Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Статьи / Информатика сабағында 6 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Информатика сабағында 6 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары

библиотека
материалов

Информатика сабағында 6 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары

Қарағанда қаласы, Жезқазған қаласындағы №10 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакипова Анар Тойшибековна

Функционалдық сауаттылық –білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық – оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада анық көрсетілген.

Білім беру саласының мониторингі функционалдық сауаттылықтың  негізгі бағыттары арқылы іске асады:

-         Оқу және жазу сауаттылық

-         Жаратылыстану  ғылымдарындағы сауаттылық

-         Компьютерлік сауаттылық

-         Математикалық сауаттылық

-         Денсаулық сауаттылық

-         Құқықтық сауаттылық

Оқу және жазу сауаттылығы

Оқушылардың көне дүниелермен танысу, білу, құштарлану құзыреттілігін қалыптастыру. Көрген-білгендерін тиянақты түрде мазмұндап жеткізу

Жаратылыстану ғылымындағы сауаттылық

Оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, ғылыми білім жүйесіне негізделіп, танымның логикалық –саналы тәсілдеріне арқа сүйей отырып, оқушыға берілетін теориялық біліммен сипатталып, ғылыми категориялар мен дәлелдерді кеңінен пайдалануға машықтандырады.

Компьютерлік сауаттылық

Оқушынның ақпараттық мәдениеттілігін, сауаттылығын, алгоритмдік ойлауын қалыптастыру және эмоциялық қабылдау түрлері мен есте сақтауын дамыту.

Математикалық сауаттылық

Математикалық сөйлеу және жазу мәдениетіне қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде көрінеді.

Денсаулық сауаттылық

Дені сау, жаны сау оқушы тұлғасын қалыптастыру.

Құқықтық сауаттылық

Оқушының құқықтық білімін жақсарту, құқықтық ұғыну, өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін білу, заң күшіне сену т.б.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?

Бұл сұраққа мынандай деректер келтіруге болады. 
Ресми дерек бойынша, мектеп жасындағы балалардың 40 пайызы әдеби мәтінді түсінуге қиналатындығы дәлелденген. Бұлар мектептен білім алса да, қызмет жасауға келгенде қарапайым жазу үлгісін білмейтіндігін көрсеткен. Тіпті олар әр түрлі жағдайда кездескен бланкіні толтыра алмай, ондағы ақпараттың мәнісін түсіне алмапты. Бір қызығы, олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін білмейтін болып шыққан.

Соның салдарынан жұмыссыздық, өндірістегі апат, жазатайым оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Сақтанбау, ұқыпсыздық, байқаусыздық, апаттар: мұның бәрі ережені дұрыс оқымағандықтан, түсінбегендіктен, санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.

ЖАЙ САУАТТЫЛЫҚ – адамның оқу, түсіну, қысқа мәтіндерді құру және қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындауы.

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.

Информатика сабағында пәнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ-жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналыстыруға, бірін- бірі бағалай алуға, өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл бөлемін.

Өз тәжірибемде 6 сынып оқушыларына төмендегідей тапсырмаларды орындай отырып, функционалдық сауаттылығы дамып, ақпараттық мәдениеттілігі қалыптасады

Практикалық тапсырмалар

/Таратпа жұмыстары/

1 тапсырма

Мәтін фрагменттерін “ерекшелеу, қию, көшіру, қою” тақырыбы бойынша

1. Жұмыс үстеліндегі “мен тапқырмын” бумасын ашып, №1 тапсырманы мұқият оқып шығып, “ ерекшелеу, қию, көшіру, қою” арқылы мағынасы бойынша топтастырыңдар: найзағай, ай, қайшы, боран, үстел, тікұшақ, мыс, таңның атуы, қар басу, сынап, су тасқыны, спирт, мұнай, боран, алюминий, қайнау, қорғасын, атыс

Үлгіге қараңдар: осы үлгі бойынша топтаңдар

Физикалық денеге жататындар: ай;

Уақытша құбылысқа жататындар: найзағай;

Затқа жататындарға: қорғасын

Практикалық тапсырмалар

/Таратпа жұмыстары/

2 тапсырма

Мәтін теру, мәтінді сақтау тақырыбы бойынша

  1. Мәтіндік редакторды іске қосу

  2. Өздерің туралы мәлімет/ атың, фамилияң, тегің, сыныбың, мекенжайың/ үш тілде жазу: қазақша, орысша, ағылшынша.

  3. Жұмыстарыңды сақтаңдар

Мысалы:

ағылшын тілінде : Alieva Aiman Maratobna , Form 6 “A”, Margulan str. 50

орыс тілінде:Алиева Айман Маратовна, 6 «А» класс, ул.Маргулан. дом 50

қазақ тілінде: Әлиева Айман Маратқызы, Марғұлан көшесі 50 үй

3 тапсырма күрделі деңгей

Автофигураның көмегімен салу.


4 тапсырма

Мәтіндік редакторда кестемен жұмыс.

Жұмыс барысы:

  1. Альбомдық стильде жұмыс бетін дайындап, Разметка страницы Колонки –Две командасын орындайды;

  2. Кесте- кестені құру командасы арқылы «күнделік» жасау үшін неше жол, неше баған керегін таңдайды; / 1ші аптаның дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері бойынша кесте сызылады/

  3. Оқушылар кесте құру барысында ұяшықтармен жұмыс, ұяшықтарды біріктіру, артығын алып тастау, құю құралымен жұмыс, автофигура көмегімен жұмыстар атқарады;

  4. Келесі бетке өтіп аптаның қалған үш күнін жасайды

  5. Жасалған күнделікті сақтап, өз күнделіктерімен салыстыру.


5 тапсырма

Топтық жұмыс /Шығармашылық жұмыс/

Жұмыс барысы:

  1. Жыл мезгілдеріне байланысты оқушылар төрт топқа бөлінеді / әр мезгілге сәйкес түс арқылы//

  2. Топтардың әрқайсысына әртүрлі өлең-жолдар қиындысы салынған конверт таратылады;

  3. Әр топ тапсырмаларын қарап, сөз қиындыларынан өлеңді құрастырып, өлеңнің қалай аталатынын, оның авторы кім екенін табады

  4. Осы өлең не жайында, түсінгенін әрқайсысы постерде бейнелейді

  5. Осы өлеңнің авторы туралы, оның басқа да білетін еңбектері туралы PowerPoint та 2-3 слайдтан тұратын презентация топтың әрбір мүшесі дайындайды.

Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

Әр сабақ соңында оқушылардың көңіл күйі қандай болғанын, бірі-бірін дәл, нақты бағалай білгенін, жасаған жұмыстары өздеріне ұнағанын білу мақсатында бақылаулар жүргізуге болады смайликтер, сызбалар, суреттер,“ия”, “жоқ” сөздері арқылы. Мысалы: сергіту сәтінде төмендегі суреттің айырмашылығын табу.

hello_html_19345e2.png



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 25.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Статьи
Просмотров221
Номер материала ДВ-554280
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх