Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыКлассный час посвященный к творчеству поэта М.Макатаева

Классный час посвященный к творчеству поэта М.Макатаева

Скачать материал

Сынып сағатының тақырыбы: Мұқағали мұрасы - халықтың асыл қазынасы

Мақсаты: Оқушыларды ғасырдың ғаламат ақыны, біртуар тұлға Мұқағали Мақатаевтың бай шығармашылық дүниесімен таныстыру. Жас буындарды поэзия нәрімен сусындату, өз елінің нағыз патриоттары болуға тәрбиелеу.

Балалардың поэзияға, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын дамыту.

Көрнекілігі: Мұқағали портреті, «Мұқағали» журналы, Мұқағали жайында естеліктер, магнитофон.

Өту барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе. Поэзияны жұлдызды аспан десек, соның ең жарығының бірі Мұқағали Мақатаев болар еді. Поэзияны биік шың десек, Мұқағалиды тек биікті мекен ететін мұзбалаққа балар едік. Ал поэзияны алып мұхит десек, ақын жырларын сол мұхит тереңінен ғана табылатын маржан дер едік.

Биіктік, мөлдірлік, тазалық, пәктік, сұлулық – бәрі де Мұқағали поэзиясынан табылады. Оның өлеңдері оқырманның жүрегіне жол салып, жанды баурап әкететін нәзіктігімен құнды. Мұқағалиды білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә. Бір кездері:

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі-ай,

Мына жұрттар неге жатыр тойламай

Банкет жасап, берер едім өзім –ақ,

Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойған-ай

деп жырлаған ақынның туғанына биыл тірі болса, 79 жыл толар еді. Тарланбоз талант иесі 1931 жылы 9 ақпанда киелі Жетісу жерінде, Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Дарабоз дарын иесінің балалық балдәурен шағы әйгілі Хат Тәңірінің қарлы шыңдарының бауырында, аспанға өрлей өскен қарағай-қайыңдары, қоғалы көлінде ұшып- қонған үйрек – қаздары айрықша жарасым тапқан Қарасаздың киелі топырағында өткен. Ақынға туған жері, өскен ортасы өзгеше қабілет дарытып, өнердегі жолын ашты. Мен таулықпын өлеңі оқылады.

Мен таулықпын,

Таудан мен жаратылғам

Тау деген ана туған, дара тұлғам

..... Тауға барып,

Көкке ұшып кетсем бе екен

Ұстап алып қыранның қанатынан, - деп асқақ көңілі асқар биікке ұмтылған тау ұлының өмір өткелдерімен таныс болу - әрбір азаматтың парызы.

Бірінші жүргізуші:

Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар

Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар?

Тату – тәтті бармысыңдар, армысыңдар адамдар, - деп Мұқағали айтқандай

Екінші жүргізуші:

Армысыңдар, бармысыңдар, жарандар!

Бірінші жүргізуші:

Поэзияны жүрегінің түбіне терең бойлатқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арнап өткізілгелі отырған сынып сағатына қош келіпсіздер, өлең сүйер, өнер сүйер қауым!

«Менің анкетам» өлеңі

- Туған жерің?

- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың

- Туған жылың?

- 1931. Құрдасымын Шәмілдің

- Жынысың кім?

- Еркекпін ғой, еркекпін.

- Мекен – жайың?

- Жерде жүрген ақын деген пендемін.

- Қалам, қағаз, уақыт бер аздаған

- Мен өмірді жырлау үшін келгенмін – деп жырлаған Мұқағали жан жолдасы болған поэзиямен былай сырласқан екен.

Поэзия өлеңі

Екінші жүргізуші:

Күйбеңмен, азаппен өткен өлі күндерді қойшы

Жырсыз өткен күндер, мен үшін өлі күндер

Осылайша поэзияны өзінің егізі санаған ақын, барлық тақырыптарға қалам тартқан.

Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем

Жансыз өлең жанымды алды кілең

Бір ойым, жүрегімде қаза болып,

Бір ойым, көмейімді қалды тіреп

Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?

 

Кезекті Мұқағали өлеңдеріне берелік.

1. Отан туралы

2. Сен үшін

3. Бақыт деген

4. Нені аңсайсың?

5. Үш бақытым

6. Отан

7. Досым саған сенемін

8. Қиын не бар?

 

Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр тиеді», - деп қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Ақын өмірінде ауылдық кеңестің хатшысы, әдебиет пәнінің мұғалімі, республикалық газеттің тілшісі, қазақ радиосының дикторы, «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері, Жазушылар одағы поэзия бөлімінің жастар жөніндегі кеңесшісі міндеттерін атқарады. Көптеген жинақтарын оқырман қауымға ұсынды: «Армысың достар», «Шуағым менің», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда» т.б. Бүгінде ақынның өлеңдері поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды.

Бірінші жүргізуші:

Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры - туған елі, өскен жері, Отан тағдыры. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық үлесіммен, әр жүректен тіл табысар сыршыл да, шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейне образдарымен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырды. Ол өз шығармалары арқылы қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтерді. Оның өлмес өнері, қанатты поэзиясы оның кісілігін биіктетіп, парасатын кемелдендіре түсті.

Қара өлең

 

Қалқам,

Мен Лермонтов, Пушкин де емен

Есенинмін демедім ешкімге мен

Қазақтың қара өлеңі – құдіретім

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген

Ақынмын деп мен қалай айта аламын

Халқымның өз айтқанын қайталадым

... Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып, өзіне қайтарамын.

 

Бірінші жүргізуші:

Ақын поэмаларына да бет бұрсақ, әр поэманың тарихы және көркемдігі ерекше, өзіндік маңызы зор. Мысалы: ең ірі «Райымбек, Райымбек» поэмасындағы аса ірі оқиға Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі ерлігімен, ержүректілігімен көзге түсер Райымбек батыр туралы жырлайды. Ал, енді осы поэмадан үзінді ретінде сахналық көріністі тамашалаңыздар! («Елім -ай» өлеңі орындалып тұрады)

Албан батыры Райымбектің Қабай жыраумен кездесуі.

Райымбек батыр:

- Ата, біздің өлкені қара жаулар шаппады,

Жауларына біздің ел сәйгүлігін баптады.

Қойын сойып, қолдарын қусырды да, сорлылар,

Аяғына бас ұрды, бірі садақ тартпады.

Тартпаған соң олар да әуреленіп жатпады,

Алдыдағы аларын, белімізден аттады.

Батыр емес, қария, қатындар бар бұл елде,

Беруге әзір барлығын билігі асқан біреуге

Батырлар жоқ бұл елде, қатындар бар бұл елде,

Әркім қара басының амандығын тілеуде.

Қабай жырау:

- Жамандама жұртыңды, жамандасаң болмассың?

Райымбек батыр:

- Қатындардың ішінде өзімдағы оңбаспын.

Үні шықпас жалғыздың, шаңы шықпас жаяудың

Мен де қатын болармын, сірә, батыр болмаспын.

Қабай жырау:

- Нешедесің?

Кімнің сен тұқымысың, құлыным?

Райымбек батыр:

- Хангелдіден тараған бір тұғырдың ұлымын,

Мал соңына сап қойды, ұстатты да құрығын

Жылқы жады әкеме жақпай қалып қылығым

Қабай жырау:

- Қара жауың қайтадан шапса еліңді, не етер ең?

Райымбек батыр:

- Хас батырын бауыздап, қанын судай етер ем.

Қатын болып күн кешіп жүргеннен де, қырқысып, қылша мойным талша боп, қанжығада кетер ем!

Қабай жырау:

- Өзің бала болсаң да, сөзің дана отты екен,

Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен!

Бірінші жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің

Өлсе өлер, Мұқағали

Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.

«Сәби болғым келеді» өлеңі

Екінші жүргізуші:

«Естеліктер кітабында Нұрғиса Тілендиев: Мұқағали дүниеден өткен соң, қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп, екі ай емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң жұмысқа кеттім, бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы: Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көріңіз, - депті. Бұл «Есіңе мені алғайсың» әні еді

(магнитофоннан «Есіңе мені алғайсың» өлеңін тыңдату)

Екінші жүргізуші:

Әлем – дархан саялаңдар

Бәріне де орын бар

Қорған емес, салтанатты

Сәнді сарай соғыңдар

Ей, адамдар, сендер тату

Сендер тату болыңдар!

Біртуар дара ақын Мұқағали Мақатаевтың қаламынан туған қанатты жырлар халқымен бірге мәңгі жасай бермек!

Ақын мұрасы, маржан поэзиясы - мәңгілік болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Классный час посвященный к творчеству поэта М.Макатаева"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 087 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 945
    • DOCX 42.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ержанова Бибигуль Нурхамитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6936
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе