Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыКлассный час на тему "Тәуелсіздік тынысы"

Классный час на тему "Тәуелсіздік тынысы"

Скачать материал

 

Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым

Мақсаты:

Оқушыларды еліміздің Тәуелсіздік алғалы 20 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып, жете білімдерін нығайту,туып өскен жерін,елін Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.

Барысы: 1. Ұйымдастырушылық кезең.

         Тәуелсіздік тынысы – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылғ,ан асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуесіздік күні – ең қастерлі күн. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тағдырдың сиы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңдерді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекеттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап көрсетуінде үлкен мағына жатыр.  

         Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата-заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан Республикасы» деген асқақ рухты ел екенін мойындаттық. Ел экономикасы жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі белеске көтерілуде. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті.

         Сондай-ақ қазіргі күнде жолдауда айтылған бағытттарды жүзеге асыру сот жүйесінде халықтың сенімін арттыру біздің міндетіміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандады, күтумен өтті. Еліміздің егемендігі жасай берсін!

                    Он алтыншы желтоқсан-Тәуелсіздік алған күн,

                   Еліміздің басына бақыт құсы қонған күн.

                   Құтты болсын береке, бүгінгі күн мерекең,

                   Шаңырағың шайқалмай, мықты болсын керегең.

Бүгінгі Тәуелсіздікке  халқымыз  оңайлықпен  жеткен  жоқ . Тарих  беттерін  парақтасақ,  қазақ халқы  өзінің  ұзақ  тарихында талай  қанды  қырғындарды,  зорлық- зомбылықтарды  көрді, қасірет  шекті. Соның  бірі  Алматы  қаласында  болған  жастар көтерілісі. Бұл  көтерілістің  себебін  бір  жақты  қарап, бір ауыз сөзбен түсіндіру  мүмкін  емес. 1986 жылы  16-желтоқсанда Республика Орталық комитетінің 5- пленумы болды.                                                                                                                         

      Небәрі 18 минутқа созылған осы пленумда республиканы ширек ғасыр басқарған Дінмұхамед Қонаевтың орнына Колбин тағайындалды. 16- желтоқсан күнгі оқиғаны естіп жастар алаңға қолдарына ұрандар ұстап шығады. 17- желтоқсан күні еліміздің тәуелсіздігін аңсаған жастар алаңға көптеп шоғырлана бастайды.

17 желтоқсанда Алматыдағы қазақ жастары жаппай толқыды. Қазақ жастары: «Неге бізді басқа ұлт басқару керек, өз қазағымыз қайда?» деп ұрандатты. Сонымен, желтоқсан желі дауылға айналды, өрттей қайнаған өжет жастар ұлттың намыс құдіретін әлемге паш етті. Желтоқсан батырларының рухын, намысын, ерлігін берсін сендерге жастар. Аз ғана уақытта әлем назарын өзіне аударған толқу күшпен басылғанмен , оның мәні мен маңызы еш уақытта өшпейді, өйткені,  азаттықты аңсаған теңдікті талап еткен жалынды жастар халқымыздың жүрегінде мәңгі қалады. Әрбір тарихи кезең дәуір белесінде өз үнін, өз жырын, өз әуенін қалдырып отырады ғой.

   

 

ЖЕЛТОҚСАН  ҚҰРБАНДАРЫНА

Бізден ұзап барады ұлы толқын,

Көз салсам сол тарыхтың беттеріне.

Елдік үшін жиналған жастарымның,

Күрек ізі қалғанды беттерінде.

Әр елдің тарихы бар қанға батқан,

Емес қой отар болу жанға жаққан.

Қанжарды қапқа сақтау мүмкін емес,

Әйтеуір жарып шығар қанжар қаптын.

Сан ғасырлар елдік үшін күресіп,

Бір жеңіліп, бірде теке тіресіп.

Бұлқынғанмен от жалынға оранып,

Жібермейтін қалың дуал сіресіп.

Елі үшін қанын төккен ұландар,

Мезгілінде еленбеген қырандар.

Көзін ашып, мүлгіп жүрген қазақтың,

Тұңғыш шықты «Аттан» деген ұранда!

Көңіл сонда көтеріліп марқайды,

Ойлағанмен кейбір мәңгүрт «бақ тайды».

Бас иейік, құрбан болған жастарға,

Ерлер ісі еленбесе сол - қайғы.

Қаһарына халықтың қарсы келу мүмкін бе?

Шешілмейді тағдыры бір халықтың бір күнде.

Дұрыстығын бұл сөздің дәлелдеді сол айқас,

Нәтижесі сол істің көрінуде бұл күнде!

Бүгінгі таңның шапағатын аңсап, елдің көңіліне күн орнатқан Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев сияқты тағы басқа ержүрек батырларымыз өмірден өтті

«Желтоқсан жаңғырығы» фильмінен үзінді.

Міне, осылайша алаңға шыққан қазақ жастары қорлық көріп,  жәбір шекті. Олардың бірқатары түрмеге жабылып сотталды,  біразы оқудан шығарылып, қызметтерінен айырылды. Сол күні қаза болған ержүрек ұл – қыздарымызды орындарыңыздан       1 минут үнсіз  тұрып, еске алуды сұраймыз .

Рахмет осы Желтоқсан батырларының рухын, намысын, ерлігін берсін сендерге жастар. Аз ғана уақытта әлем назарын өзіне аударған толқу күшпен басылғанмен , оның мәні мен маңызы еш уақытта өшпейді, өйткені,  азаттықты аңсаған теңдікті талап еткен жалынды жастар халқымыздың жүрегінде мәңгі қалады. Әрбір тарихи кезең дәуір белесінде өз үнін, өз жырын, өз әуенін қалдырып отырады ғой.

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮЗЕТІНДЕ

Домбыраның шанағында сезім қылы шертіліп,

Кеуде-қобыз қиқуласын құлақ күйін келтіріп.

Оу, ағайын, түйсігіңнің арнасында ағындап,

Атойласын адуынды бұрқасын жыр-еріндік!

 «Еңіреген ел басына ақырзаман келді» деп,

Бауырлардың ет жүрегі езілуде елжіреп...

Қорқау-қасап өлгенді де дөңбекшітіп көрінді,

Сонау, бейбақ көрші елде зіркілдеуде зеңбірек!..

Мен – қазақпын қамын жеген қасіретті досының,

Бір күлшенің тең жартысын соған сақтап отырмын.

Сен де кел де демеп жібер елдігіңді ескертіп,

Себепші бол өлмеуіне, өшпеуіне отының!

Мен кешегі қодыреңнен өркендеген Қазақпын,

Мекен-жайын гүлге бөлеп, көркемдеген Қазақпын.

Биіктетіп мұнарасын өлшемдеген Қазақпын,

Жетім-жесір жетілуін көрсем деген Қазақпын!

Сабасы кең сарқылмайтын кеніш – байлық бұлағы,

Мен – қазақпын, жер кіндігі – ұлы Тұран тұрағы!

Тәуелсіздік күзетінде сардар, сарбаз ұланы,

Мен – қазақпын, Көкбайрақты, айбынды Әнұраны!

 - 1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президенті  Н.Ә.Назарбаев сайланып, сол жылы 16-желтоқсанда  Жоғарғы Кеңес Қазақстанның Тәуелсіздігін жариялады.

Иә, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі Желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атқанына 19 жыл болды. Ал бүгінгі қазақ халқы  өзінің көптен күткен, аңсаған арманына жетті.

    Міне, 2 жарым ғасыр бойы күресіп, қан төгіп 200- ден астам  рет бас көтеріп, көтеріліс жасап, бостандыққа жетіп отырған қазақ халқы үшін «Тәуелсіздік» сөзінің  мәні ерекше. Асқақ әрі құдіретті. Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік! Тәуелсіздік бізге жаңа жол табуға мүмкіндік ұсынды. Жаңа жолымызды біз Астана қаласы арқылы таптық. Астана ХХІ ғасырдың  қазақ төріне  тігіп  берген асқақ туы.  

АСТАНА – ЕЛБАСЫНЫҢ ТӨЛ ПЕРЗЕНТІ

Қазағымның орталығы – Астанам,

Бұл қаланы біледі барша ғалам.

Өмір сүріп осында азаматы қазақтың,

Болғанына қуанады барша адам.

 

Қазағымның бар белгісі нышаны,

Елтаңбасы, көк байрағы, ұраны,

Ұлы басшы Нұрсұлтандай ағамыз,

Бар адамның көкірегінде тұрады.

 

Бар ғаламға белгілі бұл – Қазақстан,

Көздің жауын алатын бұл – алыстан.

Барлық жерге тәуелсіз ел боп танылдық,

Біздің есім естіледі алыстан.

  Жұмыр жердің бір құрлығы Еуропа мен Азия, екі дүние батыс пен шығыс түйіскен тұстан еліміздің көз алдында өмірге келіп жатқан бұл шаһар жас мемлекетіміздің өркен жаюы мен әлеуметтік символы. Астана ертеңіміз үшін салынған ертегі бейнесіндей шаhар, болашақтың қаласы.

Қазақ халқында Атамекенді ардақтау, ананың ақ сүтінен, әкенің ақыл-өсиетінен тараған. Өз елінің тәуелсіздігі үшін, жанын да, арын да аямайтын ержүрек жастар сіздер деп білемін! Қазағымның адал ұлы болғанын көрсем деймін, жатсам тұрсам ойланамын, өзімнен де көш ілгері озғанын – деп, әдеби кешті аяқтаймын.

«Көк тудың желбірегені» әні шырқалады (хормен)


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час на тему "Тәуелсіздік тынысы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 105 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2015 752
    • DOCX 44 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимкулова Индира Нурмахановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4758
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 252 человека

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 763 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 021 человек

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе