Инфоурок Информатика КонспектыИнформатика "Дербес компьютердің құрылғылары"

Информатика "Дербес компьютердің құрылғылары"

Скачать материал

Д.Қалматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу-әдістемелік кешен

 

                                  

Пән: «Информатика»

 

Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

 

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

 

Тақырып: «Базалық апараттық  конфигурациясы. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары»

 

Оқытушы: Бейсенбаева Д.К.

 

 

 

 

 

 

                                                          ӘБК мәжілісінде қаралды  

                                                                 Хаттама №_______________

                                                                  «____»____________ 201_ ж.

                                                                 ӘБК төрайымы: ___________

                                

 


Оқу - әдістемелік кешеннің мазмұны: 

 

 

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім  беру стандартынан көшірме

 

2. Типтік оқу бағдарламысынан көшірме

 

3. Жұмыс бағдарламасынан көшірме

 

4. Сабақтың әдістемелік әзірлемесі

 

5. Сабақтың барысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім  беру стандартынан көшірме

ҚР МЖБС 4.05-2008 НЕГІЗІНДЕ

 

Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Пәннің атауы: «Информатика»

 

Пән мазмұны:

-       Ақпарат үрдістері;

-       Дербес компьютердің құрылғысы;

-       WINDOWS ХР;

-       ОЖ Linux;

-       Microsoft Word 2007 – мәтіндік процессоры;

-       Microsoft Excel 2007- электрондық кестесі;

-       СУБД Microsoft Access 2007;

-       Power Point презентациясы;

-       Компьютерлік графика;

-       Компьютерлік желілер. Интернет.

 

Біліу керек: Ақпарат және ақпараттық  үрдістер. Компьютерлік вирустар. Компьютерлік вирустардан қорғанудың негізгі әдісі.Архивациялық бағдарлама. Архивтік файл, архиваторлық бағдарламаның қолданылуы. Жұмыс үстелі операциялық жүйесі. Windows. Негізгі ұғымдары. Windows-тағы терезелерінің түрлері. Файлдармен жұмыс. Жарлықтар мен бумаларды құру және өшіру. Windows-тағы сілтеме терезесі. Дискілермен жұмыс. Ақпаратты санау жәнежазу. Word Pad бағдарлама терезесі. Текстік редакторы. Excel бағдарламасы. Бағдарлама терезесі. Графикалық мүмкіндіктер. Локальдік желі. Microsoft Network бағдарламасы.

 

Істей біліу керек: Paint графикалық редакторымен жұмыс. Фигура құру, оқу, жазу, Paint бағдарламасында сурет салу. Мәтін теру. Бағдарламада құжатты ашу, құру, сақтау. Мәтін фрагменттерін өшіру, ұйымдастыру. Калькулятор бағдарламасында қарапайым және күрделі есептеулерді шығару. EXCEL функциясында формуламен жұмыс. Автоқосындылау. EXCEL-ді сандық моделдеу үшін қолдану. Желіде жұмыс істеу.

 

 

 

 

 

 


Типтік оқу бағдарламысынан көшірме

 

Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Тақырыптық жоспар

Пән бойынша барлық сағат: 76 сағат

Теория: 76

Тәжірибе: жок

 

 

 

Типтік оқу бағдарламасы

 

Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Пән мазмұны:

2 Бөлім. Дербес компьютердің құрылғысы (ДК)

2.1. Базалық апараттық  конфигурациясы. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары. ДК-дің негізгі блоктары, жүйелік блок, микропроцессор, жады, енгізу-шығару порттары, графиктік адаптер, монитор, дискіжетектер, модем, желілік карта т.с.с.

 

Пән бойынша барлық сағат: 76 сағат

Теория: 76

Тәжірибе: жок

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жұмыс бағдарламасынан көшірме:

 

Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Пән: Информатика

Курс 1 семестр 1

Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 2

Теория: 2сағат

 

4 сабақ Тақырып: «Базалық апараттық  конфигурациясы. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары-ДК қосалқы құралдары»

Сабақ түрі: теория

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақтың өтетін орны: компьютерлік сынып

Білім алушы білуі керек:

-       Дербес компьютер құрылғылары;

-       Компьютердің негізгі құрылғыларының тағайындалуы.

                                        

Оқытушы арналған әдебиеттер:

1.     Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарына арналған экспериментальды оқулық. Балапанов Н.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.- Алматы: 2003

2.     Дербес компьютерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы. Инчин А.С. -Алматы 2002

3.     Windows 98 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғарғы сыныптарына арналған оқу құралы. Microsoft Excel 97- зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғарғы сыныптарына арналған оқу құралы. Балапанов Е.К., Бурибаев Б. И., Даулетқұлов А.Б.

4.       Windows Word.  Зертханалық жұмыс. Оқу құралы- Алматы, Білім 2000

Білім алушыға арналған әдебиеттер:

1.     Информатика бойынша 30 сабақ. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарына арналған экспериментальды оқулық. Балапанов Н.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б.- Алматы: 2003

2.     Дербес компьютерде жұмыс істеу. Екі бөлімді оқу құралы. Инчин А.С. -Алматы 2002

3.     Windows 98 операциялық жүйелер. Зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғарғы сыныптарына арналған оқу құралы. Microsoft Excel 97- зертханалық практикум. Орта мектептерде жоғарғы сыныптарына арналған оқу құралы. Балапанов Е.К., Бурибаев Б. И., Даулетқұлов А.Б.

4.     Windows Word.  Зертханалық жұмыс. Оқу құралы- Алматы, Білім 2000

5.     К.Б. Есекеев, Г.Қ. Нұрғалиева «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал»- Алматы, ҰАО АҚ, 2007


№ 4 сабақтың әдістемелік әзірлемесі

 

Мамандық: 0302000- «Мейірбеке ісі»

Біліктілік: 0302033- «Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Өткізу әдісі: илюстративті - түсіндірмелі

Сағат саны: 2 сағат

Сабақтың өтетін орны: компьютерлік сынып

 

Сабақтың тақырыбы: «Базалық апараттық  конфигурациясы. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары- ДК қосалқы құралдары»

Сабақтың мақсаты: Дербес компьютердің, ақпараттық жүйелердің, электрондық коммуникациялардың құралдары мен мүмкіндіктерімен іс жүзінде таныстыру. Білім алушыларды оқу үрдісінде компьютерлік технологиялар көмегімен ақпаратты қайта өңдеу, беру, жеткізу дағдыларын кәсіби қызметінде сапалы, ұтымдыпайдалануға үйрету.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға дербес компьютер және оның құрылғылары туралы нақты білім беру.

Дамытушылық: Қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау арқылы толық және нанымды жауап беруге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Еңбекті сүйе білуге, компьютермен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін есте ұстауға, өз уақыттарын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың жабдықтары: ДК, электрондық оқулық «Sin каз», тақырып бойынша ОӘК.

Пәнаралық байланыс: тарих, математика, физика.

Пәнішілік байланыс: «Қоғамдағы ақпараттық процестер»

 

 

Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы:

 

1        Ұйымдастыру кезеңі - 2 мин. 

2        Оқытушының кіріспе сөзі - 3 мин

3        Үй тапсырмасын тексеру - 20 мин.

4        Жаңа тақырыпты түсіндіру - 45 мин.  

5        Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту-15 мин.  

6        Баға қою - 3 мин.

7        Үй тапсырмасы - 2 мин.

 

 

 

 

Сабақтың барысы:

 

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

-       Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу;

-       Кезекшімен сұхбат, аудиторияның тазалығын шолу;

-       Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

2.     Оқытушының кіріспе сөзі.

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы «Базалық апараттық  конфигурациясы. Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары-ДК қосалқы құралдары»

Бұл тақырып бойынша  оқушылар ЭЕМ-ның негізгі құрылғаларымен танысу және олармен жұмыс істеуді білу қажет.

3.     Үй тапсырмасын тексеру:

Жалпы тесеру:

1        Компьютерлерді буынға бөлу шарты қандай?

2        ЭЕМ- ның буындары қандай?

3        Әр буынның айырмашылығын атаңыз?

4        Логикалық программалау тілі қашан қолдана бастады?

5        ДК қашан қолдана бастады?

6        ДК нешінші буынға жатқызылады?

7        ДК ақпараттық жабдығы қандай?

8        Орталық процессор дегеніміз не?

9        Енгізу құрылғылардың қызметі қандай?

10   Нәтижені біз қандай құрылғылары арқылы аламыз?

 

Сызба диктант:

1.     Объекттер саны туралы ақпаратты жазу үшін сандар қолданылады. (+)

2.     Санау жүйесі әріп деп аталатын арнайы символдар көмегімен әріптерді жазу әдісі. (-)

3.     1978 жылы халықаралық ғылыми конгресс  "информатика" ұғымын ресми түрде бекітті. (+)

4.     «Компьютер» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымдарды білдіретін information сөзінен шыққан (-)

5.     Компьютер - ақпаратты өңдеуге арналған әмбебап құрылғы. (+)

6.     Бит — өлшем бірліктің өте үлкен шамасы. (-)

7.     Информация - информация  деген  таңбалар  немесе  сигналдар  тізбегі.(+)

8.     Практикада көбінесе биттен кіші  бірлік —  байт қолданылады (-)

 

1

2

3

4

5

6

7

8

жауабы

+

-

+

-

+

-

+

-

 

4.     Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:

1        ДК-дің негізгі құрылғылары

2        Компьютердің пернетақтасы

3        Пернелердің қызметі

 

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал. Компьютердің  құрылғыларының блок-схемасы:

 

 

 

Негізгі құрылғылары:

         Жүйелік қорап

         Монитор

         Пернетақта

         Тінтуір

Шеткері құрылғылары

         Ақпаратты енгізу құрылғылары

         Ақпаратты шығару құрылғылары

         Енгізу және шығару қызметерін бірге атқаратын құрылғылар

 

Жүйелік блок

 Компьютердің ең басты бөлігі.  Ол – компьютердің “миы”.

Жүйелік қорап компьютердің негізгі тораптарын қамтиды:

         жүйелік (аналық) тақша;

         systemkaпроцессор;

         оперативті жады;

         тұрғылықты диск;

         алмалы дискілермен жұмыс істеуге арналған диск жетегі;

         СD және DVD диск жетектері;

         бейнесызбалық бейімдеуіш;

         дыбыстауыш;

         желілік тақша;

         енгізу-шығару порттары.

Аналық тақша

Метеринская плата5Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша. Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микросхемалар мен компьютердің басқа  құрылғылары  қосылатын слоттарға жеткізіледі.

 

Процессор

      Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор микросхема ретінде ұсынылған және оперативті жадымен қатар аналық тақшада орналасады. Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды.  Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) немесе (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық  жиілігімен анықталады.

 

Орталық процессор

Әдетте компьютер сипаттамасының басында, орталық процессордың (CPU - central processor unit) типі мен жиілігі, оперативті жады (random access memory, RAM) сипаттамасы беріледі. Компьютердің бұл құрамдас бөліктері – ең бастылары, өйткені олар компьютер жұмысының шапшаңдығын анықтайды.

 

sdramОперативті жады

Компьютердің оперативті жадысы (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.

 

 

 

 

bottomТұрғылықты диск

Тұрғылықты диск (тұрғылықты диск жетегі) немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы.

    Тұрғылықты дискінің сыйымдылығы түрлі компьютерлерде алуан түрлі болады да,

Мегабайтпен және гигабайтпен өлшенеді.

 

СD және DVD диск жетектері

 Мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді.

СD және DVD дискілер – ауыспалы тасымалдаушылар. Дискілер бір рет жазылатын (CD-R және DVD-R) және қайталап жазылатын  (CD-RW және DVD-RW) болып бөлінеді.

CD-ROMplay

Сызбалық бейімдеуіш

Бейімдеуіштің кескіндерді сақтау үшін ғана пайдаланылатын меншікті оперативті жадысы бар “Тұрғылықты жері” бойынша бұл жады көпнесе Бейнежады (videoRAM немесе VRAM) деп аталады.

10б

 

Бейнежады көлемі неғұрлым үлкен болса, компьютер кескіндер мен бейнероликтерді соғұрлым үлкен ажыратылымдылықпен және түрлі түстермен бейнелейді.

p_radeon_9600_pro_b_01

 

Дыбыстық тақша

10 аДыбыстауыш компьютерге жоғары сапалы дыбыс тудыруға және оны компьютерге жазуға мүмкіндік береді.Дыбыстық тақша ұсынатын  дыбыспен жұмыс істеудің кеңейтілген мүмкіндіктері  компьютерлік ойындарда және басқа қазіргі заманғы  бағдарламаларда талап етіледі.

 

11Желілік тақша

Желілік тақша компьютерді компьютерлер желісіне қосуға мүмкіндік береді. Желілік тақшалардың  бірнеше түрі бар. Ethernet, token ring және сымсыз желілерге қатынас құруға арналған тақшалар, ең танымалылары – Ethernet және сымсыз желілер.

 

Енгізу-шығару порттары

Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады.

Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі порттардың саны мен түріне тәуелді болады.

 

12

 

Монитор

Монитор немесе дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды және түрлі-түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді.

Монитор6ЭЕМ – нің экранда мәлімет көрсету бөлігі

екі жартыдан тұрады:Монитор және адаптер.

Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ

қорабының ішінде орналасқан. Монитордың  өзінде тек электронды-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейнелеу сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан. Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады:EGA, VGA және SVGA. (Super VGA) кеңінен қолданылады. SVGA – ның бейнелеу мүмкіндігі өте жоғары. 

 

Пернетақта

65Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.

Пернелер бірнеше блокқа  бөлінеді:

-         Символдық пернелер

-         Функциялық пернелер

-         Нұсқаушы пернелер

-         Цифрлық пернелер

 

RFSW35-viewТінтуір

“Тышқан тәрізді қол тетігі” пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқару үшін қолданылады.

Маустың екі түрі болады: үш батырмалы, екі батырмалы.

 

Пернетақтамен танысу

Пернетақта компьютерге ақпарат енгізу және оның жұмысын басқару үшін пайдалынады. Қазіргі кезде кеңінен тараған Windows- қа лайықталған пернетақта 104 пернеден тұрады, оның екеуі  Windows терезелері бейнеленген пернелер. Пернетақтадағы шағын микропроцессор осы ажыратып- қосқыштардың қалып күйін қадағалап отырып, әрбір перне басылып, қайта жіберілген кезде компьютерге сәйкес хабарды жөнелтеді, ал компьютердің бағдарламасы бұл хабарларды өңдейді.

Пернетақта 4 бөлікке бөлінген: әріптік-сандық  бөлік, жүгіргіні басқару және мәтінді түзету пернелері, жетелік пернелер, сандық бөлік.

Көптеген пернелердің бетінде екі-төрт таңба бейнеленген. Пернені қажетті нышанды енгізуге қолдану үшін басқару пернелері пайдалынады. <Alt>, <Ctrl>, <Shift> пернелері әдетте қандай да бір әрекетті орындамайды, олар басқа пернелердің міндетін өзгертуге арналған немесе өзге пернелермен бірге қолданылады. Мысалы,  <Shift> пернесі бас әріптері тіркесімі – пернетақта тілін өзгерту үшін пайдалынады.

<CapsLock> бас әріптер режимін бекіту үшін қолданылады. <CapsLock> пернесін қайталап басып, бас әріптер енгізу режимін болдырмай тастауға болады.

<Enter> (енгізу)- мәтінмен жұмыс істеукезінде жолды енгізуді аяқтауға арналған, нысандармен жұмыс істеу кезінде тінтуірдің сол жақ батырмасын екі рет шерткенмен бірдей қызмет атқарады.

<Esc> (болдырмау) – әрекетті немесе амалды болдырмау, сұхбат терезесін немесе мәтінмәндік терезені жабу үшін қолданылады.

Бос орын пернесі – пернетақтаның төменгі жағындағы еш жазуы жоқ бұл перне сөздер арасында бос орын қалдыру үшін қолданылады.

Түзету пернелері - <Backpace>, <Delete> ,<Insert>.

<Backpace> - Enter пернесінің үстінде орналасқан бағдаршалы перне. Ол жүгіргінің сол жағында тұрған нышанды жояды.

<Delete> - жүгіргінің үстінде немемсе оң жағында тұрған нышанды жояды.

 <Insert> - нышандардыенгізу режимдерін ауыстыруға арналған.

Жүгіргіні басқару пернелері      жүгіргіні бейне бет бойымен өзіне сәйкес бағытта жылжытады.

Жүгіргіні басқару пернелеріне, мондай-ақ  <Home>, <End>, <Pg Up>, <Pg Dn> пернелері жатады.

<Home>, <End> - жүгіргіні мәтін жолының басына (соңына) апарады.

<Pg Up>, <Pg Dn> - жүгіргіні мәтін бойымен бір бейне бетке жоғары (төмен) жылжытады.

Windows пернесі Бастау батырмасының Бас мәзірін ашады. Басқару пернелері сияқты, ол да басқа пернелермен бірге қолданыла алады.

Мәтінмәндік мәзір бейнеленген перне тінтуірдің оң жақ пернесінің қызметін атқарады.

Жетелік пернелер -  <F1>.... <F12>  - алдын ала белгіленген мәні жоқпернелер. Олардың мәнін бағдарламаларды әзірлеушілер өз қалауынша анықтайды. Жетелік пернелер міндетін нақты бағдарламамен танысу кезінде оқып-қарастыру қажет.

Сандық  бөлік екі мақсатта қолданылады. Пернетақтаның сандық бөлігінде <NumLock> пернесі режимі қосылып тұрған кезде пернелер сандық ақпарат пен арифметикалық амалдар таңбаларын енгізуге арналады.

Пернетақтаның санық бөлімінде <NumLock>  пернесі режимі қосылмаған кезде бұнда жүгіргіні басқару пернелері қайталанады.

<CapsLock>,   <ScrollLock>, <NumLock>  пернелерінің пернетақтаның оң жақ жоғарғы бұрышында сәйкс режим қосылып тұрғанын көрсететін көрсеткіштері бар.

5.     Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту. Жаңа білімді бекіту үшін оқушыларға тақырып бойыншасұрақтар беріледі.

1        Компьютер дегеніміз не?

2        Компьютердің блок схемасы қандай?

3        ДК-дің негізгі құрылғылпры қандай?

4        Жүйелік блоктың қызметі қандай?

5        Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар?

6        Аналық тақша дегеніміз не?

7        Процессор дегеніміз не?

8        Қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет ететін қандай жады?

9        CD-RW және DVD-RW қызметтері қандай?

10   Пернетақта дегеніміз не?

11   Пернетақта неше бөліктен және пернеден тұрады?

12   Жетелік пернелердің қызметі?

13   Басқарушы пернелер не үшін қажет?

 

6.     Баға қою. Барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларды бағалау, ескерту жасау

7.     Үй тапсырмасы:

1.     Б. Бөрібаев. «Информатика және компьютер».- Алматы: Білім,  1995 ж. -29 бет.

2.     К.Б. Есекеев, Г.Қ. Нұрғалиева «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал»- Алматы, ҰАО АҚ, 2007.- 11 б.

3.     дәрісті оқу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика "Дербес компьютердің құрылғылары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 767 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2015 2682
    • DOCX 318.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бейсенбаева Динара Кайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бейсенбаева Динара Кайратовна
    Бейсенбаева Динара Кайратовна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 15710
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 192 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 977 человек

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе