Инфоурок Другое Другие методич. материалы1. Киімнің шығу тарихы.

1. Киімнің шығу тарихы.

Скачать материал

Мазмұны

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1.   Киімнің шығу тарихы.

2. Көйлектің негізгі сызбасы.

3. Киімдерде күрделі бүкпелерді моделдеу жолы.

4. Бүкпелерді өңделу технологиялыұ ерекшеліктері.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Кіріспе

 

«Киімді модельдеу  және көркемдік безендіру» пәні «Киім дизайны» мамандығы бойынша мамандар даярлау процесіндегі негізгі пәннің бірі болып саналады. Деседе  республикамыздағы көптеген кәсіптік білім беретін оқу орындарында бұл пәнге негізделген арнайы әдебиеттер тапшылық етеді. Ұсынылып отырған бұл оқулық А.И. Черемных, Г.С. Горина, Т.В. Козлова, Ф.М. Пар-мон, Д. Д.Ермилова, тағы басқа мамандардың керкемдік безендіру жөніндегі еңбектері негізінде мәліметтер келтіреді. Оқулықтың мақсаты да оқушыларга киімді көркемдік безендіру және модельдеу саласынан нақты мәлімет беру болып табылады.

Оқулықтың бірінші тарауы киімді көркемдік жобалауга байланысты жалпы мәселелерге арналған, мұнда киім, костюм, стиль мен сән ұғымдары туралы негізгі түсініктер берілген, костюмнің пішіні (формасы) және оның қалыптасуы түсіндірілген.

Екінші тарауда композицияның теориялық негіздері, костюмді үйлестіру құралдары, костюмдегі түр-түстер және тағы басқа мәселелер баяндалған.

«Дене бітімі және костюм» тарауында адам денебітімінің пропорциясы ,  дене құрылысының типтеріне қысқаша сипаттама берілген.

Төртінші «Киімді көркемдік жобалау» тарауында балалар, жастар, әйелдер киімдерін модельдеу және көркемдік безендірудің өзекті мәселелері қарастырылған. Костюмді көркемдік жобалаудың қазіргі терминологиясы берілген.

Бесінші «Қазіргі костюм және салт-дәстүр» атты тарауда қазақтың ұлттық киімдері талданып, оның композициялың-көркемдік құрылуына көңіл бөлінген, ұлттық киімдердің жіктелімі берілген. Қазіргі костюмдерді жобалау барысында ұлттық сарындарды пайдалану мәселелері қарастырылған, қазақ ұлттық киімдеріне анықтамалар берілген.

Бұл оқулық «Киім дизайны» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға арналып, алғаш рет мемлекеттік тілде жарың көріп отыр.

Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Қоғам дамуы барысындағы материалдық, рухани, әлеуметтік талаптарға сай киім жиі өзгеріске ұшырап отырады. Киім адамның дүниетанымдық, эстетикальщ талғамдарына жауап беру арқылы даралық айқындау қызметін атқарады, тұлғаның әлеуметтік жағдайын танытады. Осы сияқты киімнің әр бөлігінің өзіндік қызметі бар.

Киім адам денесін қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтау қажеттілігінен пайда болған. Киім тігуге мал, аң терілері, өсімдік, ағаш, балық, құс өнімдері, жасанды материалдар пайдаланылған. Адамдар алғаш аң терісінен жасалған киімдерді пайдаланған, неолит дәуірінде шөп орамынан тоқылған белдемшелер киетін болған. Тоқымашылың көсібін игергеннен соң адамдар иықтан, мықыннан киілетін жапқыштар қолданган. Одан кейін тігіссіз киім пішіндері дамыған. Мысалы, үнділіктер - сари, шалма, кавказдықтар - бурка, римдіктер - тога жөне т.б.

Ежелгі киім элементтерінің бірі - белдік. Ол қару-жарақ пен жорыққа қажетті заттарды бекіту қызметін атқарды. Аяқ киім мен бас киімдер кешірек пайда болған. Олар адамды ыстық пен суықтан қорғау қызметін атқарған.

Киімнің климаттық шарттарға байланысты да түрлері бар. Ол әр аймақта әр түрлі формасымен, материалымен ерекшеленеді. Мысалы, мықындық алжапқыш, иық жамылғысы - тропика және субтропика тұрғындарының киімі. Суық климатты арктикалық аймақтарда бүкіл адам денесін жауып тұратын киім киген.

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

1.     Киімнің шығу тарихы.

 

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрағат міндеттерінің бірі - өзінің өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеуге, ұрпақ тәрбиесі келешектегі қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан – жақты жетілген, ақылпарасаты  мол, мәдени – ғылыми өрісі озық азамат ретінде тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.Осыған орай, бүгінгі заман талабына қарай жастарды киім үлгілерін модельдеуге, пішуге, тігуге, көркемдеп сәндеуге әрі эстетикалық талғамын арттырып, көркемдік білім деңгейін көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Конструкциялау нәтижесінде киімнің сыртқы пішіні мен құрылымы анықталатын процесс. Киім конструкциясын қалыптастыруда дененің барлық мүшелерінің өлшемдерінің бірдей мәнге ие бола бермейді. Киім үлгісін

Киім өндірісі – адамның тұрмыстық талаптары мен көркемдік талаптарына сай қызмет ететін индустрияның қуатты саласы. Ғылыммен техниканың даму нәтижесінде киім адам тұлғасын сыртқы ортадан қорғау үшін ғана емес, қолданбалы өнер обьектісі ретінде қолданылады.

         Киімді конструкциялауды даярлау негізін құрайтын барлық мәселелердің ережелері мен тәсілдері:

·                                  қазіргі киім ассартиментінің сипаттамасы, оның атқаратын қызметі және оған қойылатын талаптар берілген;

·                                  адам денесінің анатомиялық және морфологиялық құрылысы мәселелері қарастырылған;

·                                  әйелдер және ерлер дене бітімдерінің өлшемдік сипаттамасы берілген;

·                                  негізгі және туынды лекалалар жасауда және олардың градациясын қамтитын киімдер моделіне конструкторлық құжаттама жасау принципі.

         Киімді конструкциялау барысында ғылым мен техника, өндіріс дамуының соңғы нәтижелері пайдалануы тиіс.  Тігін бұйымдары ішінде, тұрмыстық киімдермен қатар, жұмыс киімдерінің бірі алжапқыштың сзбасын сызу мен модельдеудің маңызы үлкен.

         Г.Ә. Тәкішева, Б.Е Асанованың «Киімді модельдеу және көркемдік безендіру» оқулығында  киімді көркемдік жобалауға байланысты жалпы мәселелер қарастырылған, онда киім, костюм, стиль мен сән ұғымдары туралы негізгі түсініктер берілген.

         Жолдасбекова С. А., Қалабаева Қ.Р. «Киімді конструкциялау мен модельдеу» оқу құралында киім түрлері, оларға қойылатын талаптар, өлшем алу техникасы мен қосымшалар қосу жөнінде сонымен қатар әйелдер мен қыздардың киімдерін конструкциялау мен модельдеу жөнінде мәліметтер берілген.

         А. Асанова, Г. Тастанбекова. «Киімді конструкциялау және тігу технологиясы» оқулығында киім конструкциялауға арналған негізгі мәліметтер баяндалып, әйелдер киімдерін конструкциялау, әр түрлі пішіндегі және пішімдегі киімдерді конструкциялау, лекало дайындау және олардың градацияларын жасау принципі, киімдерді дайындау технологиясы негіздері қарастырылады.

         С. А. Жолдасбекова «Костю композициясы» оқулығында қазіргі заман киім үлгілері жөнінде жалпы мәліметтер, костюм стилі мен модасы, костю композициясының заңдылықтары, киім формасының көрермендік және конструктивтік элементтері, костюм формасы мен материалы, костюмді сәндеу түрлері ашып көрсетіледі.

Киімнің негізгі қызметтері

         Киім – утилитарлық және эстетикалық қызметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйым, бұйымдардың жиынтығы.

         Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететінмаңызы бар. Киім белгілі бір дәрежеде адамдардың жас айырмашылығын, әлеуметтік ерекшеліктері мен энтикалық ортасын танытады. Ұлттық талғамдар мен дәстүрлер әсіресе киімге тағылатын зергерлік бұйымдардан айқын сезіледі.

         Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Қазақтардың ұлттық киімі халқымыздың негізгі кәсібі – мал шаруашылығына байланысты көшіп – қонып жүруіне ыңғайлы етіп тігілді. Оларға аяз бен боранға, ыстыққа төтеп беретін киім қажет болды. Сондықтан да қазақтар киімді иленген мал терісінен, жұқа киізден, түйенің жүнінен тікті. Бертін келе матаға жүн, жібек, мақта маталарын ала бастады. Ал XVIII ғасырдан бастап орыстың фабрикалық арзан маталарын айырбасқа ала бастады. Бұл ұлттық киім түрінің көбеюіне мүмкіндік жасады.

         Қазір киімдердің мынадай түрлері бар: 1) ерекше маталарды  қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер; 2) жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен курорттарға киетін киімдер; 3) әскери адамдардың, теміржолшылардың, т.б. адамдардың киімдері; 4) спорттық киімдер.

         Киім сөзімен мағыналас қолданылатын «костюм» ұғымы кең ағынаны қамтиды.

         Костюм – адам денесіне киетін киімдерінің (аяқ киім, бас киім, қолғаптар және т.б.) оларға қосымша сән беретін заттармен, сондай – ақ шаш қою үлгісі, бет - әлпетті сияқты элементтермен біртұтас утилитарлық – көркемдік тұтастықты құрайтын тарихи қалыптасқан және үнемі дамып отыратын кешен.

         Қазіргі заман костюмінің атқаратын қызметі сан алуан. Киім адам баласының бірінші кезектегі қажеттіліктерінің бірі болғандықтан, ең алдымен қорғаныш қызметін атқарады. Өйткені, киім адам ағзасын табиғаттың және өндірістік ортаның әр түрлі әсерлерінен қорғайды. Сол сияқты адамның денесіне киген киімі қимыл әрекетіне ыңғайлы да ықшам болып, физиологиялық – гигиеналық қызмет атқаруы керек. Ақпараттық қызмет киім туралы (қолдануы, заманауилығы, жаңалығы) және адам туралы ақпарат (мамандығы, талғамы, мәдениеті, және т.б.) береді. Киімнің адамның сыртқы келбетіне жарасымдылығы, бұйым композициясы элементтерінің жеткіліктілігі және киім дайындаудағы сапа деңгейі (тауарлық түр) оның эстетикалық қызметі арқылы айқындалады. Киімнің негізгі атқаратын қызметтері: утилитарлық және ақпараттық – эстетикалық болып бөлінеді. Утилитарлық қызмет екінші денгейінде қорғану және физиологиялық – гигиеналық қызмет болып, ал ақпараттық – эстетикалық қызмет – ақпараттық және эстетикалық болып бөлінеді.

         Киімнің атқаратын қызметі оның тағайындалуына да байланысты. Мысалы, тұрмыстық киімдер қызметінің спорттық костюмдер, ұлттық киімдер және өндірістік киімдер қызметіне қарағанда бірталай айырмашылығы бар. Спорттық киімнің атқаратын қызметтері айқындалған: утилитарлық, қорғаушы, белгілеуші, теңеуші, дәстүрлі және эстетикалық. Бұл аталған қызметтер спорт түрлеріне байланысты спорттық киімдердің барлығында да көрсетілген. Мысалы,спорттың кейбір түріне арналған костюмде (фудбол, баскетбол, волейбол, хоккей) қорғаушы және белгілеуші қызметі, ал басқа түріне (мәнерлеп сырғанауда) – эстетикалық және белгілеуші, ал тағы бір түрінде (жүзу, суға секіру) утилитарлық, төртінші түрлерінде (сайысу, ат спорты) – дәстүрлі және т.б. қызметтері жетекші орын алады.

         Қзіргі заманғы киімдер жіктелімінің (классификация) негізіне өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өнімдері үшін қабылданған топтау мен кодтаудың жалпы принциптері алынған.

         Киімді қорғаныш қызметі тұрғысынан екі класқа бөлуге болады: 1) тұрмыстық; 2) өндірістік.

         Тұрмыстық киім – адам ағзасын түрлі климаттық әсерлерден қорғау үшін тұрмыстық және қоғамдық жағдайларда киюге арналған.

         Өндірістік киім – адам ағзасын климаттық ортадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік ортадағы қолайсыз әсерден қорғау үшін өнеркәсіптің түрлі салаларында киюге арналған.

         Киім кластарын пайдаланым шарттарына сәйкес класс тармақтарына, түрлерге, топтар мен шағын топтарға бөледі.

         Тұрмыстық киім классы көп салалы болып келеді, оны келесі класс тармақтарына бөледі: 1.1 – сыртқы киімдер; 1.2 – костюмдік бұйымдар; 1.3 – көйлектік бұйымдар; 1.4 – іш киім бұйымдары; 1.5 – формалық киімдер; 1.6 – баскиімдер; 1.7 – қолғаптар. Әр бір киім класы тармақтары іштей топтарға бөлінеді.

Мысалы, костюмдік бұйымдар классы тармағы келесі түрлерге бөлінеді: 1.2.1. – пиджактар; 1.2.2. – жакеттер; 1.2.3. – курткалар; 1.2.4. – жилеттер; 1,2.5. – шалбарлар; 1.2.7. – көйлектер; 1.2.8. – костюм – көйлектер; 1.2.9. – белдемшелер және т.б.

         Жыныс ерекшелеріне қарай киімді мынадай топтарға бөледі: Е(М) – ерлер, Ә(Ж) - әйелдер және Б(Д) – балалар киімдері. Балалар киімі бірнеше түрлерге бөлінеді: нәресте киімі, ясли жасындағы балалар киімі, бастауыш сынып оқушыларының киімі, жоғары сынып оқушылары киімі және жасөспірімдер киімі.

         Жыл мезгілдеріне және климаттық  аймаққа байланысты киім топтарын  мынадай шағын топтарға бөледі: К/К (В/О) – көктемгі – күзгі; Ж (Л) – жазғы; Қ (З) – қысқы; БМ (В/С) – барлық маусымдық. Барлық маусымдық киімге жыл мезгілінің кез келген уақытында киілетін киім жатады.

         Тұрмыстық киімдер нақты жағдайда қолдануына байланысты былайша бөлінуі мүмкін: күнделікті киетін, салтанатқа киетін, үй киімі және т.б.

         Спорттық киімдер – спорт түрлеріне қарай класс тармақтарына, жыныс ерекшелігіне қарай топтарға бөлінеді.

         Өндірістік киімдер класы атқаратын қызметтеріне қарай үш класс тармағына бөлінеді: 3.1 арнайы киімдер; 3.2 – ведомстволық (формалық) киімдер; 3.3 – технологиялық (санитарлық - гигиеналық) киімдер.

         Арнайы киім адам денесін тек қоршаған климаттық ортаның әсерінен ғана емес,сонымен бірге өндірістік әсерден де (шаң, батпақ, балқытылған металл бүркіндерінен және т.б.) қорғайды. Олар мынадай түрлерге бөлінеді: курткалар, комбинезондар, шалбарлар, плащтар, алжапқыштар және т.б.

         Ведомстволық киімдердің класс тармағы теміржол көлігі, өзен, теңіз саласы және авивциялық флот қызметкерлнріне арналған формалық киімдерді қамтиды. Ведомстволық киімнің негізгі түрлеріне шинель, гимнастерка, китель, пальто, көйлек, белдемше, шалбар, бас киімдер және т.б. жатады.

         Технологиялық киім адамды медецинадағы, ас әзірлейтін бөліктердегі және т.б. еңбек құралдарынан қорғауға арналған.

         Барлық өндірістік киімдер жыныс ерекшеліктеріне қарай Е – ерлер, Ә - әйелдер киімі деп бөлінеді. Климаттық жағдайларға байланысты Ж – жазғы, Қ – қысқы, БМ – барлық маусымдық деп бөлінеді.

             ХХ ғасырда әр онжылдықта өзіне сай микростильдер болады. 1910 жылы – «ар-деко» («орыс», «геометриялық египет»),1930 жылдары «неоклассицизм», «тарихы сюрреализм», 1940 жылы АҚШ-та «кантри», «вестерн» стилдері пайда болды. 1950 жылы «ньюлук», «Шанель» стилі, ал 1960 жылы «ғарыштық», 1970 жылдары-«романтикалық», «ретро», «фольклорлық», «спорттық», «этикалық», «джинсовка», «диффузиялы», ал 1980 жылы «экологиялық», «жаңа пират», «неоклассика», «нео-барокко», «секси», «этникалық», ал 1990 жылдары – «гранж», «гламур», «тарихи», «нео - панк», «минимализм прет'а - порте» т.б. стильдер дүниеге келді. Сонымен қатар әрбір дизайнер өзініңстилін шығаруға ұмтылды. Ең күшті киім стилі сол уақыттын проблемаларына, өзекті мәселелеріне, көпшілік пен жастардың сұранысына жауап беруі керек. Сонда ғана сол стильді бәрі қоштайды. Дегенмен осы стильдердің ішінде тұрмысқа кеңінен қолданылатыны классикалық, спорттық, романтикалық, фольклорлық стильдер болды.

         Классикалық стиль – бұл стильдің отаны Англия болып саналады. Осы стильдегі киім үлгілері қатаң, біртүсті,клеткалы немесе ноқат түсті (горошок) маталардан тігіледі. Күнделікті тұрмысқа, жұмысқа, белгілі  бір маман иесіне арналған, мода ағымнан  тыс қалмайтын киім үлгілерін қамтиды. Жакет, пиджак, кардиган, тік әрі қатаң, қарапайым  киім үлгілерін қамтиды.

         Спорттық стиль – ХIХ ғасырда спортпен шұғылдану немесе басқада ойындар үшін шығарылды. Бүгінгі күндерде бұл киімдер түрлі спорттық жаттығуларды орындау үшін пайдалынады. Бұл киімдер қимыл – қозғалысқа ыңғайлы, берік, табиғи материалдардан жасалған, қолдану функциясына сай, түрлі фурнитураларды пайдалана отырып әзірленген, сәндік тігістерімен,белгі символдарымен ерекшеленетін киім үлгілері болып табылады.

         Фантазиялық стиль – кейде оны романтикалық стиль деп атайды. Бұл киім түрлері формасына қарай түрліше болып келеді. Бұл киім түрлерін желбезек, желбір, қатпарлар, кестелер және тағы басқа сәндік элементтер арқылы әшекейленген кешкі сән – салтанатқа немесе күнделікті тұрмысқа арналған нағыз әйелге тән биязылық білдіретін киім үлгілерін атауға болады. Бұл стильдегі киім матасы бір түсті, түрлі түсті, гүлді және абстрактілі суретті болып келеді.

         Фольклорлық стиль – ұлттық киім үлгілері негізінде әзірленген киім формасы қарапайым, пішімі тиімді, көп қабатты, жоғары әрі құнды әшекейлерімен ерекшеленетін киімдер.

         Киім стилі белгілі дәуірде тұрақты болса, ал киім модасы үнемі өзгерісте болып отырады.

Киімге қойылатын талаптар

              Бүгінгі  таңға дейін өндіріс ұйымының ең негізгі көрсеткіші болып өнім сапасы, оның өтім базарындағы бәсекеге қабілеттілігі қарастырылған.

               Әр түрлі заттардың сапасын анықтау әрекеттері ерте заманнан – ақ қолданылған. Платон (б.з.д 427 – 347 ж.ж.) бұйым сапасы оның жетілгендік дәрежесі деп есептеледі; Аристотельдің (б.з.д 384 – 322жж) тұжырымы бойынша сапа осы заттың дәл сондай түрден айырмашылығын айқындайтын қасиеттердің жиынтығы. Кез келген өнім, соның ішінде киім де қолдану талаптарына сәйкес болуы тиіс. Киім ең алдымен тұтыну заты саналатындықтан, оның сапасы адам – тұтынушы қоятын талаптарға сәйкес анықталады. Егер өндіріс талабын, техникалық мүмкіншіліктер мен экономикалық өнім дайындаудың тұтастығын бір уақытта  ескермесе бұым сапасын толық елестету мүмкін емес.Өйткені өнім өндірістен тыс, материалсыз, конструкциясыз, энергия шығынынсыз және адам еңбегінсіз және т.с.с. оның дайындалуына қажетті құралдарсыз тұтынуға ұсынылмайды.

             Сайып келгенде, киім сапасына қойылатын барлық талаптар тұтынушылық және техникалық – экономикалық  болып бөлінеді. Тұтынушылық талаптар функционалдық, әлеуметтік, эстетикалық, эргономикалық, эксплуатациялық талаптар болып жіктеледі.

             Тұтынушылық  талаптарға  бұйымдардың қоғамдық сұраныстарға сәйкестігін, олардың өндіріске және өтім мақсаттарына лайықтылығын қамтамасыз ететін әлеуметтік  талаптар жатады.Сондықтан әлеуметтік талаптарға бұйым ассартименттерінің мақсатқа лайықтылығымен анықталады.Әлеуметтік факторлардың рөлі базардың тауарларымен толуы және халық  әл – ауқатының  жақсаруы нәтижесінде артады.

             Функционалдық талаптар бұйымның негізгі функционалдық тағайындалуы мен тұтынушылардың сыртқы келбетіне киімнің үйлесімділігін есепке алады. Тағайындау модельге, конструкцияға және матаға қойылатын талаптарды анықтайды.Тұтыну шарттарының әр алуандығы киімнің кең ассартиментін анықтайды.

Функционалдық талаптар қазіргі өмір құрылымына,тұрмысқа,(яғни қазіргі даму құралдарына, сәулет өнеріне, жиһазға және т.б ) пайдаланымның нақты жағдайына, адам қызметінің түріне, оның сыртқы келбетіне, жас және психологиялық ерекшеліктеріне киімнің сәйкестік дәрежесін қамтамасыз етеді.

Эстетикалық талаптар. Киім сапасын тұтыну заты ретінде бағалау кезінде бұл талаптар ерекше орын алады. Өйткені ол негізгі  мақсатты қызметтерінің бірін орындай алмайды: адамдық (эстетикалық) қажеттілігін қанағаттандыру, яғни адамның сұлулық пен шығармашылыққа мұқтаждығы.Киім осы дәуірдің жетекші көркемдік стилі мен оның көрінісі сәнді есепке алу арқылы жобаланады. Эстетикалық талаптар үш топқа бөлінеді: қазіргі заманғы стиль мен сәнге сәйкестігі, модель композициясының жеткілікті дәрежесі, бұйымның тауарлық түрі.

Киімді эстетикалық қабылдау конструктивті элементтерін жасау мен технологиялық өңдеудің дәл және мұқият орындалуына байланысты: атап айтқанда бұйымдағы қос боліктердің симетриялық орналасуы, біріктіру тігістері мен әрлеу тігіндерінің ұқыпты орындалуы, астардың сапасы мен оның түсінің бүйым түсіне сәйкес тігі және т.б.

Эргономикалық талаптар.  Эргономика – адам менөнеркәсіп бұйымдары және қоршаған орта арасындағы өзара әрекеттестікзаңдылығын кешенді түрде оқытатын ғылыми пән, яғни «адам факторы» туралы ғылым.

Тігін бұйымдарына гигиеналық, антропометриялық,физиологиялық, психофизиологиялық қасиеттер кешенін анықтайтын эргономикалық талаптар қойылуы мүмкін.

Киім адам денесінің 80% - ын жауып түрады, сондықтан адам киіммен биологиялық қарым – қатынаста болады, яғни киім адамның ыңғайлылық пен ықшамдылықты  сезінуіне әсер етеді (жылылықты,суықты, қысымды,психологиялық жағдайға әсер ететін бұлшық ет үйкелісін, шаршағандықты, жұмысқа қабілеттілікті, көніл - күйді).

           Эргономикалық талаптар киімнің жылу сақтау қызметін қамтамасыз ететін талаптарды қамтиды: жылу теңдігі,вентиляциялану дәрежесі, ішкі (киім асты) және сыртқы (атмосфералық) әсерден сақтау.Эргономикалық талаптар тобына жататын психофизиологиялық талаптарға киімді киіп – шешу ыңғайлылығы, киімнің  жеке элементтерін және бұқаралық киімдерді пайдалану ынғайлылығы жатады.Киімнің нақты түріне байланысты киімнің жеке элементтерін ыңғайлы падалану түймеліктің рационалдық орналасуымен және оның қызметінің мықтылығымен, астар бетінің тегістігімен, мойын ойындысы қиығының  өлшемі және формасымен , қалталар, шұлық ұстағыштар орналасуының  жайлылығымен анықталады.

           Эсплуатациялық талаптар (сенімділік). Сенімділік киімді пайдалану процесінде оның сапасын сақтау дәрежесімен анықталады. Сенімділік бұйымның қайтарымсыздығын,ұзаққа сақталатынын,жөндеуге келетіндігін анықтайды.Сенімділік теориясындағы негізгі ұғымқабыл алмау ұғымы, яғни кенеттен немесе бірте – бірте жұмысқа қабілеттілігінің жоғалуы.Сондықтан киім конструкциясын жасау барысында киімнің түйіндері мен бөлшектерінің форматұрақтылығын, материалдарының тозуға төзімділігін, тігістердің физикалық ауырлыққа тұрақтылығын киім конструкциясы қабілеттілігін ескеру керек.

           Техникалық – экономикалық талаптар. Киім сапасына қойылатын техникалық – эконамикалық талаптар оны өндіру мен эксплутациялауға кететін шығындарды есепке ала отырып, киім дайындаудың технологиясы мен жобалау әдістерінің, конструкциясы жетілуінің техникалық дәрежесін қамтамасыз етеді.Бұл талаптар бұйымның еңбек сыйымдылығы мен  автоматтандыру дәрежесін, қазіргі конструкциялау мен технология дәрежесін көрсетеді

 

 

1.     Көйлектің негізгі сызбасы.

 

Жұмыстың мақсаты: Әйел көйлегін конструкциялау негізімен таныстыру. Бұйымның сызбасын сызу тәсілдеріне үйрету.

Жұмыстың мазмұны.

1. Мода журналымен танысып шығып, бүгінгі күннің мода ағымын анықтау.

2. Теориялық білімін оқып шығу.

3. Көйлектің сызбасын сызуға қажетті өлшемдерді алу.

4. Өлшемдерді есептеп, 1:4 масштабты сызбасын сызу.

5. Көйлектің сызбасын 1:1 масштабта өзіңіздің денеңізге арнап сызыңыз.

6. Нұсқау картасын құрастырамыз.

Жұмысқа қажетті сұраұтар:

1. Көйлек моделінің әртүрлі болуына қандай конструкторлы сызықтарын атап шығыңыз?

2.  Көйлектің негізгі детальдары мен конструкторлы сызықтарын атап шығыңыз.

3. Көйлектің негізгі сызбасын сызу үшін қажетті өлшемдер.

4. Қосымшалар дегеніміз не және оны қандай жерлерде қолданамыз?

Қажетті құрал-жабдықтар: см. таспа, масштабты сызғыш, қара қалам, формат қағазы, №12, N үлгі, қайшы, ластыик.

Әдебиеттер

1. И.Н. Федорова. Занятие по обслуживанию труду. 4-8 кл. Разделы работы с тканью. 1981. 192 стр.

2. Мельникова, Е.А. Янчевская и др. Конструирование и особенности изготовления женской одежды сложных форм. Легкая промышленность, 1981. стр. 3-30.

Теориялық мағлұматтар

Көйлектің негізгі моделіне қарай бірнеше түрлері бар көйлек, халат, түнгі көйлек, костюмдер, жеңсіз көйлек (сарафан), көйлек-пальто, т.б. Көйлек көбіне кеуде және етек бөліктерінен тұрады. Яғни қима белі көйлек болып келсе, көйлек тұтас пішіліп бел тұсынан бөлінбейді. Мұндай көйлек 2 бөліктен алдыңғы және артқы бқліктерден тұрады. Қолданылуына қарай көйлектің мынадай түрлері бар: күнделікті, үй киімі, сән-салтанатқа арналған әйел киімдері.

Моданың бағытына сай көйлектің формасын, ұзындығын, силуэтін анықтаймыз. Сәнді және конструкторлы сызықтардың әсерінен көйлектер әртүрлі пішімде болады. Көйлектің негізгі бөлшектеріне алдыңғы бой, артқы бой, жаға, жең жатады. (46-өлшем бойынша)

Көйлектің сызбасын сызуға (1-сурет) қажетті өлшемдер:

1.     Ма-мойын айналымы – 18,1 см

2. КаІ – кеудені бірінші өлшеу – 43,9 см

3. КаІІ - кеудені екінші өлшеу – 47,6 см

4. Ба – белдің айналымы -35,3см

5. Мқа – мықын айналымы – 49,1 см

6. Ке – кеуденің ені – 16,6 см

7. Ие – иықтың ені – 13 см

8. Ае – арқа ені – 17,4 см

9. Абұ – арқаның белге дейінгі ұзындығы – 40,6 см

10. Кбұ – кеуденің белге дейінгі ұзындығы 42,4 см

11. Абқұ – арқаның белге дейінгі қиғаш ұзындығы 41 см

12. Бұ – бұйым ұзындығы – 100 см.

13. Біл.о. – білезік орамы – 15 см.

14. Иа – иық орамы – 28,5 см.

15. Қбұ – Қолдың білезікке дейінгі ұзындығы – 52,4 см.

16. Кб – көкірек биіктігі – 19,5 см.

17.  Жб – жауырын биіктігі 19,5 см

18. Кнц – көкірек нүктелерінің центрі – 9 см

Кез-келген бұйымның сызбасын сызу үшін, біз мынаны анықтаймызҮ

а) адам денесіне қатысты бұйымның ең негізгі тиімді сызықтарынан үйлесімділігін.

ә) Бөлшектердің негізгі өлшемдерін және олардың формаларын. Бүйымның тиімдң үйлесімді сызыұтары, яғни иық, бүйір, бел, жаға сызықтары т.б. Бұлар негізгі мода құрылысының ерекшеліктеріне байланысты болады. Тігіс сызықтарының мынадай түрлері бар: жота бойындағы ортаңғы бөліктерінің бой сызығы, иық сызығы, жең ойындысы, бүйір сызығы, бел және жаға ойындысы, жең ойындысы.

Төменгі бөліктің сызығы өңір бойында жаға ойындысы, иық, жең ойындысы, бүйір сызығы, бел сызығы, өңір сызығы. Төменгі бөлік сызығы бұл сызықтардың орналасуы модельге байланысты. Сызбаны сызуда бұймның денеге қимыл-қозғалысына ыңғайлы болуына арнап жеке бөлшектерге қосымшалар қосылады, яғни

1. Қосымша көкірек өлшеміне  Қка = 4-6 см

2. Ұосымша бел айналымына Қба – 3 см

3. Қосымша мықын айналымына Қмкқа – 2 см

4. Қосымша жаға тереңдігіне Қжт – 0,7 см

5. Қосымша арқадан белге дейінгі ұзындыққа Қабұ – 0,5 см

6. Қосымша иық орамына Қио – 5 см

7. Қосымша жең ойындысының тереңдігіне Қжот = 2-3 cм

8. Қосымша жаға ойындысының еніне Қжое – 0,1 хҚка

9. Қосымша арқа еніне Қае – 0,25 х Қка

10. Қосымша кеуденің белге дейінгі ұзындығына Қкбұ – 0,5 см

11. Қосымша арқаның белге қиғаш ұзындығына Қабқұ – 0,7 см

Көйлек сызбасын сызу және есептеу

Сызбада белгіленуі

Кесінділер мен нүктелердің аттары

Есептеу формалары

Арнайы

денеге

1

2

3

4

 

1.

Ао

Тік бұрыш сызып

Ао

 

2.

АоУ

Жауырын деңгейі

АоУ = 0,4 х 40,6

Абұ

16,2 см

3.

АоГ

Жең түбінің деңгейі

АоГ = Жб+ Кжот

20,5 см

4.

АоТ

Бел сызығының деңгейі

АоТ = Абұ + Қакбұ

40,6

5.

Тб

Мықын сызығынығ деңгейі

ТБ = Абұ/2 – 2см

18,3

6.

 АоН

Бұйымның ұзындығы

АоН = Бұ+Қабұ

102,5

 

ГТБН нұктелері арқылы оңға қарай көлденең сызықтар жүргіземіз. Сөйтіп А нүктесінен оңға қарай мыналарды белгілеп қоямыз.

 

Сызбада белгіленуі

Кесінділер мен нүктелердің аттары

Есептеу формалары

Арнайы

денеге

7.

Аоа1

Бұйымның жалып ені

Аоа1 – (КаІІ + Қка)

+0,5 х ТТ1 = 47,6 + 4 + 0,5 х 1 =52,1

ТТ1 = 1+1,5 см

52,1 см

8.

Аоа

 Арқа бойдың ені

Аоа = Ае + Қка=Ае + 0,25 х Қке = 17,4 + 1=18,40

18,4 см

9.

а1, а2

Өңірдің ені

А1а2 =Ке + (КаІІ + КаІ) + 0,25 х Қке = 16,6 +

20,7 см

10.

Аа2

Жең ойындысының ені

Аа2 = Аоа1 – (Аоа + а1а2)

13,4

 

А, а1, а2 нүктелері арқылы төмен қарай вертикалды сызықтар жүргіземіз, ал Г нүкьесінен жүргізілген горизонталь сызығымен қиылысқан нұктелерін Г1, Г3, Г4 деп белгілейміз. а1 нүктесінен жүргізілетін қиылысқан нүктелері Г3Т4Б3Н3 деп белгілейміз.

 

 

АРҚА БОЙДЫҢ СЫЗБАСЫН СЫЗУ

 

1

2

3

4

5

11

Аоа2

Жаға ойындысының сенін оңға қарату

АоА2=Ma/3+Қжо

e=18,1:+3+0,1хҚқа

=6,3+0,4=6,7

 

6,7см

12

А2А1

 Жаға ойындысының биіктігін төмен қарай сызамыз

А2А1=АоА2/3

2,2 см

13

А1А

А1 нүктесінен солға қарай горизонталь сызық жүргізіп А нүктесін белгілейіз

 

 

14

АА2

АА2 нүктелерін ирек мызықпен қосамыз

 

 

15

ТТ1

Арқа бойдың орта сызығы

а) жартылай қынамалы силуэтте көйлек үшін

ТТ1=1,0см

ТТ1=1,5см

1см

16

АУТ1Н1

АУТ1 нүктелері арқылы түзу сызық жүргізіп АН1 арқа бойдың орта сызығын табамыз

 

 

17

АГ1Т1Б1

Арқа бойдың орта сызығы мен ойынды сызықтар-ының қиылысуын нүктесімен белгілейміз, ал бел   сызығынан Т1 нүктесін мықын белгілеп сызық жүргіземіз.

 

 

 

сызу

 

 

 

сызу

18

А1Н1

А1Н1 кесіндіге Т1Б1Н1

Нүктелері арқылы перпендикуляр жүргіземіз

 

 

 

 

 

ИЫҚ СЫЗЫҒЫ

 

1

2

3

4

 

19

А2П1

Арқа бойдың иық сызығы иық сызығы нүктесінен радиусы А2П1 доға жүргізіліп және нүктесінен радиусы Т1П1 етіп доға сызып қиылысқан нүктені П1 деп белгілеу

А2П1= Ие+ бүкпе+0,5см=

13+3+0,5=16,5 см

 

Т1П1=Абқұ+Кабқұ=

Абқұ+0,7см=41+0,7=

41,7

16,5

 

 

41,7

20

А2И

 Иық сызығының бүкпесі. Арқа бойдағы иық сызығының бүкпенің орналасуы.

А2И=4 см

4см

21

ИИ1

Иық бүкпесінің ені. Бүкпенің бағыты әдетте арқа бойдың орта сызығына параллель келеді.

Қалыпты денеге

ИИ1=1,5см

Еңкіш денеге

ИИ1=2 см

1,5см

22

ии2

Бүкпенің ұзындығы

ИИ2=3+4см

ИИ, =6см

4см

23

И2И3

Бүкпенің беттерін теңестіреді

И2И32И4=7+0,5

7,5

24

А2И3И2

И4П1

А2И3И2И4П1 нүтесі арқа бойының иық сызығын жүргіземіз.

А2И3И2И4П1

 

 

ЖОТА БОЙЫНДАҒЫ ЖЕҢ ОЙЫНДЫС

 

Сызбада

белгіленуі

Кесінділер мен нүктелерердің аттары

Есептеу

 формуласы

Арнай денеге

1.

 

Г23 көмекші

Нүктелерінің орналасуын анықтаймыз

а) П2 нүктесі а нүктесінен жүргізілген вертикальмен А2П1 арқа бойдың орта сызығымен қиылысуында орналасқан

ә) Г2 нүктесін анықтау

в) 1 нүктесінің орналасуын

анықтаймыз. П3Г1Г2 бұрыншынан биссектроиса Г1 нүтесінен жүргізу

 

Г1П31

П2/З+2

Г21Г4

/2

Г1П31П2/З+2

Г11=0,2хГ1Г4+0,

5=2,2+(0,3+0,5)

 

 

 

 

 

2,5

2.

Г1Г5

Бүйір сызығындағы жең түбі деңгейі

Г,Г5=1/8+1/4хГ1Г4

 

3.

П1П32

П1П32 нүтелері арқылы арқа бойдың  жең ойындысын ирек сызықпен қосылады.

Жең түбі сызығымен қиылысуы Г5

 

 

АЛДЫҢҒЫ БОЙ СЫЗБАСЫН КӨТЕРУ

 

Сызбада

белгіленуі

Кесінділер мен нүктелерердің аттары

Есептеу

формуласы

Арнай денеге

1

2

3

4

5

4

Г3Г6

Кеуденің жоғарғы

Нүтелерінің центрі

Г3Г6-Кнц+(0,5/1)

9,5см

5

Г6Т6

Г6 нүтесінен төмен

Т6 табу

 

 

6.

Т6Т6

Алдыңғы бел сызығын төмендету

а) қалыпты денге

ә) іші шығыңқы денге

б) көкірегі үлкен

денеге

Т6Т,6=0,5х1см

Т6Т6

=0,5х1см

Т6Т6=2,5см

 

7.

Т,6Т8

 

Т,6 нүктесі арқылы

Горизонтальды

Сызықтың, алдыңғы бойдың орта вертикальды сызығымен қиылысуында Т8

нүтесі алынады

Т6Т8 перпендикуляр

А1Н3

 

8.

Т8А3

А3 жағынаң жоғарғы нүктесінің деңгейіне қарай Т8 нүктесінен жоғары кесінді сызу

Т8А3=Кбұ+Кабұ+ТТ,6х

0,5+0,5=42,4+0,5

 

44,1см

 

 

 

 

АЛДЫҢҒЫ БОЙДЫҢ СЫЗБАСЫН СЫЗУ

 

Сызбада

белгіленуі

Кесінділер мен нүктелерердің аттары

Есептеу

формуласы

Арнай денеге

1

2

3

4

5

9.

А3А4

Жаға ені

А3А4=АоА2 арқа бойдағы сызба

6,7

10.

А3А5

А нүтесінен жаға ойындысын төмен қарай жүргіземіз. Өңір бойының жаға сызығын

Аг3А53А4+1см

=6,7+1=7,7

7,7

 

АЛДЫҢҒЫ БОЙДЫҢ СЫЗБАСЫН СЫЗУ

 

Сызбада

белгіленуі

Кесінділер мен нүктелерердің аттары

Есептеу

формуласы

Арнай денеге

1

2

3

4

 

11.

А8Г7

Кеуде бүкпесі. Бүкпенің төменгі нүктесінің орналасуы. А4 нүкесінен Кб радиусына тең вертикаль сызық жүргізіп Т сызығының бойында Г4 нүктесін белгілеу

А8Г4б

24см

12

 

Т6Г6 сызығынан А3А4 горизонтальмен

Қиылысуын А8 деп белнілейміз.

 

 

13

А8Г7

Г7 нүктесінен А4 нүктесі арқылы солға қарай доға жүргіземіз.

 

 

14

А8П7

Көкірек бүкпесінің Егер бұйым пішімі жеңіл болса А8П7 1,03 см-ге дейін қысқартады

А8П7=2х(КаІІ-КаІ)+1см=8,4 см

8,4см

 

АЛДЫҢҒЫ БОЙДЫҢ ЖЕҢ ОЙЫНДЫСЫ

 

Сызбада

белгіленуі

Кесінділер мен нүктелерердің аттары

Есептеу

формуласы

Арнай денеге

15

Г4П4

Ойындының биіктігі

Г4П42Г1-1см

/сызбада/ 18-1=17

17см

16

Г4П

П6 көмекші нүктені табамыз

Г4П64П4/3

6см

17

П6П4

Пб нүктесінен П4 нүктесі арқылы солға қарай доға жүргіземіз

 

 

18

П7П9

Пб нүктесінен П4 нүктелерінің арасынан солға қарай доға жүргіземіз.

П7А9 кесіндісін белгілейміз. А9 нүктесінен Ие тең радиуста белгі қоямыз, сөйтіп П5 нүтесін табамыз. П5 пен А9 нүтесін түзу сызықпен біріктіреміз бүкпесімен сол жағынан қиылысуынан П7 нүктесін табамыз.

П7А98А4

 

 

 

А4П5=13см

 

 

 

13см

 

19

 

Бүкпенің беттерін теңестіру

Г7А107П7

 

20

2 нүкте

Г2Г4П6 бұрышынан биссектриса жүзгізіп көмекші нүте 2-ні белгілейміз. П6 мен П5 түзу сызықтарын қосамыз

Г42=0,2хГ1Г4

 

21

3 нүкте

П5П6 кесіндісін 2-ге бөлеміз

3=П5П6/2

 

22

4 нүкте

3 нүктесінен П5П6 кесіндісіне перпендикуляр жүзгіземіз. Жеңойындысының сызығын П54, П62, Г2 нүктелері арқылы қосып шығамыз. Матаның  созылғыштығы есептеп отырып жең ойындысын 0,5см қысқартып П5 нүктесін белгілейміз.

П6П5/2=3

3,4 нүкт. орасы=1см

 

 

П5П5=О,5см

 

 

АЛДЫҢҒЫ БОЙДЫҢ ЕТЕК СЫЗЫҒЫ

 

Сызбада

белгіленуі

Кесінділер мен нүктелерердің аттары

Есептеу

формуласы

Арнай денеге

1

Т8Н4

Бүйір сызықтары

Т4Н4=ТН2

1Н1)+0,5см

 

 

2.

Г1Г5

Қынамалы көйлектің бел тұсы

Г1Г5=1/81/4хГ1Г4

 

3.

 

Жеңіл тұтас пішілген

жұмсақ формалы

көйлектің бет тұсы

Г1Г5=1/2хГ1Г4

 

 

 

 

4.

Г5Т2

Г5 нүтесінен жоғары және төмен вертикаль жүргізіп жең ойындысынан Г5 ал бел сызығынан Т2 нүктесін белгілейміз

Г1Г5=1/2хГ1Г4

 

5

В бүкпе

Бел сызығындағы

бүкпенің қосындысы

В=(КаІІ+Қка)- (Ба-Қба)-ТТ1

13,3см

6

Т2Т32Т5

Бел сызығының алдыңғы және артқы бойдағы орналасуы

Т2Т32Т5=В/8

1,6см

7

Б1Б2

Артқы бойдың мықын сызығындағы бүйір сызығының орналасуы

Б1Б2=ГГ5+ГГ

 

8

Б3Б4

Артқы сызығының етек сызығының бүйірі

Н1Н21Б2+5см

Н3Н5

Б3Б4+(16см)

41,8см

10

Т5Н5

Г5Т3Б2Н2 нүткелері арқылы артқы бойдың бүйір сызығын жүзгіземіз. Г5,Т5БН5 нүтелері арқылы алдыңғы бойдың бүйір сызығын жүзгіземіз

Т5Н53Н2

 

 

ЖОТА БОЙЫНЫҢ БЕЛ СЫЗЫҒЫНДАҒЫ БҮКПЕ

 

Сызбада

белгіленуі

Кесінділер мен нүктелерердің аттары

Есептеу

формуласы

Арнай денеге

11

Т1Т7

Арқа бойдың бүкпесін жауырын астынан арқа енінің жартысын қояды

Т1Н7=0,40,5ГГ1

 

 

9,4см

 

 

 

 

 

12

Т9Т10

Бүкпенің ені Т7 нүктесі арқылы бел сызығына перпендикуляр етіп бүкпе сызығын жүзгіземіз, бүкпе енін симметриялы етіп орналастыру

Т9Т10=В/4

 

 

3,3см

13

Т2Т32Т5

Бүкпенің енін бүйір сызығына қатысты оңға және солға орналастыру

Т2Т32Т5=В/4

3,3см

14

Г4Т6

Бүкпенің орта сызығы Т7Т6 сызығының жалғасы

 

 

15

Т14Т15

Бүкпенің орта сызығы Г7Т6 сызығының жалғасы

Т14Т15=В/4

3,3см

16

Т12Т13

а2Г4 нүктелерін бел сызығымен қиылысуын Т11 нүтесімен белгілейміз. Бүкпе ені, ұзындығы сызбада көрсетілген.

Т12Т13=В/4

3,3см

 

 

3. Киімдерде күрделі бүкпелерді моделдеу жолы.

Күрделі бүкпелерге бастапқының ортасынан өтетіндер жатады. Мұндай жағдайда бұйым үлгілеріне көмекші бүкпелерді жасайды, олар күрделі бүкпенің ортасынан перпендикуляр бағытта өтеді.  Күрделі бүкпелер келесі жағдайларда орындалады. Көмекші қағазға үлгіні базалық негізде өткізіп, кейіннен қаламмен жаңа бүкпелерді белгілеп, «біз» көмегімен бүкпе ортасын лекалада сәйкестендіріп, қағазда бүкпе ортасын және үлгі бүкпесін толық жабу үшін бұрады. Кейінен бұйымның жаңа контурын, бүкпелердің жаңа беттерін басып сызып шығады. Жаңа бүкпелердің пайда болуынан көмекші бүкпелерді сынған сызықпен жабады, бұйым формасына мұндай сызулар толықтық пен жұмсақтық түрін бейнелейді. Себебі күрделі бүкпелер барынша қысқарады немесе мамық бүктемелерге ауысады.

Осындай жағдайда кескінге бүкпенің тасымалдануы болады. Алдымен бүкпені үлгідегі кескін сызығына тасымалдайды. Кейіннен үлгінің бір бөлігін жарып өтеді, сол бөлікте құрастырғыш болуы керек және бұйым аймағының конустық кеңеюін құрастырғыш көлемінде жүзеге асырады. Дегенмен, ағымды сызықтармен бұйым сызбасын кескінмен суреттейді. Өсіру шамасы, оның драпталу мүмкіндігі мен бүктелу матаның құрамына байланысты. Эстетикалық көрсеткітергеибайланысты бүктемеледі проектілеу үшін, кескіннің үлкен бетінің ұзындығы кіші ұзындығынан 1,3-1,5 есе үлкен болуы қажет.

Камила12цветной.jpgКамила10.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Камила13цветной.jpgКамила8.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Камила14цветной.jpgКамила4.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Камила2.jpgКамила15цветной.jpg

 

 

 

 

 

 

 

Камила16цветной.jpgКамила6.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Бүкпелерді өңделу технологиялыұ ерекшеліктері.

 

Фото1784.jpg

 

 

Фото1786.jpg

 

 

Фото1797.jpg

 

Фото1799.jpg

Фото1801.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.Жолдасбекова С.А Киімді конструкциялаумен модельдеу бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. Шымкент. 2007.86 бет

2. Шершнева Л.П. Әйелдер және балалар киімдерін конструкциялау. (Ауд. Орынбаева Ә.). Алматы. Рауан, 1996.-360 бет.

3. Егорова Р.И., Монастырная В.П. Істіге біл: 5-8 сынып оқушыларына арналған кітап. Ауд. Орынбаева Ә., Тәжіғалиева Б.-Алматы: Рауан, 1993.-167 бет.

4. Бланк А.Ф., Фомина М. «Практическая книга по моделированию женской одежды»-М.: легкая промышленность быть издат. 1992.

5. Махмутова Х.И. Конструирем модельируем, шьем. Книга для уч.-Н: Просвещение, 1994.-144с.:

6.Бағжаева С.Қ. Әйелдер мен балалар киімдерін сәндеу технологиясы.(оқу құралы)- Респуб. Баспа кабинеті. Алматы, 1997ж-199 бет.

7. Жолдасбекова С.Ә., Ашықбай Г.Д. Ұлттық киімдерді әзірлеу.- Шымкент. Мед. Акад.Баспаханасы. 1996ж-76 бет.

8. Киім үлгілерін конструкциялау және модельдеу.( Ізденіс Қ.Р. Білім Министрлігінің ғылыми журналы.-А-1997ж-134-137 беттер)

9. Бланк А.Ф., Фомина М. Практическая книга по моделированию женской одежды.-М.: Легпромбытьиздат.1992.

10. Бескровойная Г.П. Курекова С.В. Проектирование детской одежды: Учеб. Пособия для студентов. Высш.: Учеб. Заведений( Тюд общей под Бескровойная Г.П.- М. Министерство,2000-96с)

11. Сухарева М.И., Бойцева А.Н., Принципы проектирование одежды.1989.-216с

12. Соколова Р.И., Матузова Е.И., Гончарук Н.С. Разроботано конструкции женских швейных изделий по моделям.- М.: Легкая и пищевая промышленность;1983

13. Кольгина И.И., Ульчанова О.П. Комплекты детских одежд.-Ташкент; Мехнат, 1983.-240с.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "1. Киімнің шығу тарихы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Конструкциялау нәтижесінде киімнің сыртқы пішіні мен құрылымы анықталатын процесс. Киім конструкциясын қалыптастыруда дененің барлық мүшелерінің өлшемдерінің бірдей мәнге ие бола бермейді. Киім үлгісін

Киім өндірісі – адамның тұрмыстық талаптары мен көркемдік талаптарына сай қызмет ететін индустрияның қуатты саласы. Ғылыммен техниканың даму нәтижесінде киім адам тұлғасын сыртқы ортадан қорғау үшін ғана емес, қолданбалы өнер обьектісі ретінде қолданылады.

Киімді конструкциялауды даярлау негізін құрайтын барлық мәселелердің ережелері мен тәсілдері:

  • қазіргі киім ассартиментінің сипаттамасы, оның атқаратын қызметі және оған қойылатын талаптар берілген;
  • адам денесінің анатомиялық және морфологиялық құрылысы мәселелері қарастырылған;
  • әйелдер және ерлер дене бітімдерінің өлшемдік сипаттамасы берілген;
  • негізгі және туынды лекалалар жасауда және олардың градациясын қамтитын киімдер моделіне конструкторлық құжаттама жасау принципі.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 126 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2019 11204
    • DOCX 4.1 мбайт
    • 126 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исмайлова Асем Абдакимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Исмайлова Асем Абдакимовна
    Исмайлова Асем Абдакимовна
    • На сайте: 4 года и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14026
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе