Устюртский государственный заповедник посещение учреждения, расположенного в городе Жанаозен. Собранных материалов, уточнение, обработка, анализ.

       Заключение. Дать представление учащимся о растительный мир заповедника на плато Устюрт, повышение духовной грамотности молодого поколения. Полезных для здоровья человека растений, познакомить с устюрта урегулирован сторонами, что применение различных частей растения в качестве лечения заболеваний, путей, и его объяснение.

 

 

Руководитель: Когашева Жанар

 

 

Кіріспе

        Табиғат кешендерін «адам қолы тимеген» эталон ретінде сақтап қалу XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап айтылып келеді.Табиғат-таңғажайып  құбылыс. Олар туралы көп білген сайын, сен олардың бірін жан–тәніңмен жақсы көресің, бірінен зәрең ұшып қорқасың, ал енді біріне таң қаласың, тағы бірін қызық көресің. Ешқандай жанды мақұлықты азаптамайтын, өсімдіктің өзін жаны ауырады деп, үзіп жұлып алмайтын адамның  мейірімсіз, жауыз болуы мүмкін емес. Демек, жануартану, өсімдіктану ғылымдарында тәлім тәрбиенің құпия сыры бар. Өздеріңді қоршаған тылсым табиғат сырлары туралы біліп қана қоймай, оларды сүю, аялау,  қорғау қасиеттерін үйреніп жатсаңдар, нұр үстіне нұр болар еді.

          Жалпы «Үстірт қорығы» Үстірт жазығының батыс құздарын, жазықтықтың  өзінің тар құзалды жолақтарын және Кендірлі сор төмендеуін алып жатыр. Қорықтың жалпы ауданы 223,300 гектар. Қазіргі өркендеген қорықтың іргетасын қалаған азаматтарды ұмыт қалдыруға болмас.

1.Мұхамбетов Валерий Нұриденұлы - 1984-1986 жылдары Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының алғашқы директоры.

2.Көшеров Белгібай - 1986-1989 жылдары Үстірт мемлекеттік қорығы директоры қызметін атқарған.

3. Едігеев Хасен - 1989-2003 жылдары Үстірт мемлекеттік қорығының директоры қызметін атқарған болатын.

4.Үркімбаев Шадияр Өтесінұлы – қорықтың қазірге дейін директоры.

Бұл азаматтардың еңбегі біршама. Аумағы кең Мемлекеттік Үстірт Қорығын қалауда әр адамның қолынан келе бермейтін іс, сондықтан да біз бұл адамдарға рахмет айтуға тиіспіз.

           Үстірт қорығының негізгі ашылу мақсаты – Қазақстан шөл зонасының эталондарының бірі ретінде Оңтүстік – Батыс Үстірттің, сирек кездесетін жануарларымен алуан түрлі өсімдіктер дүниесін, табиғаттың қайталанбайтын көне дәуір ескерткіштерін қорғау.

          Үстірт –батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы,шығыста Арал теңізі мен Әмудария атырабын алып жатқан дөңесті аймақ. Оңтүстік батыстан солтүстік-шығыс бағытта 550-600 км-ге созылған, ені 300-400 км. Ауданы 200 мын км2. Үстіртің орташа биіктігіт 150-200 м,оңтүстік-батысындағы ең биік жері 341 м(Мұзбел жоңы). Тұран ойпатында орналасқан геологиялық құрылымы ұқсас. Үстірттің солтүстік бөлігі мен шығыс бойлықтың 56-градусқа дейінгі батыс бөлігі Қазақстан аумағына кіреді, қалғаны Өзбекстан жерінде. Үстірт төңірегіндегі жазықтан тік жарлы кемер бойынша көтерілген және үсті жалпақ, жазық дөң күйінде. Үстірт жазығында аласа жондар және оларды бір-бірінен бөліп жатқан ойыс,ойпаттар кездеседі.  Үстірттің орталық бөлігінде Қарабауыр жоны бар. Ең ойыс жерлерін сор басқан,мысалы:солтүстігіндегі Қаратүлей, Жауынқұдық, Асмантай-Матай,Қосбұлақ ойыстарында,оңтүстігіндегі Ассеке-Аудан ойысында сор басқан ойпаттар көп. Орталық,шығыс,оңтүстігінде әктас,гипстің суда еруінен пайда болған ұзындығ 5-25,тереңдігі 1-2 м үңгірлер(Балаұйық үңгірі) ,қазаншұңқырлар кездеседі. Үстірт шөл аймағында жатқандықтан жазы ыстық (шілденің орташа температурасы 29 С,кейде 40 С, одан да жоғары), қысы салқын (қаңтардың орташа температурасы-12,кейде 25-30 С), ауасы құрғақ(30-60процент), жауын шашыны аз(150 мм), желі күшті әрі ұзақ уақыт соғады,қардың қалыңдығы 10 см-ге жуық. Қыста кенеттен күн жылынып қар еріп,қатып, көктайғақ болады, боран соғады. Үстірте өзен,тұщы көл тіпті жоқ,бірақ ауыз суға,жер суландыруға жарамды жер асты суының мол қоры анықталды.

 

II.Негізгі бөлім

2.1 Өсімдіктер дүниесіне шолу

          Қорықтың жер бедері мен топырағының әр түрлі болуына байланысты өсімдіктер дүниесі де сан алуан болып келеді.

          Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 48 тұқымдасы мен 196 туысының 325 түрі белгілі. Үстірт қорығында өсетін өсімдіктерден бұталар мен бұташықтар, жартылай бұталар мен жартылай бұташықтар, өмір сүру ұзақтығына қарай, біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктер жиі кездеседі. Атап айтқанда, біржылдық өсімдіктердің 149 түрі, екі жылдық өсімдіктердің – 10 түрі, көпжылдық өсімдіктердің – 101 түрі, бұтаның – 19 түрі бұташықтардың – 6 түрі, жартылай бұтаның – 16 түрі жартылай бұташықтың -  7 түрі, ағаштың – 1 түрі зерттелді. Төменгі сатыдағы өсімдіктерден, балдырлардың 26 туысы 21 тұқымдасқа жататын 40 түрі анықталып есепке алынды.

Үстірт флорасының негізгі ядросын алабұталар тұқымдасының  49 түрі, күрделігүлділердің 47 түрі, крестгүлділердің 43 түрі, бұршақтар тұқымдасының  28 түрі және астық тұқымдасының 20 түрі құрайды.

Қорықта Қазақстан қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін өсімдіктердің 5 түрі бар. Олар: Хиуа сораңы, майда қатыран, берік сүттіген, кәдімгі жұмсақ  жеміс, бор рияны.

        Қорықта сирек кездесетін өсімдіктердің 15 түрі Маңғыстау облысының сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктерінің каталогына енгізілген. Олар: Леман сексеуілшесі, қара сексеуіл, ақ сексеуіл, баялышты сораң, Рихтер сораңы, тораңғы, түрлі жапырақты терек, шөптесін кеуел, тамаша левкой, Эйхвальд қоянсүйегі, үстірт астрагалы, түрікмен түйетабаны, Шобер ақтікені, Синтенис қаражемісі, аналық оносма, соғды қызғалдағы.       

         Кендірлі бұлақтарының  айналасында қамыс, сортаң ажырығы, қарабарақ, ақ сора, жынғыл, қара сексеуіл, бұзаубас, сарысазан, кендір жиі өседі. Қорық аумағында жантақ, кендір, қара сексеуіл тоғайлары көзге түседі. Үстірт жонының сазды – тасты жерлерінде бұйырғын, жусан, ал төменгі алабында тікенді түйесіңер мен бұташықты шырмауықтар араласып өседі. Сортаң жерлерде балықкөз, сарысазан тұқымдастары және бұйырғын, шығыс мортығы, Гмелин кермегі араласып өскен. Солтүстіктен Оңтүстікке қарай бағытта жусан және баялыш қауымдастығын бұйырғандар ауыстырады. Оңтүсттік бағыттағы жусанды – бұйырғандар, баялышпен ал төменірек жерлерінде қаумен, ірі гүлді қараған және  Шобер ақтікенді бұталары ауыстырады . Борлы жерінде тікенді  түйесіңір мен бұташықты шырмауықтан басқа ірі гүлді қараған өседі.

Қараған жерінде сексеуіл, берік сүттіген, күйреуік, бұйрығын, балықкөз,  кәдімгі торсылдақ шоғырланып жиі өскен. Көкесем жерінде жусан – астық  тұқымдастарының қауымдастығы Рихтер, Сович кауы, Бонапарт, шығыс мортығы, жуашықты қоңырбас көп таралған. Көкесем тауларында соғды қызғалдағы, кәдімгі жұмсақ – жеміс, үстірт астрагалы кездеседі.

2.2 Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

Қорықта Қазақстан қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін өсімдіктердің 5 түрі бар. Олар: хиуа сораңы, майда қатыран, берік сүттіген, кәдімгі жұмсақ  жеміс, бор рияны.

          Бор рияңы. Риян туысына жататын көпжылдық өсімдік. Үстірттің солтүстігіндегі бор жыныстарынан тұратын беткейлерде жеке түп болып кездеседі. Оның жатыңқы, жуандау сабақтарының биіктігі 20-50см, сырты қырлы, жоғарғы жағы тікенді болып келеді. Боз, жасыл түсті етжеңді жапырақтары сопақ пішінді, ұзындығы 2-4см, ені 1-1,5см, 2-3-тен шоғырлана орналасады. Жапырақтарының шетімен асты ілгекше тікенекті келеді. Сары түсті сирек гүлдері жартылай шатырша тәрізді. Олар сыпыртқы гүлшоғырын құрап, тұқымынан көбейеді. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді. Жемісі қара түсті, ұзындығы 3-4мм-дей. Бор рияңы - өте сирек кездесетін эндемик түр болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

           Берік сүттіген. Сүттіген туысына жататын бұта. Үстірт қорығының солтүстік батысында, Балуанияз, Аяқ Қараған жерлерінде өседі. Биіктігі 25-50см. Сабағының төменгі бөлігі сүректенген. Бұтағын сындырғанда сүт бөлінеді. Жапырақтарының ұшы үшкір, бүтін жиекті, эллипс немесе ланцет тәрізді. Ұзындығы 3-15мм, 2-6мм. Гүлдері дара жынысты, бір үйлі. Гүл шоғырының 2 орам жапырағы бірігіп, сырты жалаңаш, ішін қалың түк басқан қоңырау тәрізді дене түзеді. Осы денеге байланысты бұл өсімдікті Берік сүттіген деп атайды. Гүл шоғырының ұшында бір аналығы жетіледі. Оның түйіні үш ұялы. Аталық гүлдері қоңырау тәрізді, орамжапырақтарының қойнауында топталып жетіледі. Берік сүттіген тұқымнан қөбейеді. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, шілде-қазанда жемістенеді. Жемісі-үш жаңғақша.Тұқымдары жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 2-3мм, ашық сұр түсті. Берік сүттіген өте сирек кездесетін өсімдік болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Берік сүттіген мал жемейтін улы өсімдік. Гүлінен аралар бал жинайды.

          Кәдімгі жұмсақ жеміс. Бұта биіктігі 1 метрге дейін жетеді, қабығы ақшылдау. Ескі бұтақтардың қабығы қоңырлау - сұр түсті. Сабақтары жіңішке, бұтақтанған шашыраңқы болып келеді. Жалаңаш жапырақты, скулентті, кезектесе орналасқан, ұзындығы 2-3см, екі қайтара таспа тәрізді тарамдалған, бөліктері сәл ғана иілген. Тостағанша жапырақтар таспалы-лансетті, түбі бітісіп өседі. Аталықтарының төменгі жағы ұлғайған жіпшелерден тұрады. Жемісінің диаметрі 6-10мм. Қызыл түсті, шырынды, дөңгеленген үш ұяшықты тәрізді болып келеді.Кәдімгі жұмсақ жеміс тастақ беткейлерде, жартастарда, сазды және кангломератты жалаңаштанған жерлерде өседі. Үстірт қорығының Кендірлі бұлағының маңайымен шатқалдарының түбінде кездеседі. Сәуір-маусым айларында гүлдейді, шілде-тамызда жеміс береді. Вегетативті түрде және тұқымы арқылы гүлдейді.Азайып кетуіне байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

2.3 Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

          Қорықта өсетін өсімдіктердің ішінде сәндік, дәрілік, тағамдық, бояу беретін шөптермен қатар улы шөптер де кездеседі. Ең көп тараған мынандай туыстар : жусан, сораң, таспа және алабұта.

          Дәрілік өсімдіктерден жантақ, ақ тікен, ақ және қара жусандар, изен, адыраспан, татар рауғашы, киікоты бар. Киікоты өзінің әдемі исімен және емдік қасиетімен өте құнды болып есептеледі.

          Қорық аумағында өсетін сәндік өсімдіктер-қызғалдақтар, сарғалдақтармен қойжелкектер гүлдеген кезде табиғаты жайнай түсіп, қызыл ала  кілем төселгендей болады.Алуан түрлілігі жағынан айқышгүлділер, күрделігүлділер және ала бұталар тұқымдастары көбірек кездессе, одан кейінгі орында - бұршақ, астық тұқымдастар.

          Үстірт қорығында өсетін өсімдіктердің жартысына жуық  190 түрі бағалы шаруашылық өсімдіктері болып есептеледі. Олардың ішінде 130 түрі малға жемшөп ретінде пайдаланылады. Өсетін өсімдіктердің 94 түрі басқада қажетті қасиеттеріне байланысты кенінен қолданылуда. Олар дәрілік техникалық, витаминдық, бояулық, декоративтік және тамақтық өсімдіктер. Бірқатар өсімдіктер өзінің бірнеше пайдалы қасиеттерімен ел арасында белгілі.

    Зиянды жәндіктерді жою үшін пайдаланатын өсімдіктердің 7 түрі бар. Оларды инсектицидтік өсімдіктер деп атайды. Бұл өсімдіктерден әр түрлі химиялық препараттар алынады. Ол препараттар өсімдіктер мен жануарларға зиянды паразиттерге қарсы күресте үлкен роль атқарады. Олар Каспий сорқаңбағы, хош иісті алабұта, қарабарақ, сарсазан, итсигек, текесақал, аюқұлақ.

 

    Тамақ ретінде пайдаланатын өсімдіктердің 24 түрі бар. Бұл өсімдіктерді Маңғыстау өңірінің жергілікті адамдары ерте кезде нан, көже, басқада түрлі тағам ретінде пайдаланған. Қамыс, қоға түйнекөлең сияқты өсімдіктердің тамырларынан ұн дайындап, нан пісірген. Осы өсімдіктердің тамырынан жасалған ұн құрамында 40 %-тен  70 %-ке дейін крахмал болатындағы дәлелденген. Тағам ретінде пайдаланған өсімдіктердің бірі құм-құмаршығы. Оның дәнін адамдар қуырып жеген, ал кейбір кездерде олардан өсімдік майын алған. Оның майы өз сапалық құрамы жағынан күн бағыс майына өте ұқсас. Халық теміртікеннің тамырын май орнына қайнатып ішкен, ал бақ-бақ тамырын «кофе» орнына пайдаланған. Ал алабұта, қымыздық, тікенекті кеуіл сияқты өсімдіктерді тамақ орнына пайдаланған. Ертеде жұмсақ жеміс, ақ тікен, қызылша сияқты өсімдіктерді тамақ ретінде пайдаланып келген. Дәрілік өсімдіктердің ішінде қылша, қырықбуын, тасбұйырғын, адыраспан сияқты өсімдіктердің дәрі өндірісінде маңызы зор. Бояу алынатын өсімдіктердің 17 түрі бар. Олардың ішінде адыраспанның орны ерекше. Одан алынатын ашық қызыл бояу халық арасында жүн бояуға қажеттілігімен жоғары бағаланады. Бояу оның піскен дәнін езіп, суға қайнату әдісімен алады. Жынғыл, жүзгін, томарбояу кермек сияқты өсімдіктерден алынатын бояу өздерінің органикалық құрылыс ерекшелігі мен тері бояу және өндеу жұмысында халық қажетін қанағаттандырған. Ал, сексеуілдер, жынғылдар отын немесе құрылыс материалы ретінде бүгінгі дейін халық қажетін қанағаттанады. Жынғыл декоративтік өсімдік ретінде соңғы кезде біздің көшелерімізді сәндендіруде пайдаланып жүр. Ол тұзды топыраққа құрғақшылыққа шыдамдылығымен жоғары бағаланады. Сондай-ақ ақтікен, жұмсақ жеміс, қараған өсімдіктерде декоративтік қызмет атқарып, көшелер мен парктердің сәнін келтіруде.

 

 

 

III.Қорытынды

        Бүгінгі Үстірт ландшафтысы жайлап құрғаққа тұрақты өсімдіктерден салыстырмалы түрде ылғалды жақсы көретін өсімдіктерге топырағын тұзсыздандыру арқылы ауысып келе жатыр. Бозінгендердің қарқынды бұзылуы қиыршықты қына таңбаларының түзілуіне әкеліп соқтырып, бұйырғындарды сұр жусан мен баялыш фармациясына ауысуына әкелді. Шөлейт қауымдастығының жарақаттануы өте жоғары. Ең жоғары қауіп- автокөліктердің жүрісінен сазды борпылдақ антропогендік ландшафтың түзілуі. Шаңды борпылдақ бетінде не жусан, не бұйырғын, не астықтар өспейді, бұл бұзылудың ошағы болып тұр. Табиғи байлықты қарқынды игеріп бастаған кезде Үстірт түгелдей шөлейтті қоршап алған алып өрмекші торы сияқты, автомобиль жолдарының қалың желісіне айналды.

        Осылай Үстірттің табиғи кешенін бұзу әсері ағашты бұталы өсімдік жамылғысының, соның ішінде сексеуілдердің жоғалып кетуіне әкеліп соқтыруда. Астықты-жусанды қауымдастықты жиі малдың өрісі қылу оларды қанаушылыққа әкеліп ,біржылдық сораңдарға ауысуына әкеліп соқтыруда.

Адам баласы кейбір өсімдіктерді әртүрлі ауруларды емдеуге пайдалануға болатындығын алғашқы қауымдық кезеңнен бастап-ақ білген. Одан бірнеше мың жылдан кейін дәрілік өсімдіктерді емге пайдаланудың мән-жайы халық арасына ауыздан ауызға таралып, кейіннен қағазға жазыла бастаған.Өсімдіктердің тобын емге керек дәрі алумен қатар құрамында әртүрлі витаминдер, микроэлементтер белок, углевод, май соның ішінде эфир майы болуына байланысты, оларды тағамдыққа және басқа да халық қажетіне пайдаланады.  

Еліміздің әдемі болып көркеюі үшін талантты да дарынды жастар керек. Жастардың бірлесіп жұмыс жасауы, еліне қызмет көрсетуі бұл сол елдің ынтымағының, бірлігінің куәсі. Осындай жастарымыз болса ғана еліміз гүлденіп, жасыл да әдемі өсімдіктеріміз жайнап өсер еді.

Менің ұсыныстарым

1.     6 сыныптың биология пәні оқулығына Үстірт қорығында өсетін өсімдіктер жайында мағлұмат енгізілсе

2.     Барлық кітапханаларда Үстіртте кезедесетін, өсетін және сирек жойылу қаупі төніп тұрған өсімдіктер жайында кітаптар басылып шығарылса

3.     Қазақстан бойынша осы қорықтың тың өмірімен таныстырып тұратындай газет немесе журналдар шығарылып, таратылса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі»  А.А.Иманбаева, О.Н.Косарева Ақтау 2011 жыл

2. Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы 2009 жыл

3. Ж.М.Мырзабеков;Особо охраняемые природные территории Казахстан, Алматы-2000.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рецензия

         Шоғыбай Арайлымның «Үстірт қорығында кезедесетін өсімдіктер» тақырыбында жазған ғылыми жұмысы барлық жастар үшін өздерінің туған өлкесі жайлы, оның өсімдіктері туралы білуі үшін маңызды тақырыптардың бірі болып табылады.

        Ғылыми жұмыс кіріспеден, тараулардан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

        Кіріспе бөлімде бұл оқушы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығының ашылу тарихын, бұл аймақтың жер бедерін айтып өтеді.

       Негізгі бөлімнің бірінші және екінші тарауында Үстірт қорығындағы өсімдіктерге , олардың әр түрлі түрлеріне сипаттама берген. Сонымен қатар Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін өсімдіктерге де тоқталған екен. Тағы да бір айта кететін нәрсе бұл тарауда өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы да айтып өткен.

      Қорытынды бөлімде негізгі тақырыбы жайында нақтылап түйіндеп өткен.

 

 

 

Жетекшісі: Қоғашева Жанар

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба Үстірт мемлекеттік қорығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 645 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.10.2017 3005
    • DOCX 32.8 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қоғашева Жанар Талғатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қоғашева Жанар Талғатқызы
    Қоғашева Жанар Талғатқызы
    • На сайте: 6 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3091
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 326 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 519 человек

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Возрастные кризисы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек