Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Инновациялық технологияларды сабақта қолдану.

Инновациялық технологияларды сабақта қолдану.

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Инновациялық технологияларды сабақта қолдану

Орыс ғалымы Л. В. Зенков «Жаңа технологиялық əдіс-тəсілдерді пайдалану – білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы» деп атап көрсеткен. Күн сайынғы, тіпті сағат сайын артып, өзгеріп отырған əлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл əдіс-тəсілдерді меңгеріп пайдалана білу бүгінгі күннің мұғалімінен үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана біз

сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Қазіргі уақытта қолданыста жүрген 25-ке жуық оқыту технологиялары, 40-қа жуық сабақ түрлері бар. Бұл технологиялар өз ресурстарын тауысуға айналды. Бүгінгі таңда əлем жаңа, тың серпілістер үстінде. Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50-ден астам педаго- гикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бəрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан мектептегі əрбір пəнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу жəне оны іс-əрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының əрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштар-

лығына көңіл бөлінуі тиіс. Мектептердің оқу үрдісіне жаңа технологияны енгізу арқылы оқу сапасы жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей отырып, саралап, даралап оқытуға мүмкіндік туады. Жаңа технология оқушының өзіндік жұмыс атқаруына жəне ең бастысы – оқушының білім жетістіктерін  

 жақсартуға ықпал етеді. Қазақ тілі пəні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тəсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тəсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-

əрекеттік модель ретінде қарастыруға болады. Оқытудан күтілетін нəтижелер тізбесін негізге ала отырып түрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана жауабы бар тапсырмалар, ашық жəне еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады.

Тапсырмалардың мұндай түрлері оқушының іс-əрекеттік (компетенттік) тəсілге бейімделуіне мүмкіндік береді. Мектептегі оқытуды технология-ландыру қазіргі нарықтық экономика жағдайынан, өмір талабынан туындап отыр. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Деңгейлік тапсырмалар бірінші, екінші, үшінші деңгейде беріледі. Бірінші деңгейдегі

тапсырма мемлекеттік стандарт деңгей, мұны барлық оқушылар орындауға міндетті. Екінші деңгей күрделенеді, бұл деңгейлік тапсырманы орындауға оқушылардың барлығы құқылы, ал үшінші деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзіндік пікірін жеткізе алатын, ойын дəлелдей алатын қабілетті оқушылар орындайды. Орыс мектептерінде өтілетін қазақ тілі сабақтарының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, оқу техникасын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, сөйлем құрлысын меңгерту, қазақ тіліне тəн дыбыстарын айтып, сөз ішінен ажырата білуге үйрету. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек. «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік жəне «logos» ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен əдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Əдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нəтижелі оқытуға болады?» деген мəселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың əр түрлі əдістері арқылы анықталады. Бүгінгі таңда оқу үдерісінде оқытудың қалыптасқан негізгі

əдістерімен қатар оқытудың жаңа əдістері, яғни инновациялық əдістері де жиі қолданылады. Оқу үдерісінде оқытудың озық технологиясын қолдану – бүгінгі күннің өзекті мəселесі. Сондықтан да біздің мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде. Қазақ тілі сабағының басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері

мен əдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта қазақ тілі мұғалімдері сабақ өту əдістерін толықтырып, əр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын. Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тəрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру əдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, тест əдісімен өткізіліп келеді. Кеңінен қолданылып жүрген технологиялардың бірі – «Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы». Бұл технология оқушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс істеу, білімді сапалы қабылдау, шығармашылықтарын арттыра түсуге бағыттайды, мəселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды. В.П.Беспалько оқуматериалын меңгерудің 4 деңгейін ұсынады: 1) оқушылық (ученический); 2) алгоритмдік (алгоритмический); 3) эвристикалық (эвристический); 4) шығармашылық (творческий). Ғалым оқушылық деңгейден бастап шығармашылық деңгейге дейінгі даму кестесін былай көрсетеді. Оқушылық деңгейде білімнің берілуі, деңгейлік тапсырмалардың іске асырылуы бағдарлама талабына сəйкестігіне байланысты.  Алгоритмдік деңгейде оқу материалдарының түсініктілігі, мазмұны деңгейлік тапсырмалардың күрделене түсуінен аңғарылады.

Эвристикалық деңгейде білімнің берілуі жүйелілігі, сабақтастығы, іздендірушілік ерекшелігі басым болып, деңгейлік тапсырмалардың танымдық жағынан жетілуіне, тереңдетілуіне айрықша назар аударылады. Шығармашылық деңгейде баланың дарындылығы, таланты, тапсырмаларды орында оқудағы ізденімпаздығы танымдық, рухани зияткерлік шеберлікке ұштасады. Сонымен, оқыту технологиясы бұрыннан келе жатқан классикалық педагогика жетістіктерін пайдалана отырып оны жаңа əдістермен байытып, білім алуды оқушының өзіндік іс-əрекеттері арқылы ұйымдастыруды талап етеді. Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмалар орындау барысында оқушы төменгі деңгейді орындап қана шектелуі мүмкін немесе бірнеше деңгей тапсырмасын ұқыптылықпен, жауапкершілікпен меңгеруі мүмкін. Егер аз уақыттың ішінде оқушы көп тапсырма орындап үлгерсе, ол оқушының іскерлігі, шеберлігі, белсенділігі мен қабілеттілігі жоғары. Оқушының осындай зеректігін одан əрі дамыту үшін де деңгейлік тапсырмалар қажет. Мұғалім деңгейлік тапсырмалар арқылы сабақ кезеңдерінде оқушының танымдық ойын,

белсенділігін, икемдігін арттыру жұмыстарын шеберлікпен жүргізе алады.

Деңгейлік тапсырма негізінде оқу объектілерінің терең де шығармашылық ара- қатынасы ескеріледі. Оқушының өзін-өзі тануына, өз күйін өзі сезінуіне ізденімпаздық тудыратындай əлеуметтік-мəдени кеңістік жасау қажет. Деңгейлік оқыту технологиясында оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейде жүргізіледі. Əр сыныпта оқушылардың өз бетімен жүргізген жұмыстары тоқсандық қорытынды жұмыстары, бақылау жұмыстары есепке алынады. Əр оқушының жеке дамуының көрсеткіші жасалады. Оқушы өзін-өзі бақылайды. Жыл соңында əр оқушының білім сапасы қорытындыланады. Жыл бойы құрылған əр

оқушының білім сапасының мониторингісінен оның білім деңгейі анықталады. Оқушы жыл бойы өзінің қалыс қалған жақтарын есепке алып отырады. Деңгейлік тапсырмаларды құруға қойылатын талаптар мынадай.

Біріншіден, мұғалім деңгейлік тапсырма құрылатын сыныптың бағдарламасын, мемлекеттік, стандартты, базалық оқу жоспарын толық білуі тиіс.

Екіншіден, оқушының физикалық, психологиялық ерекшелігі, қабілеті, білім деңгейі назарға алынғаны жөн.

Үшіншіден, оқушылардың басқа пəндерден алған білімдері ескеріліп, пəнаралық байланыс жүзеге асырылады.

Төртіншіден, деңгейлік тапсырмалар қызықты, баланың ойлау қабілетін дамытатын, көркемдігі жоғары, тілі түсінікті болуы қажет.

Бесіншіден, тапсырмалар біртіндеп күрделене келіп, оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру мақсатына сай мазмұны терең, жан-жақты болғаны жөн.

Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілетін дамытатын, əлеуметтік көзқарасын қалыптастыратын, ізденушілікке баулитын, жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі.

Мұндай жұмыстар жүйесі төрт деңгейлік тапсырмалардан тұрады.

Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сəйкес, бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. 4-сынып бағдарламасына байланысты оқушылар лексикалық тақырыптар мен тілдік ережелерді, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғары сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап, айтып, оқып, жаза алады. Адамдардың айтқанын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап

айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді. Грамматикалық, лексикалық тапсырмаларды игереді. Мəтінмен жұмыс атқарады. Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Оқушылар сынып бағдарламасына сай тақырыптарды меңгеру барысында жұмыстың барлық түрлерімен танысады. Оқушы өз бетімен ізденеді,  

жеке қабілетіне қарай еңбек етеді. Баланың ықыласы өседі. Оқушының сөйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден əлдеқайда жоғары болады. Осындай талаптарға байланысты оқушы сөздерді дұрыс құрастыру, сөйлемді толықтыру, сұраққа жауап, диалог құру сияқты тапсырмаларды еркін меңгере бастайды. Үшінші деңгей тапсырмалары танымдық іздену, алған білімді жинақтау, бекітуге бағытталады. Бұл тапсырмалар оқушылардың пəнге дəрежесінің жоғары болуымен, баланың өз жеке басының белсенділігімен өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға сай пайдалануымен сипатталады. Ол хабарлау; суреттеу; тілдік жағдайға, ортаға байланысты

бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Жағдаятқа байланысты түрлі нұсқада диалог құрады. Мəтін бойынша сұрақ қояды. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық іздену түріндегі жұмыстарды іске асырып, өз бетімен орындайды. Оқушы үйренген сөздерінен, тіркестерден өзінше тұжырым жасауға ұмтылады. Бірінші сатыда оқушы мұғалім көмегімен бағдарлама бойынша тиянақты білім алады, не оқыса соны қайталап айтып береді, орындаушылық қызмет атқарады. Екінші сатыда осы алған білімін тереңдетіп, түрлендіріп, өзгертілген тапсырмалар орындау арқылы оқушы өз бетімен еңбек етеді. Үшінші сатыда танымдық іздену жолындағы тапсырмалар орындап, бала өз тұжырымын жасайды. Сонымен педагогика ілімінде қолданылатын деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту дегеніміз – оқыту үрдісінің белгілі түрі жəне сапалы оқытуды ұйымдастыру формаларының

жиынтығы, оқыту жүйесі. Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту үшін жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар – оқушының білімін дамытушы жəне əдістемелік міндеттерді жүзеге асырушы.

Қосымша

4-сыныпқа арналған тапсырмалар

І деңгейлік тапсырма. Берілген сөздерді буынға бөліп жаз, қандай буын екенін анықта (ашық, тұйық, бітеу). Ақын, алмас, сен, ерте, жұрт

ІІ деңгейлік тапсырма. Берілген сөздерді буынға бөл. Мектеп, əже, қант оқушы, мұғалім, бозторғай, ата, дəптер, кітапхана, дəрігер.

ІІІ деңгейлік тапсырма. Дауыссыз дыбыстан басталатын екі мақал жаз, мəнін аш.

Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кəсіптік адамгершілік, рухани

азаматтық жəне де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Сабақта қолданылатын əдістер көмегімен жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау білімі меңгеріледі. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек.

Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты.

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров629
Номер материала ДВ-340590
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх