Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Көмекші құрал ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ АҒАШ ШЕБЕРЛІГІ ЖӘНЕ МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫ""
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Көмекші құрал ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ АҒАШ ШЕБЕРЛІГІ ЖӘНЕ МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫ""

библиотека
материалов



10 КОЛЛЕДЖ МКҚК.


Көмекші құрал

Құрылыстағы ағаш шеберлігі және монтаждау жұмыстары






Өндірістік оқыту шебері

Муллашиков Данияр Кадиршикович


Құрылыстағы ағаш шеберлігі және монтаждау жұмыстары

Ағаш - құрылыс материалы ретінде ежелден қолданылып келеді. Оның механикалық жағынан жеткілікті дәрежеде өте мықты, жылу өткізгіштігі төмен, салмағы ауыр емес, өңделуі оңай, қышқылдар, тұз, май және басқалар әсеріне химиялық тұрғыдан төзімді т. б. көптеген бағалы қасиеттерге ие болады.

Пайдалану жағдайы бірқалыпты болғанда ағаштан жасалған конструкциялар көп жыл сақталады. Кижадағы ағаш шіркеу, Ленинградтағы Адмиралтейства және басқалары осы кезге дейін сақталған.

Ағаш - өнеркәсіп құрылыстарының барлық түрінде, қоғамдық үйлер мен құрылыстар салуда қолданылады. Одан ағаш үйлерді, еденді, оның ішінде паркет едендер, кенереліктер, еден тақтайларының арасына қағылған жұқа тақтайшалар (галтели), әсем кемкермелер (наличники), терезе және есік блоктары, қосалқы қабырғалар мен тамбурлар және басқаларын дайындауға болады. Тұрғын, қоғамдық және селолық өнеркәсіп үйлерінде, сонымен қатар химиялық агрессивті ортада кәсіпорындар салу кезінде пайдалануға қолайлы ағаш желімді конструкциялар қолдану мықты дамып келеді. Желімді конструкциялар қолдану-кеспелтек ағаш, қорап, қақпақтар тағы басқалары сияқты ағаш шеберлігі элементтерін жасау да желімдеу әдісі үшін ағаш қалдықтарын пайдалану мүмкіндігін тудырады.

Ағаш шеберлігі - құрылысы детальдары мен бұйымдарын жартылай автоматты және автоматты линияларды қолдана отырып, тасқынды тәсіл арқылы ағаш өңдеу кәсіпорындарында дайындайды. Фрезерлі детальдар, паркет еденнің элементтері құрылыс алаңына дайын күйінде әкелінеді. Терезе және есік блоктары қақпақтары ілініп, фрамугасы мен полотнолары бар, сырланған және шынысы салынған күйінде құрылысқа әкелінеді де, оймалар орнын толтыру біршама қарапайымдалынады, өйткені дайын терезе және есік, блоктарын орнатумен шектеледі. Ағаш талшықтары мен ағаш жаңқалары тақталарын жасауға қолданылатын технологиялық жаңқаға қайта өңдеу үшін ағаш қалдықтарын барынша тиімді пайдалану әдісіне үлкен маңыз беріледі. Бұл плиталар құрылыста еденге төсеу үшін қалқанды конструкциялы және басқа да есіктер дайындау үшін қаптама материал ретінде қолданылады.

Күрделі құрылыс саласындағы негізгі міндеттер ақша қаражатын жұмсау тиімділігін арттыру: құрылыс өнеркәсібін одан әрі индустрияландыру, сөйтіп завод дайындаған элементтен тұрғызудың біртұтас процесіне айналады; құрылыс және монтаж жұмыстарын, әсіресе, жұмыс істеуші кәсіпорынды қайта құру жағдайында комплексті механикаландыруды қамтамасыз ететін машиналар мен механизмдер жүйесін, прогрессивті технологияны енгізу, құрылыс өнеркәсібі мен жоба-смета ісінде ұйымдастыру жұмысын жетілдіру болып табылады.

Құрылыста еңбек өнімділігін 16...17 процент арттыру көзделіп отыр.

Ағаш ұстасын даярлау орта кәсіптік-техникалық училищелерде, сонымен қатар тікелей кәсіпорындарда жүргізіледі.

Бұл қойылған мәселелерді шешуде кәсіптік-техникалық оқу орындарында білікті жұмысшылар даярлауды одан әрі жетілдіруге ерекше маңыз беріледі.



Құрылыстағы ағаш шеберлігі және монтаждау жұмыстары

Ағаш конструкцияларды монтаждау әртүрлі тәсілдермен: жекеленген элементтерді бөлшектерді немесе конструкцияның құрастырмалы элементтері арқылы жүргізіледі. Ағаш бұйымдарын монтаждау тәсілі салынып жатқан бұйымдарға, оларды көтеру әдістеріне байланысты.

Ағаш бұйымдарын жекелеген элементтерден монтаждау жұмыстары мыналардан тұрады: алдымен ол орнатылатын жерге алдын ала жинастырылған элементтерді алып келеді, сонан соң осы элементтерден бұйымдар құрастырады (терезе блоктарын жекелеген қораптардан, жармалардан, фрамугадан, желдеткіш көзінен немесе жекелеген қалқаннан құралған қосалқы қабырғалар құрылғысы). Бұл тәсіл өте көп еңбек сіңіруді талап етеді және қол еңбегін қажет етеді, сондықтан да оны жұмыс көлемі азырақ кезде қолданады.

Ағаш конструкцияларды монтаждау кәсіпорындар мен құрылыс алаңдарында жиналатын ірі элементтер мен блоктар арқылы жүргізу ұсынылады.

Ағаш шеберлігі құрылыс бұйымдарын ірілендіріп құрастыруды ірілендірілген элементтер жобасы көлеміне сай етіп тексеруден бастайды.

Дайын конструкииялық элементтерден терезе және есік блоктарын, қосалқы қабырға секцияларын, шкаф блоктарын монтаждау тиімдірек.

Конструкциялық элементтерді бірден жобадағыдай етіп орналастырады, мұның өзі ғимараттың салуын тездетеді және арзандатады.

Ағаш конструкцияларын жобадағыдай етіп орналастыру үшін, конструкцияны вертикаль көтеру, оны жылжыту, көтеріп бұру және басқа жолдары арқылы әкелуге болады.

Ағаш конструкцияларын монтаждаған кезде атқарылатын барлық процесс жекеленген кезеңдерге бөлінеді, мұның өзі дайындық жұмыстарынан, конструкцияны жобадағыдай етіп құрастырып және орналастырудан тұрады.

Дайындық жұмыстары кезінде конструкция монтаждалатын ойықтардың көлемінің дұрыстығын, монтаждалатын ағаш конструкциялардың еріктілігі мен орнықтылығын, жүк көтергіш құралдар мен механизмдердің, доңғалақты сатылардың, сигналдаушы аспаптың жәй-күйін тексеріп отырады.

Ағаш конструкцияларды орналастырмастан бұрын оны мұқият етіп дәлдейді. Сонымен қатар оны дымқылдан, қара күйенің түсуінен қорғау үшін не істелгенін тексеру керек.

Бұйымның жүк асатын арқанды ілетін жерін сырмен белгілейді. Бұдан басқа конструкциялардың дәл дұрыс құрастырылғанын, оның жұмыс сызбасымен сәйкестігін, сонымен қатар кездесетін ауытқуларды тексереді. Конструкцияларды орнататын жерін мұқият тексеріп, тегіс емес жері және ауытқуларды жою қажет.

Конструкцияларды орнына орнату жүк асатын арқанға байланысты, жүкті жобадағыдай етіп көтеру мен орнату, оны дәлдеу және біржолата бекіту болып табылады.

Ағаш конструкцияларды алдын ала бекітілген технологиялық карта бойынша, ал егер ол болмаған жағдайда, бекітілген схема бойынша монтаждайды

Ағаш конструкцияларды монтаждау үшін монтаждау жабдықтары - крандар, лебедкалар, блоктар т.б., монтаждау тетіктері және түрлі арқандар, қармауыштар қолданылады.

Айтылған машиналар мен тетіктер тиеу және түсіру жұмыстарында пайдаланылады.

Крандар. Құрылыста көтергіш тасымалдау машиналары болып табылатын бұрылмалы крандар кеңінен қолданылады. Олардың көмегімен жүктерді жоғары, горизонталь және қиғаш көтеруге, сондай-ақ кран мұнарасының вертикаль осіне айналдыра тасымалдауға болады.

Бір орынға орналастырып, монтаждау процесі кезінде сол орыннан жылжымайтын тұрақты, ал монтаждау процесі кезінде жылжып отыратын крандарды жылжымалы (өздігінен жүретін) крандар деп атайды. Жылжымалыға шынжыр табанды, автомобильді, пневмодоңғалақты крандар жатады.

Крандар сонымен қатар мұнараның орналасу әдісіне қарай: айналмалы және қозғалмайтын болып, ал тіреу түріне қарай сыртқы тірегі бар және онысы жоқ болып ажыратылады. Мұнаралы крандар өздігінен жүк көтеретін және жылжымалы болып келеді. Өздігінен жүк көтеретін крандарды көп қабатты үйлерді салғанда қолданады. Оларда үйлерді құрсауына немесе жылжымалы порталға монтаждайды.

Жылжымалы мұнаралы крандарды салынып жатқан объектінің жанына орналастырады. Олар сол салынып жатқан үйдің бойымен төселген рельстер арқылы жылжиды. Мұндай кран түрлерінің бұрылмалы мұнарасы болады.

Құрылыс конструкциясын монтаждау үшін өздігінен жүретін стрелалы крандар: шынжыр табанды, автомобильді және т.б. қолданылады, крандардың қозғалуы кең, оларды орнату жылжыту үшін рельс жолдары қажет емес.

Лебедкалар. Лебедкалар арнайы және жалпы пайдаланылатын болып ажыратылады. Арнайы лебедкалар крандарда жүкті көтеріп түсіру және мұнара стреласын өзгерту үшін қолданылады.

Орналастыру әдісіне қарай лебедкалар тұрақты және жылжымалы болып ажыратылады.

Жалпы жұмыстарға пайдаланылатын лебедкалар қолмен және механикаландырылған жетекті (электр двигателінен немесе іштен жанатын двигательдер көмегінен) болады.

Қол жетекті лебедкалар редукторлы, реверсивті және фрикционды болып тағы да бөлінеді. Монтаждайтын лебедкалар көбінесе реверсивті болады, яғни барабан екі жағына да айнала алады. Лебедканың барабан айналымындағы өзгерістер тек электр двигатель айналу өзгерісінен болады. фрикционды лебедкалар бір, екі, үш барабанды болып келеді.

Лебедкалар орнықты және мықты етіп бекітілуі керек.Көбіне көп лебедкалар сол жағдайда якорды алмастыра алатын тұрғызылған үй-жай конструкциясына бекітіледі. Лебедканы бекіту үшін сым арқанның бірнеше тарамын оны рамасы және үй-жай конструкциясы, құрылыс арқылы өткізеді. Лебедкамен жұмыс істеуде оның құрылысын жақсы білетін және оны басқара алатын жұмысшылар жіберіледі. Іске қоспастан лебедка механизмінің үйкелетін бөлшектерін майлап, олардың дұрыстығын және қалай бекітілгенін тексеру қажет. Сонымен қатар сым арқанның бекітілуімен болт қосылыстарының іске қосқыш аппаратураны тексереді.

Лебедкамен жұмыс істеп тұрғанда, арқанның барабанға бірінің үстіне бірі шатаспай, біркелкі оралуын қадағалап, ал арқан тартылғанда барабанда оның екі орамнан кем қалмауын қадағалау керек. Арқан барабанға жақсылап бекітілуі тиіс. Жүкті төмен түсіргенде немесе көтергенде жайымен, жұлқып тартпау керек. Көтеретін жүктің салмағы паспортта көрсетілген мөлшерден аспау керек. Жұмыс істеп тұрған кезде лебедканы майлауға, тазартуға және жөндеуге болмайды. Лебедканың барлық айналмалы бөлшектері (шестернялар, ременьдер және басқалары) қоршалған болуы керек.

Арқандар. Ағаш конструкцияларды монтаждау, жүкті көтеру түсіру үшін кендірден, болаттан және капроннан жасалған арқандар қолданылады.

Кендір арқандар блок арқылы қолмен жүк көтеру үшін, сонымен қатар көтергіш және тартқыштарды орналастыру қызметін атқарады. Арқандардың шайыр жағылған және боялған екі түрі шығарылады. Боялған арқандар неғұрлым иілімді және жұмыс барысында ыңғайлы, бірақ дымқылданған жағдайда өзінің беріктігін жоғалтып, шіруге бейім болды, ыстық сіңірілген шайыр арқандар боялған арқандарға қарағанда, берік және ұзаққа
төзімді, ылғал жеріне азырақ ұшырайды, көбінесе монтаждау жұмыстарында қолданылады.

Болат арқандарды жүктерді көтеру, түсіру және орнына жылжыту, жүк асатын арқандарды бекітетін және тартқыштарды дайындау үшін пайдаланылады. Олармен жүк көтеретін механизмдерді - крандар, лебедкалар, полиспас, тали және басқаларын дайындайды. Арқанды мейлінше көбірек иілімді ету үшін болат орамдардың арасына кендірден немесе асбестен өзектерге салынады. Арқандардың өрімдері олардың элементтерінің үйлесімдігіне қарай біржақты немесе қиылысқан болуы керек. Өрімі бір жақты арқандарда сымдардың оралу бағыты, арқандардың оралу бағыты арқандардағы оралымға сәйкес бағытта жүргізіледі. Қиылыстыра өрілген арқандарда сымдардың оралу бағыты, арқандардағы оралымға кері бағытта өріледі.

Арқандар бір өрімді, қос өрімді және үш өрімді болады. Арқандар оң, және сол бағытқа да өрілуі мүмкін. Өрімнің адымы өз осінің айнала өрілімнің толық айналым жасайтын участке ұзындығын айтады.

Бір өрімді арқандар неғұрлым иілімді болады, бірақ көбіне қиылыстыра өрілген арқандарға қарағанда ауыр салмақ түсіп немесе жаншылғанда тез тартылады, сондықтан крандар, лебедкалар және такелаж жұмыстары үшін қиылыстыра өрілген арқандар қолданылады.

Пайдалану процесі барысында арқандардың жарамдылығын үнемі қадағалап отыру керек. Пайдаланылуға жарамдылығын тозу дәрежесі бойынша, жеке сымдардың үзіліп кетуінен, өрілім адымының ұзындығы және тотығып мүжілуінен анықтауға болады. Арқанның тіпті болар болмас үзілген жері оның беріктігін нашарлатып және арқанды алмастырудың негізі болып табылады. Арқанның ширатылған бұрымы үздіксіз және ешқандай томпақсыз болуы керек.

Пайдалануға берместен бұрын арқанның бетін техникалық вазелинмен, солидол немесе арқан майымен майлайды. Монтаждау жұмыс кезінде жүкті көтергенде арқандарды түю және күрмеу арқылы бекітеді. Арқан ұштарын бір-бірімеи берік әрі сенімді байлау үшін оның ұштарын өру (түю) болып табылады; арқандардың байланысқан тұстарында арқан жуан болмауы керек.

Арқандармен жұмыс істемей тұрғанда, олардың лебедка барабанына және ілмешек жерге бекітілу беріктігі мен мықтылығын тексерген жөн. Лебедка барабанына арқанды барабанның еңкіш тесігінен өткізіп алып бекітеді. Арқан қиылып кетпес үшін, барабандағы тесіктің еңкіштігі арқан орамы бағытына сәйкес келуі қажет.

Арқанды тесіктен өткізген соң және 4-5 орам оралғаннан кейін арқан ұшын қысып қояды.

Арқандағы қысқыштар арқанның жұмыстық жағында тартқыш гайкалар болатындай етіп, арқанға орналастырылады. Арқандарды мықтап бекіту үшін гайкаларды біркелкі етіп тарту керек. Қысқыштар аралығы арқанның алтыдан бір диаметрінен кем болмауы тиіс.

Жүк асатын арқандар. Жүкті кранның ілгегіне асу үшін болаттан жасалған және сирек кезде кендір арқаннан жасалған жүк асатын арқандар қолданылады. Көбінесе жиі қолданылатыны әмбебап жүк асатын арқандар, оның өзі күрмеу түріндегі тұйық арқаннан тұрады. Олардың диаметрі 19,5...31 мм, ұзындығы 15 м жұмсақ болаттан дайындайды.

Жеңілдетілген жүк асатын арқан – ұштарында ожауы және ілгегі, немесе екі ілмек, екі ожауы – бар болат арқанның бір бөлігі болып табылады.

Көтеретін жүктерді байлау және шешу – көп еңбекті қажет ететін операция, сондықтан да қарапайым жүк асатын арқанды жартылай автоматтымен алмастырады, мұның өзі жүктарді көтеруді және оларды босатуды анағұрлым жеңілдетеді.

Тақталарды, қосалқы қабырғаларды көтеру үшін төрттармақты жүк асатын арқандар пайдаланылады.

Өздігінен теңгерілетін жүк асатын арқандар ауырлық центрін анықтайтын симметриялы емес күштерді көтеру үшін қолданылады. Мұндай жүксіз қалпында сым арқан (3) құлыптың жырашығымен еркін жылжиды. Жүкті көтерген кезде қысқыштар арқанды құлыпқа қыса түсіп, жұмыстық қалпында бекітеді.

Жүктерді көтерген кезде жүк асатын арқанды дұрыс таңдай біліп, оны жүкке сенімді түрде бекітеді. Жүк асатын арқанның майысқан, ілмек немесе қайта төккен жері болмау керек.

Екі немесе бірнеше тұсынан ілмектерді қажет ететін конструкцияларды көтеру үшін траверс қолданылады, олар асқышы бар түтіктен жасалған қарапайым арқалық түрінде болады. Траверс, жүк көтеретін арқан, көтергіш түріндегі такелажды тетіктерді жүк көтергіш машиналардын жұмыс органына сақиналар, ілмек, ілгешектер арқылы бекітеді.







АҒАШТЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ



Аспаптар: штангенциркуль, техникалық таразы, салмағы әр түрлі гирлер.

Материалдар: өлшемі 20x20x30 мм ағаш нұсқасы.

Нұсқаның өлшемдері 0,01 см дейін дәлдікпен штангенциркульмен анықталады. Нүсқа массасы 0,01 г дейін дәлдікпен техникалық таразыда анықталады.

Алынған нәтижелер кестеге жазылады.



Орташа тығыздықты анықтау

Атаулары

Мағыналары

Қажетті есептер

Нұсқа өлшемдері, см



Нұсқа массасы,г



Орташа тығыздық, г/см3





Орташа тығыздық ағаштың ылғалдылығына және саңылаулар көлеміне байланысты болады. Орташа тығыздықты мына формула бойынша әдеттегі 12% ылғалдылыққа анықтау керек:

р012 = р0w 1+0,01 (1 – K0)(12 – W),

мұндағы р012 - 12 % ылғалдылықтағы орташа тығыздық, г/см3;

Ко - көлемдік кебудің коэффициенті (қайың, шамшат, балқарағай үшін = 0,6; ағаштың басқа тұқымдарына = 0,5);

W - нұсқалардың дымқылдығы, %.

Ылғалдылықты анықтау

Аспаптар: кептіргіш шкаф, салмағы әр түрлі гірлері бар техникалық таразы,

Материалдар: өлшемі 20x20x30 мм ағаш нұсқасы.

Ағаштың ылғалдылығы оның қасиеттеріне зор әсер етеді. Ылғалдылықтың ылғал тартқыш, капилярлық және химиялық байланысты түрлері болады. Ағаштың ылғалдығы деп ылғал тартқыш дымқылдықтын, шекті мөлшеріне сәйкес келетін талшықтар суға шылыққан нүктені атайды.

Ағаш үшін шартты ылғалдық деп әдеттегі 12 % ылғалдық саналады. Дымқылдықты анықтау үшін пайдаланатын нұсқа тұрақты массасына дейін 100-105°С температурада кептіргіш камерада кептіріледі. Нұсқа кептірілгеннен кейін 0,1 г дәлдікпен өлшенеді. Алынған мәліметтер кестеге енгізіледі.









Ылғалдықты анықтау

Шамалар атауы

Мағыналар

Кажетті есептер

Кептіргенге дейінгі нұсқа массасы, г



Кептіргеннен кейінгі нұсқа массасы, г



Ылғалдық, %





қалаудағы Операциялар жҮйелерІ, Құрал-жабдықтар

Операциялар жүйелілігі. Қалау процестері жұмыс операцияларынан тұрады. Оның орындалу тәртібі төмендегідей: жұмыс ретін белгілеу;
кірпіштер мен қатарлардың дұрыс қалануын қамтамасыз ететін кермежіптерді тарту, қабырғаларға кірпіш жеткізу және төсеу: жәшіктегі ерітіндіні күрекпен араластыру; қабырғаға ерітінді әперу және оны сыртқы көрнекі қалаудың бетіне төсеу; сыртқы көрнекі қалауды салу; ерітіндіні ішкі көрнекі қалауға төсеу; ішкі көрнекі қалауды салу; аралықты толтыру; төселген қалау қатарларының дұрыстығын тексеру. Көрнекі қатарларды төсеудің жүйесі, ондағы байланыстыру жүйесіне және еңбек ұйымдастыру әдісіне байланысты басқаша болуы да мүмкін.

Құрал-саймандар мен тетіктер. Қалау процесі кезінде әрбір жұмыс операциясы белгілі бір саймандармен атқарылады. Олардың негізгілері сылақ қалағы. Араластырғыш күрек, қырлауыш шағын қайла-балға.

Қалақ (ГОСТ 9533-81) – ағаш сапты болаттан жасалған күрек; ерітінділерді тегістеуге, тік жіктерді ерітіндімен толтыруға және артық ерітіндіні қырып алуға арналады.

Ерітіндіге арналған күрек (ГОСТ 3620-70) қабырғаға ерітінді әперу және оны жаймалап төсеу үшін қажет. Сондай-ақ ерітіндіні күрекпен араластыру және аралықтарды толтыру жұмыстары да күрекпен атқарылады.

Қырлауыштың көмегімен (ГОСТ 12803-76) жіктерге дөңес немесе ойық формалар (пішін) жасайды.

Шағын қайла-балғаны (ГОСТ-11042-83) кірпіш сындыру үшін пайдаланады.

Қырғыш швабровка ауа өткізгіш жолдарды жік арасынан аққан ерітінділерден тазарту үшін, сондай-ақ жіктердің арасына ерітіндімен толтыру және тегістеу үшін қажет. Болат сабы бар қырғыш щвабровканың төменгі фланцтары арасына көлемі 140х140х10 (12 мм) резеңке пластина бекітілген, оны жұмыс органы деп атайды.

Қалаудың сапасын тексеріп-өлшейтін саймандар: тіктеуіш, рулетка, жиналмалы метр, деңгей өлшегіш, түзеткіш, бұрыштама, кермежіп арқылы тексереді.

Тіктеуіштер (ГОСТ 7948-80) тік қабырғаларды, аралық қабырғаларды, діңгектер мен қалау бұрыштарын тексеру үшін қызмет етеді. Массасы 200...400 г тіктеуіштер арқылы үстіңгі қатарлардың және бір қабат аралығындағы қалауды, ал массасы 600...1000 г тіктеуішпен – биіктігі бірнеше қабат ғимараттың сыртқы бұрыштарының қалауын тексереді.

Құрылыстағы деңгей өлшегіш (ГОСТ 9416-83) қалаудың көлденең және тік жазығын өлшеу үшін қолданылады. Деңгей өлшегішінің сырты - алюминий қоспасынан жасалған, өлшегіштің ұзындығы 300, 500 немесе 700мм. Өлшегіштің сыртына әйнектен жасалған екі түтікше-ампулалар (1) және (2) бекітілген. Оларға қатпайтын сұйық толтырылған, сондықтан да оның ішінде кішкене ауа көпіршігі болады. Көлденең ұстаған жағдайда көпіршік жоғары көтеріліп ампула бөліктерінің нақ ортасына барып тоқтайды. Көпіршіктің қалыптан солға немесе оңға жылжуы өлшегіш орнатылған жазықтың көлденең деңгейінің дұрыс еместігін көрсетеді және оның көлденең еңістігі неғұрлым көп болған сайын көпіршік те қалыптағы ортадан көбірек ауытқиды. Түтіктер екі бағытта орналасқандықтан, өлшегіш арқылы тек көлденең ғана емес, тік жазықты да өлшеуге болады.

Түзеткіш деп көлденең қиығы 30х80 мм, ұзындығы 1,5-2 м болатын сүрленген рейканы немесе арнайы жасалған ұзындығы 1,2 м дюралюминийден жасалған рейканы айтады. Дюралюминий рейкамен қалаудың беткі жағын тексереді.

Ағаш бұрыштама 500х700 мм қаланатын бұрыштардың тік бұрыштарын өлшеу үшін қолданылады.

Керме жіп – жуандығы 3 мм ширатылған жіп, оны көрнекі қалау кезінде қатарлағышпен қағылған белгінің (маяктар) арасына тартып байлайды. Керме жіпті қалау қатарларының түзулігін және көлденең жазықтығын, сондай-ақ горизонталь жіктердің біркелкі қалыңдығын қамтамасыз ету үшін пайдаланады.

Көрнекі қалау кезінде әрбір төселетін кірпішті қалай орналастыру керектігін тас қалаушы керме жіптің көмегімен анықтайды.

Тас қалаушының құрал-саймандары түгелдей арнайы қапшықта сақталады. Оның көлемі 350х260х100 мм.

Ағаш қатарлағыш – бұл көлденең қиығы 50х50 немесе 70х50 мм және ұзындығы 1,8. ..2 м дейін болатын рейка (1). Әрбір 77 мм сайын бөліктерге (белгілер) бөлінген, оның өзі қалау қатарының қалыңдығына сәйкес келеді. 77 мм мөлшерге кірпіштің биіктігі (65 мм) мен жіктердің қалыңдығы (12 мм) кіреді. Қатарлағыш қалаудың қатарларын белгілеу үшін терезе мен; есіктің төменгі және жоғарғы ойықтарын, маңдайшаларын, аралық, бөлгіш қабырғаларды және басқа да ғимарат элементтерін анықтау үшін қолданылады.

Қатарлағышты қабырғаның сыртқы бетіне орналастырғанда, қалау қатары көрсетілген жағын ғимараттың ішіне (тас қалаушыға) қарайтындай етіп орнатады. Қатарлағышты көлденең планкасы бар қапсырма тұтқа тәрізді П-ға ұқсайтын болат бекіткіштер арқылы қалауға ұстатады. Оның өзі былай істеледі. Қалау кезінде биіктігіне қарай әрбір 6...8 қатардан кейін горизонталь жіктерге бірінің тұсына екіншісі келетіндей етіп қапсырма-тұтқаларды енгізеді. Қапсырма-тұтқалар қабырғаға үшкір ұштары және көлденең планкалары арқылы кіруі тиіс (Б-Б аралығы). Екінші қапсырма-тұтқаның үстіне бір-екі қатар кірпіш төселген соң, тұтқаға қатарлағышты кіргізіп, оны ағаш сынамен (3) бекітеді.

Қатарлағышқа керме жіп байланады да, қалау жұмысы соған қарап жүргізіледі. Керме жіпті қосарлы тұтқа көмегімен (А-А аралығы) бекітеді немесе орнын ауыстырады, ал қосарлы тұтқаның өзі керме жіпті тартылуы кезінде қатарлағыштың рейкасына бекиді, нәтижесінде тұтқа мен қатарлағыш арасы жымдасады, жіпті тұтқаның доғал басына байлайды.

Қатарлағышты аласа сатыда тұрған тас қалаушы сыналарға тиіспей-ақ қапсырма-тұтқаларымен қоса суырып алады. Ол үшін қабырғаның тік жазықтығына қарай еппен ырғау керек. Ерітіндінің құрсауынан босаған қапсырма-тұтқаларды қалаудың горизонталь жігінен суырып алады және қатарлағышты осылармен қоса жоғары жылжытады.

Қатарлағышты, сондай-ақ бұрыштама кесіндісі 60х60х5 мм болатын металдан да жасайды. Қатарлағыштың бұрыш қырына әрбір 77 мм сайын тереңдігі 3 мм белгі-бөліктер салады немесе керме жіп байлауға арналған тесіктер салады.









Автофигура 13


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.12.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров429
Номер материала ДВ-277079
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх